Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Июня 2014 в 09:35, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың тақырыбы “Құқықтық сана және құқықтық мәдениет” деп танылады. Сана – объективтi шындықты идеалды түрде бейнелеудiң адамға ғана тән ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективтi дүниенiң мән-жайын, мазмұнын, ұғымын бiлуiнде белсендi қызмет атқаратын психикалық процестердiң заңды нәтижесi болып табылады. Сана - шындықты бейнелеудiң механизмi мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология және психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының бiрi.
Құқықтық сана – қоғамдық сананың бiр түрi. Саяси жане моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны жазалау. қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен көзқарастары жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_kurs_103.doc

— 203.50 Кб (Скачать документ)

Құқықтық психология дегенiмiз – қоғамның құқықтық сезiмiн, ақыл-ойын, әдет-ғұрып, дәстүрiн бiрiктiру болып табылады. Жеке адамдардың, қоғам мүшелерiнiң әр түрлi топтарының санасында – заңдарға олардың қолданылуына байланысты туған әсерлер, көңiл-күй және сезiмдер жатады. Қоғамдық көлемде осы мәселелердi бiрiктiрiп, дамытып, халықтың сана сезiмiн көтерiп, демократияны нығайту. құқықтық мемлекет қалыптастыру болып табылады.

Құқықтық сана сезiмнiң жүйелерi мен түрлерi:

  1. Қатынастың субъектiлерiне қарай құқықтық сана үшке бөлiнедi: жекелiк, топтық жилищное право және қоғамдық құқықтық сана. Бұл үшеуi бiр-бiрiмен тығыз байланысты болады. Сонымен қатар, олардың өз дербестiгi болады. Әр жеке адамның сана сезiмi әр деңгейде болады: өте жақсы дәрежеде, жақсы, орташа және нашар дәрежеде. Егерде топтың басым көпшiлiгiнiң сана сезiмi жақсы дәрежеде болса, бұл топ мүшелерiнен жақсылықты күтуге болады. Осы әдiс тәсiлмен қоғамның сана сезiмiнiң дәрежесiн, деңгейiн бiлуге болады. Сол арқылы қоғамның қай саласында адамдардың қандай тобына жұмыс жасау бағытын анықтауға болады.
  2. Мазмұнының тереңдiгiне қарай құқықтық сана тағы да үшке бөлiнедi: күнделiктi құқықтық сана, кәсiптiк құқықтық сана, теориялық құқықтық сана. Адамдардың күнделiктi құқықтық сана сезiмi олардың рухани, парасатылық, инабаттылық, өмiр тәжiрибесi арқылы қалыптасады.

Кәсiптiк құқықтық сана қоғамның әр саласында жұмыс атқаратын заңгерлер тәжiрибесi арқылы қалыптасады. Олардың құқықтық бiлiмi де тәжiрибесi де мол болғандықтан сана сезiмдерi де жоғары дәрежеде болады. Сондықтан, құқықтық нормалар дұрыс орнындалып, құқықтық тәртiп жақсы дамиды.

Теориялық құқықтық сана қоғамдағы заң ғылымының жан жақты, жақсы дамуы арқылы қалыптасады. Жақсы дамыған заң ғылымы қоғамның сана сезiмiнiң дәрежесiн,деңгейiн көтередi, сол арқылы құқықтың жақсы дамуына зор әсер етедi.

Құқықтық сана сезiмнiң бұл жүйелерi мен түрлерiнiң қоғамда атқаратын жұмыстары өте зор. Олар бәрi бiрiгiп, құқықтық нормаларды өмiрге әкеледi, оны дамытады, олардың дұрыс орындалуына жан жақты үлес қосады. Қоғамдағы құқықтыө сананың деңгейi не ғұрлым жоғары болса, соғұрлым заңдылық та, құқықтық тәртiп те жақсы дамиды.

Құқықтық сананың субъектiлерi әлеуметтiк тұрғыдан бiрнеше түрге бөлiнедi:

  • жеке адамның құқықтық санасы ол ес бiлгеннен қалыптаса бастайды;
  • ұжымдық құқықтық сана. Әр ұжымның қызметiнiң ерекшелiктерiне байланысты ұжымдық құқықтық сана қалыптасады.
  • қоғамдық құқықтық сана. Адамдар жасына, жынысына байланысты сан алуан бiрлестiктерге бөлiнедi. Әр топтың ерекшелiктерiне байланысты құқықтық ой сана, көзқарас қалыптасады.
  • халықтық құқықтық сана. Қазақстан халқы мем лекеттiң билiктiң б iрден бiр бастауы. Демек. халықтың да өз көзқарасы сана сезiмi бар.

Көне дәуiрде ешқандай құқықтық сана деген жеке ұғым болған жоқ. Орта ғасырларда да құқықтық сана толық қалыптасқан жоқ, аздап бұл туралы пiкiрлер ғана болған. 16-18 ғасырларда көптеген пiкiрлер, ғылыми зерттеулер өмiрге келдi. Қоғамдық ғылымдардың алдында көп талаптар қойылды: демократияны дамыту, абсолюттiк монархияны жою, мемелекеттiк билiктi бөлу, адамдардың табиғи бостандықтарын, құқықтарын шектеуге жол бермеу. Қазiргi заманда құқықтық сана өмiрде де, ғылымда да жан жақты зерттелiп,қоғамның, мемелекеттiң дамуына зор үлес қосуда,мемлекеттiк аппарат күрделi дамуда, заң шығарушы процес с сапалы жұмыс жасап, қоғамдағы барлық қарым қатынастарды реттеп, басқаруда. Сонымен, құқықтық сана - қоғамдағы құқықтық құбылыстарға адамдардың, сезiмдерiнiң, әсерлерiнiң, көзқарастарының, пiкiрлерiнiң, бағаларының жүйесi; ол заң шығарудың нормативтiк актiлердiң дұрыс орындалуының, құқықтың сапалы дамуының негiзгi шешушi механизмi деуге де болады.

Қоғамды, мемлекеттi дамытуда, оның құқықғын нығайтуда қуатты құралдың бiрi – еңбекшi бұқара. Сондықтан заң жобаларын талқылауға, құқықтық нормалардың дұрыс қолданып, мүлтiксiз орындалуын бақылауға олар белсене қатынасады. Құқықтық сананы заңды мiнез- құлық деп те атайды. Бұл құқық нормаларының нұсқауларына сәйкес келетiн жеке тұлғаның сана сезiмi. Осы сана сезiм арқылы заң орындалады және жүзеге асырылады. егер адамдардың мiнез құлықтары құқық нормаларынаң талаптарына сәйкес келсе, онда құқықтық тәртiп нығаяды. Құқықтық сана сезiм арқылы қоғам басқарылады, оның өмiрi қалыпты жағдайда жүргiзiледi, азаматтардың құқықтары мен мiндеттерi жүзеге асырылады. Егер адамдардың мiнез құлық тары заң нормаларының талаптарына сәйкес келсе,онда құқықтық тәртiп нығаяды. Мұны азаматтардың көбi түсiнедi, сондықтан құқықтық қатынастардың басым көпшiлiг заңды мiнез құлық негiзiнде құрылады. Азаматтар құқық талабын белсендiлiкпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес құқықтық сан екi түрге бөлiнедi: белсендi заңды мiнез құлық және енжар заңды мiнез құлық.

Белсендi заңды мiнез құлық лауазымды тұлғлардың, азаматтардың өз бастамасы мен белгiлi мақсатқа негiзделген заңды әрекеттерi. Бұл мiнез құлықтың түрлерi сан алуан. Ол-субъектiлердiң өз мiндеттерiн адал ниетпен сапалы атқарып азаматтардың өздерiне жүктелген мiндеттердi қалтықсыз, сана түрде орындауы; сонымен қатар құқықтарын жүзеге асыра отырып мемлекеттiң, қоғамдық ұйымдардың жұмысна белсене қатысып әлiнше көмектесу заңдардың жобасын талқылауда бет көрсетiп өз пiкiрiн ортаға салу құқытық белсендiлiкке осы әрекеттер жатады.

Енжар заңды сана сезiмнiң көрiнiсi де сан валуан. Азамат өзiне жүктелген мiндеттердi жауапсыз орындайды, нормативтiк актiлердi жүзеге асыруға енжерлықпен немқұрайдылықпен қарайды. Мұндай мiнез-құлықта екi тапта ұтылыста болады. Мысалы, шарттық қатынаста субъектiлердiң екеуi де немесе бiреуi мiндеттерiн дұрыс орындамаса екi жағы де ұтылыста болады зиян шегедi. Мұндай енжар қылық басым болса мемлекетке де келетiн зиян көп.

Қоғамның экономикалық, әлеуметтiк мәдениеттiк дамуы жақсы деңгейде болса адамдардың сана сезiмi де сол дәрежеде болады. Осыған сәйкес қоғамның құқығы да жақсы дамып қатынастарды жақса реттеп басқарып отырады./3/

Егер де қоғамның экономикалық әлеуметтiк дамуы дағдарысқа ұшыраса онда сана-сезiмнiгң сапасы төмендеп құқықтық нигилизм немқұрайдылық етек жая бастайды. Қылмыстың саны өседi қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртiп нашарлайды. Оның себептерi:

  1. Азаматтардың көпшiлiгiнде демократиялық мәдениеттiң жоқтығы;
  2. Қоғамда әкiмшiлiк әмiршiлiк жүйенiң ұзақ уақыт өмiр сүруы;
  3. Ескi мемлекеттiң ыдырауы, жаңа жүйенiң толық қалыптаса алмауы;
  4. Қоғамның экономикалық әлеуметтiк деңгейiнiң нашарлауы.

Қазiргi өтпелi кезеңде Қазақстан Республикасынын алдында тұрған мүдде мақсаттар өте көп. Солардың бiрi халқымыздың құқықтық сауаттылығын көтеру. Оның негiзгi бағыттары:

  • Елiмiзде құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту. Бұл iске қоғамның барлық мүшелерiн тарту;
  • Тәрбие жұмысын барлық бағытта жандандыруға көңiл бөлу, инабаттылық, парасаттылық, патриоттық, еңбекшылык бағыттарда;
  • Халықтың рухани сана-сезiмiн бiлiмiн жақсарту;
  • Мемлекеттiң заң шығару, құқықтық нормаларды орындау жұмысын жақсарту;
  • Мемлекет аппараттарындағы қызметкерлердiң мамандық сапасын көтеру;
  • Заңдылыққа құқықтық тәртiпке қатаң бақылау жүргiзу.

Осы көрсетiлген бағыттар арқылы құқықтық тәрбиенi жақсарту тек аппараттың ғана жұмысы емес. Бұл күрделi және өте өзектi iске қоғамдағы барлық бiрлестiктер, одақтар, ұжымдар, саяси ағымдар мен ұйымдар белсендi түрде қатысуы керек. Құқықтық тәрбиенi жақсарту үшiн қоғамның экономикалық әлеуметтiк жағдайын жақсару, демократияны бостандықты дамыту керек. Сонымен құқықтық сананың сапасын жақсартып қоғамдағы маңызын көтеруге зор үлес қосатын құқықтық психология мен құқықтық идеология. Психология мен идеологияны теңестiрсек идеология басым болады. Өйткенi психология адамдардың санасында заңдарға олардың қолдануына байланысты туған тек әсерлерiн, көңiл-күйiн, сезiмдерiн ғана көрсетедi. Ал идеологияның қоғамға әсерiнiң шеңберi де, кеңiстiгi де өте кең, маңызы да анағұрлым жоғары. Идеология құқық жөнiндегi пiкiрлер мен көзқарастарды бiр жүйеге келтiрiп ғылыми негiзде дәлелдеп қызмет атзқарады. Мұндай тұрақты қалыптасқан демократиялық мәдени әлеуметтiк құқықтық идеология әр мемлекетке өте қажет. Онсыз қоғам сапалы дами алмайды. Оны бiздiң елемiздiң оншақты жылғы тәуелсiз дамыған тарихы дәлелдеп отыр. Кеңестiк дәуiрде 60 жыл үстемдiк жасаған сорақы коммунистiк саясат идеологияға нигилистiк көзқарасты қалыптастырып, елiмiз көптеген қиыншылықты, қолайсыз жағдайларды бастан кештi. Тәуелсiз жас мемлекеттiң iргесiн нықтауға байланысты тұжырымның бiрi iлiмдiк жағынан қорытылуы тиiс. Ондай ұлттық идеологияның негiздерi бiзде жоқ емес. Тек оны нақтылай дәлелдей түсу қажет. Құқықтық қоғамы бар мемлекет құрсақ та, Қазақстанның өзiне лайық идеологиясы болу керектiгiн практика растап отыр.

Қорыта айтсақ құқықтық идеологияны жаңғырту, озық өркениет жетiстiгiн қабылдау, мәдениет пен өркениеттi ұштастыру, ұлттық тәрбие беру, мемлекетiмiзде қаржы қаражат, заң, өндiрiс, бiлiм беру, денсаулықты сақтау және бұқаралық ақпараттың үйлесiмiн тауып үндестiретiн құрал мемлекеттiк ұлттық идеология болып табылады. Бұл жерде ескеретiн мәселе кеңестiк дәуiрде заң ғылымын марксизм теориясына сәйкес түсiнiп ғылыми зерттеулердi осы бағытта жүргiзгендiк болып табылады.

Қазақстанда құқық жүйесiнiң болашақта даму бағыттары:

  1. Құқықтық идеологияны қалыптастыруға қоғамдағы барлық саяси, әлеуметтiк күштердi бiрiктiру қажеттiлiгi. Әрбiр одақ әржаққа тартса идеология болмайды;
  2. Құқықтық идеологияның қалыптастыру жұмысы жариялы ашық демократиялы түрде жүргiзiлiп, барлық халықты олардың құрған ұйымдарын қатыстыруға толық мүмкiндiк беруi керек;
  3. Құқықтық идеологияны қалыптастыру процесiнде халықтың көпшiлiгiнiң мүддесiне нұқсан келтiрiлмеуi керек. Өйткен демократиялық қоғамда жеке адамдардың бостандықтары мен мүдделерi қатаң сақталуы керек;
  4. Құқықтық идеологияның алдындағы сан қырлы мүдде мақсаттың ең күрделiсi, ең маңыздысы Қазақстанның тәуелсiздiгiн, қорғанысын күшейту. Мiне осы мәселелерге бiрлестiктер, ұжымдар, саяси партиялар жұмыла кiрiсуi қажет.

Құқықтық сана халықтың, адамдардың саяси және құқықтық жауапкершiлiгiн арттырады, өздерiнiң заңдарда көрсетiлген құқықтары мен мiндеттерiн адал орындап отыруына мемлекеттiң және еңбек тәртiбiн қатаң сақтауға зор үлес қосады.

 

І.2. Құқықтық сананың құқықтың әлеуметтiк функциясын жүзеге асырудағы рөлi

Рухани өмірдің құблысы ретінде құқық қоғамдық және индивидуалды сана сферасына жатады. Бұл ғылым түсінігін түсіну үшін құқық нормалары, нормативтік актілер, құқық қолданушы шешімдер және басқа да құқық баламалары өзіндік теориялық және мәдениет қатынасы тәжірибелері қарастырылады. Құқықты шын мәнісінде анықтау үшін бұл түсініктер құқықта құқықтық сана категориясы ретінде қарастырылады.

Құқытық сана – бұл адамдардың қарым-қатынасы, әлеуметтік қоғамдағы әрекеттенуші және қажетті құқықтары, және де көрініс пен сезім жиынтығы. Құқықтық сана қоғамдық сананың басқа да формалары сияқты (мораль, дін, өнер, философия) қоғамдық сананың маңызды бір формасы, - құқықтық сананың шындықты рухани танудың апецификалық тәслі. Рухани мәдениетте құқықтық сананың салыстырмалы өзіндік ерекшелігі құқықтық көзқарас, ойлар, теориялық сезімдер, экономика, саясат, мемлекет және шынайы заңдарға тәуелсіз жалпылама өмір сүреді. Соңғысының өзгеруі, әрине құқықтық сананың дамуы үшін нақты параметрлерді қалыптастырады, бірақ ол ешқашан “кординалды” түрде құрмайды және сәйкесінше одан шығатын қ.с. мәдени-тарихи ойын жоя алмайды.

Сондықтан құқықтық сана – құқықтың “ретті қойылған” сияқты да толық, нақты тәуелсіз құбылыс. Бұл құбылыс құқық теориясының құқықтық мәні, оның генезисі. Сол немесе басқа да өркениет шегінде құқықтық бағалаудың мәдени спецификасы, құқықтық тәртіптің деформациясы, қылмыстық және басқа әлеуметтік потологияның пайда болу көздері себептері.

Құқықтық сана мәдениеттің элементі толық және әр жақты идеалды, рухты құқықтық мәнін білдіреді, халықтың өзіндік архетиптік инварианттарының өмірлік заңдылықтары.

Өркениеттің әртүрлі типтеріндегі, әртүрлі мәдени-тарихи бірлестіктерде әрекет ету нормалары туралы, сол немесе басқа жағдайларды және т.б. реттеу тәсілдері туралы біртекті емес көзқарастар бар екені белгілі. Бұл әлеуметтік реттеудің этно-құқықтық заңдылықтары туралы дегеніміз. Оларды мемлекеттік және экономикалық бұйрықтарды шешуге детерминизацияланатын құқықтық сана өзінің нақты логикалық дамуына, “тәуелді” феномен ретінде қарастырады. Ал олар алдымен мәнеди рух, құқықтық әлемдік және ұлттық потенциалды ойлаушысы ретінде болады.

Құқықтық сана күрделі құрылымды морфологияға ие. Ғылымда құқықтық сана құрылымының түсінігі өңделген. Құқықтық сана құрлымды түрде екі негізгі элементтен тұрады: құқықтық психилогия және құқықтық идеология.

Құқықтық психология – жеке жеке адамдардың күнделікті адам тәжірибесі нәтижесінде қалыптасқан, сонда-ақ заңды тұлғалардың да қоғамдық саналарының эмпирикалық және бірлескен деңгейіне сәйкес келеді. Құқықтық психологияның мазмұны болып табылатындар: сезім, эмоция, уайым, көңіл-күй, әдеттер, стереотиптер, яғни олар адамдардың заңды нормалары мен тәжірибесінде іске асу кезінде көрінеді. Құқықтық психология мемлекеттің сол немесе басқа да топтарындағы қандай да болмасын адамдың жекелеген психологиялық реакциялары көрінетін құқықтық сананың өзіндік стихиялық “жүйеленбеген” қабаты.

Жаңа немесе ескі заңдары алып тастау бойынша қуаныш пен өкініш, заңдылық нормаларды қолдану тәжірибесіндегі қанағаттандырарлық немесе қанағаттандырмаған. Сезім, құқық қорғау органдарының әрекеттері, заңдылық құқықтарды бұзудағы қарым-қатынасқа немқұрайлы немесе қолдау көрсету – мұның бәрі құқықтық сезім (әмоция) және олар біріге отырып, қоғамдық санада құқықтық психология сферасын құрайды.

Құқықтық психология күнделікті өмір деңгейінің көрінісі ретінде құқықтық сана құрылымында тұрлаулы рөл алмайды деуге болады. Құқықтық психология заңдылық элементінің қатысуымен – қалыптасқан барлық қоғамдық қатынастарды сол немесе басқа да деңгейлеріне қатысты құқық танудың кең таралған формасы.

Дәл психилогиялық реакциялар ортасында құқықтың өзінің әлеуметтік мәнін анықтаушы әрекеттерді жүзеге асырады. Олар: гуманизм, әділеттілік, субъектілердің формалді түрде теңдігі және т.б.. Құқықтың бұл сипаттамалары адамның сезімдерін білдіреді: олардың адикваттылығының адамның психологиялық көңіл-күйіне, заңдылықтарға көбіне барлық құқықты жүзеге асыратын тәжірибелердің және іс жүзіндегі актілердің тиімділігі тәуелді болады.

Информация о работе Құқықтық сана және құқықтық мәдениет