Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 11:17, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты туризмнің теориялық аспектілері қоғамдық дамудың критериясы ретінде қарастыру, және осыған байланысты ұсынулар жасау болып табылады. Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін дипломдық жұмыста келесідей негізгі тапсырмалар қойылған:
- туризмнің қалыптасуымен дамуының теориялық негіздерін зерттеу;
- туристік бизнестің отандық шетелдік тәжірибесіне салыстырмалы экономикалық талдау
- Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың экономикалық стратегиясын анықтау.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................5
1. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ
ДАМУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ
1.1 Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері.....................8
1.2 Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары....................13
1.3 Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару,
Қазақстанның шетелдерге насихатталуы............................................................19
2. ТУРИСТІК БИЗНЕСТІҢ ОТАНДЫҚ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 “Kami travel” туристік фирмасының қалыптасуы........................................26
2.2 “Kami travel” туристік фирмасының қоғамдық қызмет түрлері мен мақсаты...................................................................................................................28
2.3 “Kami travel” туристік фирмасындағы маркетинг және нарықтық талдау......................................................................................................................45
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ
3.1 Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы........................... 56
3.2 Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері.............62
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................70

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-“Kami-travel”-туристік-фирмасы.doc

— 661.50 Кб (Скачать документ)

Ұлттық туристік әкімшіліктер мен көптеген халықаралық ұйымдар ресмилілікті жеңілдетуді өздерінің басты мәселелерінің біріне айналдырды. Алғашқылардың бірі болып бұл мәселелерге 1944 жылы Чикаго конференциясының өзінде – ақ шетел төлқұжаттарын бірегейлендіруді ұсынған Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ААХҰ) көңіл аударған. Кейінірек, өткен ғасырдың 50-90 жылдары шекаралық, кедендік, медициналық тексерулер мәселесі Кедендік ынтымақтастық кеңесінің, Халықаралық теңіз ұйымының, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының , Халықаралық еңбек ұйымының маңызды құжаттарында көрініс тапты.

Туристік ресмиліліктің жеңілдетілудің ерекше маңыз бере отырып, Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мынадай кепілдеме пакетін жасап шығарып, қабылдады:

  • төлқұжаттық ресмиліліктерде: төлқұжаттық қызметтердің орталықтандырылмауы; шетелдік төлқұжатты ресімдеу мерзімін қысқсрту; орынды алып енгізу; төлқұжаттың жарамдық мерзімін 5 жылдан кем етпеу және сапарлар санының шектелмеуі; иесінің шетелдік төлқұжатын өзінде сақтауы; оны тәртіп құқығы болмауы; төлқұжатты компьютерлік жүйелер көмегімен мүмкіндік беретін ААХҰ стандарттарына сәйкес жасау;
  • визалық ресмиліліктерде:3 айға дейінгі мерзімге визасыз шығу;визалық жарамдылық мерзімін 12 айға созып, туристер үшін ашық барлық пунктердің бағыттарға кез – келген көлік түрімен бір немесе бірнеше рет бра алу; визаны көршілес мемлекеттердің өзара мойындауы; туристің азаматтығына байланыссыз жалпыға бірдей консулдық алымдар орнату;
  • валюталық ресмиліліктерде: кедендік дикларацияларда көрсетілген көлемде валютаны әкетуге рұқсат ету; әлеуетті келіп – кетушілер мен туристерді валюта айырбасы жайлы ақпаратпен қатамасыз ету; туристерге шығу кезінде өз еліне қайтаруда қажеттіұлттық бірліктерінің жеткілікті сомасын өзімен әкетуге құқық беру;
  • кедендік ресмиліліктерде: туристерге тауарлардың әрбір жеке түріне және олардың белгілі көлеміне кедендік салық пен қосымша құңға салынатын салықтан басқа салықтарды шығу – кіру кезінде салу; кейбір алым – салық түрлерін келіп – кетушілерден тікелей жинаудыың орнына оларды жаанама салық салуды, мысалы, билеттің, жолдаманың, турлардың құнына;
  • медициналық ресмиліліктер мен туристерге медициналық қызмет көсетуде: ұлттық туристік әкімшіліктердің денсаулық сақтау бөлімдерінің ыңтымақтастықтарын кеңейту; туристерге медициналық көмек көрсету және мелициналық сақтандыру жөнінде екі немесе оданда көп жақты мемлекеттік көмек көрсету,туристерге шұғыл медициналық көмек көрсету; қатты науқастанған немесе қайтыс болған жағдайларда елшілік пен туыстарына жедел хабардар ету; денені еліне қайтару немесе жерлеу; қажетті құжаттарды жылдам ресімдеу.

          Бұл кепілдемелер Будапешт конвенциясында құралып, туризм жайлы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         Гаага декларациясында көрініс тапқан туристік ресмилілікткрді жеңілдетудің негізгі салушы қағидаттардан алынған.

          Халықаралық туризмнің келесі  ерекшелігі экономикалық сипатта  және ол халықаралық туризмнің  елдің төлем тепе – теңдігіне  көрсететін ашып, Шетелдік туристер тауарлар мен қызметтерге ақы төлей отырып, қабылдаушы елдің бюдетіне табыс түсіреді жіне сол арқылы оның тепе – теңдігін  белсенді күйге келтіреді. Сондықтан шетел туристерінің келуі белсенді туризм, ал керісінше елден туристердің шығуы сол ел үшін енжар туризм деп аталады. Туризмнің бұл екі түрі туристік қызметтің қаржылық нәтижелері төмен тепе – теңдігіне көрініс табатындықтан тек халықаралық туризмге тән, ішкі туризмге таралмайды.

          Ішкі туризм. Халықаралық туризмнен айырмашылығы мемлекеттік шекараны кесіп өтумен байланыссыз болғандықтан мұнда туристік ресмилілікті сақтау қажеті жоқ. Ішкі туризм – бұл елдің тұрақты тұрғындарының ел шегінде туристік туристік мақсаттармен көшіп – қону ағымы. Ақы төлеуде төлеуде күнделікті қолданыстағы ұсыныс ақша бірлігі бұрынғысынша қала береді, ал байланыс құралы – туристің өз ана тілі. Халықаралық туризммен салыстырғанда мұндай саяхаттарды ұйымдастыру оңай.Кейбір бағалауларға қарағанда, ішкі туризмнің үлесіне барлық туристік сапарлардың 80-90%-ы тиесілі екен, ішкі туризмге жұмсалатын туристік шығындарды халықаралық сапардан 5-10 есеге көп екен.

          Осындай айырмашылықтарына қарамастан туризмнің халықаралық және ішкі түрлері бір – бірімен тығыз байланысты. Ішкі туризм бір есептен халықаралық  турихмнің катализаторы ретінде көрінеді. Ол жаңа рекреационды ресурстар мен аймақтарды игеруге, негізгі туристік инфрақұрылым құруға, мамандар даярлауға мүмкідік береді және сол арқылы интеграциялық үрдістер мен біртұтас әлемдік туристік кеңістік құруға себепші болады.

          ІІ Туристік саяхаттың мәнің  ашатын қажеттіліктерге байланысты  туризмнің мынандай түрлері бар:

          1) емдік (медициналық) туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде әр түрлі аурулардан емделу қажеттілігі жатыр. Адам ағзасына табиғат құралдарының құбылысын сипаттайтын емдік туризмнің бірнеше түрлері болады: климаттық ем қабылдау, балшықпен ем қабылдау, теңіздік ем қабылдау, сүтпен ем қабылдау және тағы басқа;

          2) рекреациялық туризм. Мұнын негізінде адамның физикалық және                  рухани күштерін қалпына келтіру мұқтаждығы жатыр. Рекреациялық туризмге бағдарламалар кіреді:

          а) көріністі – ойын сауық (театр және кино, жәрменкелер мен би кештері, қала күндері мен фестивальдар тағы басқа);

          ә) өз қызығушылығымен  айналысу (аңшылық және балық аулау, көркем және музыкалық шығармашылық, коллекционерлер үшін турлар жуне тағы басқа);

          б) үйретуші (сопрт түрлері, өнер, кәсіп тағы басқа);

          в) «этникалық» және тұрмыстық (ұлттық мәдениетті және дәстүрлі емес тұрмысты зерттеумен байланысты);

          г) туристік – сауықтырушылық ( суға шомылу, тау шаңғысы тағы басқа);

          3) спорттық туризм. Екі түрі бар:белсенді және енжар. Бенлсенді түрінің негізінде адамның спорттың белгілі бір түрімен айналысу қажеттілігі, ал енжар туризм спорттың әйтеуір бір түріне қызығушылық, яғни жарыстар немесе спорттық ойындарды тамашалау мақсатында саяхаттау жатыр;

          4) танымдық туризм. Мұның түп негізінде білімін әр түрлі бағыттарда жетілдіру мақсаты бар. Экологиялық туризм осыған жатқызылады;

          5) іскерлік мақсаттағы туризм. Бұған әр түрлі серіктестермен іскерлік байланыстар орнату немесе дамыту мақсатындағы сапарлар жатады;

          6) табынушылық (діни) туризм. Екі түрі бар;

          а) табыну орындарына діни мейрамдарға бару;

  ә) қасиетті орындарға күнәсінен арылу мақсатында бару;

          7) ностальгиялық туризм. Бұл адамдардың тарихи орындарға бару қажеттілігіне негізделген.

          8) транзиттік туризм. Мұның негізі екінші бір елге бару үшін бір елдің территориясын кесіп өту.

          9) көркемөнерпаздық туризм. Мұнда белсенді демалуды ұнататындар, шаңғы, тау, су туризмдерімен айналысатындар бірігеді. Ерекшелігі сонда, турларды туристік фирмалар емес, туристердің өздері ұйымдастырады.

          ІІ Қозғалыс құралдарына қарай:

          1) автомобиль туризмі. ХХғ. ІІ жартысынан бері қарқынды дамуда;

          2) темір жол туризмі. ХІХғ. 40-жылдарынан бастап дамуда;

          3) әуе туризмі. Мұның даму болашағы зор, өйткені туристерді жеткізуде уақыт үнемделеді;

          4) су туризмі;

          5) автобустық туризм;

          6) велосипед туризмі;

          7) жаяу туризм;

          III туристерді орналастыру құралдарына қарай:

    1. қонақ үйлердегі туризм;
    2. мотельдердегі туризм;
    3. пансиондағы туризм;
    4. кемпингтік туризм;
    5. туристік ауылдағы туризм, туристік базадағы туризм.

Қонақ үйлер, әдетте, не қала орталығында, не әуежайға немесе темір жол

бекетіне жақын орналасады.

          Мотельдер не автомобиль жол бойында, не қала шетінде орналасады. Мотельде тұрған уақыттарында туристердің автокөліктеріне барлық қызметтер көсетілуі тиіс (автотұрақтар, жанар – жағармай құю стансалары, автосервис тағы басқа).

          Қонақ үй типтестуристік пансиондарда  бір басқару, жеке ас үй түрінде  көрсетіледі.

          Кемпингтер, туристік базалар –  бұл қаладан тыс жерде орналасқан, автотуристермен қатар басқа  да туристерді орналастыруға  бағыттаоған тұрғын жай.

          Туристік ауылдар – туристердің  демалуы мен түнеп шығуына  арналған, өзіндік түнеу жабдықтары жоқ, қоршауланған тұрғын үй.

          V Саяхаттың мезгіліне қарай: маусымдық  және маусымдық емес.

          VI Саяхат ұзақтылығына қарай: ұзақ  мерзімді және қысқа мерзімді (5-7күн)

          VII Топ құрамына қарай:

          1) топтық туризм (туристердің топ құрамында саяхаттауы);

          2) жеке туризм;

          3) отбасылық туризм, яғни отбасы мүшелерімен бірге саяхаттауы;

          4) жастар (студенттік) туризм;

          5) туризмі. Жастар және балалар тиризмі шеңберінде саяхаттаушылар қызметтерге жеңілдіктер алуға құқылы.

          VIII Туристік өнім бағасының қалыптасуын анықтаушы қағидатқа қарай: әлеуметтік (дотациялық) және комерциялық туризм.

          Әлеуметтік туризмде өз демалыстарын  ұйымдастыруға қажеттілікті ақша  қаражаты жоқ халықтың өз қамтылған бөлігіне (зейнеткерлер, студенттер) туристік шаралар ұйымдастыру үшін әр түрлі формадағы белгілі дотацияларды мемлекеттік ұйымдармен қатар, қоғамдық ұйымдардан да алу көзделеді.

         

    1. Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару, Қазақстанның шетелдерге насихатталуы

 

          Қазір туризм инфрақұрылымын дамытуға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп, барлық жұмыс заң негізінде жүзеге асырылып жатыр. Туриза әкімшілігі индустрияны дамыту жолдарын іздестіру мақсатында бірқатар шаралар атқарды. Соның нәтижесінде туристерге арнап қонақүйлер, сауықтыру нысандары мен басқа да қызмет көрсету мекемелерін салу және туризм индустриясына қаржы бөлу мәселесі оң шешіле бастады. Қолда бар деректерге жүгінсек, бүгінде республикада туристерді орналастырудың 400 –дей нысаны бар. Сонның ішінде 239 қонақүй, 34 санаторий, 29 демалыс аймағы, 26 демалыс үйі, 17 туристік база, 13 сауықтыру лагері, 11 санаторий – профилакторий, 10 аішы үйі мен 8 профилакторий жұмыс істейді. Туристік нысандар мен туризм саласына қатысты басқа да жұмыстарды қаржыландыруға 2001 жылы 22 млрд. 447 млн. Теңге бөлінсе, 2002 жылы бұл сома - 28 млрд. 194 млн. 328 мың теңгені, 2003 жылы 30 млрд. 115 млн. Теңгені құрады. Бұл қаражаттың басым бөлігі жергілікті бюджеттен және жеке кәсіпкерлер тарапынан қарастырылды.

          Туризм инфрақұрылымының дамуы тек жылжымайтын мүліктерге ғана емес, сондай – ақ колік қатынастары қызметімен де тығыз байланысты. Қазіргі таңда еліміз туристерді көліктің бірнеше түрімен тасымалдауға назар аударып отыр. Республика бойынша шетел туристерін тасымалдау мақсатында әуе, темір дол, автокөлік қатынастары іске қосылған. Шетелдің 6 әуе компаниясы жұмыс істейді.

          Ал, экономикамыздың күретамыры – темір жолға келсек, шетел туристерін елімізге жеткізу үшін бірнеше бағыттар іске қосылды. Солардың ішінде «Қазақсатан темір жолы» ұлттық жолаушылар тасымалдау» компаниясы туризм әкімшілігімен және «Тұран Азия» компаниясымен бірлесіп, «Жібек жолының маржаны» атты арнайы бағыт жобасын әзірлеген болатын. 2002 жылы оның алғашқы бағыты Алматы-Тараз-Шымкент-Самарқанд-Үргеніш-Бішкек-Рыбачье-Алматы қалалары бойынша жүзеге асты. Енді осы бағытты Теһранға, одан әрі Бейжіңге дейін жалғастыу қолға алынды.

          Туристерді автокөлікпен тасымалдау  мәселесі де өзінің маңыздылығын ешқашан жоймақ емес. Қазіргі кезде біздің елдің автокөлік жолдары ірі туристік нысандарымызды шетелдермен байланыстырып отыр. Осы орайда көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін әуе, автокөлік және темір жол нысандарының материалдық-техникалық базасын тиісті жабдықтармен қамтамасыз етіп, туристерге қызмет көрсету саласын дамыту керек деп есептеймін. Біз туристік ұйымдардың қызметіне де қатаң талаптар қоюымыз қажет. өйтпеген жағдайда саланы дамытуда біраз кедергілерге тап болатынымыз анық.

          Туристік инфрақұрылым, оның менеджментін жақсарту саласында келімді – кетімді адамдарды сапалы азық – түлікпен, дәмді тағаммен қамтамазыз ету де жатады. Кейінгі жылдары облыс экономикасының  едәуір іргерілеуі бұл мәселені де шешуге мүмкідік береді деп ойлаймыз. Мәселен, 2000 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда, Алматы облысында биыл ет және үй құстары өнімдері - 8,7%, жеміс – көкеніс шырыны - 2,2 есе, қоытылған сүт пен қаймақ - 63,5% дәнді дақылдар ұны - 38,7%, коньяк және коньяктік ішімдіктер - 5,8 есе, жүзім шарабы 55,4% өсті.

          Тарихи және мәдени орталықтардың  тағы бір ерекшелігі – олардың таяулы аймақтарға, өзен-көл жағалауларына жақын орналасуы. Сол себептен қазақтың көрікті табиғатын, саятшылық өнерін, балық аулау кәсібін этнографиялық жақтан әдептеу де туристік индустрияның табыс көзі болмақ. Маусымдық туризмге орай, қыстың күні қыратты аймақтарда шаңғы тебу, ат шана, түйе шанамен қыдырыс жасау да қызықтың оқшау бір түрі ретінде бағаланбақ.

          Қазақ елі, қазақ табиғаты кімді  таң қалдырмаған. Заты поляк, жаратылысы бостандықшыл Адольф  Янушкевич: «Аппенин биігінен екі теңізге көз жіберген кездерімде болған: ол бір ғаламат картина еді ғой, оның өзі менің жүрегіме тамылжытқан әндей сыбыр қағатын; бірақ тіпті кондордың қанатына міне Кордильердің ең биік шыңына ұшып шығып, сол жерден көз тастасам, дәйім табан астында жатқан мұхитқа көз тояттасам да, мына аласа төбенің басында тұрып, айналамдағы мына шөлейттерді, айнадай суларды, қол созымдағы тауларды, төбемдегі мынадай аспанды көрген бүгінгі күнімдей күн кешпес едім», - деп жазды Алатау жағасында тұрып.

Информация о работе Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері