Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Августа 2012 в 21:49, дипломная работа
Әлемдік туризмнің қарқынды дамуына байланысты Қазақстанның жекелеген аймақтарына деген сұраныс өсуде. Еліміздің жеке өңірлері туризмнің қалыптасып тұрақты дамуына мүмкіндік беретін туристік-рекреациялық ресурстармен қамтамасыз етуші болып табылса, екінші жағынан туризм арқылы әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу өңірдің экономикасының өркендеуіне алғышарт жасай алатындай мүмкіндіктері бар мультипликативті нәтижеге ие болуымен ерекшеленеді. Соған қарамастан, туризмді тұрақты дамыту тетіктері біртұтас ашық жүйе ретінде қарастырылмағандықтан, осы саланың дамуын қамтамасыз ететін барлық түйінде мәселелер әлі де шешуін тапқан жоқ.
КІРІСПЕ
3
1
БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1
Белсенді туризмнің даму тарихының кезеңдері
1.2
Белсенді туризм мәні және оның түрлері
1.3
Белсенді туризм ерекшеліктері мен маршруттың жіктелу белгілері
2
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1
Шығыс Қазақстан облысының туристік-рекреациялық ресурстары
2.2
ШҚО белсенді туризмінің ресурстары
2.3
Аймақтағы белсенді туризмнің дамуына талдау жүргізу
3
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
3.1
Аймақтағы белсенді туризмнің даму мәселелері және оны шешу жолдары
3.2
Белсенді туризм бойынша ұсынылатын маршруттар
3.3
Белсенді туризмнің даму болашағы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3 Инфрақұрылымды дамытуға
3.1 таудағы инфрақұрылымды дамыту
мақсатты бағдарламаларын
3.2 еуропалық үлгі бойынша тау
курорттарының кешенді дамуы:
жолдар, қонақ үйлер, гидтер
3.3 туристік қоныстану орындары мен биік таулы жерлердегі мекендеу орындарын салу;
3.4 клуб базаларын ашу (стадион,
жасанды жартасқа шуға, құрал-жабдықтар
қоймалары, киім ауыстыру
3.5 тұрғылықты жеріне жақын
3.6 Аймақтың қызықты аудандарында
туризм мен спортқа
3.7 Ең белгілі маршруттардың
бойында турбазалар мен
3.8 Саяхатшылар мен
3.9 экстремалды алаңдар мен жіпті қалашықтар ашу;
3.10 туристік-рекреациялық
3.11 таулы әскери оқу
3.12 Виаферрата және шытырманды
жіпті саябақтар сияқты тау-
4 Материалдық-техникалық
4.1 Қазақстанда туристік және
альпинистік құрал-жабдықтарды
4.2 Жабдықтар мен керекті құрал
жабдықтарды жалға беретін
4.3 белсенді туризм ерекше
4.4 спорттық бағыт білу мен туризм үшін жаңа карталар жасап шығару;
4.5 секциялар мен клубтардың жұмысын қолдау және шараларға демеушілік ету;
4.6 оқыту сыныптарын ашу және
оларды керек-жарақтар
4.7 таулы жерлерде
5 Нормативтік база мен басқару
құрылымын жүзеге асыруға
5.1 Белсенді туризм мен спорттың
экстремалды түрлерін дамытуға
арналған мақсатты
5.2 Спорттық туризм мен спорттың
экстремалды және қолданбалы
түрлері үшін нормативтік
5.3 Белсенді туризм мен спорт
түрлерін дамытудың мақсатты
бағдарламаларын құрастыру
5.4 балалар және жасөсіпірмдер туризмі туралы Заң қабылдау;
5.5 Балалар мен жастар туризмін
дамыту бағдарламаларын
5.6 Тау гидтері үшін (инструктор-жолсеріктері)
кәсіби ассоциациялары мен
5.7 Таулы жердегі іс-әрекет
5.8 Осы белсенді туризм
6 Қажетті қаржыландыруды
6.1 Белсенді туризм түрлерін
дамытуға арналған
6.2 Балаларға, студенттерге темір жол, әуе көліктерінің құнын төмендету және жеңілдіктерді қалпына келтіру;
6.3 альпбазалар мен турбазаларға
жолдамаларды өткізетін
6.4 Демеушілік, грант бөлу, мүшелер
жинағы негізінде клубтардың
қаржыландыру механизмін
6.5 Сақтандыру компанияларымен
серіктестік құра отыра, таулы
жерлердегі көмек көрсетуге
6.6 Белсенді туризм, спорттың қолданбалы
және экстремалды туризм
6.7 Инфрақұрылым мен кадрларды
даярлау жобаларына жаңа
7 Белсенді туризммен
7.1 Сақтандыру компанияларымен
серіктестік негізінде
7.2 Аймақтың таулы жерлеріндегі
маршруттардың қауіпсіздігін
7.3 Таудағы қауіпсіздікке қатысты (түрлі оқыту курстары) шараларды ұйымдастыру мен өткізу;
7.4 Әрбір ауданда және әр шарада
қоғамдық құтқару
7.5 Маршруттардағы топтардың
8 Ақпараттық саясатты
8.1 Басты құндылықтарға
8.2 Белсенді туризмнің
8.3 Спорт түрлері мен спорттық
туризмнің әйгілендірілуі
8.4 Жаңа деңгейлі БАҚ, Ғаламтор-
8.5 Деңгейлі БАҚ өкілдері, қоғамдық
ұйымдар мен кәсіпкерлік-
Қорыта келгенде, Шығыс Қазақстан
облысының белсенді туризмінің даму
мәселелері жетерлік. Дегенмен оны
шешу жолдары, оны дұрыс ұйымдастырудағы
шаралар барлығы мемлекет, үкімет
тарапынан бағдарламалар
Белсенді туризмді дамытуда маршруттардың осы салада дұрыстап ұйымдастырылуы ерекше орын алатыны белгілі. Сондықтан осы белсенді туризм маршруттары мен турлар, бағдарламалары арқылы шетел азаматары мен ел ішіндегі саяхаттайтын туристерге жақсы қызмет көрсетіп, аймақтың көркемділігіне таң қалдырып, олардың белсенді туризмнен алмақшы қажеттіліктерін қанағаттандыру басты мақсат болып келеді. Сонымен, белсенді туризм түрлерін бойынша жеке маршруттар, немесе аралас маршруттарды дұрыстап талапқа сай ұйымдастырса ғана, осы салада көптеген жетістікке жетуге болатыны шындық.
3.2 Белсенді туризм бойынша ұсынылатын маршруттар
Шығыс Қазақстан аймағы туристік мүмкіншіліктері бойынша ғажап туристік аймақ болып табылады. Географиялық және саяси ерекшеліктерінемен қоса, оның басым территориясы экологиялық таза әрі адам аяғы баспаған жерлер болып келеді. Жоғарыда атап өткендей онда түрлі табиғи ландшафтылар – шөл, дала, тайга, биік таулар, көптеген өзен-көлдер жеткілікті.
Шығыс Қазақстан облысына тартылатын туристерге келесідей турлар ұсынылады:
Альпинистер мен тау туристеріне – Алтайға, оның қасиетті екі басты Белуха шыңына, Алтай мен Сібірдің ең биік нүктесіне саяхат жасау ұсынылады. Бұл жер альпинистерге және тау туристеріне Гималай және Памир таулары сияқты аса белгілі болып келмейді. Бірақ мұнда Белухаға оңтүстік жағынан шығуға болады, ол кезінде шетел туристері үшін «жабық» болатын. Аймақтың ең биік нүктесінен тамашаланатын ғажайып көрініс – ең керемет сый.
Автотуристер үшін – автотурлар Шығыс Қазақстан аймағын тамашалағысы, шөл, дала, тауларды көріп, ең үлкен шортан ұстауды қалайтын адамдар үшін жасалынады. Мұнда автомобильмен қоса, жаяу, әрі қайық, атпен жүру бір-бірімен ауысып, ұсынылады. Турды жанұямен де өтуге мүмкіншілік бар. Мұндай тур қандай физикалық дайындықтағы адамға болмасын жарай береді. Тамыз айынан бастап құр аулау жұмыстары қосылады. Сол кезде саяхат уақыты ұлғаяды да.
Атты туризм сүюшілеріне Қазақстандық Алтайдың және бұрынғы КСРО аймағындағы, Монғолия мен Қытай территориясында адам аз қоныстанған аудандарда жаба тұқымындағы аттармен саяхат жасау ұсынылады. Туристер қалайтын болса, өте жабайы жерлер, марал соқпақтары арқылы да өтуге болады [37].
Велотуристерге Алтай таулары бойынша бірнеше күнге саяхаттар ұсынылады. Үнемі қар басып жататын шыңдардан бастап, азиаттық көшпенділердің ежелгі жолдары бойынша таулы көлдер мен өзендер арқылы, альпілік шалғындар мен тайгадан өтіп, төмен қарай жасалады. Көбі ұлы биік таулы көл Марқакөл арқылы, Зайсан көлі мен Қара Ертістегі Айғырқұм құмына дейін өтеді. Керемет балық аулаумен айналысу турдың ішіне кіреді.
Таулы өзендер бойынша жүзу, түрлі дайындық деңгейіндегі рафтингті сүюшілерге арналған турлар. Алтайда қарлы таулардан бастау алатын ірі және ұсақ өзендер көп. Түрлі күрделілік деңгейіндегі ұзақ (250 км астам) әрі қысқа уақытқа созылатын маршруттар таңдап алуға мүмкіндік бар. Өзен жазықтары өте көркем, және балықтары да көп. Жағалаулары бойынша жидектер, саңырауқұлақ, жабайы жануарлар көп кездеседі. Атақты алтайлық балы бар омарталарды жиі көруге болады [38].
Балық аулаушыларға таулы өзендер мен биік таулы көлдерде балық аулау турлары ұсынылады. Қара Ертістен он килограмм салмақты шортанды, таулы өзен мен биік таулы көлдерден таймен мен хариус балықтарын ұстаудың барлығы экзотикалық және жабайы аймақтарда жасалады. Балық аулау атпен, кеме немесе қайықта жүзеге асырылады.
Аң
аулаушыларға аю, марал, елік құралайға,
құр құсын ұстау турлары
Шығыс
Қазақстан аймағындағы белгілі
Қатон Қарағай Ұлттық Саябағының,
сол сынды басқа да территориялардың
туризмнің түр-түрін, дамытудағы рекреациялық
әлеуеті зор. Ерекше қорғалатын табиғи
территориясының табиғатының
Белуха ауданының туристерге өте тартымды болуының ықпалынан Ақ Берел өзені бойында, Рахман Бұлағы және Көккөл қайнар көзінің Төменгі Лагері аймағында шектен тыс адам келеді. Осы рекреациялық күшті азайту мақсатында да территория ішінде баламалы атты және жаяу туристік маршруттар құрастырылды. Бұл маршруттардан басқа бұрын ұсынылған маршруттардан түрлі туристік топтардың қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыратын тартымды әрі танымды сипатқа ие. Осындай түрде жазғы уақыттағы туристік ағымдардың келіп-кетуін реттеу, яғни табиғи кешендердің, ғажайып табиғи нысандардың қалыптасуы мен сақталуы жүзеге асырылады. Яғни, белсенді туризм экологиялық туризммен қатар жүреді десек те қателеспеспіз.
Белуха және Көккөл сарқырамасы ауданын жуықтап бағалау бойынша жазғы кезеңде қазіргі уақытта 15-20 мың адамға жуығы келеді және 3-5 мыңға жуық адам Рахман Бұлағына келеді [19].
«Рахман Бұлағында» демалатындар және маралмен емделуге келетін негізгі топты ересек адамдар құрайды: 40 жастан жоғары. Ал белсенді турларға (треккинг, суда жүзу) – 16 жастан бастап 30 жасқа дейінгі туристер қатысады. Белсенді турлардың өткізілу кезеңі – маусым-тамыз айлары.
Қатон-Қарағай Ұлттық сабағының өзінде жалпы 731 км созалатын 7 туристік маршрут бар. Оның ішіндегі 207 км – атты туризмге, 194 км – жаяу, 30 км –автомобильді туризмге тиесілі. Бұлардың 118 км жабдықталған, кейбір маршруттарда бақылау алаңдары бар, дегенмен де осы күнге дейін көптеген туристік маршруттар ыңғайландырылмаған.
Қаншама қиыншылықтар бар болғанымен де қазіргі уақытта аймақта ішкі және әлемдік нарықта ұсынылатын туристік өнім тартымды әрі үлкен сұранысқа ие болып келеді.
Сонымен белсенді туризмдегі жиі ұсынылатын маршруттарға жеке-жеке тоқталып өтсек.
Ақ
Берел – Шығыс Қазақстан