Сабақтас құқық туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2014 в 13:41, курсовая работа

Краткое описание

Біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік берілген. Ол Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы Конституциясының 20-бабында: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» деп айқын тұжырымдалған [1; 20-бап]. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мүліктік қатынастар теңдігі тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан. Мұнымен қоса азаматтық заңнамалардың негізгі принциптері, олармен реттелетін қатынастардың теңдігі, кез келген меншік түріне қол сұқпау, келісімдердің еркіндігі, азаматтардың жеке ісіне араласуға жол бермеу, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асыруын, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету немесе сот арқылы қорғау зор маңызға ие. Сайып келгенде, осы қағидалардың барлығы да келісім жасаудың еркіндігіне, азаматтардың және заңды тұлғалардың өз мүдделеріне қатысты шараларды анықтауына негізделеді.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................................3
1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ........................................................................6
1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары.......................................... .............6
1.2 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын
туындылар........................................................................................................................11
1.3 Авторлық құқықтың субъектілері..........................................................................17

2 Сабақтас құқық туралы жалпы түсінік......................................................................23
2.1 Сабақтас құқық ұғымы ............................................................................................23
2.2 Сабақтас құқық субъектілері мен объектілері .....................................................24
2.3 Сабақтас құқықтарды қорғау..................................................................................27

Қорытынды......................................................................................................................30
Пайданылған әдебиеттер тізімі......................................................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

1143____.docx

— 81.12 Кб (Скачать документ)

3) фонограмманың алғаш жарияланған  жылы.    

Егер  өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есімі немесе атауы көрсетілген жеке немесе заңды  тұлға фонограмма шығарушы болып  танылады [28,25 б.].    

Авторлық  және сабақтас құқық Қазақстан Республикасының  «Авторлық құқық», «Әділет ұйымы  туралы» Заңымен  тіркеледі. Тіркеуге қабылданады:

әдеби шығармалар;

драмалық  және музыкалы шығармалар;

сахналық шығармалар;

хореографиялық және пантомималық шығармалар;

мәтінмен және мәтінсіз музыкалық  шығармалар;

аудиовизуалдық шығармалар;

сурет, скульптура, графика, басқа да бейнелеу өнерінің шығармалары;

құрастырмалы өнер шығармалар;

сәулет, қаласалу және бақшалы  – саябақтық өнер шығармалары;

фотографиялық шығарма және оған ұқсас әдіспен алынған фотографиялық  шығарма;

карталар, жоспарлар, искиздер, иллюстрациялар,топография;

ЭЕМ үшін бағдарлама;

Басқа да шығармалар;

Туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйіндеме, шолулар, қойылымдар, музыкалы өңдеулер және басқа ғылыми, әдеби және өнер шығармаларының өңдеулері;

Жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базасы, құрастырмалы шығармалар, шығармашылық еңбек нәтижесінің  материалдарының орналасуына, олардың  таңдауымен көрсетілетін шығармалар;

Обьектілердің сабақтас құқығы (тұрақты орындау, әуенжазба, ұйымдардың хабарларын олардың мәніне, мазмұнына, мүмкіншілігіне  қарамай эфирлік және кабелдік хабарлау).

Обьектінің  зияткерлік меншігін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімісіз және шығарманың авторы немесе құқылығын басқа  тұлға иеленбейінше, сот тәртібі көрсетпегенше жұмыс істейді  [29, 89б.].    

Әдеби,  драмалық, сахналық шығармаларды тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады:

өтініш;

шығарманың тұп нұсқасы  мен көшірмесі;

өтініш берушіні куәландыратын  жеке куәлік, құжаттың көшірмесі;    

Музыкалы  және музыкалы-драммалық шығармаларды тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады:

өтініш;

шығарма жазылған аудиокассеталар, мәтіндер, ноталар және партитуралар;

шығарманың тұп нұсқасы  мен көшірмесі;

өтініш берушіні куәландыратын  жеке куәлік, құжаттың көшірмесі;    

Музыкалы шығармалар, авторлардың  бірігуі арқылы бөлек құрастырылған, бөлек тіркелуі және бірге тіркелуі де мүмкін болады.    

Хореграфиялық, пантомималық, аудиовизуалдық шығармаларды тіркеу кезінде (кино, теле, видеофильмдер, диафильмдер, және басқа да кино-телешығармалар) мына құжаттар ұсынылады:

өтініш;

шығарма жазылған видиокассеталар;

шығармаға сипаттама (атауы, құрастырылған күні);

өтініш берушіні куәландыратын  жеке куәліктің көшірмесі.    

Сәулет, қаласалу, мүсіндеу, көркем сурет, графикалық, сол сияқты басқа бейнелеу, бақшалы-саябақтық  және декоративті-құрастырмалы өнерді тіркеу кезінде мына құжаттарұсынылады:

өтініш;

эскиздер,сызбалар,суреттер,иллюстрациялар, шығарманың бейнелегене фотосурет  түріндегі  сұлбасы;

шығармаға сипаттама ,(атауы,құрастырылған  күні);

өтініш берушіні куәландыратын  жеке куәлік,құжаттың көшірмесі.    

Фотосуреттік шығармалар мен фотосуретке ұқсас әдістерімен  жасалған шығармалар, сол сияқты карталар, жоспарлар, эскиздер, иллюстрациялар, географияға, топографияға, басқа да ғылымға жататын үш еселік шығармаларды тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады: 

өтініш;

шығарманың тұпнұсқасы;

өтініш берушіні куәландыратын  жеке куәлік, құжаттың көшірмесі.    

Деректер қорын электрондық-есептеу  машинасы үшін бағдарламаларды тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады:

өтініш;

ЭЕМ-сы үшін бағдарламамен  дерек қор әкелуші, дискета және т.б.

ЭЕМ-сы үшін реферат бағдарламасы немесе дерек қоры, өтініш берушінің (аты, фамилиясы, әкесінің аты,)атауы,құрылған күні, пайдалану саласы, белгілері, функцияланған мүмкіндігі, негізгі  техникалық ерекшеліктері,бағдарлау  тілі ,ЭЕМ-сын тарату түрі және т.б.;

өтініш берушіні куәландыратын  жеке куәлік,құжаттың көшірмесі.    

ЭЕМ-сының  бағдарламалары (бағдарламалық кешендер),құрамына ЭЕМ-сы үшін бірнеше бағдарламалар бар, тіркеуге толығымен жатады.     

Фонограмманы  тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады:

өтініш;

авторлық келісім-шарттың  көшірмесі;

аудио-видиокасетталар немесе фонограмма жазылған компакт-диск ;

фонограмманы сипаттау (атауы, құрылған күні, ойналу уақыты, фонограмма мазмұны және т.б);

жеке тұлғалар үшін куәліктің  көшірмесі, заңды тұлғалар үшін, мемлекеттік  тіркеуден өткен куәліктің көшірмесі;     

Эфирлік және кабелді хабарлар таратуұйымын тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады:

өтініш;

шығарманың сценарийі;

шығарманы пайдалануда, шығарманың авторымен бекітілген айрықша құқықтарды арзандату туралы шарттың көшірмесі;

жеке тұлғалар үшін куәліктің  көшірмесі,

заңды тұлғалар үшін –мемлекеттік тіркеуден өткен куәліктің көшірмесі.     

Қызметтік міндеттер мен  қызметтік тапсырмаларды орындау  барысында құрылған қызметтік шығармаларды тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады:

өтініш;

шығарманың түпнұсқасы мен  көшірмесі;

өтініш берушіні куәландыратын  жеке куәліктің көшірмесі;

автор мен жұмыс берушінің  арасындағы, қызметтік шығармаларды пайдаланудағы меншіктік құқықты  иемдену шартының көшірмесі;    

Егер құжаттарды сенімді  тұлғамен ұсынсаңыз тағы да қосымша  мына құжаттарды ұсыну қажет:

автордың қолын куәландарған, заңдылық тәртіптерімен қарастырғандай сенімхат;

жеке куәліктің, құжаттың көшірмесі.

Сабақтас  құқықтардың объектiлерi. Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограммаларға, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларына олардың мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткiзiлу әдiсi мен нысанына қарамастан қолданылады [30,23б.].

 
2.3 Сабақ құқықтарды қорғау     

Сабақтас  құқықтарды қорғау Азаматтық кодекстің 48-бапта көзделген негізгі ережелер қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Сабақтас құқықтарды бұзғаны  үшін Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес азаматтық, әкімшілік  және қылмыстық жауаптылық туындайды [31,45б.].    

Туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты:   

1) автордың немесе өзге де құқық  иеленушінің рұқсатынсыз туындыларды  немесе сабақтас құқықтар объектілерін  пайдалануға авторлық құқықты  және сабақтас құқықтарды қорғаудың  техникалық құралдарын қолдану арқылы белгіленген шектеулерді алып тастауға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруға;    

2) егер мұндай іс-әрекеттер нәтижесінде  авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын пайдалану мүмкін болмаған не осы техникалық құралдар аталған құқықтардың тиісті қорғалуын қамтамасыз ете алмаған жағдайларда кез келген құрылғыны немесе оның компоненттерін дайындауға, таратуға, прокатқа беруге, уақытша пайдалануға беруге, импорттауға, жарнамалауға, оларды пайда табу мақсатында пайдалануға не қызмет көрсетуге;   

3) автордың немесе өзге де құқық  иеленушінің рұқсатынсыз авторлық  құқықтарды басқару туралы ақпаратты  жоюға немесе өзгертуге;   

4) автордың немесе өзге де құқық  иеленушінің рұқсатынсыз мүліктік  құқықтарды басқару туралы ақпараты  жойылған немесе өзгертілген  туындыларға немесе сабақтас  құқықтар объектілеріне қатысты  оларды қайта шығаруға, таратуға, тарату мақсатында импорттауға,  көпшілік алдында орындауға, жалпы  жұрттың назарына кәбіл бойынша  хабарлауға немесе эфирде беруге, жалпы жұрттың назарына жеткізуге  жол берілмейді.

Сабақтас  құқықтарды қорғауды сот жүзеге асырады.    

Сот:   

1) құқықтарды тану;   

2) құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру;   

3) құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауiп төндiретiн әрекеттердi тыю;   

4) айырылып қалған пайданы  қоса алғанда, шығындардың орнын  толтыру;   

5) құқық бұзушы авторлық және  сабақтас құқықтарды бұзу салдарынан тапқан табысты өндiрiп алу;   

6) Қазақстан Республикасының заңдарымен  белгiленген, ең төмен жалақының жиырмадан елу мыңға дейінгі мөлшерi сомасында өтем төлеу арқылы жүзеге асырылады. Зиянның орнын толтырудың немесе табысты өндiрiп алудың орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейдi;    

7) олардың құқықтарын қорғауға байланысты заң актiлерiнде көзделген өзге де шаралар қолдану арқылы жүзеге асырады.   

Iс  қаралғанға дейiн судья авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк деп жорамалданған даналарын жауапкердiң дайындауына, көшiрмелеуiне, сатуына, пайдалануына тыйым салу туралы жеке-дара ұйғарым шығаруға құқылы. Судья авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк деп жорамалданған даналарын, сондай-ақ оларды дайындау мен көшiрмелеуге арналған материалдар мен жабдықтарды пайдалануға тыйым салу және алып қою туралы ұйғарым шығаруға да құқылы.   

Сот авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк даналарын, сондай-ақ оларды көшiрмелеуге пайдаланылатын материалдар мен жабдықтарды тәркiлеу туралы шешiм шығаруға құқылы. Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк даналары оның талап етуi бойынша авторлық немесе сабақтас құқықтардың иесiне берiлуi мүмкiн не соттың шешiмi бойынша жойылуға тиiс. Оларды көшiрмелеуге пайдаланылған материалдар мен жабдықтар соттың шешiмi бойынша жойылуға не мемлекет кiрiсiне берiлуге тиiс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

    Сонымен курстық  жұмысымның тақырыбын  зерттей келе, келесідей қорытындыға  келдім: авторлық құқық өзіндік ерекшелігі бар  сала ретінде  шығармашылық, интеллектуалдық еңбекпен айналысатын адамдардың мүддесін қорғайды. Авторлық құқық материалдық зат ретінде  әдеби жазба мен  бейнені емес, керісінше ол оның ішіндегі рухани өнімді, яғни шығарманы қорғайды.     

Көптеген мәселелер заңнаманы  қолдануға байланысты туындайды, оған енжар және қарама-қайшылыққа толы сот тәжірибесі дәлел бола алады. Туындайтын даулардың тез, объективті, әділ және заңды сот шешіміне қол  жеткізу, судьяларды және заң қызметтерін  мамандандыру арқылы қол жеткізуге  болар еді. Сондай-ақ құқық иеленуші тұлғалардың соттарда өздерінің  құқықтарын қорғауға кеткен уақытқа  өтемақы алу, олардың өкілдерінің  еңбекақысын төлеу мәселелерін  шешу қажет. Мұндай көзқарас авторлық құқықтарды жай ғана ресми жариялау емес, оларды нақты жүзеге асыруды  қамтамасыз етудің нәтижелі жұмысына қол жеткізуге мүмкіндік береді.      

Қазіргі кезде авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды бұзудың ең көп таралған түрлері болып, құқық иеленуші тұлғалармен  шарттық қатынастарды рәсімдеусіз  тиісті объектілерді пайдалану, туындыны қолдану кезінде автордың аты-жөнін көрсетпеу табылады. Ең алдымен сөз аудио- және видео өнімдерінің айналымы, компьютерлік бағдарламалар мен басылымды өнімдердің айналымы аясында авторлық және сабақтас құқықтардың  бұзылуы туралы болып отыр. Мұндай жағдай Қазақстанның барлық аймақтарында орын алады. Заңнама авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың объектілерін заңсыз пайдаланудан қорғаудың нәтижелі механизмдерін айтарлықтай жеткілікті түрде қамтиды, алайда олар тәжірибеде әрдайым жүзеге аса бермейді. Оның себептері тек экономикалық факторларда ғана емес, сонымен қатар сыртқы экономикалық факторларда да жасырынып жатыр. Қарастырылып отырған салада бұзылған құқықтарды қорғау механизмі нәтижесіз болып келеді.

Техниканың  дамуымен, авторлық ұйымдардың қызметін үйлестіру қажеттілігімен, авторлық және сабақтас құқықтардың саласында болатын  бұзушылықтардың санының өсуімен және мұндай бұзушылықтарға қоғамның қарым-қатынасының өзгеруімен байланысты мәселелер, мемлекет ішіндегі және халықаралық заңнаманың қарқынды дамуы, қоғамдық игілікке айналған туындыларды қолдану мәселелері, амалсыз мемлекеттің авторлық құқықты қолдану аясындағы ролін нығайтуға әкеп соқтырады. Ол енді авторлық және сабақтас құқықтарды тек қана қорғаумен, сақтаумен және реттеумен шектелмеуі тиіс. Ішкі заңнаманың нормаларын өндеу мен халықаралық шарт арқылы интеллектуалдық меншікті қорғау атты екі әдеттегі функцияларға тағы бірнеше жаңа функциялар қосылады.       

Олардың біреуі болып - авторлық және сабақтас құқықтарының иеленушілерінің  мүліктік құқықтарын басқаратын ұйымдарға  қатысты үйлестіруші функция  табылады. ҚР-ның «Авторлық құқық  және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 44-бабы бойынша,   құқық иеленушілердің өздері мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың шектеусіз санын құра алады.      

Авторлық  құқықтарды мұндай басқарудың мәселесі мынада: әрбір ұйым тиісті төлемдерді барлық құқық иеленушілерге беруге және пайдаланушылардан талап етуге  болады деп санайды. Бұл үшін заңды  кедергілер жоқ, сондықтан үйлестіруші рольден мемлекеттің бас тартуы, бір жағынан, бұл салада алаяқтықтың өсуіне, ал екінші жағынан, авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қалыпты жұмыс істей алмауына алып келеді. Мемлекет мұндай ұйымдарға қатысты нақты бір үйлестіруші функцияны орындауға тиісті. Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңына, «авторлық сыйақыны жинау бойынша қызметті» лицензиялауды көздей отырып, өзгерістер енгізу дұрыс болар еді.      

Информация о работе Сабақтас құқық туралы жалпы түсінік