Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Июня 2014 в 09:35, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың тақырыбы “Құқықтық сана және құқықтық мәдениет” деп танылады. Сана – объективтi шындықты идеалды түрде бейнелеудiң адамға ғана тән ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективтi дүниенiң мән-жайын, мазмұнын, ұғымын бiлуiнде белсендi қызмет атқаратын психикалық процестердiң заңды нәтижесi болып табылады. Сана - шындықты бейнелеудiң механизмi мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология және психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының бiрi.
Құқықтық сана – қоғамдық сананың бiр түрi. Саяси жане моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны жазалау. қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен көзқарастары жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_kurs_103.doc

— 203.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау.Құқықтық мәдениеттiң түсiнiгi және маңызы.

ІІ.1. Құқықтық мәдениет құқықтың сапалық деңгейiнiң көрсеткiшi ретiнде

Белгіленген проблеманың мәнін ашу үшін құқықтық мәдениет теориясын қалыптастырудың принциптері мен алғышарттарын қарастыру керек, оқу объектісі және осы объект туралы білім типі ретінде соңғысына анализ жасау.

Құқықтық мәдениеттің құбылыстары туралы білімнің проецсті мазмұнының қалыптасуы, құқықтық мемлекеттің және азаматтық қоғамның құрылу шарттары арқылы жүзеге асу құбылыстарының арқасында сол әдістердің жүйелері анализдегендей нақты құқықтық құбылыстар туралы айтылмайды. Қазіргі мәдениетке қарап бүгінгі күнде мәдениет сияқты интерпретацияға және ең қарсы талқылаулардан асу құбылысын табу қиын. Қарастырылған сұраққа қатысты әлеуметтік және философиялық зерттеулер, құқықтық мәдениеттанудың басты бағыттарын білуге, құқықтық бүкіл әлеуметтік организмінің динамикасында тоқтауға жол ашады. Мәдениет туралы ғылыми көзқарастар үш топқа топтастырылады: 1) антропологиялық; 2) әлеуметтік; 3) философиялық. Антропологиялық анализ бойынша мәдениет – табиғаттан бөлек, барлық адаммен, шығарылған қажеттіліктердің жиынтығы әлеуметтік жағынан мәдениетті рухани құндылықтардың сомасы ретінде қалыптастырады. Бұл жерде мәдениет қоғамдық өмірдің компоненті ретінде көрінеді. Ал, философиялық көзқараста мәдениет қоғамдық дамумен байланысты емес, таза аналитикалық құбылыстар арасында қарастырылады. Мәдениет қоғамдық өмірдің әртүрлі сферасында пайда болғандықтан антропологиялық көріністің оң жақтары анализдің кеңдігінде көрінеді. Оның мақтаныштары айтарлықтай таралған және бүгін де тар және көпшілік жағдайда “мәдениет” және “құқықтық мәдениет” түсініктері ситуативті қолдану практикасымен салыстырғанда одан сайын айқындала түседі. Бірақ кең тұрғыда үлкен жетіспеушіліктер тән. Ол көбінесе тек адамзат қызметі нәтижесінде сәйкес өнімдерде объективті механикалық, сомалық фикцияда бағытталған. Бұдан басқа құндылықтар ретінде нәтижелерді сипаттау ұсынылған көзқарас, құндылықтар деп санауға болатынды анықтау үшін нақты критериларды қалыптастыруға жол бермейд. Осы көзқарас тұрғысынан шектеле отырып, құқықтық құндылықтарды бөлістіруге болмайды, онсыз құқықтық мәдениетті түсіну мүмкін емес.

Мәдениет туралы құнды көзқарастардың даму процесінде үлкен маңызды рөл ойнай отырып, анықталған көзқарас берілген құбылыстың анализі екі басқа тәсілмен толықтырылуы қажет. Оның бірі шығармашылық қызметтің процесі ретінде мәдениетті сезінуде жүзеге асады, екінші жағынан – адамзат еңбегінің спецификалық тәсілі ретінде. Жалпы – бұл мәдениеттің қызметі интерпретациясы, бұл интерпретацияның тәсілі онша тең емес. Бірінші жағдайда мәдениет рухани өндірістердің процессі, функциялау және адамды жетілдіру арқылы анализдеу. Екінші концепциялық жақтаушылары қоғамдық өмірдің универсалды қасиеттері ретінде ортақ мәдениеттің модельін ұсынады. Осы позициялардың өкілдері жетістіктерге жетуге әртүрлі мақсатта ғылыми іздеулердің ерекшеліктерін шарттады, және де өзіндік практикалық бағыт бағдарлады. Мәдениетті анализдеудің жоспары заңды аксиологиялық тұрғыда тартымдылықты анықтады – идеология және гуманистика сферасында бірінші дәрежелі назар.     

Мәдениеттану ғылыми – техникалық интелгенцияның, заңгер, тұрмыстық жұмысшылардың, парламент өкілдерінің санасында терең тамыр жайған, позитивтік технократтық ойлауға нақты қарсылықты тудыруды айтады.

Өз уақытында, біздің практика жие-жие әрбір экономикалық, құқықтық, техникалық шешімдер, әрбір концепцияны, өзіндік түрдегі гуманистикалық экспертиз түрде әрбір заңи акт жобасын іске асыруды талап етеді, олардың кең өмірлік мағынасын және бағыттаушылығын айқындайды. Егер олар адам үшін жұмыс істемесе, онда олар өмір сүру құқығына ие болмайды.

Мәдениетті қарастырудағы жее жоспар, біздің көзқарасымызға, құқықтық мәдениеттің негізгі бағыттарын заңды шарттады, құқықтық мәдениеттің жеке проблемаларын зерттеуді ынталандырды. Мәнісінде, құқықтық мәдениетке арналған барлық жұмыс жеке проблематиканы қозғады.

Мәдениеттің үшінші концепциясының жақтаушылары қоғамдық өмірдің универсалды қасиеттері ретінде өздерінің ойларын функциялау анализінде және бар әлеуметтік организмді дамытуда тоқтады. Осы мақсатпен олар жүйелік анализ принциптеріне және этнография, археология, антропология әлеуметтік басқару сияқты ғылым саласын зерттеу практикасын оқуды көздеді. Олардың нәтижелерінің қорытындысында адамның шығармашылық қызметінде мәдениеттанудың феноменінің мәнін тереңірек түсінуге жол ашты. Арнайы жеке проблемалармен айналысатын авторлар үшін мәдениетті шығармашылық қызмет арқылы қарасыру мағыналы.

Бар шығындарға қарамастан берілген бағыттағы жақтаушылардың көзқарастарында, оларды адам қызметі шығармашылығында белсенді тарихи позициясымен және осы қызмет субъектісі ретінде оның дамуын мәдениет анализі біріктіреді. Осындай тұрғыда мәдениет прогресі әлеуметтік өмірдің қызметі сферасында жеке дамумен сәйкес келеді. Бізше ойлау, құқықтық мәдениетті жеке түсіну үшін метедологиялық мағынаға ие. Ол құқықтық мәдениеттің шығуын екі параметр арқылы түсіндіреді –творчествалық және жеке, барлық әлеуметтік өмірдің комплексінің ішінде құқықтық мәдениетті айқындау критериларын құру арқасында. Бұл концепцияға байланысты, ол өзінің гуманистикалық бағыттарымен, өркениет пен прогрестің дамуында бастау ретінде адамның фундаменталды ролін айқындауда ерекшеленеді. Берілген концепция мен мәдениет аксиологизациясындағы тенденция бойынша оның өз құралдарын бөлу.

Бұл пизиция мәдениетті құндылықтар системасы және оларды реализациялау процесі ретінде түсіндіреді. Бұндай түсінік адам мен қоғам гуманизация өлшемі арқылы құқықтық мәдениетті сынау мүмкіндігін береді.    

Ғылымдағы қарастырылған мәдениет концепцияларының тұрақты сақтаулары оны түсіну және шығармашылық процесс ретінде және азамат қызметінің спецификалық тәсілдері ретінде – бәрінен де мүмкін, олардың қарама-қарсы толықтыруларымен байланысты.

Құқықтық мәдениет қоғамның құқықтық санасының айнасы. Өйткені, бұл мәдениет адам қоғамының өткен формацияларының құқықтық мәдениетінің жетістіктерін жинақтап, біріктіріп отырады. Құқықтық мәдениет екі бөлімнен тұрады: жеке тұлғалардың мәдениеті және коғамдық мәдениет. Жеке тұлғалардың мәдениеті қоғамдық мәдениетті дамытуға шешуші үлес қосады. Құқықтық мәдениет жалпы халықтық байлық, ол адам қоғамының тарихи цивилизациялық жетістігі.

Құқықтық мәдениет жеке тұлғалардың білімінің деңгейіне қарай үшке бөлінеді: күнделікті, профессионалдық, теоретикалық. Күнделікті мәдениет жалпы қоғамдық мәдениеттің көлеміндегі дәреже. Бұл дәреже еңбектену арқылы өседі. Профессионалдық мәдениеттің бір немесе бірнеше саласын игеру. Теоретикалық мәдениеттің теориясын жақсы білу.

 Құқықтық мәдениеттің функциялары: танымдық, реттеушілік, прогностикалық, нормативтік. Танымдық құқықтық  мәдениет теориясын дамыту; реттеушілік  мәдениетті реттеп, басқару; нормативтік мәдениет бағытындағы нормативтік актілердің сапасын жақсарту, сол арқылы құқықтық ролін көтеру, күшейту; прогностикалық (болжау) құқықтық мәдениеттің болашағын дұрыс болжау.

Құқықтық мәдениеттің субъектісіне қарай үш жүйеге бөлінеді: қоғамдық, топтық және жеке тұлға. Бұл жүйелерге азаматтардың белсенділігі өте қажет, онсыз нормативтік актілердің іске асуы, орындалуы нашарлайды. Белсенділіктің екі түрі болады: біріншісі – құқық шығармашылықтағы, құқықты дамытудағы, орындаудағы белсенділік; екіншісі – заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы белсенділік.

Қоғамдық жүйедегі нормативтік актілер барлық халықты қамтып, қоғамдық көлемде мәдениетті дамыту; топтық жүйе – бірлестіктер, одақтар, ұжымдар көлемінде мәдениет мәселесімен шұғылдану; жеке тұлға жүйесі – жеке адамдардың рухани сана-сезімін, білімін, мәдени тәжірибесін дамыту.

Құқықтық мәдениеттің қызметі үш топқа бөлінеді: танымдылы, бағалаушылы, реттеушілік. Танымдылық – халықтың заң білімін білуінің деңгейі, рухани сана-сезімінің жақсаруы. Бағалаушылық тобы төрт жүйеден тұрады: құқықтың салалары, қағидалары, құрлымы, функциялары; құқықтық тәртіпті, заңдылықты қорғайтын органдардың жұмысы; азаматтардың өздерінің баға беруі (заңдылыққа, тәртіпке, мәдениетке). Реттеушілік тобы – қоғамдағы мәдениет бағытындағы қарым-қатынастарды реттеп, басқару олардың немесе заңды еместігін анықтау; дұрыс орындалуын қамтамасыз ету.

Мәдениет жүйесін құқықтық реттеудің, басқарудың негізгі бағыттары: қоғамның құқықтық сана сезімін дамыту; құқықтық шығармашылықты жақсарту; нормативтік актілердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету; мемлекеттік құқықтық жұмысының нәтижесінде халықтың рухани және материалдық орындалуын жақсарту.

Осы көрсетілген төрт бағыттағы құқықтық жұмысты қоғамдық көлемде болсын, жеке адамдар тұрғысынан болсын, ғылыми шығармашылық процесс деп білу керек. Сонда ғана мәдениет дұрыс прогрестік жолмен дамып, адам қоғамының жақсы дамуына мүмкіншілік жасайды.

Құқықтық мәдениеттің жақсы дамуының негізгі шарттары: халықтың рухани сана-сезімін дамыту; мемлекеттік биліктің үш бағыттағы жұмысын жақсарту; заңдылықты, құқықтық тәртіпті орнату; мәдениеттің жетістіктерін қорғау; құқықтық мемлекет қалыптастыру.

Бұл шарттарды орындау үшін біріншіден қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік даму процесін күшейту; екіншіден – мемлекеттік аппараттағы қызметкерлердің сапасын жақсартып, білімін, тәжірибесін көтеру; үшіншіден демократияны дамыту керек.

Құқықтық мәдениеттің ең жоғарғы деңгейдегі түрі – профессионал заңгерлер. Бұл топқа жататындар: мемлекеттің заңды қорғайтын органдарында қызмет атқаратын азаматтар және заңгерлердің кәсіпқойлық ғылыми ғылыми ұйымдарында жұмыс істейтін мамандар. Олардың көпшілігінің құқықтық сана-сезімі, білімі, тәжірибесі өте жоғары дәрежеде болады. Сондықтан олар нормативтік актілерді қабылдауға, қорғауға, орындауға зор үлес қосады, қателікке, кемшілікке жол бермейді. Олар құқық теориясын ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеп, дамытып отырады, нормативті актілердің сапалы болып шығуына, орындалуына үлес қосады.

Мемлекет және құқық теориясы бойынша оқу әдебиеттерінде құқықтық нигилизм мәселесі қазергі кезге дейін қарастырылмаған. Ғылыми жағынан да керекті шамасында зерттелмеген болатын. Соның арасында оны оқу және зерттеу тәжірибелі өмірде, адамдар санасында, саясатта, мәдениетте, заңдылықта, мемлекеттік және қоғамдық өмірде заңгерлер арасында әлеуметтік заңды феномен ретінде кең таралған.

Құқықтық мәдениеттің антипады болып құқықтық нигилизм табылады, яғни заңға қарсы құқық және қоғамдық қатынастарға қарама-қарсы бағыт. А.Н.Герцен: “құқықтың қамтамасыздандырылмаған, оған сабақ болған, заңның бір бөлігінің әділетсіздігі оның, яғни заңның барлығына қарсы болуына әкеп соқты; ал оған күшке секілді табынатын. Сот алдындағы теңсіздік, оның заңға деген құрмет қасиетін жояды. “Руский” қандай аты болмасын, ол барлық жерде заңнан өтіп оны бұзады; және дәл осылай үкімет те жасап отыр”, - дейді. /6/

Жоғарыда айтылып кеткен А.Н.Герценнің сөзі дәлел бола отырып, қазіргі кезде нигилизм кең етек алған. Мысалы, Ресейде нигилизм өте кең таралған.

И.С.Тургенев – орыс жазушысы өзінің романдарында бунтар кейіпкерлердің қоршаған орта шындықтарының постулаттарын жоққа шығарып, орнына жаңа ойларды ұсынған образдан ашық жариялаған. Ондағы нигилистер революционер-демократтар болды. нигилизм прогрессивті сипатқа ие болған. Мысалы, Тургенев өзінің Базаровы туралы келесідей деп жазды: “Егер ол нигилист деп атанса, оны революционер деп санау керек” /7/

ХХ ғасырда пайда болған әлеуметтік нигилизмнің кеңейген сипаты белгілі бір нақты орыс қоғамында 1909 ж. “Вехи” атты атақты жинақты көрінген. Оның авторларының бірі, яғни С.А.Франк айрықша пафоспен, біздің интелегенциямыздың ақылды көңіл-күйін анықтау бір сөзбен – морализм деп қарастырды: “Орыс интелегенциясы ешқандай нақты

кұндылықтарды, критерилерді, ешқандай өмірдегі бағдарды және т.б. шектеулерді білмейді. Ол тек адамдардың моральды шектеулерін қарастырады. Ал, ол шектеулер жақсы және жаман, мейрімді және қатал түрде болады. Морализм – бұл нигилизмнің тек көрінісі ретінде табылады. Нигилизмді мен нақты құндылықтарды мойындамау немесе жоққа шығару деп түсінемін”, - дейді/8/

Б.А.Кистяковский сынды құқықтың бағалаушысы және пропагандисі ретінде, өзінің белгілі мақсатында былай деп жазады: “Құқық рухани құндылықтар, діни қасиеттер және т.б. ғылыми шындықтар секілді рухани шындықтар қатарында тұра алмайды. Оның мағынасы одан да нақты болып келеді”. /9/

Нигилизм әлеуметтік құбылыс. Нигилизм жалпы (латын тілінен - “терістеу”) субъектінің нақты құндылықтарға, нормаларға, көз-қарастарға, идеаларға, жеке заттарға негативті қарым-қатынасын білдіреді, және де барлық адами болмыстың жақтарын жоққа шығарушы көзқарасты білдіреді.

Бұл - әлемдік түсіну және әлеуметтік тәртіптің бір формасы Нигилизм қоғамдық ойдың ағымы сияқты ертеде қалыптасқан, бірақ ол кезінен бұрынғы (187) жүз жылдықта тараған, яғни Батыс Еуропа мен Ресейде.

Ол, леворатикалды бағыттың Якоби, Прудон, Ниция, Штирнер, Хайдеггер, Бакунин, Кропоткин және т.б. философтарының есімдерімен байланысты болады. Нигилизм көп жақты, ол міназ-құлықтық, құқықтық, идеологиялық, діни және т.с.с. болуы мүмкін, яғни қандай құндылықтар теріс шығарылып отыр.

Нигилизм сан қырлы, өте қауіпті саяси ағым. Ол өзінің реакцияшыл тактикасын неше түрлі шыншырақай өзгерістерге айналдырып халықты алдауға өте шебер. Осы реакцияшыл тактиканың негізгі түрлері:

1) Қоғамдағы құқықтық нормалардың  талаптарын қасақана орындамау  іс әрекеті немесе әрекетсіздігі.

2) Адамдардың жаппай заңды нұсқауларды  орындамай, өздерінің ойдан шығарған  нормасымен жүріп, қоғамдағы азаматтық  әкімшілік тәртіпті бұзуы. Бұл  мемлекетің әлсіздігі.

3) Заңдардың арасындағы күрес  – соғыс, нормативтік актілердің  арасындаы қайшылық.

4) Заңдылықты субъективтік, прагматикалық  саясатпен ауыстыруға талаптанған  ағымдарда өмірде кездесіп жатады. Олар қоғамның объективті дамуына  көп зиян келтіреді.

5) Мемлекеттің билік және басқару  органдарының арасындағы күрес  қайшылықтар.

Информация о работе Құқықтық сана және құқықтық мәдениет