Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2014 в 13:41, курсовая работа
Біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік берілген. Ол Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы Конституциясының 20-бабында: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» деп айқын тұжырымдалған [1; 20-бап]. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мүліктік қатынастар теңдігі тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан. Мұнымен қоса азаматтық заңнамалардың негізгі принциптері, олармен реттелетін қатынастардың теңдігі, кез келген меншік түріне қол сұқпау, келісімдердің еркіндігі, азаматтардың жеке ісіне араласуға жол бермеу, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асыруын, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету немесе сот арқылы қорғау зор маңызға ие. Сайып келгенде, осы қағидалардың барлығы да келісім жасаудың еркіндігіне, азаматтардың және заңды тұлғалардың өз мүдделеріне қатысты шараларды анықтауына негізделеді.
КІРІСПЕ............................................................................................................................3
1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ........................................................................6
1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары.......................................... .............6
1.2 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын
туындылар........................................................................................................................11
1.3 Авторлық құқықтың субъектілері..........................................................................17
2 Сабақтас құқық туралы жалпы түсінік......................................................................23
2.1 Сабақтас құқық ұғымы ............................................................................................23
2.2 Сабақтас құқық субъектілері мен объектілері .....................................................24
2.3 Сабақтас құқықтарды қорғау..................................................................................27
Қорытынды......................................................................................................................30
Пайданылған әдебиеттер тізімі......................................................................................35
Егер өзiн жарияланбаған туынды
қолжазбасының авторымын деп санайтын
жеке тұлға оны басқалардың заңсыз пайдалануына
немесе иемденiп кетуiне жол бермеу үшiн сақтауға
өткiзудi қажет деп тапқан жағдайларда уәкiлдiк берiлген
орган қолжазбаны қабылдап алуға мiндеттi,
ол туралы қолжазбаны өткiзген адамға
оның түскен мерзiмi туралы анықтама берiледi.
Қолжазбаларды тапсыру, қабылдау және
сақтау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Сонымен, авторлық құқықтың пайда болуы мен авторлықтың ақиқаттылығына келер болсақ, шығармаға авторлық құқық оның шығарушысында туындының күшіне енген сәтінен бастап туындайды. Авторлық құқықтың патенттік құқық пен және басқа да өндіріс меншіктерінің объектісімен салыстырғандағы да басты ерекшелігі осында. Авторлық құқықтың пайда болуына және қолданысқа енуіне тіркелудің, басқа да шығарманы арнайы рәсімдеудің және қандай да бір формальдық сақтаулар қажет [24; 145-192 б.б.].
Авторлық құқықтың иегері өзінің құқықтарын хабарлау үшін, шығарманың әрбір данасында болатын және үш элементтен тұратын авторлық құқықтың қорғау белгілерін пайдалана алады: қоршауға алынған латынша "С" әрпi; айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы); туындының алғаш жарияланған жылы.
Авторлық құқықты қорғау белгісі ақпараттық мақсатқа қазмет ететіндіктен және оның орны факультативті мазмұнға ие болғандықтан, әр шығармаға міндетті түрде қорғау белгісінің болуы туралы ведомстволық нұсқауларға жол беретін 1952 жылғы Авторлық құқық туралы әлемдік конвенциясына қарама-қайшы келеді.
«С» әрпі «copyriht» («авторлық құқық») деген ағылшын сөзінің алғашқы әрпі. Басып шығарылған туындының данасындағы авторлық құқықты қорғау белгісінің орны тәжірибеде осы шығарманың авторлық құқығын пайдаланудан туындайтын санкцияланбаған жағдайлардың болмауын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қорғау белгісінің көмегімен қызметтер, бюро және қоғам, авторлық құқықтары бұзылғандар, шығармаларын заңсыз пайдаланушылармен эффективті түрде күресе алады. Мысалы, кедендік органдар елдегі туындылардың шығарылымының тізімдерін ала отырып, импортталатын өнімдегі қорғау белгісі мөрінің болуын қадағалап отырады. Қорғау белгісінің болмауы, сот органдарымен оның заңсыз орнын тасымалдауға тиым салумен, өнімді алып қою және басқа да санкциялармен бірдей болып есептеледі.
Авторлықтың презумпциясы да бар: дәлелдер болмаған жағдайда шығарманың авторы болып, түпнұсқа немесе көшірмеде көрсетілген тұлға автор болып есептеледі. Бұл презумпция бір шығарманың бірнеше авторлары болған жағдайда, яғни, тең авторлық кезінде таралады.
Келесі кезекте тең авторлар жайлы айтар болсақ, екi немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бiрлескен шығармашылық еңбегiмен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлiнбес бiртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлiмдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесiлi болады.
Егер туындының бiр бөлiгiн осы
Егер тең авторлар арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы туындының дербес мәнi бар өзi жасаған бөлiгiн өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
Тұтас алғанда, туындыны пайдалану құқығы
тең авторларға ортақ. Тең авторлардың
өзара қатынастары олардың
Тең авторлардың әрқайсысы өз атынан, соның iшiнде, басқа тең авторлардың рұқсатын алмастан, егер олардың арасында келiсiммен өзгеше көзделмесе, өз құқықтарын қорғауға байланысты осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдануға құқылы.
Тең авторлық, екі немесе одан да көп тұлғалардың біріккен шығармашылық еңбегімен туындыны шығару фактісін қамтиды. Тең авторлық бойынша шығармаға авторлық құқық бәріне бірдей, бөлінбес тұтастық ретінде және жеке бөліктерден тұратын, бір-біріне тәуелсіз қолданылады.Бірінші тең авторлық бөлінбейтін, ал екіншісі-бөлінетін деп аталады. Тең авторлықтың бұл екі түрі, шығарманы пайдалану режимімен ерекшеленеді [25; 110-152 б.б.].
Құрамдас туындылардың авторлары. Жинақтың және басқа да құрама туындылардың авторына (құрастырушысына) шығармашылық (құрастырушылық) еңбек нәтижесi болып табылатын материалдарды iрiктеудi және (немесе) орналастыруды жүзеге асырғандығы үшiн авторлық құқық берiледi. Құрастырушының өзi құрама туындыға енгiзiлген әрбiр туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады. Егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, құрама туындыға енгiзiлген туындылардың авторлары өз туындыларын құрама туындыға қарамастан пайдалана беруге құқылы. Құрастырушысының авторлық құқығы басқа адамдардың сол материалдарды басқа құрама туындылар жасау үшiн дербес iрiктеуiне және (немесе) орналастыруына кедергi жасамайды.
Энциклопедияларды, энциклопедиялық сөздiктердi, мерзiмдi және шығуы жалғаса беретiн ғылыми еңбектер жинақтарын, газеттердi, журналдарды және басқа да мерзiмдi басылымдарды жарыққа шығаратын баспагерге мұндай басымдарды тұтас пайдалануға айрықша құқық берiледi. Баспагер мұндай басылымдарды кез-келген жағдайда пайдаланса да өзiнiң атауын көрсетуге немесе оны көрсетудi талап етуге құқылы. Мұндай басылымдарға енгiзiлген туындылардың авторлары жалпы басылымға қарамастан өз туындыларын пайдалануға айрықша құқықтарын сақтап қалады.
Туынды шығармалардың авторы. Аудармаш
Аудармашы және басқа да туынды шығарма авторы өзi аударатын, қайта жасайтын, музыкалық әуендейтiн немесе басқа да өңдеуден өткiзетiн туынды авторының авторлық құқығын сақтаған жағдайда өзi жасаған туындыға авторлық құқықты пайдаланады[26; 45 б.].
Аудармашылардың және басқа да туынды шығарма авторларының авторлық құқығы сол туындыларды өзге адамдардың аударуына және өңдеуiне кедергi болмайды.
Дыбыс-бейнежазу туындысының авторлары. Дыбыс-бейнежазу туындысының авторлары (тең авторлары):
сценарий авторы;
дыбыс-бейнежазу туындысына арнайы жасалған музыкалық туындының (мәтiнi немесе мәтiнсiз) авторы (сазгер);
қоюшы-режиссер;
қоюшы-оператор;
қоюшы суретшi болып табылады.
Бұрын шығарылған, қайта өңделген немесе дыбыс - бейнежазу туындысының құрамдас бөлiгi ретiнде енгiзiлген туынды авторы да дыбыс-бейнежазу туындысының тең авторы болып саналады.
Дыбыс-бейнежазу туындысын жасауға немесе бұрын жасалған туындыға құқық беруге авторлық шарттың жасалуы, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы туынды авторларының (немесе бұрын жасалған туынды авторларының және өзге де авторлық құқықтар иелерiнiң) дыбыс-бейнежазу туындысын жасаушыға, егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, дыбыс-бейнежазу туындысын пайдалануға айрықша құқық беруiне әкеп соғады.
Дыбыс-бейнежазу туындысын жасаушы бұл туынды кез келген жағдайда пайдаланылса да өз есiмiн немесе атауын көрсетуге, не солай көрсетiлуiн талап етуге құқылы.
Дыбыс-бейнежазу туындысына арнайы шығарылған музыкалық туындының (мәтiнмен немесе мәтiнсiз) авторы осы музыкалық туындының дыбыс-бейнежазу туындысы ретiнде көпшiлiк алдында әрбiр орындалуы жағдайында оның көпшiлiкке хабарланғаны, сондай-ақ дыбыс-бейнежазу туындысы данасының прокатқа (жалға) берiлгенi үшiн сыйақы алу құқығын сақтап қалады.
Дыбыс-бейнежазу туындысына құрамдас бөлiк ретiнде енген, бұрыннан бар (сценарий негiзiне алынған роман авторы және басқалар), сондай-ақ жұмыс процесiнде туған (қоюшы-оператор, қоюшы-суретшi және басқалар) туындылар авторларының әрқайсысы өз туындысына авторлық құқықты пайдаланады.
Қызметтiк туындыларының авторлық құқық субъектілері. Қызмет бабында мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң қызметтiк тапсырмасын орындау тәртiбi бойынша жасалған туынды авторының мүлiктiк емес жеке құқығын қызметтiк туынды авторы иеленедi.
Егер жұмыс берушi мен автор арасындағы шартта көзделсе және өзгеше көзделмесе, қызметтiк туындыны пайдалануға мүлiктiк құқықты жұмыс берушi иелендi.
Қызметтiк туынды кез келген жағдайда пайдаланылса, жұмыс берушi өз атауын көрсетуге немесе солай көрсетiлуiн талап етуге құқылы.
Туынды табыс етiлген кезден бастап он жыл өткеннен кейiн, ал жұмыс берушi келiскен жағдайда - одан да ертерек, жұмыс берушiмен жасасқан шартқа қарамастан, оның туындыны пайдалануға және авторлық сыйақыны алуға толық көлемде авторлық құқығы болады.
Қызмет бабындағы мiндеттердi
немесе жұмыс берушiнiң қызметтiк
2. САБАҚТАС ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
2.1 Сабақтас құқық ұғымы
Сабақтас құқықтар - орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымының мүлiктiк құқықтары және орындаушының жеке мүлiктiк емес құқытары.
Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылыққа, фонограммаларға, эфирлік және кабельдік хабар таратушы ұйымдардың хабарларына, олардың мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ олардың көрсетілу әдістері мен нысандарына қарамастан қолданылады.
Орындаушылар, фонограмма жасаушылар мен эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары сабақтас құқық субъектілері болып табылады.
ҚР аумағында алғаш рет орын алған орындаушының орындауға құқығы ҚР аумағында қолданылады. Бұл жағдайда орындаушының және оның мұрагерлерінің, сондай-ақ азаматтығына қарамастан орындаушының құқықтық мирасқорларының құқықтары танылады [27, 58 б.].
Орындаушыға қатысты сабақтас құқықтар алғаш рет орындалғаннан кейін немесе қойылғаннан кейін елу жыл бойы күшінде болады. Орындаушының өз аты-жөніне және орындауды немесе қойылымды бұрмалаудан қорғауға құқықтары мерзімсіз қорғалады.
Орындаушының құқықтары ҚР заңдарына сәйкес мынадай жағдайларда танылады:
орындаушы Қазақстан Республикасының азаматы болса;
орындаушылық, қойылым алғаш рет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса;
орындаушылық, қойылым қорғалатын фонограммаға жазылса;
фонограммаға жазылмаған орындаушылық, қорғалатын эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарына енгiзiлген болса. танылады.
Шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың сабақтас
құқықтары, егер тиiстi орындаушылық, фонограмма,
эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының
хабары Қазақстан Республикасы бекiткен
тиiстi халықаралық шарттың ережелерi бойынша айқындалатын
олардың шыққан елiнде, сабақтас құқықтардың
сол елде белгiленген қолданылу мерзiмiнiң
өтуi салдарынан қоғам игiлiгіне айналмаған
болса және сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмiнiң өтуiне
байланысты Қазақстан Республикасында
Орындаушының құқықтары:
орындаушылықты немесе қойылымды орындаушының ар-намысына және қадiр-қасиетiне нұқсан келтiре алатын кез келген бұрмалаудан немесе өзге де қолсұғушылықтан қорғалу құқығы (беделiн қорғау құқығы);
орындаушылықты немесе қойылымды пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алу құқығын қоса, кез-келген түрде пайдалану құқығы берiледi.
2.1Сабақтас құқық субъектілері мен объектілері
Сабақтас құқықтың субьектісі болып, тікелей және кабельдік хабарлау ұйымдарының әуенжазба өндірушілері мен орындаушылары болып табылады:
әуенжазбаны өндіруші хабарлама ұйымдары, әуенжазбаға жазылған автордың шығармаларын эфирге және кабельге беру құқығын жүзеге асырады.
орындаушы орындайтын шығармасының автордың құқығын сақтай отырып, жүзеге асырады.
Орындаушы құқығы
атына;
орындауды немесе қойылымды әртүрлі бұрмалаудан қорғау;
сый ақы алуға;
қойылымды әртүрлі үлгіде немесе орындауды жазып, жаңадан өндіру;
эфирге жіберу пракатқа беру;
орындауды, қойылымды әуенжазбаға жазу;
әуенжазбаға жазылмаған орындаулар мен қойылымдар эфирлік және кабельдік хабар мен жіберуге қосылады.
Әуенжазба өндірушілердің құқығы:
әуенжазбаны тікелей немесе жанамалық тәртіппен кез келген үлгіде өндіру;
әуенжазбаның түп нұсқасын және көшірмесін тарату, оның ішінде импортқа;
әуенжазбаны жалға (прокатқа) жазу, оның таратылуынан кейінде, фәуенжазбаны өндірушінің рұқсатымен жалға беру;
әуенжазбаны қайта жасауға немесе басқа әдіспен өңдеуге, әуенжазбаны барлық жалпы мәліметтерге жеткізу.
Автор өзінің айрықша меншіктік құқығын таразылау үшін, өзінің авторлық құқық белгісін пайдалануға болады, ол латынның «Р» әрпінің шеңберінде әр данада белгіленіп, міндетті түрде үш данадан тұрады,ол шығарманың бірінші жарияланған жылымен белгіленіп,автордың араласқан құқығының атын(атауын)көрсетуі керек.
Фонограмма жасаушы, эфир және кәбіл бойынша хабар таратушы ұйымдар осы тарауда көзделген құқықтарын орындаушымен және фонограммаға жазылған не эфирде немесе кабель бойынша берiлетiн туындыны орындаушымен, сондай-ақ оның авторымен жасалған шарт бойынша алған құқықтары шегiнде жүзеге асырады.
Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн қандай да болсын формальдылықты сақтау талап етiлмейдi. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшiн фонограмманың әр данасында және (немесе) оның әрбiр қорбындата көрсетiлетiн және үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, олар:
1) қоршауға алынған латынша Р әрпi: Р
2) айрықша сабақтас құқықтар