Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Июня 2014 в 09:35, курсовая работа
Жұмыстың тақырыбы “Құқықтық сана және құқықтық мәдениет” деп танылады. Сана – объективтi шындықты идеалды түрде бейнелеудiң адамға ғана тән ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективтi дүниенiң мән-жайын, мазмұнын, ұғымын бiлуiнде белсендi қызмет атқаратын психикалық процестердiң заңды нәтижесi болып табылады. Сана - шындықты бейнелеудiң механизмi мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология және психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының бiрi.
Құқықтық сана – қоғамдық сананың бiр түрi. Саяси жане моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны жазалау. қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен көзқарастары жатады.