Сабақтас құқық туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2014 в 13:41, курсовая работа

Краткое описание

Біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік берілген. Ол Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы Конституциясының 20-бабында: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» деп айқын тұжырымдалған [1; 20-бап]. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мүліктік қатынастар теңдігі тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан. Мұнымен қоса азаматтық заңнамалардың негізгі принциптері, олармен реттелетін қатынастардың теңдігі, кез келген меншік түріне қол сұқпау, келісімдердің еркіндігі, азаматтардың жеке ісіне араласуға жол бермеу, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асыруын, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету немесе сот арқылы қорғау зор маңызға ие. Сайып келгенде, осы қағидалардың барлығы да келісім жасаудың еркіндігіне, азаматтардың және заңды тұлғалардың өз мүдделеріне қатысты шараларды анықтауына негізделеді.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................................3
1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ........................................................................6
1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары.......................................... .............6
1.2 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын
туындылар........................................................................................................................11
1.3 Авторлық құқықтың субъектілері..........................................................................17

2 Сабақтас құқық туралы жалпы түсінік......................................................................23
2.1 Сабақтас құқық ұғымы ............................................................................................23
2.2 Сабақтас құқық субъектілері мен объектілері .....................................................24
2.3 Сабақтас құқықтарды қорғау..................................................................................27

Қорытынды......................................................................................................................30
Пайданылған әдебиеттер тізімі......................................................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

1143____.docx

— 81.12 Кб (Скачать документ)

Авторлық  құқықтың  нормалары  республикалық  маңызы  бар  әртүрлі  заңды  және  нормативті актілерде  көрініс  табады.  Азаматтық заңнаманың  негізі    барлық  республикаларда  біркелкі  шешімді  талап  ететін  сұрақтар   бойынша  қағидалық  ережелерді  бекітеді.  «Авторлық  құқық»  негіздері  бөлімі  авторлық  құқықтың  объектілері  ретінде  туындылардың  қорғау қабілеттілігінің критерийлеріне ғылыми және көркем  шығармашылығы  субъектілерінің  құқықтарын,  ғылыми  және  көркем  шығармашылықтың нәтижесін пайдаланудың құқықтық сұрақтарын,  авторлық құқықтың әрекет ету мерзімін жатқызады. Мұндай бірлік  авторлық  құқықты қорғау бойынша халықаралық конвенцияларға қатысу  қажеттілігімен  анықталған. Авторлық істер бойынша  дауларды шешу  кезінде 1986 жылы 18 сәуірде қабылданған КСРО  Жоғарғы Сот Пленумының «Авторлық  құқық қатынастардан  туындайтын дауларды шешу кезінде  соттардың заңнаманы  қолдану»  басшылық  етуші  қаулысы  қолданылады.     

Бұрынғы КСРО-ң  басқа да субъектілері секілді Қазақстан Республикасы  да  авторлық  құқықтарды  қорғаудың  халықаралық  жүйесіне  қатысады. Бұл КСРО-ң 1973 жылы Авторлық құқық туралы жалпы әлемдік (Женева) конвенциясына қосылумен байланысты болды. Жалпы әлемдік конвенция ұлттық режим  қағидасынан бастау алады. Осы қағиданың арқасында әрбір қатысушы елде шетел авторларының туындылары, өз азаматтарының туындылары секілді бірдей қорғалады, яғни авторлық құқық туралы ұлттық заңнаманың ережелері қолданылады. Конвенция қорғалатын туындылардың  болжамды тізімін береді. Бірқатар елдің заңнамасы осы жолмен келеді.     

Әлемдік конвенцияда қорғалуға құқығы бар  тұлғалар туралы мәселе тиянақты түрде  шешілген. Оның ережелеріне сәйкес, Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің авторлық құқығы, олардың туындыларының алғаш рет жарық көрген орнына қарамастан қорғалады.           

Конвенцияға қатысушы мемлекеттің  аумағында  туындылары алғаш рет жарық көрген, Конвенцияға қатыспайтын мемлекеттің  азаматтарының  авторлық құқығы да қорғалады. Жалпы әлемдік  конвенция азаматтығы жоқ тұлғалардың авторлық құқықтарына  қолданылады, себебі әрбір қатысушы мемлекет ішкі заңнамамен өзінің азаматтарының  секілді, осы мемлекеттің аумағында тұрақты тұрып жатқан барлық тұлғалар да авторлық құқығын  қорғау құқығына иеленеді. Сонымен қатар Жалпы әлемдік конвенция авторлық құқықтарды қорғауды ұсынудың шарттарына назар аударады: бірінші басылымнан  бастап туындының барлық даналарына авторлық құқық иеленушінің атын, жарыққа алғаш рет шығу жылын арнайы белгілеу; арнайы процессуалдық  талаптар, қорғау мерзімінің  ұзақтығы және т.б.     

Сондай-ақ мынаны атап өту қажет: әдеби және шығармашылық туындыларды қорғау туралы Халықаралық конвенцияның (Берн Конвенциясы) және орындаушы әдістердің, фонограмма дайындаушылардың  және хабар таратушы ұйымдарының  мүдделерін қорғау туралы конвенцияның анағұрлым көптеген қатаң ережелерін ескере отырып, (Рим  конвенциясы) 1991 жылғы азаматтық заңнама негіздерінің нормалары, авторлық құқықтарды қорғауды кеңейту жолы бойынша одан әрі дамыды.       

Авторлық  құқық өзіндік ерекшелігі бар  сала ретінде  шығармашылық, интеллектуалдық еңбекпен айналысатын адамдардың мүддесін қозғайды. «Авторлық құқық материалдық зат ретінде  әдеби жазба мен  бейнені қорғамайды, керісінше ол оның ішіндегі рухани өнімді, яғни шығарманы қорғайды» [7; 40 б.].      

Барлық  интеллектуалдық әрекеттің негізінде  авторлық жатыр. Ол туындыны шығару кезінде  шығармашылық еңбекті көрсетеді.      

Шығармашылық  барлық ғылым  саласында, әдебиетте  және өнерде қоғамның ілгері  жылжу  күші болып табылады. Ғылымның, әдебиеттің және өнердің  дамуы халықаралық өзіндік түсінушілікке жақсы ықпал етеді. Сондықтан авторлық құқық саласы мемлекеттер арасында жаңа қатынастардың пайда болуына негіз болады.      

Авторлық  құқық әдебиет, өнер, ғылыми туындылардың авторлары мен қоғам арасындағы қатынастарды реттейді. В.А.Дозорцев айтқандай: «Шығарма жасауға байланысты әрекеттер идеологияны қалыптастыруға, адамды тәрбиелеуге бағытталған» [8; 28б.].      

Рыноктың  экономикаға өтуі  авторлық құқыққа  да өз әсерін тигізді. Егер марксистік теория барлық ғылым негізінде соның ішінде азаматтық құқық негізінде болып «құқықтың  проприетарлы құрылымын шығармашылық нәтижеге бөлуге болмайтын болса, рыноктық экономикадағы заңдар интеллектуалдық меншікті қорғайды.      

Авторлық  құқық  авторлар және аудио, видео, кітап  өнімдерін шығарушылар, бұқаралық ақпарат құралдары, туындыларды орындаушылар, автор шығармасының өнімдерін таратушылар арасындағы қатынастарды  реттейді. Осыған орай  авторлық құқық кітап, аудио, видео өнімдерін шығарушылар, өсы өнімдерді таратушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының да мүдделерін қорғайды. Қазақтан өз тәуелсіздігін алғанға байланысты оның құқықтық өмірінде түрлі өзгерістер болды. Шығармашылық жұмыспен айналысуға жағдай жасалып жатыр. Республиканың әдебиет және бейнелеу өнімдерін қорғау туралы 1986 жылғы Берн конвенциясына  фонограмма өнімдерін  шығарушыларды осы өнімдерді заңсыз қайта шығарушылардан қорғау конвенциясына қосылу, оның шығармашылық қауымдастықтан өзіне лайықты орнын алуға ұмтылуын көрсетеді.       

Қазақстан Республикасы және интеллектуалдық меншіктің  халықаралық ұйымы арасында шартқа қол қойылды. Негізгі халықаралық конвенцияларға қосылу және интелектуалдық меншіктің халықаралық ұйымымен шартқа қол қою, біздің мемлекетімізге халықаралық қауымдастықтағы авторлық құқық саласында үлкен мүмкіндіктер туғызады. Мемлекетіміз өз авторларымызды олардың туындыларын шет елдерде қолданған уақытта қорғау мүмкіндігін алды. Осыған қоса Қазақстан шет ел авторларының туындылары елімізде қолданылғанда, оларды қорғау міндетін өз мойнына алды. Жуық арада республикамыздың дүниежүзілік сауда ұйымы құрамына  енуі Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының басты бағыты.      

Дүниежүзілік  сауда ұйымына кірудегі басты  талаптардың бірі  авторлық құқықты  қорғау және тиісінше бұзылған авторлық құқықты қорғау. Осы экономикалық саяси және құқықтық жағдайда дүниежүзілік сауда ұйымы ережесіне сай 140-қа жуық мемлекет сауда-саттық қарым-қатынастарына түсіп отырғандықтан, Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымы бекіткен талаптарды бұлжытпай орындауы міндет.      

Қазіргі таңда Республика Парламентінің жоғарғы палатасында Үкімет ұсынған  «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам интелектуальной собственности» заң жобасы талқылануда.      

Заң жобасын талқылау интелектуалдық меншікке байланысты заң шегіндегі авторлық құқық заңы дүниежүзілік конвенцияға сәйкескендірілгелі жатқандығын көрсетеді.       

Бірақ, менің ойымша Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы құрамына кіруіне  байланысты мәселе шешіліп жатқанда,интеллектуалдық  меншікке байланысты сұрақтарды реттейтін қылмыстық, әкімшілік және азаматтық құқық нормалары түпкілікті және нақты зерттелуі тиіс.      

Жекелей келгенде Қазақстан Республикасы Қылмыстық  Кодексінде интеллектуалдық меншік аясында құқық бұзушылық  жасауға  байланысты  қарастырылатын  жаза нормаларын  бөлек бөлімге біріктіру. Себебі интеллектуалдық меншік шығарма авторының  меншігі.        

 Бұл  бөлімге  мемлекет өміріндегі  түрлі салаларда қолданылатын  туындылар авторларының  құқығын  бұзуға  байланысты көзделген  жазаларды реттейтін  нормалар енуі  керек. Жекелей Қылмыстық Кодекстегі интеллектуалдық меншікке қарсы жасалған  қылмысқа байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 184-бабы -  көрінеу жалған жарнама беру Қылмыстық Кодекстің 198-бабы - тауарлық белгіні заңсыз пайдалану,199 – бабы - компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату ҚР ҚК-нің 227-бабы. Осы баптардың барлығы бір бөлімге  біріктіру нормаларды бірыңғай түсіндіруге және интеллектуалдық меншік аясындағы  құқық бұзушылықты бірыңғай саралауға мүмкіндік туғызады және интелектуалдық меншікті қорғау деңгейін көтереді.

Тауарлық  белгі  интеллектуалдық  меншіктің  объектісі болғандықтан  Қылмыстық  Кодекстің 199-бабына өзгерістер енгізіп, оны Қылмыстық Кодекстің 184-бабына сәйкестендіру керек.      

Тәжірибеде  ірі залал  болғандығын дәлелдеу қиын  болғандықтан ірі залал  орнына ірі мөлшерде деп көрсету  керек.      

Залал мөлшеріне байланысты сұрақты шешу өте қиын. Себебі интеллектуалдық  меншік  объектілері  материалдық  негізбен  қоса материалдық емес негізде де болады.

 

 

 

 

 

1.2 Авторлық  құқықтың объектілері және объектілері  болып   табылмайтын туындылар

 

 

      Авторлық  құқық объектілері - туындылардың топтамасы. Қазақстан Республикасының Азаматтық  Кодексінің 972-бабында айтарлықтай толық, бірақ сонымен қатар шектеусіз түрде берілген. Айта кететін болсақ, онда берілген туындылардың көбі бұрын да белгілі болған және КСРО-ның АК-нің 471-бабында көрініс тапқан. Бұрынғы авторлық құқықпен қорғалмаған, мүлдем жаңа объектілер болып қала құрылысының және бақ - парктік шаруашылықтың туындылары, қолданбалы өнер туындылары, ЭЕМ үшін бағдарламалар табылады.       

ЭЕМ үшін бағдарламаларды авторлық құқықтың объектілерінің қатарына қосуға, осы  объектілердің мәні және олардың  интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелерінің арасындағы орны туралы әлемнің бірнеше елдерінің қатарында әдебиеттегі ұзақ пікірталас себепші болды. Әртүрлі елдердегі тәжірибе әртүрлі жолдардан өтті, кейбір елдерде бағдарламалар патенттік заңнамада қорғалды, ал екінші бір елдерде - аралас жүйе бойынша сараптама мен тіркеудің элементтерімен қорғалды. Бағдарламалардың иеленушілерін құқықтық қорғау және ұйымдастыру бойынша мамандар, заңнаманы қолдану тәжірибесін талқылау және анализ жасау нәтижесінде, авторлық құқық бұл объектілерді анағұрлым жедел және арзан тәсілмен қорғайды деген пікірге тоқталды [18; 60-61 б.б.].      

Түсініктеме беріп отырған бөлім олардың  сыртқы көрінісінің барлық элементтерін - мұндай бағдарламалардың мәтінін  және олардың жазылу тілін, операциялық  жүйені құрайтын бағдарламалардың үйлесімін, объектілік кодты қорғайды. Қорғаудың мұндай әдісінің осал жағының көрініс табуы, әрине орын алады - оның көмегімен, бағдарлама жазылған алгоритмдерді қорғау мүмкін.      

Объектілердің тізімін кеңейтуден басқа, заң шығарушы оларды нақты бір жүйе бойынша тәртіппен орналастырған. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексініңнің 971, 972 -баптарында, істің мән-жайы бойынша, құқықтардың көрініс табу әдіс-тәсілдерінің және алдын ала келісіп алудың дәрежесінің белгілері бойынша объектілердің топтамасы берілген.   

Яғни, Қазақстан Республикасының Азаматтық  Кодексінің 971-бабына сәйкес:      

1. Авторлық құқық шығармашылық  қызмет нәтижесi болып табылатын  ғылым, әдебиет және өнер туындыларына  олардың бағытына, мазмұны мен  маңызына, сондай-ақ оларды білдіру әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады.      

2. Авторлық құқық халыққа таратылған (жарияланған, жарыққа шыққан, басып  шығарылған, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiкке көрсетiлген), сондай-ақ  халыққа таратылмаған туындыларға  қандай да бiр объективтi нысанда:      

1) жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.);      

2) ауызша (көпшiлiк алдында айту, көпшiлiк  алдында орындау және т.б.);      

3) дыбыс немесе бейне  жазу (механикалық, цифрлық, магнитті, оптикалық және т.б.);      

4) бейнелеу (сурет, эскиз,  картина, жоспар, сызба, кино, теле, бейне немесе фото кадр және  т.б.);      

5) көлемдiк-кеңiстiктi (мүсiндеме, модель, пакет, құрылыс және т.б.);      

6) өзге де нысандарда  қолданылады.      

3. Осы баптың 1-тармағында  аталған белгiлерi бар және  дербес пайдаланылуы мүмкiн туындының  бiр бөлiгi (оның атауын, кейіпкерлердің  атауларын қоса) авторлық құқық  объектiсi болып табылады.      

4. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң,  әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң,  жаңалықтардың, фактiлердiң жеке  өздерiне қолданылмайды».      

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Авторлық  құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусым №6-1 Заңының 6-бабында  бұл туралы айтылған.  

Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып  табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.                                                                                                                                               

1) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты);

2) ауызша (көпшiлiк алдында айтушылық, көпшiлiк  алдында орындаушылық және сол  сияқты);

3) үнжазба  немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттiк, оптикалық және сол сияқты);

4) бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне  немесе  фотокадрлар және сол сияқты);

5) көлемдi - кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат,  және сол сияқты);   6) өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiк алдында көрсетiлген), жарияланбаған да туындыларға қолданылады.       

3. Заңның осы бабының 1-тармағында  аталған белгiлерi бар және  дербес қолдануға болатын туынды бөлiгi (оның атауымен, кейiпкерлердiң атауларымен қоса) авторлық құқық объектiсi болып табылады.      

Авторлық  құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң  өздерiне қолданылмайды.      

Туындыға  деген авторлық құқық туынды жасалған материалдық объектiнi меншiктену  құқығымен байланысты емес.      

Қандай  да болсын материалдық объектiге меншiк  құқығын немесе иелену құқығын беру, осы Заңда көрсетiлген жағдайларды  қоспағанда, осы объектiде көрсетiлген туындыға авторлық құқықтың берiлуiне әкеп соқпайды» делінген.       

Информация о работе Сабақтас құқық туралы жалпы түсінік