Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Июня 2014 в 09:35, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың тақырыбы “Құқықтық сана және құқықтық мәдениет” деп танылады. Сана – объективтi шындықты идеалды түрде бейнелеудiң адамға ғана тән ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективтi дүниенiң мән-жайын, мазмұнын, ұғымын бiлуiнде белсендi қызмет атқаратын психикалық процестердiң заңды нәтижесi болып табылады. Сана - шындықты бейнелеудiң механизмi мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология және психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының бiрi.
Құқықтық сана – қоғамдық сананың бiр түрi. Саяси жане моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны жазалау. қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен көзқарастары жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_kurs_103.doc

— 203.50 Кб (Скачать документ)

 


 


 Жоспар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КIРIСПЕ

 

Жұмыстың тақырыбы “Құқықтық сана және құқықтық мәдениет” деп танылады. Сана – объективтi шындықты идеалды түрде бейнелеудiң адамға ғана тән ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективтi дүниенiң мән-жайын, мазмұнын, ұғымын бiлуiнде белсендi қызмет атқаратын психикалық процестердiң заңды нәтижесi болып табылады. Сана - шындықты бейнелеудiң механизмi мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология және психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының бiрi.

Құқықтық сана – қоғамдық сананың бiр түрi. Саяси жане моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны жазалау. қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен көзқарастары жатады. Антогонистiк қоғамда таптардың өзiне тән құқықтық санасы болады. оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмiрiнде алатын орнына байланысты.

  Тақырыптың өзектiлiгi - отандық мемлекеттiлiктiң жаңа даму сатысы, меншiк түрiнiң өзгеруi, экономикалық реттеудiң тәсiлдерiнiң өзгеруi құқықтық тәрбие нысанының әдеттегi қалыптасқан салттарының өзгеруiн талап етедi. Алайда бұрынғы қалыптасқан ережелердi жаңа талаптарға сай етiп өзгерту де жаңа құқықтық тәрбиенiң алдына қойған негiзгi мақсаттардың бiрi болып табылады.

Қылмыстылықтың өршiп, азаматтардың әлеуметтiк қорғалуының деңгейi төмендеген кезде азаматтарға олардың құқықтарын түсiндiру, олардың мүмкiндiктердiн айқындаудың маңызы өте зор.

Қазақстандық қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейiн қарастыра отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын насихаттауға бағытталған ұлттық идеяның қажеттiлiгiн айта кету қажет.Қазiргi таңда бiздiң қоғамда келешектегi даму ориентирiнiң қалыптасу деңгейi өте нашар, ал барлық мемлекеттiк саясаттың өзi осы ориентирлер негiзiнде құрылатынын ескерсек, бұның неге апарып соқтыратыны айқын. Жоқ болып кеткен әлеуметтiк саяси құндылықтар қоғамға өзiнiң керi әсерiн көптеп тигiзуде. Осының негiзiнде мемлекет азаматтарды қорғау функциясын белгiлi бiр дәрежеде жүзеге асыра алмай отыр. Қазiр мемлекет екi парралельдi әлемде қатар өмiр сүрiп келедi; оның бiрi – фантомдық легитимдiлiк, яғни заңның қағаз жүзiнде ғана болуы, ал екiншiсi – бiздiң қоғамның нақты жағдайы-онда заң да, құқық та қағаз жүзiнде қала бередi. Бұл құқықты әлеуметтiк құндылық ретiнде жоққа шығарып,құқықтық нигилизмге әкелiп соғады. Бұндай жағдайдың орын алу себебi – қазақстандық экономика деңгейi және көптеген азаматтардың өмiр сүру деңгейiнiң құлдырауы. Қоғамда ертеңгi күнге деген сенiмсiздiк,үмiтсiздiк дертi өршiп келедi. Бұның барлығы әлеуметтiк теңсiздiк негiзiнде болып отыр.

Мынаны атап өткен жөн: қазiргi қоғамның батыстық сипат алуы қалыптасқан әлеуметтiк бақылау нолрмаларына түбегейлi қайшы келуде. жастардың қалыптасқан әлеуметтiк бақылау нормаларымен келiспейтiндiгi, қазiргi қоғамдағы құықтық мәдениет және тәрбие деңге йiн құлдыратуы мүмкiн, ал аз ғана уақыттан кейiн бұл қылмыспен күресу деңгейiнiң де құлдырауына әкелiп соғатындығы рас. Сондықтан бiздiң елiмiз сықылды жас мемлекетке идеалды содель ойластырып табу керектiгiн атап өткiм келедi. Мiне, соның негiзiнде құқықтық мәдениеттi әлеуметтiк құндылық ретiнде танытуға болады. Бұл орайда баспасөз ақпарат құралдарының шексiз мүмкiндiктерiнiң бар екендiгiн атап айтайық және осы шексiз мүмкiндiктердi Қазақстан Республикасының гүлденуi үшiн жұмыс жасатуымыз керек.

Жұмыста Ғ.Сапарғалиев, А.Ибраева сияқты қазақстандық авторлардың, сонымен қатар, ресейлiк Хропанюк В.Н., А.В.Малько, Н.И.Матузов., стяқты авторлардың еңбегi қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау. Құқықтық сана ұғымы, түсiнiгi және маңызы

І.1. Құқықтық сана қоғамдық сананың элементi ретiнде

Сана – объективтi шындықты идеалды түрде бейнелеудiң адамға ғана тән ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективтi дүниенiң мән-жайын, мазмұнын, ұғымын бiлуiнде белсендi қызмет атқаратын психикалық процестердiң заңды нәтижесi болып табылады. Сана- шындықты бейнелеудiң механизмi мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология және психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының бiрi. Сана негiзiнен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екiге бөлiнедi. Сана адамдардың қоғамдық - өндiрiстiк iс-әрекетiмен еңбек процесiнде пайда болып, тiлдiң шығуымен тығыз байланыста қалыптасады. Қай дәуiрде болмасын адам туғаннан бастап, алдынғы ұрпақ жасап кеткен заттық дүниеге тап болады да, тек сол заттық дүниенi белгiлi мақсатта пайдаланып үйренгенде ғана ол саналы адам болып қалыптасады.

Адам тарихи қалыптасқан iс-әрекеттер, дағды мен тәсiлдердi игерiп, әсiресе тiлдi игеру нәтижесiнде айналадағы заттар мен құбылыстардың объективтi заңдылықтары мен қасиеттерiн танып бiледi. Адам айналадағы дүниеге өзiн қарама қарсы қойып белгiлi мақсатта iс-әрекетпен шұғылданғанда сол объективтi шындық туралы өзiнiң бiлетiн түсiнiгi мен бiлiмiне сүйенедi. Бүкiл адамзат тарихының барысында қалыптасып жиналған рухани қазына, мәдениет, мораль, дiн, қоғамдық психология, өнер, құрал-жабдық адамның шығармашылығынан туып, оның қолымен жасалған бүкiл заттық дүние түгелiмен адамзаттың қоғамдық санасы болып табылады. Сана тарихи тәжiрбиенi, бiлiм мен ойлау тәсiлдерiн бойына сiңiрiп, шындықты, рухани идеалды игерiп,алда тұрған мақсат мiндеттердi белгiлеп, адамзат қоғамының бүкiл практикалық iс әрекетiн бағыттайды. Адамдар өзiнiң шығармашылық ойларын жүзеге асырып, табиғатты, қоғамды дамытумен бiрге. өздерiн де жетiлдiредi. Рухани өмiрдiң құбылысы ретiнде құқық қоғамдық және индивидуалдық сана сфераларына бөлiнедi.

Қоғамдық сана-объективтi дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуi. Қоғамдық сана адамның тәжiрибелiк iс-әрекеттерiнен байқалады. Сана қоғамның рухани мәдениетiнiң құрамды бөлiгi болып табылады. Қоғамдық сананың түрлерi-саясат, құқық, философия, мораль, дiн қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсендi ықпал етедi. Қоғамдық сананың түрлерiнiң әрқайсысының өз объектiсi мен бейнелеу тәсiлi болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзiндiк әсерiн тигiзедi. Идеологияның саяси құқықтық нысандары қоғамның эконолмикалық қатынасын саяси және құқықтық тiлде, ал өнеркөркемдiк образдармен, мораль-адамдардың мiнез құлқының белгiлi қағидалары мен ережелерi түрiнде бейнелейдi.

Қоғамдық сананың түрлерi қоғамның экономикалық базисi мен байланыс жасау сипатына қарай әртүрлi болады. Мысалы, идеологияның саяси және құқықтық түрлерi басқа ныандарына қарағанда экономикалық базиске жақын тұрады. Бұлар қоғамның өндiрiстiк,шаруашылық қатынаста рын тура, тiкелей бейнелеп, олардың төте ықпал жасауымен қалыптасады. Қоғамдық сананың түрлерi тарихи өзгерiстерге түсiп, белгiлi тарихи кезiнде осы нысандардың бiрi қоғамның рухани өмiрiнде үстем болып, қалғандарын өзiне бағынышты етедi. /1/ Мысалы, феодализм дәуiрiнде дiн ұстемдiк еттi. Капиталистiк қоғамда құқық пен саясат билiк алып, философия, өнер, мораль мен дiннiң дамуына зор ықпал тигiздi.

Құқықтық сана – қоғамдық сананың бiр түрi. Саяси жане моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны жазалау.

Қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен көзқарастары жатады. антогонистiк қоғамда таптардың өзiне тән құқықтық санасы болады. Оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмiрiнде алатын орнына байланысты.

 Құқықтық нормаларды жүзеге  асыру - қоғамға пайдалы iс-әрекет құқық нормаларынаң талабына орындау заң белгiленген мүмкiндiктi пайдалану үшiн азамат белгiлi бағытта әрекет жасап, белсендiлiгiн көрсетуi қажет. Құқықтық белсендiлiктiң екiншi жағы адамның сана сезiмiне байланысты. Құқықтық сана сезiм белгiлерi мыналар:

  • құқықты белгiлеу;
  • құқықты түсiну;
  • құқықты құрметтеу;
  • құқықтың дұрыстығына жане әдiлдiгiне сену;
  • құқықты сақтауға дағдылану;
  • құқықтың талаптарын бұлжытпай орындау.

Құқықтық сана - Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалауына, құқыққа басқа да құқықтық құбылыстарға құқықтық сезiмдерiнiң, әсерлiгiнiң, көзқарастарының, пiкiрлерiнiң бағаларының жүйесi.

Құқықтық сана- қоғамның құқықтық өмiрiн жандандыру және дамытуға үлкен үлес қосады.

Құқықтық сана – құқық номаларын қалыптастырудың қажеттi шарты. Олай дейтiн себебiмiз, құқықтық нормалар заң шығару органының саналы түрдегi ерiктi қызметi арқылы өмiрге келедi. Адамдардың белгiлi бiр мүдделерi мен қажеттiлiктерi заң нормаларында бейнеленбестен бұрын,ол нормаларды құрушы лауазымды тұлғалардың ой-санасынан өтедi. Сондықтан да құқық нормаларының сапасы олардың қоғамдық даму қажеттiлiгiне сәйкес келедi, ол нормаларды құратын органның құқықтық көзқарасы, құқық санасының деңгейiмен тығыз байлансыта болады.

Құқықтық сана- құқық нормаларының нақты және толығымен iске асырылуының ең басты шарты. Құқықтық нормаларының талаптары тiкелей азаматтарға қойылады. Бұл талаптарда олардың саналы түрдегi ерiктi әрекеттерi арқылы орындалады. Яғни неғұрлым құқықтық сананың деңгейi жоғары болса, соғұрлым құқық нормаларының ережелерi нақтырақ орындалады./2/

    Қоғамдық мәдениет саласында құқық мәдениетiнiң

жетiстiктерiн ғана басқарып, реттеп отырады. Мәдениет өзiнiң даму процесiнде қоғамның рухани байлығын, халықтың сана сезiмiн дамытып, жоғары дәрежеге жеткiзедi. Құқықта өз кезегiнде мәдениеттi қорғап, реттеп отырады. Осыдан келiп, құқықтық мәдениет қалыптасады. Ол өзара байланысты эдементтер арқылы көрiнiс табады:

  • қоғамдағы құқықтық сананың жағдайы, құқықты түсiнудiң деңгейi,заңдылықтың талаптарын орындау қажеттiгiн түсiну;
  • заңдылықты сақтау;
  • заң шығарудың ерекшелiгi,оның мазмұны мен нысанына көңiл бөлу;
  • сот, прокуратура және де басқа құқық қорғау органдарының жұмыс атқару сипаты.

Сонымен сана-объективтi шындықты идеалды түрде бейнелеудiң адамға тән ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективтi дүниенiң мән жайын мазмұнын ұғымын бiлуiнде белсендi қызмет атқаратын психикалық процестердiң (түйсiну, сезiну, қабылдау, ойлау т.б.) заңды нәтижесi болып табылады. Сана негiзiнен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екiге бөлiнедi.

Сана адамдардың өзара iс-әрекеттерiнiң нәтижесiнде өмiрге келiп, дамып, ескiрiп, жаңарып жатады. Бұл объективтiк өте күрделi процесс, сан алуан бағытқа, жүйеге бөлiнiп, қоғамның сана-сезiмiн топтастырып, қалыптастырады. Оның негiзгi нысандары: саяси, моральдық, ұлттық, эстетикалық, дiни, құқықтық т.б. сана сезiмдер. Бұлар бiр бiрiмен тығыз байланыста дамып отырады.

Мемлекет және құқық теориясы қоғамдағы сана-сезiмнiң объективтiк даму процесiне сәйкес құқық саналығының маңызын дамытып, нығайтып отырады. Құқықтық сана-сезiмнiң мазмұны төрт жүйедегi қарым-қатынастарды қамтиды: қоғамдағы нормативтiк актiлердiң дамуы, жаңару, орындалу, қорғау процесiн, оған халықтың сана-сезiмiнiң әскерiн, көзқарасын, iс-әрекетiн бiрiктiредi.

  Құқықтық сана-сезiмнiң негiзгi функциялары: бiрiншi –халықтың құқықтық бiлiмiн арттыру; екiншi-сана сезiмдi дұрыс дамыту үшiн тәжiрбиелiк жұмысты жақсарту; үшiншi - қоғамдағы қатынастарды реттеудi, басқаруды жақсарту үшiн адамдардың сана-сезiмiн көтеру. Құқықтық сана-сезiм нормативтiк актiлердiң негiзгi, қоғамдағы қатынастарды дұрыс реттеушi, басқарушы күш. Ол құқықтық нормалардың дұрыс дамуына, дұрыс орындалуына және оның болашағын дұрыс болжауға өте зор әсер етедi.

Құқықтық сана- сезiмнiң ерекшелiктерi:

  • құқықтық сана-сезiм қоғамдағы тек нормативтiк актiлер мен құбылыстарды, қатынастарды бейнедейдi. Ол жаңа нормалардың қабылдану және олардың процесiн қамтиды. Саяси,моральдық, ұлттық т.б. көзқарастар құқықтық сана сезiмге әсер етiп, құқықтық нормалардың дұрыс дамуына, орындалуына ықпал етедi;
  • қоғамның даму процесiн, құбылыстарын сана сезiм құқықтық тұрғыдан сезiнiп,сол позициядан қорытынды тұжырымдар жасап, баға бередi. Мысалы: құқықтық қатынас, құқықтық жауапкершiлiк, құқықтық тәртiп т.б.

Қоғамдағы құқықты дамыту үшiн заңдылықты тәртiптi қатаң сақтау үшiн құқықтық сана сезiмнiң маңызы зор. Бұл сана сезiмдi қоғам көлемiнде дамыту керек, әсiресе заңгерлердiң, органда қызмет атқаратын азаматтардың бiлiм, тәжiрибесiн, сана-сезiмiн көтерудi қажет етедi. Халықтың әсiресе заңгерлердiң белсендiлiгi үш түрлi болады: бiрiншiсi-құқықтың субъектiлерi өзара қатынасты тек дұрыс басқарып, жаңалыққа ұмтылмау- сылбыр енжар деңгейi; екiншiсi-эвристикалық деңгей-құқық субъектiлерiнiң жаңалыққа талпынып, мәселенi шешудiң жаңа жолдарын табу; үшiншiсi- интеллектуалдық деңгей-жаңалықты ашуда үзiлiстiң болмауы, жоғары дәрежеде белсендiлiктi көтеру. Белсендiлiктiң соңғы екi түрi құқықтық сана сезiмнiң дамуына өте зор әсер етедi.

Құқықтық сананың мазмұны әр таптың, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмiрiнде алатын орнына байланысты. Құқықтық сана халықтың саяси жилищное правоәне құқықтық жауапкершiлiгiн арттырады, өздерiнiң заңдарда көрсетiлген құқығы мен мiндеттерiн адал орындап отыруына, мемлекет пен еңбек тәртiбiн қатаң сақтауға зор үлес қосады.

Қоғамдық сана сезiмнiң басқа нысандарына қарағанда құқықтық сана адамдардың ой-өрiсiне, рухани ойлау процесiне өте зор әсер етедi. Себебi құқықтық қатынаста адамдар нормативтiк актiлердi бұлжытпай орындаулары қажет, екi жақты құқы пен мiндет бар, дұрыс орындалмаса жауапкершiлiк бар. Сондықтан, құқықтық қатынастардың субъектiлерiне түсетiн ауыртпашылық айтарлықтай мол. Құқықтық сана өз құрылым жағынан екi түрге бөлiнедi: құқықтық идеология жилищное правоәне құқықтық психология.

Құқықтық идеология дегенiмiз – қоғамдағы құбылыстарды, қатынастарды құқықтық тұрғыдан жүйеге келтiру. Құқық туралы пiкiрлер мен көзқарастар белгiлi бiр жүйеге түсiрiлiп, ғылыми негiзде дәлелденген күйде болады. Бұл идеологияны қалыптастыруға заңгерлер, саясатшылар, экономистер философтар, тарихшылар жилищное право және т.б. мамандар қатысады. Құқықтық идеология қоғамдағы әр бағыттағы, әр саладағы мақсаттарды бiрiктiрiп дамытады.

Информация о работе Құқықтық сана және құқықтық мәдениет