Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Августа 2012 в 21:49, дипломная работа
Әлемдік туризмнің қарқынды дамуына байланысты Қазақстанның жекелеген аймақтарына деген сұраныс өсуде. Еліміздің жеке өңірлері туризмнің қалыптасып тұрақты дамуына мүмкіндік беретін туристік-рекреациялық ресурстармен қамтамасыз етуші болып табылса, екінші жағынан туризм арқылы әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу өңірдің экономикасының өркендеуіне алғышарт жасай алатындай мүмкіндіктері бар мультипликативті нәтижеге ие болуымен ерекшеленеді. Соған қарамастан, туризмді тұрақты дамыту тетіктері біртұтас ашық жүйе ретінде қарастырылмағандықтан, осы саланың дамуын қамтамасыз ететін барлық түйінде мәселелер әлі де шешуін тапқан жоқ.
КІРІСПЕ
3
1
БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1
Белсенді туризмнің даму тарихының кезеңдері
1.2
Белсенді туризм мәні және оның түрлері
1.3
Белсенді туризм ерекшеліктері мен маршруттың жіктелу белгілері
2
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1
Шығыс Қазақстан облысының туристік-рекреациялық ресурстары
2.2
ШҚО белсенді туризмінің ресурстары
2.3
Аймақтағы белсенді туризмнің дамуына талдау жүргізу
3
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
3.1
Аймақтағы белсенді туризмнің даму мәселелері және оны шешу жолдары
3.2
Белсенді туризм бойынша ұсынылатын маршруттар
3.3
Белсенді туризмнің даму болашағы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Белсенді туризм, экстремалды спорт түрлері жеке адамның рухани және физикалық дамуын, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеудің, халықтар мен дәстүрлер арасындағы өзара түсінушілік пен өзара құрметтеудің негізгі тиімді құралы әрі өмірді, тарих, мәдениет, халық дәстүрлерін шынайы танып-білуге негізделген «халықтық дипломатия» формасы; мектеп жасындағы балалардан бастап, жастар, студенттер, зейнеткерлерге дейін халықтың барлық әлеуметтік-демографиялық тобының өзіндік белсенділік формасын таңдаудағы тәуелсіздікпен сипатталатын демалыстың демократиялық түрі болып табылады [4].
Спорттың қолданбалы түрлерімен және спорттық-сауықтыру туризмімен балалар, сонымен бірге, халықтың басқа да топтары – жастар, студенттер, интеллигенция, мұғалімдер, дәрігерлер, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер айналысады.
Балалар мен жастар үшін бұл тек денсаулықты нығайту ғана емес, сонымен қатар, патриоттық сезімге баулып, ерлікке, азаматтылыққа, руханилыққа тәрбиелеу болып табылады. Беріліп отырған белсенділік жастардың нашақорлық, ішімдік, құқықбұзушылыққа қарсы тұратын нәтижелі құралдардың бірі болып келеді десек қателеспеспіз. Халықтың ересек адамдары арасында туризмнің бұл түрі – рекреация мен жанұялық демалыс құралы. Алл зейнеткерлер мен егде адамдар тобына бұл – белсенді жас ұзақтылығының құралы және жиналған тәжірибені жастарға беру, ұрпаққа белсенді ықпал ету.
Спорттың олимпиадалық түріне қарағанда, белсенді туризм және спорттың қолданбалы және экстремалды түрлері халықтың барлық топтарына және барлық жас құрамына жетімді әрі аз шығындалуды ғана қамтамасыз етеді, өйткені дайындық үрдісі мен маршруттардың өзі табиғи ортада өтіп, қымбат тұратын стадиондар, арнайы спорт залдары, қымбат құнды құрал-жабдықтарды қажет етпейді, осының барлығы спорттың басқа түрлері мен фитнестен ерекшелігін айқындайды. Сонымен қоса, осы спорт түрлерімен не белсенді туризммен айналысқанда қауіпсіздік пен қолайлылықтың аз да болса деңгейлілігімен қамтамасыз ету қажет [5].
Дәл осы спорттың қолданбалы және
экстремалды спорт түрі және спорттық-сауықтыру
туризмі Қазақстан
Белсенді туристік жорықтарды сипаттап, оның ұйымдастырылуына тоқталмас бұрын «белсенді туризм» терминін түсіндіріп өту қажет.
Негізінен әр түрлі саяхаттар жасауға болады. Шетелге баратын туристік сапарлар бар – шетелдік туризм. Осыған қоса өз елінің ішіндегі саяхат бар. Қалалар бойынша поездбен сапар шегу сияқты, ұшақпен де бір елден екінші елге, бір аймақтан екінші аймаққа саяхат жасауға болады. Бұлардың барлығы белсенді туризм емес, өйткені мұндай саяхат физикалық күш пен интеллектуалдық қабілеттерді қолданусыз жүзеге асырылады.
Ересек квалификацияланған туристерді үнемі спорттылығымен – ұзаққа созылатын белгілі бір жерден өту күрделілігінен өту саяхаттары тартады. Саяхатшылар үшін бұдан да таулы жерлер қызықты болып келеді, мүнда түрлі табиғи нысандар шоғырланады: шыңдар, асулар, мұздықтар, қар, көл және өзендер [6].
Жоғарыда айтылғанды талқылай келе, белсенді туристік саяхаттың мәні саяхатшылардың мақсаттарын, барғысы келетін табиғат нысандарын өздері таңдап алуында, өздері мақсаттарына сәйкес кедергілерді өтуді қамтамасыз ететін маршрут құрастыратынында болып келеді.
Қазіргі заманғы белсенді саяхаттар – кезінде Жерді ашып, зерттеген ғылыми экспедициялардың моделі болып табылады. Туристер (әсіресе балалар) де жаңа территориялар ашады және зерттейді.
Белсенді маршруттар негізінен келесідей бағалаулармен айқындалады: саяхаттау аймағы қол жетерлік болу керек (транспорттық жүйе жедел әрі сенімді жетуді қамтамасыз ету керек); маршрут қысқа, қызықты (әр түрлі) және жеткілікті түрде қарапайым болу керек.
Белсенді саяхат адамның табиғатпен тығыз байланысын қамтиды. Ағаштар от жағу үшін отын береді. Өзенмен қайық не кеме арқылы жүзуге болады, бірақ абай болу керек, өзенде батып кету мүмкін. Жаңбыр туристер үшін үлкен қолайсыздық тудырады, бірақ ол өзенді қоректендіреді, өсімдіктерді суарады. Осындай және осы сынды табиғаттағы құбылыстар адамдарда табиғатқа адамдардың, адамдар табиғатқа тәуелді екенін, табиғат құбылыстарының тығыз байланысын түсінушілігін қалыптастырады, өзін табиғаттың бөлігі ретінде түсінуге мүмкіндік береді.
Саяхаттың белсенділігі мақсат пен жолдың алдын-ала анықталып, алдын-ала жариялы (маршрут«бекітілген») болуында. Маршрутты өткерілмеуі оның өзгерісі сәтсіздікті, саяхаттың зая кеткенін, топтың (туристік топтың) жеңілісін білдіреді. Әрине, бұлардың барлығы шартты болып келеді, бірақ мұндай шарттар жалпы спортқа тән сипат.
Белсенді туризмнің
Белсенді саяхат – ұзақ (күндер, апталар) – кешенді шара. Ол көп физикалық (күш, шыдамдылық, техникалық қабылдаулар) және интеллектуалдық (тактикалық тапсырыстар, техникалық қабылдаулар) күштерді талап етеді. Барлығын алдын-ала болжап алу мүмкін емес. Маршрутта шытырман оқиғалар күтіп отырады. Нақты шынайы жағдайда жоспарланған ойды жүзеге асыра білу керек. Әрине, егер кішкене де болса маршрутта не күтіп тұратынын болжай алатындай болса, барлығын жа жүзеге асыруға болады [7].
Белсенді туризмге «жабайы туризм» жақын келеді. Олар да белгілі бір аймақты көріп, тамашалайды. Дегенмен, оларда өтуге тиісті нақты маршрут болмайды. Ресми түрде бұл олардың саяхатты «бекітпейтінімен» анықталады. Белгілі бір жағдайға байланысты «жабайы» туристер саяхаттау уақытында өз маршруттарын өзгерте алады. Белсенді және «жабайы» туризмнің арасында нақты бір шектеу жоқ екені байқалады.
Белсенді туризм – бұл физикалық күш пен демалыстың үйлесімінің мүмкіншілігі, саяхат пен қызықты оқиғаларды ұнататын адамдардың іс-әрекеті. Бұл қазіргі заманғы туризмнің ең белгілі әрі ең қызықтыларының бірі болып келеді.
Белсенді туризм түрлері деген түсініктің өзі кең ауқымды. Белсенді туризм түрлері өзіне жаяу серуендеулерден бастап, спорттың шытырман түрлеріне дейінгі туристік іс-әрекеттердің түрлі бағыттарын біріктіреді. Бұлар - жорықтар, тау-шаңғы саяхаттары, рафтинг және альпинизм, треккинг және автобустық турлар, экстремалды туризм.
Туризмнің келесі түрлері бір-бірімен үйлесімді болып келеді, бір жағынан олар әр түрлі болып келеді:
Қазіргі уақытта туризмнің классикалық түрлері: жағажай туризмі, экскурсиялық туризм және қонақжайлылық туризммен қатар ең белгілі орынды осы сала - белсенді туризм танылып келеді.
Көптеген адамдар өздерінің қалаларының қоршауынан шығып, уақытша болсын оның сұлулығы мен шынайы табиғаттың ғажайыптылығына ауыстыруға талпынады. Ал белсенді туризм біздің уақытымызда жоғары қарқынмен дами отыра, осыған өте маңызды ықпал етеді [8].
Белсенді туризмнің
Туризм түрлерінің классификациясына тоқталатын болсақ, онда келесідей жіктеулер көрсетілген.
Жер бетіндегі туризм ішіндегі түрлері:
1 сурет. Велотуризм
Тау туризмі өз ішінде келесідей түрлерге жіктеледі:
2 сурет. Тау-шаңғы туризмі
Су туризмінің түрлері:
3 сурет. Виндсерфинг
Су туризмінің соңғы аталған екі түрі өте қауіпті әрі шытырманды, өйткені ол гүрілдеп тұрған өзендерде жасалады.
4 сурет. Рафтинг
Экзотикалық туризм жіктелуі:
Енді әр біреуіне жекелеп тоқталып өтетін болсақ.
Альпинизм – мақсаты тау шыңына шығу болып табылатын белсенді демалыс немесе спорт түрі. Альпинизм мәні болып табиғатта кездесетін кедергілерді (биіктік, жер бедері, ауа райы) өткеру табылады. Альпинизм бойынша жарыстарда сайыс нысаны болып шың биіктігі, өткерілген маршруттың техникалық күрделілігі, оның сипаты және ұзақтылығы табылады [10].
Тау туризмі – (ағылшын тілінен mountain tourizm) – туризм мен альпинизмнің байланысынан туындаған белсенді туризм түі. Тау туризміндегі маршрут күрделірек болған сайын, екеуінің арасындағы ортақтылық та көп болады. Тау туризмінде де альпинизмде қолданылатын сол техника мен сол құрал-жабдықтар қолданылады.
Ски-альпинизм – альпинизм бір түрі ретінде, альпинизм мен тау-шаңғы туризмінің байланысынан туындаған белсенді демалыс түрі. Қазіргі уақытта ски-альпинизмнің жеке туризм түрі ретінде саналуға талапты сипаттарының барлығы бар [11].
Спелеотуризм – жер астындағы үңгірлер бойынша саяхат Треккинг- қатысушылардың арнайы дайындалуынсыз жасалынатын жергілікті жердегі жаяу серуендеулер [12].
Атты туризм – атпен және экипажда саяхат жасау. Атты туризмге маршрутта кездесетін кедергілері (асу, орман, өзендер) бар саяхаттың спорттық әрі белсенді түрінің бірі.
Көптеген маршруттар ат үстінде
жүрмегендер үшін де ұйымдастырылады.
Ат бегі-туристердің
Велотуризм – қозғалыста басты әрі жалғыз құралы велосипед болып табылатын туризм түрі. «Велосипедты туризм» түсінігі көп мәнді болып келеді, ол белсенді туризмнің түріне де, спорттық туризмнің түрлерінің біріне де жатады.
Белсенді демалыс ретінде
Су туризмі – су үстімен өтетін маршрутты өтуден тұратын спорттық туризмнің түрлерінің бірі. Су туризмі категорияға байланысты өзендерде жүзу, әдетте таулы аймақтардағы өзендерден өтеді.
Желкенді туризм – Теңіз немесе үлкен көлдер акваториялары бойымен желкенді кемелермен саяхат жасау [12].
Сонымен, белсенді туризм түрлері қте сан алуыан. Ал осы түрлерін белглі бір жіктелімге келтіріп қалыпттастырылмаған. Сондықтан осы күнге дейін белсенді туризмнің жүйелі түрде бөлінген жіктелімі жоқ болар.
Өтетін кедергілердің қиындық дәрежесіне қарай, жорықтың ауданына, автономдылығына, жаңалығына, маршруттың ұзақтылығына және белсенді туризмнің сол не басқа түрлеріне тән басқа да көрсеткіштеріне қарай жорықтар демалыс күнгі, категориялы, категориясыз болып жіктеледі. Оған қоса, жорықтар туризм түріне қарай бөлінеді: жаяу, су, тау, шаңғы, велосипед, автомобильдік, мотоциклді, спелео- және кемелік, сонымен қатар олардың аралас түрін қамти алады.
Белсенді жорықтар өзінің күрделігіне қарай өсуі бойынша үш дейгейге жіктеледі – I –ден III дейін, және I –ден IV дейін алты категория (1 кесте).
1 кесте
Жорық күрделілігіне қойылатын талап*[14]
Категориялар |
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
Күндер ұзақтығы |
6 |
8 |
10 |
13 |
16 |
20 |
Жорықтың созылу қашықтығы, км |
||||||
Жаяу |
120 |
150 |
190 |
220 |
250 |
300 |
Шаңғы тебу |
130 |
160 |
200 |
220 |
250 |
300 |
Тауға шығу |
100 |
120 |
140 |
150 |
160 |
160 |
Су (қайықпен) |
150 |
160 |
170 |
180 |
190 |
190 |
Велосипедте |
250 |
400 |
600 |
750 |
900 |
1000 |
Мотоциклмен |
1000 |
1500 |
2000 |
2500 |
3000 |
3000 |
Жеңіл көлікпен |
1500 |
2000 |
2500 |
3000 |
3500 |
3500 |
Спелеожорықтар (үңгір саны) |
5 |
3-4 |
1-2 |
1-2 |
1 |