Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 11:17, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты туризмнің теориялық аспектілері қоғамдық дамудың критериясы ретінде қарастыру, және осыған байланысты ұсынулар жасау болып табылады. Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін дипломдық жұмыста келесідей негізгі тапсырмалар қойылған:
- туризмнің қалыптасуымен дамуының теориялық негіздерін зерттеу;
- туристік бизнестің отандық шетелдік тәжірибесіне салыстырмалы экономикалық талдау
- Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың экономикалық стратегиясын анықтау.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................5
1. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ
ДАМУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ
1.1 Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері.....................8
1.2 Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары....................13
1.3 Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару,
Қазақстанның шетелдерге насихатталуы............................................................19
2. ТУРИСТІК БИЗНЕСТІҢ ОТАНДЫҚ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 “Kami travel” туристік фирмасының қалыптасуы........................................26
2.2 “Kami travel” туристік фирмасының қоғамдық қызмет түрлері мен мақсаты...................................................................................................................28
2.3 “Kami travel” туристік фирмасындағы маркетинг және нарықтық талдау......................................................................................................................45
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ
3.1 Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы........................... 56
3.2 Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері.............62
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................70

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-“Kami-travel”-туристік-фирмасы.doc

— 661.50 Кб (Скачать документ)

Осымен бірге туристік ағымды шектейтін негізгі факторларының бірі неғұрлым әйгілі ескерткіштер немесе құнды градоқұрылыстық ансамбльдердің және қызмет көрсету объектілерінің өткізілімдік мүмкінділіктері болып табылады.

Туризмдегі физикалық жүктелім туризм мен қоршаған орта арасындағы сандық-сапалық өзара байланысты көрсетеді. Қабылдау жүктелімі туристік топтардың жекелеген мінездеріне әлеуметті-психологиялық тәсілге негізделген, бұл көрсеткішке туристердің талғамдары, әдеттері мен жергілікті халықтың дәстүрлері және т.б. әсерлерін тигізеді. Осы кезде жүктелім түрінде субъективті элементтер үлкен мәнге ие болады, сондықтан да туристік ағымдарды болжау рекреациялық ресурстардың физикалық жүктелімінен шыға жүргізіледі. Әрине, бұл тәсіл кезінде, экономикалық көзқарас жағынан берілген ресурстарды қолдану тиімділігін есептеу керек.

Күнделікті тұтынушылар циклі бір күндегі туристік қызметтер сағытының санын әрбір туриске қызмет сағатының санына қатынасы ретінде анықтайды. өткізілімдік мүмкіндікке негізделген туристік ағымдарды есептеу жоғары жүктелімдіктің салдарынан табиғи ландшафтарды ң бұзылуына алып келуі мүмкін. сондықтан да болжау кезінде туристердің өтілімділік көрсеткіші, сонымен қатар туристік жүктелім нормативі оптималды сәйкес келуі керек.

Туристік жүктелімді анықтау туристік ағымды болжау кезінде неғұрлым объективті болып табылмайды, өйткені ол тек сезілетін және сезілмейтін көптеген параметрлерге байланысты сандық көрсеткіш. Бұл көрсеткіш ұзақмерзімді жоспарлау кезінде пайдалы ақпарат береді.

«Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы» бойынша болжамдық көрсеткіштер мен туристік жүктелім параметрлері бойынша болжамдық көрсеткіштерге зерттеу жүргіземіз. Бірақта жұмыста көрсетілген көрсеткіштерге жету осы бөлімнің басында көрсетілген саланы дамыту жағдайларын қалыптастыру кезінде ғана мүмкін. 13-ші кестедегі көрсетілген болжалынған көрсеткіштер шетелдік туристердің белсенді демалуы үшін жағдайлар жасау мен дамыған туристік инфрақұрылымы кезінде неғұрлым нақты болады.

Болжамдарды салыстыру туристік сыйымдылық шегі 1020 мың адамды құрайтынын көрсетеді, ал «Қазақстан Республикасында туоизм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы» бойынша 2010 жылы бұл көрсеткіш 1510 мың адамды құрды, норманы 490 мың адамға жоғарлатадығ ал туристер ағымының жоғарылымы – жылына 8,8 млн. адам-сағат. Осы көрсеткіштің жоғарлауы салдарынан табиғи ресурстардың деградациясы болуы мүмкін, басқа жағынан тарих пен мәдени ескерткіштерінің эстетикалық негіздерін бұзуына алып келеді.

Туристік ағымдарды болжаудағы маңызды мәнге неғұрлым аттрактивті туристік аймақтардың приоритеттерін анықтау ие болады.

Бұл туристік қызмет көрсетуді болжау мен жоспарлау тәжірбиесінен шығады, сонымен қатар бар туристік бағдарлар, туристік аймақтар бойынша орналастыру объектілерінде қажетті орын санын анықтау және оларды жоғарлату бойынша жобалық шешімдерді қабылдау.

 

13-Кесте. Қазақстан Республикасында туризм бойынша болжамдық көрсеткіштер

 

Көрсеткіштер

2010 жылға туристік толығу бойынша болжамдық көрсеткіштер

2010 жылға бағдарлама бойынша  болжамдық көрсеткіштер

 

Туристердің саны (мың адам)

 

1020

 

1510

2

Туристік ағым (жылына млн. адам/күніне)

 

17,9

 

26,7

3

Шетелдік туристердің саны (мың адам)

 

153

 

154

4

Шетелдік туристердің туристік ағымы (жылына млн. адам/күніне)

 

1,7

 

1,8

5

Отандық туристердің саны (мың адам)

 

867

 

1356

6

Отандық туристердің туристік ағымы (жылына млн. адам/күніне)

 

 

16,0

 

 

25,0


 

Осыған орай, ежелде «Ұлы Жібек Жолы» өткен туристік аймақтарда туристердің қандай ерекше қызығушылықтары бар екендігін анықтауға болады. Ұлы Жібек Жолының қазақстандық бөлігінде болжанылған туристердің ағымы жылына 50 мыңға жуық шетелдік туристерді құрайды. болжауға әсер ететін орналастыру объектілерінің сыйымдылығы, туристердің ағымы, туристік объектілердің өткізілімдік мүмкіндіктері, сонымен қатар бір туристен алатын табыс сияқты негізгі факторларға сүйене отырп, толығымен Қазақстан Республикасы бойынша пайда мен өткізілген өнімдер бойынша болжанылған көрсеткіштерді есептеу жүргізілді.

Тәжірибеде болжалынған көрсеткіштерді алу үшін келісілген инвестициялық саясатты жүргізу қажет. Біз көңілімізді туристерді қабылдаумен айналысатын фирмалар, яғни ішке кіру туризмін сегменттеуде ғана инвестициялық және салықтық қолдауға көңіл бөлінеді. Барлық сала қызметінің тиімділігі үшін оның барлық бөлімшелік құрылымдарының өзара байланысы қажет, бір уақытта әртүрлі қалаларда орналастыру, тамақтану, көліктік және экскурсиялық қызмет көрсету сұрақтарын шешу үшін біртипті туристік ұйымдар әрекет етуі қажет. Бір элементінде жетіспеушілік пайда болған кезде потенциалдық клиент үшін тізбектеме аттрактивтілігін жоғалтады. Сондықтан да толық құнды және сапалы туристік өнімді жасауға барлық қатысушылардың мүдделерін үйлестіру туралы сұрақ тұр.

 

3.2.Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері

 

Туристік ағымдарды болжаумен қатар, туризмнің Қазақстан Республикасының экономикасына тигізетін әсерін анықтау өте жоғары мәнділікке ие болып отыр, елдің экономикасына туризмнің әсерлері қысқа мерзімді және ұзақмерзімді болып бөлінеді. Қысқамерзімді әсер негізінен тек қана туристік секторда дамитынын көрсетеді. Егер де экономикаға көпқырлы ұзақмерзімді әсерлері туралы айтатын болсақ, онда бұл әсердің маңызды аспектілері туралы айту қажет, туризмнің жалпы жұмыспен қамтылу мен белгілі бір аймақтар мен салалардың дамуына; қонақ үй индучтриясына, жол салу, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, саяжайлар, аттракциондар, экскурсиялық бюролар мен т.с.с. әсерін көрсетеміз.

Ұлттық экономикаға туризмнің тигізетін әсерлерін оқып-үйрену үшін бірқатар әдістерді қолдануға болады. Неғұрлым тиімдісі болып арнайы мультипликаторларды құру болып табылады. Нақты уақытта мультипликаторлардың үш әртүрлі типтерін бөліп көрсетуге болады:

1. Кіріс мультипликаторы, оған туристік шығыстардың әсер  етуінің үш аспектісін енгізеді:

- тікелей әсер ету, яғни туристік индустрияда өндіруге жұмсалған шығындардың тікелей табыстарды қамтамасыз етуі;

- жанама әсерлері туризм  үшін тауарларды жеткізуші-ұйымдарда  байқалады, өйткені олардың кірістері  туризммен байланысты басқа салалар  жағынан сұраныстың өсуі есебінен көтеріледі;

- ынталандырушы әсері  елдің немесе аймақтың экономикасында  туристердің шығыстары қосымша  табыстар жасайды және осы  қосымша табыс көтерілген тұтынуға  алып келуі нәтижесінде пайда  болады.

2. Өнім шығару мультипликаторы  туристік шығыстардың жалпы өсімінің нәтижесі арқылы жоғарылаған тауар айналымын бейнелейді.

3. Жұмыспен қамту мультипликаторы  алдындағыларына қарағандағы айырмашылығы  туристік шығыстардың жоғарылауы  жұмыспен қамту деңгейінің өсуіне  алып келуі мүмкіндігін көрсетеді. Жұмыспен қамту мультипликаторын тікелей жұмыспен қамтудың туристік шығыстардың қосымша жоғарылауымен шақырылған жанамаға қатынасы арқылы қарастыруға болады.

Олардың алдындағы тұрған тапсырма – мультипликаторлық эффект қандай болатынын көрсету үшін инвестициялық салымның қажетті сомасын анықтау. Жоғары дамыған туристік индустрияны жасау үшін үлкен материалдық және қаржылық салымдар қажет. Көптеген дамушы елдерге осы мәселені шешу үшін шетелдік капитал қызметіне жүгінуге алып келеді. Шетелдік тәжірибені есепке ала отырып шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықтың біз үшін неғұрлым жағымды нұсқасын таңдап алуға болады.шетелдік инвестицияларды тартумен қатар мемлекеттік әсер етудің келесідей құралдарын қолдану қажет, яғни туристік орталықтарды салу кезінде жергілікті жұмыс күштерін қолдану, туристік орталықтарды жабдықтау үшін жергілікті материалдарды қолдану, туристерді тамақтандыру үшін жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерін шығыстау сияқты.

Жоғарыда атап кеткен параметерлерді есепке ала отырып, туризм экономикасына шетелдік инсвестициялардың қалай әсер ететінін анықтауға болады.  Шетелдік инвестицияларды қолдану кезінде сервис сапасын жоғарлату үшін шетелдік тауарларды сатып алумен байланысты валютаның шығуы қандай мөлшерде кететінін есептеу қажет. Әлемдік баланстың есептеуі бойынша туристер үшін импортқа 15-тен 55%-ға дейін жергілікті емес ресурстармен туристік индустрияны қамтамасыз ету мен экономиканы дамытуға байланысты түскен түсімдер кетеді.

Бірқатар басқа салалардан туристік индустрияның айырмашылығы жоғары капитал салымдылығымен ерекшеленеді және сондықтанда оның дамуы үшін үлкен көлемде қаражат керек. Сондықтанда Қазақстанның туризм индустриясына салынған қаражаттар қандай көбейтінді эффект беретінін есептеу мақсатты пішімделге.

«Туристік мультипликатордың» әрекеті шетелдік туристерден алынған ақшалай қаражаттарды дұрыс қолдану арқылы көрінеді. Бұл қаражаттар туризмге тартылған көппішімді қызмет түрлерінің салдарынан экономиканың басқа салаларына қарағанда тез айналымға түсуі мүмкін, олар көптеген аралас салаларды қамтиды – құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, көлік, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары және т.с.с., және осының арқасында экономикалық белсенділіктің жоғарылауына мүмкіндік береді.

Туризмге деген халықтың қажеттіліктерін анықтау үшін, ең алдымен, жеке адамның нақты тұтынушылық тәртібіне әсер ететін факторлардың жиынтығын анықтау қажет. Егер де негізгі факторлар анықталынса, онда екінші тапсырма тұтынушылық тәртіптерінің (стиль, мінезі) пішімін бір уақытта анықтаумен жиынтық тұтынушылық топтарды бөлу болып табылады. Осы тапсырмаларды шешу көмегімен ағымдағы (репрезентатитвті) сұранысты анықтау әдіснамасын жасауға болады. 

Туристік қызметтерді тұтынушыларды сегменттеу көпфакторлы сегменттеу әдісі бойынша іске асырылған, топтарға тұтынушыларды бөлу кезінде негізгі белгілері ретінде келесідей факторлар қолданылды: жасы, жанұялық жағдайы, әлеуметтік статусы, тұтынушылардың квалификациялық деңгейі. Осы кезде туризм сферасындағы қызметтер бойынша тұтынушылардың тәртібі мінезіне талдау жасалды. Туризм сферасында тұтынушылық приортеттер әрбір бөлінген тұтынушылық сегмент үшін анықталды.

Шоп-туризмдегі үлес салмақтың төмендеуіне қарамастан, салыстырмалы ақыл-ой еңбегіндегі адамдар материалдық мәселелерін шешу үшін сауда-саттық бизнесімен айналысуға мәжбүр. Осыған орай, бұл жағдайдағы туристік фирмалардың негізгі тапсырмасы – қызметтер ассортиментін кеңейту, яғни қызметтерді дифференциациялау, әсіресе, егер де фирмалар шоп-туризмге мамандалса, онда республикаға халықтық тұтыну тауарларын жеткізудің басқа әдістері мен құралдарына көшу нарықтағы жағдайлардың өзгеруіне алып келеді, ал ол шоп-туризмнің құрып кетуіне алып келеді.

Әлеуметті-экономикалық топтар рангісінің көтерілуіне қарай элитарлы туризм үлес салмағының жоғарылау тенденциясы байқалады. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, бұл топ үшін туризмнің экстреналды және экзотикалық түрлерін дамыту мақсатты болып отыр.

Барлық сапарлардың құрылымда үлкен үлес салмақ спортты-ойын-сауықтық туризмнің үлесіне келеді, саяхат кезінде туристердің тәртібінде белсенді уақыт өткізу приоритетімен түсіндіруге болады.

Толығымен туристік қозғалыс, тұратын ел шекарасының ішінде, сондай-ақ шетелдік сапарлармен байланысты, адамдардың әлеуметті-экономкалық және демографиялық статусымен корреляцияланады, статустық өсуіне қарай көтеріледі (шоп-туризмнен басқасы).

Әрбір әлеуметті-кәсіби топтардың ішінде туристік қызметтерге төлемқабілетті сұраныс айырмасы мен туристік тұтыну мінезіндегі айырма негізінен жанұядағы табыссыз мүшелерінің санымен және сомалық жанұялық табысқа байланысты, адам басына шаққандағы табыстардың деңгейімен шартталған.

 Сонымен бірге, әрбір  топта респонденттер бар екенін  айтып кеткен жөн, өйткені олар  негізінен ұйымдастырылмаған өзіндік  әрекеттегі демалысты қалайды, ол  өте арзан және қол жеткізерлігімен  түсіндіріледі.

Туристік тұтынуды оқып-үйрену мен туризмді дамытуды болжау   Қазақстанда жағымсыз аспектілерді минимумға дейін жеткізуге және жағымды аспектілерін күшейтуді көрсетеді.

Толығымен, экономикалық және маркетингтік аспектілер туристік саланың дамуын анықтайды және тұтынушыларға бағытталған мүлдем жаңа туристік өнімді жасауға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Оны қалыптастыру макро-, және микродеңгейлерде туристік қызметті активизациялау көмегімен мүмкін болады.

Информация о работе Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері