Белсенді туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Августа 2012 в 21:49, дипломная работа

Краткое описание

Әлемдік туризмнің қарқынды дамуына байланысты Қазақстанның жекелеген аймақтарына деген сұраныс өсуде. Еліміздің жеке өңірлері туризмнің қалыптасып тұрақты дамуына мүмкіндік беретін туристік-рекреациялық ресурстармен қамтамасыз етуші болып табылса, екінші жағынан туризм арқылы әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу өңірдің экономикасының өркендеуіне алғышарт жасай алатындай мүмкіндіктері бар мультипликативті нәтижеге ие болуымен ерекшеленеді. Соған қарамастан, туризмді тұрақты дамыту тетіктері біртұтас ашық жүйе ретінде қарастырылмағандықтан, осы саланың дамуын қамтамасыз ететін барлық түйінде мәселелер әлі де шешуін тапқан жоқ.

Содержание

КІРІСПЕ
3

1
БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1
Белсенді туризмнің даму тарихының кезеңдері

1.2
Белсенді туризм мәні және оның түрлері

1.3
Белсенді туризм ерекшеліктері мен маршруттың жіктелу белгілері


2
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ

2.1
Шығыс Қазақстан облысының туристік-рекреациялық ресурстары

2.2
ШҚО белсенді туризмінің ресурстары

2.3
Аймақтағы белсенді туризмнің дамуына талдау жүргізу


3
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ

3.1
Аймақтағы белсенді туризмнің даму мәселелері және оны шешу жолдары

3.2
Белсенді туризм бойынша ұсынылатын маршруттар

3.3
Белсенді туризмнің даму болашағы


ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломная работа Дина.docx

— 449.30 Кб (Скачать документ)

Мысалға, "Экосистем" фирмасы қызметінің негізгі бағыты- экологиялық туризм, қызықты турлар ұйымдастыру, экологиялық насихат жұмысын жүргізу, табиғат қорғау, сол сияқты, халықаралық табиғат қорғау бағдарламаларына белсенділікпен қатысу, Шығыс Қазақстанның Катон-Қарағай аймағын ұлттық паркке айналдыру, ақпараттық-жарнамалық буклеттер шығару және халыққа жеткізу, Шығыс Қазақстан туралы бейне фильмдер түсіру т.с.с.

Бұл фирма 8 жылдан бері Европа, Америка, ТМД елдерінен қонақтар қабылдайды. Альпинистер , тау туристері, ат,велосипед, автомобиль және мотосаяхатты ұнатушыларға, геологтар мен минерал зерттеушілеріне, балықшылар, орнитолог, ихтиолог, діни топтар үшін арнаулы маршруттар жасалған.

"Изумрудный Алтай» туристік фирмасының мақсаты - Шығыс Қазақстанда туристік жорықтарды, Бұқтырма су қоймасына жазғы демалысты ұйымдастыру. Компанияның келешек жоспары түрлі салада туристік қызметті одан әрі дамыту: альпинизм, көп күндік жорық, атпен серуен, қорықтарға саяхат, балық аулау, вело-мототуризм, қызықты оқиғалар саяхаты, ғылыми-танымдық жорықтар, демалыс күнгі жорықтар, жастар және балалар туризмі.

«Аю-Да» демалыс базасы(Бұқтырма су қоймасы)

-жазғы демалыс базасы (сыйымдылығы  800 адам) «Изумрудный» демалыс орталығы (Тау Үлбісі);

- сәнді қонақжай кешені - (сыйымдылығы 800 адам), мәжіліс залы;

- тау шаңғысы базасы - «Алтай Альпісі» демалыс базасы Өскемен-Зырян тасжолынан 22 км., қаладан 40 мин. қашықтықта. База таулы жерде, орман -тоғайдың ортасында орналасқан.

Туристік фирма «Рахман қайнары». Туризм нарығында 1995 жылдан бастап жұмыс істейді. Қызметінің негізгі бағыты биік таулы «Рахман қайнары» санатория базасында санаторлық-курорттық ем жүргізу, «Княжьи горы» тау шаңғысы кешенінде қысқы демалысты ұйымдастыру, сонымен бірге, Қазақстан Алтайының тауларына жорықтар ұйымдастыру. 2001 жылдан бастап Балалар Туристік орталығы ұйымдастырылды, онда балаларға арналған бағдарламалар ұйымдастырылады. Фирманың өз автопаркі бар, онда комфортабелді автобустар және өзге де жоғары сапалы техника қызмет көрсетеді.

«Княжьи горы» демалыс базасы - Өскемен қаласынан 35 км. қашықтықта, Шығыс Қазақстанның көрікті аймағында орналасқан. Қыста дем алушыларға - көтергіш, прокат, тау шаңғысы құрал-жабдықтарын сатып алу, жоғары класты нұсқаушылар, сақтау камерасы ұсынылады. Екі 1,5 және 2 км созылған сырғанақ жол әзірленген. Сноубордқа арналған жолдар, атпен серуен, шаңғы тебу, орыс моншасы бар [34].

Жылдың қар болмайтын кезінде  демалатындар үшін: тау велосипедтері, ат және пейнтбол прокатқа ұсынылады. Жазда 10-15 жастағы балалар үшін сауықтыру  лагері жұмыс істейді.

Сонымен, Шығыс Қазақстан облысындағы  белсенді туризмді дамытудағы барлық алғы шарттары бар. Тек осы саламен  айналысатын туристік мекемелердің санын әлі де болса ұлғайту  қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1.  ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ

 

3.1 Аймақтағы белсенді туризмнің даму мәселелері және оны шешу жолдары

 

 

Әлемдік туризмнің қарқынды дамуына байланысты Қазақстанның жекелеген аймақтарына  деген сұраныс өсуде. Еліміздің  жеке өңірлері туризмнің қалыптасып тұрақты дамуына мүмкіндік беретін  туристік-рекреациялық ресурстармен қамтамасыз етуші болып табылса, екінші жағынан  туризм арқылы әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу өңірдің экономикасының өркендеуіне алғышарт жасай алатындай  мүмкіндіктері бар мультипликативті нәтижеге ие болуымен ерекшеленеді. Соған  қарамастан, туризмді тұрақты дамыту тетіктері біртұтас ашық жүйе ретінде  қарастырылмағандықтан, осы саланың  дамуын қамтамасыз ететін барлық түйінде  мәселелер әлі де шешуін тапқан жоқ.

Шығыс Қазақстан облысының бірегей  туристік әлеуеті бар. Облыс көптеген туризм түрлерін, атап айтқанда, спорттық (альпинизм, таулы өзендермен жүзу, шаңғы спорты), аң және балық аулаушылық, экологиялық, емдік-сауықтыру, этникалық, ғылыми және танымдық туризм түрлерін дамытуға жайлы территорияда орналасқан. Ыңғайлы географиялық жағдай (Еуразия орталығы, Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен және Монғолиямен шекаралас), ынтымақтастық, ұлан-ғайыр аумақ және табиғат ландшафтының сан алуандығы, бірегей рекреациялық ресурстар, бай мәдени-тарихи мұра, сондай-ақ көрші мемлекеттердің шекаралас өңірлерінде қазақ диаспорасының тұруы облыстағы туризмді дамытудың күшті жақтары болып табылады.

Соңғы уақытта Германия, Австрия, Франция, Швейцария, Италия, АҚШ сияқты елдердің туристерінің Орта Азияға, оның ішінде Алтайға деген қызығушылығы артуда. Сөйтсе де, 2009 жылғы статистикалық деректер бойынша кіру туризмінің үлесі 2008 жылмен салыстырғанда 9,5 % төмендеуі байқалады.

Жалпы Шығыс Қазақстан облысындағы  белсенді туризм саласын дамытудың  көптеген мүмкіншіліктері бар екеніне  жоғарыда көптеген дәлелдемелер жазылып  өтті. Бұл аймақтың қаншалықты осы  саланы дамытуда табиғи ресрустарының  жеткілікті, климаттық жағдайларының  қолайлы болғанымен, оның ұйымдастырылуы мен дамытылуының қолға алынуында  әлі мәселелер жетерлік.

Сонымен туризм саласындағы Шығыс Қазақстан  облысындағы белсенді туризмнің  даму мәселелеріне келіп тоқталатын болсақ.

Жалпы белсенді туризмді дамыту үшін ең алдымен  белсенді туризм ресурстарының жағдайы, белсенді туризммен айналысуды мақсат еткен адамдарға қажетті деңгейде қызмет көрсетілуі керек. Иә, әрине, белсенді туризм үшін оған қатысушылар көптеген қолайлы да ыңғайлы жағдайларды талап етпейді, дегенмен де оларды кішкене де болса жағдайының қамтамасыз етілуі, олардың қауіпсіздігі, құрал-жабдықтары мен орналасу орындары мен жеткізілу көліктеріне ұйымдастырушылар жағынан назар аударылуы тиіс.

Жоғарыда  атп өткеніміздей, аймақта белсенді туризм әлеуеті зор болғанымен, табиғи ресурстардың осы туризм түрін дамытудағы мүмкіншілігі зор болғанымен, осы күнге дейін оларды жүзеге асыруда жеткілікті түрде ұйымдастырылмаған. Сонымен белсенді туризмдегі орын алып отырған мәселелері:

Олардың шешімі алға қойған мақсаты – бәсекеге қабілетті туристік сектор құруға және оны дамытуға, Шығыс Қазақстан облысының имиджін көтеруге мүмкіндік береді:

  1. Туристік және көлік инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы
  • халықты жайғастыру нысандарының, соның ішінде қонақүй, пансионат, демалыс үйлері мен базаларының, сонымен қатар санаторлық-курорттық мекемелердің материалдық базаларының моральдық жағынан тозуымен сипатталады;
  • бүгінгі күні туризм масштабтары, түрлері, туристерге арналған тұру орындарының сапасы мен ұсыныстары халықаралық талаптарға сай келмейді;
  • туристерді нысандардың тікелей жергілікті орындарында немесе бағыттардың торапты нүктелерінде жайғастыру мүмкіндіктерінің жоқтығы;
  • құнды да тартымды экскурсиялық нысандарға немесе көрікті ландшафтарға баратын автокөлік жолдарының болмауы немесе нашар күйі;
  • бағыттың өтуін бақылау және шұғыл жағдайда жылдам көмек көрсету үшін сенімді жедел байланыс құралдары мен мүмкіндіктерінің шалғайдағы аудандарда болмауы;
  • экскурсиялық нысандардың жағдайы – қолайлы қарау алаңдарының, ақпараттық тақташалардың, жабдықталған және қауіпсіз соқпақ жолдардың, демалыс орындарының жоқтығы;
  • Катон-Қарағай және Күршім аудандарындағы шекарааралық маршруттарды дамытудағы қиындықтар (шекаралық аймаққа өту рәсімдерінің ұзақтығы, Ресей Федерациясының уақытша шекара бекеттерінің Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай және Күршім аудандарында орналасуы);
  • рекреациялық аймақтардың экологиялық проблемасы (антропогендік жүктеме, шомылу аумақтарындағы жағалау сызықтарының бұзылуы);

2. Туризм саласындағы  кадрлардың біліктілігін арттыру,  даярлау және қайта даярлау  деңгейінің нашарлығы және ғылыми  базаның болмауы. 

Туризмнің дамуына кедергі  тигізіп отырған негізгі өзекті мәселелердің бірі қызмет көрсету саласында  мамандандырылған кадрлардың жоқтығы  болып табылады. Бұл туризм индустриясы  обьектілерінде білікті персоналдың болмауына ғана емес, сондай-ақ туристік саладағы кадрларды дайындау сапасына да жатады.

Белсенді туризмнің әрбір  түріне қарай мамандардың, инструктор, жаттықтырушылардың, құтқарушылардың  аздығы үлкен мәселе болып отыр.

3. Облыс имиджінің (беделінің) әлемдік нарыққа жеткіліксіз шығуы, Шығыс Қазақстан облысының туристік потенциалы туралы, оның ішінде белсенді туризм мүмкіншіліктері жайында жарнамалық ақпараттың жеткіліксіздігі.

4. Туристік саладағы көрсетілетін қызметтердің сапасының төмендігі.

Қызмет көрсету саласының  сапасыздығы туризм индустриясының нысандарында көрсетілетін қызметтің  төмендеуіне әкеледі. Оған қоса, ауылдық  елді мекендегі халық айтарлықтай  экономикалық пайда көрмейді және туризмді дамытуға мүдделі емес.

5. Бұқаралық және балалар  мен жасөспірімдер туризмнің (балалар мен жасөсіпірімдер - белсенді туризмді ерекше орынға ие әлеуметтік топ) нашар дамуы.

Жалпы Қазақстан Республикасында, тек біздің елде емес-ау, сонымен қатар, басқа да елдердің бірқатарында белсенді туризммен қатар спорттық сала бірге жүреді. Тіпті кейде спортты белсенді туризм түрінің ішіне де енгізіп жатамыз. Сондықтан спорттық туризмнің де мәселелеріне тоқталып өткен абзал. Осылайша, жаппай дене шынықтыру мен жоғарғы деңгейдегі спортты ары қарай дамыту үрдісіне кедергі келтіретін ең алдымен:

1. Саланың материалдық-техникалық  базасының әлсіздігі. 

Спорттық  құрылғылардың жеткіліксіздігі  айқын сезіледі. Облыстың дене шынықтыру  және спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасының жағдайы тұрғылықты халықтың да жоғары білікті спортшылардың  да сұранысын қанағаттандырмайды. Облыстағы 666 спорт залдың 632-і жалпы орта, кәсіптік және жоғарғы білім беру мекемелерінде, ал 34-і ғана облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының  ғимараттарында орналасқан.

Жоғарғы жетістікті спорт спорттық құрылғыларға өте мұқтаж, 34 спорт мектептерінің ішінде тек 15 ұйымның өз базасы бар. Халықаралық стандарттарға сай келетін сапалы құралдар мен заманауи жабдықтардың жетіспеушілігі сезінеді. Спорт жабдықтарының көпшілігі жарыстар мен оқыту-жаттығу үрдістерін жүргізу үшін талап етілетін халықаралық нормаларға сай келмейді. Оқыту-жаттығу үрдістерін ұйымдастыруға бөлінетін қаржы жеткіліксіз, жоспарланған жарыстар мен жиындарды өткізуге, спортшылардың жаттығуы үшін қажетті ғимаратты жалдауға қаражат жетпейді.

2. Бұқаралық және  балалар мен жасөспірімдер  спортының нашар  дамуы.

Балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға айтарлықтай көңіл бөлінбейді. Қазіргі  кезде балалар мен жасөспірімдерге  арналған спорт мектептерінің желісі 6 – 18 жас аралығындағы балалардың 8,0% жаттығу мүмкіндігін ғана қамтамасыз ете алады.

3. Спорттың ғылыми және медициналық базасының жоқтығы, білікті мамандардың жетіспеушілігі.

Заманауи  спорт түрлі инновацияларға ерекше ұшыраған және спортшыларды дайындауда ғылыми және инженерлік ізденістерге негізделген жаңашыл әдістерді  меңгерген мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөлуді талап етеді.

Қазіргі кезде білікті мамандар жетіспеуде. Облыстың жетекші жаттықтырушылары зейнеткерлік жасына жақындаған немесе зейнеткерлік жаста, ал жас, болашағы бар  бапкерлер төменгі жалақыға байланысты жұмысқа тұрғылары келмейді, ауылдық  жерлерде олар мүлде жоқ.

Қаржының  бөлінбеуіне байланысты, облыста жаттықтырушы-оқытушылар құрамын қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесі әлсіз. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінде және облыстың құрама командаларында спорт түрлері бойынша спорт психологтары жоқ, медициналық-биологиялық қызмет әлсіз қойылған, тұрғылықты халық арасынан құрылған түрлі жастағы топтармен және балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің оқушыларымен спорт түрлері бойынша дене шынықтыру–сауықтыру және оқу-жаттығу сабақтарын жүргізу әдістері тиісті дәрежеде жасалмайды. 

Қазіргі уақытқа дейін дәрігерлік-дене шынықтыру  диспансері жоқ, облыста облыстық медициналық  бірлестік жанында спорттық медицина бөлімшесі қызмет етеді.

Туризмнің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді шешуге жүйелі және кешенді көзқарас болған жағдайда ғана қолда бар әлеуетті іске асыру мүмкіндігі туады.

Жоғарыда  аталған мәселелер төңірегінде келесідей түрде оларды шешу жолдарын ұсынуға болады:

  1. Спорттық секциялар мен клубтар ашу және оларды дамыту;
  2. Аймақтың спорт мекемелерінің жартасқа шығу және спортқа бағытының жаңаларын қалыптастыру;
  3. Спорттың қолданбалы және экстремалды жаңа түрлерін ашу және олардың интитуализациялануы;
  4. Жалпы білім беру мектептерінің оқу бағдарламасына физикалық тәрбие пәнінен «туризм және өлкетану», «жартасқа шығу» сияқты сабақтарын енгізу;
  5. Кадрлер әлеуетін дамытуға бағытталған алғы шарттар:
    1. Белсенді туризм қозғалысының көшбасшыларын оқыту, өсіру, іріктеу;
    2. Жалпы білім беру мектептері үшін, жоғары оқу орындары үшін, спорттың қолданбалы және экстремалды түрлері мен белсенді туризм мекемелеріне арнайы оқу бағдарламаларын құрастыру;
    3. Жалпы білім беру мектепрі, жоо және спорттық мектептер үшін оқулықтар шығару;э
    4. Орталық және аймақтық мектептерде спорттық туризм мен альпинизм интруторларын даярлау;
    5. Кадрлер даярлау: инструкторлар, жаттықтырушылар, клуб жетекшілері, менеджерлер, осы сегментте жұмыс істеу үшін жол құрастырушылар;
    6. Таулы гид-жолсеріктерінің мектебін ашу;
    7. Білім беру мекемелерінің негізінде жорық жетекшілері мен спорттық туризмнің инструкторларының квалификациясын жоғарылату және алдын-ала дайындау, жалпы дайындау мектептерінің жүйесін қалыптастыру;
    8. Маршурттық квалификация нормаларын қайта қалпына келтіру және оған жаңа спорт түрлерін – шытырманды айдаулар, фрирайда қосу;
    9. Жаңа спорт түрлері үшін кадрлер дайындау (ұйымдастырушылар, жаттықтырушылар);
    10. Таулы аудандарда жұмыс істеудегі қоғамдық құтқарушыларды дайындау;
    11. Маманданған тау инструкторларын дайындау;
    12. Өзін-өзі бақылайтын ұйымдарды – саланың кәсіби қызметкерлері, жаттықтырушылар, инструтор-жолсеріктерін, клуб менеджерлерінің ассоциациясын құру.

Информация о работе Белсенді туризм