Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Августа 2012 в 21:49, дипломная работа
Әлемдік туризмнің қарқынды дамуына байланысты Қазақстанның жекелеген аймақтарына деген сұраныс өсуде. Еліміздің жеке өңірлері туризмнің қалыптасып тұрақты дамуына мүмкіндік беретін туристік-рекреациялық ресурстармен қамтамасыз етуші болып табылса, екінші жағынан туризм арқылы әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу өңірдің экономикасының өркендеуіне алғышарт жасай алатындай мүмкіндіктері бар мультипликативті нәтижеге ие болуымен ерекшеленеді. Соған қарамастан, туризмді тұрақты дамыту тетіктері біртұтас ашық жүйе ретінде қарастырылмағандықтан, осы саланың дамуын қамтамасыз ететін барлық түйінде мәселелер әлі де шешуін тапқан жоқ.
КІРІСПЕ
3
1
БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1
Белсенді туризмнің даму тарихының кезеңдері
1.2
Белсенді туризм мәні және оның түрлері
1.3
Белсенді туризм ерекшеліктері мен маршруттың жіктелу белгілері
2
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1
Шығыс Қазақстан облысының туристік-рекреациялық ресурстары
2.2
ШҚО белсенді туризмінің ресурстары
2.3
Аймақтағы белсенді туризмнің дамуына талдау жүргізу
3
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
3.1
Аймақтағы белсенді туризмнің даму мәселелері және оны шешу жолдары
3.2
Белсенді туризм бойынша ұсынылатын маршруттар
3.3
Белсенді туризмнің даму болашағы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бұлардан өзге, қатысушылардың қалауымен спорттық іс шаралар, фестивальдер ұйымдастырылады, балаларға арналған шатырлы лагерлер тігіліп, жеке салтанаттар жиі өткізіліп тұрады.
Енді Шығыс Қазақстан облысындағы ерекше дамып отырған келсідей белсенді туризм түрлері белгілі:
Автомобильдік турлар. Автомобильдік турлар Алтайдағы туризм түрлерінің кең тарағаны болып табылады. Жыл сайын мыңдаған адамдар Алтайдың ғадайып табиғатын тамашалауға автомобилмен саяхатқа шығып жатады.
Жалпы
қандай да бір салынған трасса қалыпты
жағдайдағ бұл аймақтың көптеген
бөлігінде қандай да бір автомобильмен
саяхат жасауға мүмкіндік бар. Дегенмен
жеке аудандардың кейбіреуіне «ГАЗ-
Авто станциялар әдетте ірі және аудандық орталықтар маңында, жне жол бойында орналасады. 35-бензин кездесе бермейді, сондықтан да АИ-92 пайдалануға тура келеді.
Шолу
экскурсиялары тәжірибелі түрде
Таулы Алтайдың барлық жерінде жүзеге
асырылады, онда білікті инструкторлар
мен сенімді автомобильдің
Атты туризм. Таулы Алтай мұндағы 1971 жылы алғашқы жоспарлы «Каракөл көлдері» атты салт атпен жүру маршруты енгізілуімен атақты. Содан кейін ғана1975 жылы ат маршруттары Грузия, Башқұрстан, Карачаево-Черкаск, Шығыс Қазақстан, Оралда тарала байстайды.
Дәл осы Таулы Алтай ғана туристерген осы күнге дейін ат маршрутын ұсынатын аймақтардың біріне жатады. Атқа мініп саяхат жасау сауықтыруға ықпал етеді, барлық бұлшық еттерге белсенді әсер етеді. Атпен саяхаттау арасында жаяу жүруді де сыртқа шығармайды. Ат туризмінің артықшылығы болып жорық кезінде барлық керек-жарақтылардың барлығы сумкаларға салынып, салт аттың ертоқымына байланады немесе теңделетін аттардың шаналарында болуы табылады.
Таулы Алтайда атпен жүру кең таралған. Өйткені, Алтай тауларында осы күнге дейін қуанышқа орай автомобильмен жету мүмкін емес болып келетін қол жетімсіз әрі өтуі қиын жерлер сақталған. Сондықтан да, жаяу жүруге талпыныс болмаса немесе денсаулық жарамайтындай болса, туристерге турбаза аймағында атты маршруттар мен серуендеулер ұсынылады [29].
Әдетте атты турбазадан, орман шаруашылығынан (ауданның әкімшілігімен келісе отырып) немесе тікелей бір ауылдардың бірінен (алтайлықтар көп ат ұстайды) жалға алуға болады. Жалға алу құнына жолсеріктің атының және кері қайту уақытына төлем кіреді. Бағасы маршруттың күрделілігі мен ұзақтылығына байланысты. Мүның барлығы арзан деп те айтуға болмадй, бірақ туризмнің осы түрін сүйетіндер үшін қол жетімді болып келеді. Көптеген турбазалар атпен серуендеулерді барлығы үшін ұсына алады, сонымен қатар атты маршруттар ерекше дайындалған туристер үшін де жүзеге асырылады.
Дегенмен атты маршруттар радиалды серуендеулер ретінде ғана емес, негізгі бағдарлама ретінде ұйымдастырылатын арнайы турлар да бар. Әдетте мұндай маршруттар аз қоныстанған жерлерде жүзеге асырылады, яғни Таулы Алтай тауы мен тайгасының ғажайып табиғатын тамашалауға әбден болады.
Жоғарыда аталғандарға қоса, Шығыс Қазақстан облысында велотуризм, тау-шаңғы туризмі кең таралған [30].
Белсенді туризм түрлерінің арасында
спорт та ерекше орын алатынын естен
шығармау керек. Ал Шығыс Қазақстан
облысының аймағында да спорттың
жақсы қарқынмен дамуына
Бүгін 122 шығыс қазақстандық спорттың 17 түрінен республика құрама командаларына еніп отыр. 26 жерлесіміз ұлттық командаларда ойнайды. Облыс атлеттері спорттың 17 түрінен халықаралық аренаға шықты.
Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысушыларды қамту 5,2% өсіп, 15,1% құрады және 214,3 мың адамды құрайды.
Облыста 2804 бірлік спорт құрылғысы бар.
Өскемен қаласында теннис орталығы, Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Аягөз ауданында жасанды жабынды шағын-футбол алаңшасы пайдалануға берілді.
Облыста спорттың 59 түрі дамыған. Дене шынықтыру және спорт ұжымдарының саны 1649 бірлік, соның ішінде ауылда – 720 бірлік.
1615
спорттық-бұқаралық және дене
шынықтыру-сауықтыру іс-шара
35 спорт мектебінде 19,6 мың адам айналысады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 217 адамға артық.
62 халықаралық жарыстарға 288 спортшы және 243 республикалық жарыстарға 2635 спортшы қатысты. Әр түрлі спорт түрлері бойынша өңір спортшылары 3,8 мың медаль жеңіп алды.
Халықаралық сыныптағы 9 спорт шебері, 84 спорт шебері, 292 спорт шеберіне үміткер, 1 разрядты 444 спортшы дайындалды [31].
Сонымен,
қорыта келгенде, Шығыс Қазақстан
облысы – өзіндік бір ғажайып
әрі әмбебеп көркем ландшафты
және табиғи-климаттық
2.3 Аймақтағы белсенді туризмнің дамуына талдау жүргізу
Шығыс
Қазақстан облысының үлкен
Шығыс Қазақстан облысында 49 тур фирма қызмет етеді `(7 сурет). Оның ішіндегі 43 туроператорлық қызмет ұсынса, 29 турагенттік іспен, 2-уі басқа да туристік қызмет көрсетеді. Бұған қоса, туристік қызметтер ұсынумен 14 жеке кәсіпкерліктер айналасады.
7 сурет. Туристік қызмет көрсету мекемелері санының өсу динамикасы [32]
7 суретке сәйкес, Шығыс Қазақстандағы туризм экономикасын дамытудағы басым бағыттарының бірі болып отыр, бұны туристік фирмалардың саны мен келуші туристердің санының өсуі дәлелдейді. Егер облыста 2006 жылы 39 бірлік туристік фирма істесе, 2007 жылы -40, 2008 жылы 47, 2009-48, 2010 – 49 (2010 ж. қыркүйек айына дейінгі ғана саны-42).
5 кесте
Туристік қызметтің көрсеткіштері*[20]
Көрсеткіштің атауы |
2009 жыл |
2010 жылдың |
Сырттан келу туризмінің көлемі (мың адам) |
15,3 |
6,7 |
Ішкі туризмнің көлемі (мың адам) |
254,2 |
105,2 |
Сыртқа шығу туризмнің көлемі (мың адам) |
6,2 |
3,4 |
Көрсетілген туристік қызметтердің көлемі (млн.теңге) |
1830,0 |
816,7 |
Туристік фирмалардың саны (бірлік) |
18 |
49 |
Орналастыру объектілердің саны |
216 |
216 |
*Дерек көзі: Шығыс Қазақстан облысының 2010 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық құжаты
5 кестеде көрсетілгендей, туристік іс-әрекет субъектілерімен ұсынылатын қызметтер көлемі 816,7 млн. теңгені құрайды, оның ішінде турфирмалар - 152,2 млн. теңге, туристік іс-әрекетпен айналысатын жеке кәсіпкерліктер 7,8 млн теңге көлемінде де қызмет көрсетеді.
Ішкі туризм бойынша қызметтердің көлемі 112,0 млн тг (туристік қызмет көлемінен 70,1%), шығу туризмі – 21,0 млн тг (13,1%), кіру туризмі -26,8 (16,8%).
Туристік фирмалармен және жеке кәсіпкерліктермен 62,6 мың келушілерге қызмет көрсетілсе, 1,3 мың облыс территориясына кіруші туристер болса, 2009 жылды 6,2 мың адам, ал 2010 жылдың жарты жылдығында 3,4 мың шығушы және 105,2 мың ішкі саяхатшылар болып келеді [32].
Саяхатшылардың басты мақсаты облыс бойынша демалыс болып табылады.
Туристердің жалпы санының ішінен облысқа келушілердің 69,7% - Ресей азаматтары, 5,3% жуығы – Түркия азаматтары, 4,3% - Канада, 4,1 – Корей Республикасынан, 3,7% - Германия, 2,7% -Қытай, 2,5% -Франция, 1,4%-Испания, 1,1%-Италия, 0,8%-Бельгия елдерінен болып келеді. Шығыс Қазақстан облысына Аргентина, Чехия, Финляндия, Грекия, Үндістан, Жапония, Нидерланды, Польша және АҚШ туристері (2-ден 7-ге дейін туристер) де келіп жатады (8 сурет).
8 сурет. Шығыс Қазақстанға келетін туристер елдерінің үлесі
Ал Облыстан шығатын туристер көбіне Қытайға, Түркия, Тайланд, БАӘ, Египет және Ресей Федерациясына, сонымен қатар, алыс шетелдік 26 елге және ТМД елдеріне бағыт алады.
6 кесте
Шығыс Қазақстан облысындағы белсенді туристерге қызмет көрсететін нысандар*[21]
Объектінің атауы |
Нөмірлердің саны, деңгейлері және тәуліктік бағасы |
Маусым-дылығы |
қызметтері |
«Заимка медовая» демалыс базасы |
2 үй, Бағасы келісімді |
Жыл бойы |
Қармен жүргіштерді жалға алу |
«Кедровка» демалыс базасы |
7 нөмір |
Жыл бойы |
Шаңғы, жаяу жүру туризмі, монша, бағыттаушылар |
«Эдельвейс» демалыс базасы |
6 нөмір, 1500 теңге және одан жоғары |
Қысқы маусым |
Сырғанақ, нұсқаушының қызметі, шаңғыны, сноубортты, конькиді, шаг шаналарды жалға алу, |
“Star dust” демалыс базасы |
6 нөмір, 300-1000 т |
Қысқы маусым |
Нұсқаушының қызметі, шаңғыны, сноуборттарды жалға беру |
«Вертикаль» демалыс базасы |
7000 тг |
Жыл бойы |
Шаңғы трассасы, спорттық, футбол алаңдары, монша, бассейн, тамақтану |
«Чайка» демалыс базасы |
9 үй, 2000 теңге |
Жазғы кезең |
Катамарандарды, қайықтарды жалға алу сауна, тұрақ |
«Рахмановские ключи» шипажайы |
25 нөмір, На 1 адамға: 4-орындық – 140000 тг. 3-орындық – 148000 тг. 2-орындық – 160000 тг. 1-орындық-200000тг. Люкс коттедждер – 17250 тг./тәулігіне VIP коттедждер - 56000 тг./ тәулігіне |
Жыл бойы |
Көлмен саяхат, Жаяу және атпен саяхаттар, монша, шаңғыларды, қайықтарды, велосипедтерді жалға алу |
6 кестеде жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша туристік қызметтер ұсынатын туристік база, санатарий-профилакториийлердің ішіндегі қосымша түрде белсенді туризмге қажетті қызмет көрсетудің туристік нысандарының тізімі берілген. Ал жалпы ддемалыс базалары мен туристік орындардың толық тізімі қосымшада келтірілген.
Белсенді туризм және сауықтыру орталықтары: Катонқарағай ауданында «Рақман қайнары» шипажайы, Үржар аудынында «Барлық Арасан» бар, «Нұр Тау», «Алтай Альпілері», «Патшалар жазығы», «Алтай бухтасы», «Климовка», «Громотуха», «Айгерім», «Алакөл» демалыс базалары, «Көгілдір бұғаз» демалыс үйлері, «Изумрудный» емдеу-сауықтыру кешені, т.б. бар.
Шығыс Қазақстан аймағындағы туризмді дамытудың танымал және перспективасы жоғары негізгі түрлері: экологиялық туризм, автотурлар, альпинистік және таулы- жаяу (треккинг) турлар, жүзу турлары (рафтинг), атты турлар, велотурлар, балық аулау және аң аулау турлары, жағажайлар, емдеу-сауықтыру, ғылыми-танымдық, ауылдық туризм.
Шығыс Қазақстан облысында туристік қызмет көрсетумен айналысатын фирмалар кіру, шығу, ішкі туризм түрлерімен қатар, виза және басқа да құжаттарды рәсімдеу, әуе, темір жол көлігіне билеттер сату, жеткізіп беру, туристерді өз көліктерімен тасымалдау, белсенді туризм түрлерімен айналысуда қажетті құрал-жабдықтарды жалға беру, сақтандыру, туристерді орналастыру, брондау, аударма қызметтері және басқа да қызмет түрлерін ұсынады. Олар өз қызметінде көптеген отандық және шетелдік қоғамдармен, қорлармен, қауымдастықтармен, мемлекеттік ұйымдармен, туристік фирмалармен өзара әрекеттесіп отырады. Облысқа келуші туристерге ұсынылатын туристік өнімдер ішінде экологиялық, танымдық, жағажайлық және белсенді туризм түрлері басым, туристік фирмалар өз қызметтерін турларды сатудан түскен табыс көзі арқылы қаржыландырады, туристік фирмаларда жұмыс істейтін қызметкерлер саны 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 2 есеге артқан.
Облыстың тарихымен , табиғатымен танысамын деуші туристер жаяу және атпен, тау шаңғысы жолымен, велосипед, мотоцикл; сол сияқты, бүркітпен аң аулау, балық аулау арқылы таныса алады. Туристік саяхат маршруттарын және белсенді туризм маршруттарын "Голубой залив", "Кругозор", "Орион", "Геоцинт-Восток", "Интурист", "Экосистем" тәрізді туристік фирмалар мен компаниялар ұсынады. Олар жарқыраған тау шыңдарын қызықтап, күркіреген сарқырамалардың мұзды лебімен тыныстауға, альпі көгалдарының жасыл алқабы мен сұлу маралдарды тамашалауға, көне кен орындарын аралауға шақырады. Шығыс Қазақстан облысының туризм үшін үлкен мүмкіндіктері бар.