Белсенді туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Августа 2012 в 21:49, дипломная работа

Краткое описание

Әлемдік туризмнің қарқынды дамуына байланысты Қазақстанның жекелеген аймақтарына деген сұраныс өсуде. Еліміздің жеке өңірлері туризмнің қалыптасып тұрақты дамуына мүмкіндік беретін туристік-рекреациялық ресурстармен қамтамасыз етуші болып табылса, екінші жағынан туризм арқылы әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу өңірдің экономикасының өркендеуіне алғышарт жасай алатындай мүмкіндіктері бар мультипликативті нәтижеге ие болуымен ерекшеленеді. Соған қарамастан, туризмді тұрақты дамыту тетіктері біртұтас ашық жүйе ретінде қарастырылмағандықтан, осы саланың дамуын қамтамасыз ететін барлық түйінде мәселелер әлі де шешуін тапқан жоқ.

Содержание

КІРІСПЕ
3

1
БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1
Белсенді туризмнің даму тарихының кезеңдері

1.2
Белсенді туризм мәні және оның түрлері

1.3
Белсенді туризм ерекшеліктері мен маршруттың жіктелу белгілері


2
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ

2.1
Шығыс Қазақстан облысының туристік-рекреациялық ресурстары

2.2
ШҚО белсенді туризмінің ресурстары

2.3
Аймақтағы белсенді туризмнің дамуына талдау жүргізу


3
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ

3.1
Аймақтағы белсенді туризмнің даму мәселелері және оны шешу жолдары

3.2
Белсенді туризм бойынша ұсынылатын маршруттар

3.3
Белсенді туризмнің даму болашағы


ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломная работа Дина.docx

— 449.30 Кб (Скачать документ)

Дене  шынықтыру және спорт мекемелері жүйесін кеңейту және дене шынықтырумен, спортпен айналысатын азаматтардың санын арттыру қоғамда салауатты  өмір салты қағидасының орнығуына  мүмкіндік береді, халықаралық деңгейдегі спортшыларды дайындау үшін жағдай жасалатын  болады. Тұрғындарды дене тәрбиесіне үйретудің оңтайлы жүйесі құрылатын  болады, тұрғындардың дене шынықтыру  және спорт қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейі айтарлықтай артады, балалар мен жасөспірімдердің іспен  шұғылдануы, жастар арасында құқық  бұзушылықтың алдын алу қамтамасыз етілетін болады.

Белсенді туристік-рекреациялық инфрақұрылым

Міндеттер.

Тұрғындардың  демалуы және денсаулығын қалпына келтіруінде белсенді туризмнің де ролі зор екенін ескере отырып, белсенді туризм ресурстарының ластанбауын қадағалап, жағдайларын жақсарту, сондай-ақ бәсекеге қабілетті туристік индустрияны дамыту үшін рекреациялық, шаруашылығы маманданған аймақтарды қалыптастыру мақсатында рекреациялық инфрақұрылым объектілері жүйесін құру.

- жуықтағы үш жылға Туризмді  дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламаны  іске асыру;

- инфрақұрылымды дамыту үшін қажетті  жағдай жасау, атап айтқанда  жол бойындағы сервис, жол инфрақұрылымын, мейманхана және көңіл көтеру кешенін, тау базаларын, кемпингтерді, дамыту және жаңарту және т.б.;

- белсенді туризмге қажетті керек-жарақтарды  сату немесе жалға беру кәсіпорындарының  санын өсіру;

- демалыс аймақтарын, тау базалары соңынан оларға құрылыс салудың бас жоспарларын әзірлеу үшін түгендеуді жүргізу;

- Белуха тауына, Марқакөл, Зайсан  көлдеріне, емдеу-сауықтыру көздеріне,  қорықтарға баратын және басқа  да туристік бағдарларды дамыту  және жаңаларын ашу;

- рекреациялық аймақтарда туркласты  мейманханалар, қонақ үйлерін  және кемпингтер салу;

- Катонқарағай ауданында «Катонқарағай»  сауықтыру-туристік кешенін салу;

- «Рахман қайнарлары» санаторийін  қайта құру;

- Риддер қаласының маңындағы «Климовка»  демалыс базасын қайта құру;

- «Алтайские Альпы» сауықтыру  орталығын модернизациялау;

- «Алтай-Золотые горы» трансшекаралық  бағдарының қазақстандық учаскесін  жайластыру;

- Алакөл көлінде Қабанбай ауылында  «АНА» емдеу-сауықтыру кешенін  салу;

- пантымен емдеу негізінде туристік  кешендер құру;

- Комендант аралында (Өскемен қаласы) «Сұлтан» емдеу-сауықтыру кешенін  салу;

- Бесқарағай ауданының Шошкол  көлінде емдеу-сауықтыру кешенін  салу (қосымша В);

- табиғат әлеуетін, тарихи және  мәдени ескерткіштерін сақтау;

- өңірдің табиғат ресурстары (белсенді туризмді дамытуда) мен тарихи-мәдени рекреациялық ресурстарын игеруге бағытталатын жеке меншік капиталды тарту үшін жағдай жасау, инфрақұрылымды дамыту;

- облыстық, аудандық және қалалық  деңгейлерде туристік-рекреациялық  қызметті реттеу жүйесін жетілдіру;

- рекреациялық объект аумағында  жүрген туристердің қауіпсіздігін  қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.

Қорыта  келгенде, әрине аймақтағы белсенді туризмнің ресурстарының жетерлік болуы белсенді туризм саласын дамытудағы жарқын болшағы бар екені дәлелдейді. Және осы салны дамытуды қолға  алуда, оның дамытылуын жүзеге асыруда  көптеген мемлекеттік бағдарламалар  негізінде бірнеше жобалар жасалынып, бекітілініп отыр. Мемлекеттік бағдарламалармен қатар, жеке белігіл бір мерзім сайын қандай да бір шаралар, жарыс-сайыстар өткізудің де ролдері зор болар еді.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Әлемдік туризмнің қарқынды дамуына  байланысты Қазақстанның жекелеген  аймақтарына деген сұраныс өсуде. Еліміздің жеке өңірлері туризмнің  қалыптасып тұрақты дамуына мүмкіндік  беретін туристік-рекреациялық ресурстармен қамтамасыз етуші болып табылса, екінші жағынан туризм арқылы әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу өңірдің экономикасының өркендеуіне алғышарт жасай алатындай  мүмкіндіктері бар мультипликативті нәтижеге ие болуымен ерекшеленеді. Соған  қарамастан, туризмді тұрақты дамыту тетіктері біртұтас ашық жүйе ретінде  қарастырылмағандықтан, осы саланың  дамуын қамтамасыз ететін барлық түйінде  мәселелер әлі де шешуін тапқан жоқ.

Шығыс Қазақстан облысының бар туристік әлеуетін бірегей ету экологиялық, мәдени-танымдық, жағажай, тау-шаңғы және іскерлік туризмді дамыту болып табылады, ол ұзақ мерзімді келешекте қазақстандық және халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті кешенді туристік өнімді қамтамасыз ететіне күмән жоқ. Мұндай өнімді жасау негізінде қолайлы климаттық жағдай, су, бальнеологиялық ресурстарының болуы, бай ландшафтты-рекреациялық әлеует, сонымен қатар өзіндік тарихи-мәдени мұра, халықаралық маңызы бар бірегей мұражайлық кешендердің болуы жатыр. Жұмыста туристік-рекреациялық ресурстарын сипаттағанда осы дәлелденді.

Шығыс Қазақстан облысының үлкен  аумағы, тамаша ландшафты, әр түрлі  климаттық аймақтары, баға жетпес мәдени-тарихи ескерткіштері арқасында теңдесі жоқ туристік әлеуеті бар екені айқындалып, географиялық және геосаяси жағдайының ыңғайлы орналасуы (Еуразия орталығы), Қытаймен, Ресеймен, Монғолиямен шекаралық ынтымақтастығы туризмді дамытуда күшті жақтары болып табылатыны белгілі.

Жалпы Шығыс Қазақстан облысындағы  белсенді туризм саласын дамытудың  көптеген мүмкіншіліктері бар екеніне  жоғарыда көптеген дәлелдемелер жазылып  өтті. Бұл аймақтың қаншалықты осы  саланы дамытуда табиғи ресурстарының жеткілікті, климаттық жағдайларының қолайлы болғанымен, оның ұйымдастырылуы мен дамытылуының қолға алынуында әлі мәселелер жетерлік.

Шығыс Қазақстан облысының белсенді туризмді дамытуда бірегей туристік әлеуеті бар екені жұмыста өте жақсы сипатталынып талқыға түсті. Облыс экологиялық, емдік-сауықтыру, этникалық, ғылыми және танымдық туризм түрлерін дамытумен қатар, белсенді туризм түрлерін, альпинизм, таулы өзендермен жүзу, шаңғы туризмін, аң және балық аулаушылықты дамытуға тырысып отыр.

Өңірдің инфрақұрылымдық кешені жеткілікті дамыған, бірақ сонымен қатар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы шешуді қажет ететін нақты мәселелері бар, себебі қомақты қаражат қажет. Мысалы, облыстың солтүстік-батыс өңірлері тұрғындарының оңтүстік-шығыс бөлігі және облыс орталығымен ең қысқа жол арқылы тұрақты байланыс орнату мақсатында Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу, қалада көлік ағыны жүктемесін азайту және қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында облыс орталығында бірнеше көпір және жол өткелдерін салу, тұрғындарға қолайлы тіршілік ету ортасын құру үшін Өскемен қаласының өнеркәсіптік аймағынан тұрғындарды қаланың сол жақ жағалауына көшіру, өңірдің көліктік мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану мақсатында өзен параходының жұмыс істеуін қайта жандандыру, шалғай өңірлерге жетуді қамтамасыз ету және сол жерлерде жаңа өндірістерді дамытуға жағдай жасау үшін өңірдің шығыс аумақтарында көлік айналымын құру мақсатында Зырян-Майқапшағай-Аягөз теміржол желісін салу қажеттігі.

Туризмнің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді шешуге жүйелі және кешенді  көзқарас болған жағдайда ғана қолда  бар әлеуетті іске асыру мүмкіндігі туады.

Мысалы, Күршім және Карағай аудандарына  транпортпен жетудің қиыншылығмен қоса, туризм мақсатында Қазақстан-Ресей  шекараларындағы қиылысатын маршруттардың  шекаралық зонасына еркін бару бүгінгі  к.нге дейін қарастырлмаған. Бұл  осы аудандарда ғана емес екені хақ, сондықтан белсенді туризмді дамыту үшін осы шекаралық аймақ жайында  өзекті мәселені шешуді ұсынамын. Яғни, келетін туристер жеке түрде уақытын  кетіріп, Өскемен қаласынан ресми  қағаз алу керектігі жайындағы  тәртіпті алып тастаған абзал болатын  шығар деп есептеймін. Немесе бұл  сұрақты алдын ала белсенді турды  ұсынатын туристік мекемелер шешіп  қойғаны дұрыс болар еді.

Осы күнге дейін облыс аудандарында туристік өнімнің дұрыстап жүзеге аспауы байқалады. Қатан-Қарағай Ұлттық Саябағында қазіргі уақытқа дейін негізгі  күш қажетті инфрақұрылымсыз-ақ маршруттардың құрастырылуына аз шығынды  белсенді-экологиялық турлардың  жасалып, алға жылжытылуына бағытталған. Жазғы маусымның шектеулі келетінін, континенталды таулы қатаң климаттың  тұрақсыз ауа райын есепке ала  отырып, туристік ағымды қалыптастыратын  елдер халқының менталитеті қарастырылмайды. Осының барлығы қоршаған ортаға, және туристік қызығушылыққа ықпалын  тигізбей қоймайды емес пе? Сондықтан  да қазіргі келетін туристердің  саны жеткілікті не қажеттіден асып кететін  сияқты. Сондықтан да ол санды ұлғайтудың қажеті керек емес деп ойлаймын.

Ерекше туристік әлеуетке ие жеке аудандарда туризмнің дамуы түрлі  мемлекеттік және жеке меншік түрде  ұйымдастырылатын шаралардың түр-түрін  пайдаланса жақсы болатын еді. Бұл  кезде шаралардың ұйымдастырылуына мемлекет немесе жеке тараптан инвестиция құйылса, және де жергілікті халық туристік жобаларды жүзеге асыру үрдісіне белсенді ат салысса деген ұсыныстарым бар. Тағы да ең басты атап өтетін жайт, белсенді туризмнің, жалпы туризм саласының Шығыс Қазақстан аймағында дамуы үшін туристік формалдылықтар мен тіркелу және лицензия алу үрдістері қарапайымдыланып, жеңлдене түссе деген де ойлар бар.

Жалпы, қорыта келгенде, атап өтетініміз, дилом жұмысы барлық мақсаттар мен  міндеттердің орындалып, алға қойылған сұрақтардың барлығы шешімін  тапты деп нық айта аламын. Жұмыстың практикалық маңыздылығы да жоғары, белсенді туристік қызмет ұсынатын мекеменің  қандай түрі болсын ішінде келтірілген  теориялық жазбаларды тәжірибеде қолдануына болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  1. Некоторые аспекты функционирования индустрии туризма/ под общ. ред. А. П. Лесника, М.: Вестник,2004.
  2. Александрова А. Ю. Международный туризм. М.: Аспект - пресс, 2004.
  3. История
  4. Дурович А. П. Активный туризм: современное состояние и перспективы развития.- М.: Новое знание, 2003.
  5. Моспанова И. Активный туризм - что это такое? // Отель.- 2001.-№2. с.18-. Пирожник И. И. Активный туризм и его значение в хозяйстве России.Мн: Белгоуниверситет, 2004.
  6. Шреплер В. Активный туризм.- М.: Международные экономические отношения, 2001.
  7. Хвилер Г. Связанные одной цепью// Турбизнес №12-13.с.6-9. 13. Шреплер В. Активный туризм М.: Международные экономические отношения, 2001.
  8. Дроздов А.В. Экологический императив и рекреационная география. //Известия РАН. Серия географическая. – 1998. - №4 С. 92-94
  9. Тарасенок А. Виды активного и экологического туризма. //Туризм и отдых. – 2000. - №21
  10. Виды активного туризма журнал - Википедиа
  11. Горный туризм www.mountains.ru
  12. Водный туризм www.sport.tour.ru
  13. Классификация маршрутов www.region.tour.kz
  14. Вуколов
  15. VKO.neh thr русурс
  16. Борисов В.А., Белоусова Л.С., Винокуров А.А. Охраняемые природные территории мира. Национальные парки, заповедники, резерваторы: Справочник. – М.: Агропромиздат, 1985. – 310 с.
  17. Об особо охраняемых природных территориях. Закон Республики Казахстан. – Астана, Акорда, 7 июля 2006 года, № 175-III ЗРК.
  18. Мырзабеков Ж. М., Байтанаев О. А. Экологический туризм на особо охраняемой природной территории: начало и перспективы // Казахстанское общество сегодня: Матер, науч.-практич. конф. - Алматы, 1998.-с. 265-267.
  19. Предпосылки развития туризма в Восточно-Казахстанской области http://www.vestnik-kafu.info/journal/7/260/
  20. Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық құжаты 2010 жыл
  21. Концепция развития и размещения особо охраняемых природных территорий РК до 2030 года (утв. Пост.Пр.РК от 10.11.2000,  № 1692).
  22. Theерутексайт
  23. О Государственной программе развития туризма в Республике Казахстан на 2007-2011 гг. Указ Президента Республики Казахстан от 29.12.06 года № 231.
  24. Развитие туризма в ВКО http://www.kazakhstan.orexca.com/rus/tourism_kazakhstan.shtml
  25. www.vko.tourizm.kz
  26. http://imper-tour.24net.kz/Сайт
  27. www.egov.kz
  28. Постановление Правительства Республики Казахстан №970 от 17 июля 2001г. «О создании Катон-Карагайского государственного национального природного парка» http:// www.altai-sayan.kz
  29. Положение о государственном учреждении «Катон-Карагайский государственный национальный природный парк» Комитета лесного, рыбного и охотничьего хозяйства Министерства природных ресурсов и охраны окружающей среды РК от 10 сентября 2001 года №302.
  30. Отчет Катон-Карагайского государственного национального природного парка. Об охранной, научной, культурно-просветительской, туристкой и производственно-хозяйственной деятельности ККГНПП за 2009 год.
  31. Проект организации и развития лесного хозяйства Катон-Карагайского лесхоза Восточно-Казахстанского объединения лесного и охотничьего хозяйства. Том Объяснительная записка. –Алматы, 1996-1997. 455с.
  32. Статистика туризма http://www.stat.kz/Pages/default.aspx
  33. Активный туры ВКО www.vko/region.kz
  34. Маршруты активного туризма www.stud.kz
  35. http://www. asia-discovery.nursat.kz
  36. http://www.turne.kz/article
  37. http://www.adventa.kz/
  38. http://action-tour.24net.kz/
  39. www.sport.vko.kz
  40. www.touццц,ещгк,ля
  41. www.nur.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША А

 

 


 

 

 

 

Тура нәтижелердің көрсеткіштеріне  жету үшін өткізілетін шаралар

 

Жоспарлы кезеңде орындау мерзімі

2011 ж. 

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Туризм бойынша ақпараттық база құру

X

X

X

X

X

Туристік индустрияның нысандарын салу 

- Алакөл көлінің жағалауында  қонақүй кешенін салу;

- «Алтайские Альпы» тау шаңғысы  демалыс базасын жаңарту; 

- Шығыс Қазақстан облысының  «Нұртау» тау шаңғысы демалыс  базасын қалпына келтіру;

- «Катон-Қарағай» туристік-сауықтыру  кешенін салу;

- «Өрел» тау шаңғысы кешенін  жаңарту; 

- Алтаудың қазақстандық бөлігінде  туризмді дамыту;

-  Алакөл көлінің жағалауында  «Айгерім» жазғы сауықтыру кешенін  салу 

X

X

X

X

 

Жағажайларды абаттандыру бойынша  шаралар дайындау

   

X

X

X


 


Информация о работе Белсенді туризм