Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:36, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Франция тарихының қай кезеңін алып қарастырсақ та оның ешкімге бергісіз ұлы держава болғанын көре аламыз. Әлемнің қай түпкіріндегі болмасын болған оқиғаларға, мәселелерге Францияның қатыспаған немесе қозғаушы күші болмаған кезі болған емес. Бұл Францияның халықаралық аренадағы алатын беделді орнын дәлелдейді. Сондықтан да «Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері. Боевзи кутюмдері» атты тақырыбының өзектілігі ерекше. Бовези Кутюмдері немесе Бовез кутюмдері – ортағасырлық француз құқығының жинағы.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................ 3
1. Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері ........................ 8
Әдет – ғұрып (кутюмдер) ......................................................................... 8
. Рим құқығының нормалары .................................................................. 11
1.3. Канондық құқық нормалары .................................................................... 19
Король актілері, ордонанстары, эдикттері, бұйрықтары
және декларациялары ................................................................................... 23
Парламенттің сот тәжірибесі ................................................................. 26
Бовези кутюмдерінің пайда болуы мен мазмұны ................................. 30
Бовези кутюмдерінің пайда болу тарихы ............................................. 30
Бовези кутюмдері бойынша сот процессін ұйымдастыру
ерекшеліктері ................................................................................................. 31
Бовези кутюмдері бойынша тұлғалардың құқықтық жағдайы .......... 33
Қорытынды ....................................................................................................... 34
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ....................................................................... 35

Прикрепленные файлы: 1 файл

АПАЙ КУРСОВАЯ.doc

— 191.00 Кб (Скачать документ)

Қорытынды

 

  Феодализм таратылғанға дейін Франция біртұтас құқықтық жүйені білмеген. Құқықтың аумақтық әрекет ету қағидасы орын алған болатын, яғни, халық өзі өмір сүретін аумақта қалыптасқан құқықтың нормаларға бағынатын.

 Феодалдық — ыдырау кезеңінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып әдет — ғұрып нормалары — кутюмдер табылды. Сословиелік — өкілдік монархия кезеңінде кутюмдердің бірінші жинағы — «Қасиетті Людовиктің Мекеме лері» пайда болды, мұнда Париждің, Орлеанның, Турдың, Анжудың және Мэнның кутюмдері жинақталды. Шексіз монархия кезеңінде әдет-ғұрып жинақтарымен бірге құқықтың қайнар көздеріне патша билігінің актілері жататын болды, олар: жарлықтар, эдиктілер, ордонанстар. Францияның оңтүстігінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып рим құқығы табылды.  

Абсолютизмнің негізгі сипаты барлық заңшығарушылық, атқарушы және сот билігі тек қана бір адамның, мұрагерлікпен тағайындалатын мемлекет басшысы – корольдің қолына шоғырланады.  Оған орталықтан дырылған мемлекет механизмі бағынышты, олардың қатарына әскер, полиция, әкімшілік аппарат, сот кіреді. Барлық француздар, оған қоса ақсүйектер (дворяндар) корольдің қол астындағы адамдар деп саналады және олар корольге толығымен бағынышты болуы тиіс.

Францияда XV ғасырдың соңында шексіз монархия қалыптасады. Оның қалыптасуына мынадай ірі саяси қызметкерлер, Францияның корольдері - Он екінші Людовик, Бірінші Франциск, Екінші Генрих белсенді рөл атқарғандары мәлім. Бірақ Францияның бірінші шексіз монархы Төртінші Генрих болды. Ол католиктер мен гугеноттардың арасындағы діни соғыстарды тоқтатып, Францияда бейбітшілік пен тыныштық орнатты. Ол қолына толық мемлекеттік билікті жинады. Одан кейін шексіз монархияның қалыптасуын жалғастырған кардинал Ришелье. Ол Он үшінші Людовик мемлекетті басқарып тұрғанда қызмет істеген болатын. "Мемлекеттің мүддесі мен үшін ең жоғарғы игілік. Менің бірінші мақсатым - корольдің ұлылығы, екінші - корольдіктің құдіреті" - деген сөздер оның саясатын бізге түсінікті етеді. Негізінде, ол бірінші министрдің қызмет лауазымын ғана орындап қоймай өзінің корольге ықпалын жүргізе отырып бүкіл Францияны басқарған саяси тұлға деуге келеді.  Ол феодалдарды корольге бағындыру үшін олардың сарайларын құртты, жекпе-жекке тыйым салды, дворяндардың атағын сатылатын етті. Ришелье Францияның өнеркәсібін дамыту үшін және қорғау үшін бірталай шара қолданды. Мемлекеттік аппаратқа және корольдің сарайына да көп күш жұмсады. [2, 168б]

Бүкіл Францияның халқы 15 млн. болса, бірінші сословиені 130000 адам құрайтын, бірақ олардың  қолында бүкіл жер көлемінің  бестен бірі жинақталған еді. Дін  басылардың арасындағы қайшылықтар күшейе берді. 1516 жылдан бастап король шіркеу қызметкерлерін тағайындайтын құқықты қолына алды. Шіркеудің жоғарғы қызмет орындарына ол өзінің дворяндарын отырғызды. Бұл орындар өте құрметті және бай болатын. Бірақ дін басылары да мемлекеттің күшті маңызды орындарына отырған болатын (мысалы, Ришелье Мазарини). Жоғарғы екі топтың мүддесі ортақ болғаннан кейін олардың арасында мықты байланыс орнады.

Халықтың көбі үшінші сословиеге жатты. Бірақ халық  бұқарасы біркелкі емес еді. Жоғарыда қаржы-қаражат қызметкерлері, саудагерлер, қала шеберлері, нотариус пен адвокаттар болатын. Шаруалар, қолөнершілер, қара жұмыс істейтін адамдар, жұмыссыздар төменгі дәрежені, үшінші сословиенің көбін шаруалар құрайтын. Капиталисттік қарым-қатынастардың құрылуы олардың құқықтық жағдайларына өзгерістер енгізді. Олардың жеке міндеттері жойыла бастады. Шаруалардың арасынан бай фермерлер, капиталистік жалгерлер, шаруашылық жұмыскерлері бөлініп шыға бастады. Шаруалардың көбі ценз төлейтін цензитарийлерге жататын. Баналитеттердің бәрі сақталды. Сеньорлар шаруалардың жерлерінде бұрынғыдай аң аулауға құқылы еді. Салықтың көбін шаруалар төлейтін, осындай ауыр жағдайға шыдамаған шаруалар құралдарын сатып, бүкіл жанұясымен қалаға кетіп жатты. XVI ғасырдың ортасында Францияның көп жерлері корольдің билігіне бағынған болатын. Ол Еуропадағы ең ірі мемлекетке айналды. Капиталистік қарым-қатынастардың дамуы феодалдық қоғамның негіздеріне балта шапты. Францияның мықты, бір орталыққа бағынған мемлекеттік аппаратының құрылуы XVII ғасырда болды. [1, 182б]

Капиталисттік қарым-қатынастар нығайып, феодалдық  сословиелік құрылыс ыдырағаннан  кейін, шексіз монархия орнатуға жақсы  жағдай туды. Феодалдар өздерінің  жеңілдіктерін сақтап қалу үшін корольге деген сенімдерін арттырды. Қалыптасып келе жатқан буржуазия әлі саяси билікке ие болған жоқ, бірақ күшею үшін корольді жақтап, одан көмек күткен болатын. XVI ғасырда Францияның ішкі жағдайлары корольдің билігін күшейтті. Король күресуші таптардың қарама-қайшылықтарын пайдаланып, дербестігін нығайтты. Негізінде Франция үшін абсолютизм прогрессивті сипатқа ие болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Мұхтарова  А.Қ. Шетелдердің мемлекет және  құқық тарихы. Алматы, 1999ж.

2. Булгакова  Д. А. Истаев А. Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, Алматы, 2004 ж.

3. Всеобщая история государства и права – Под ред. К.И. Батыра – М., 1993

4. Федоров К.Г., Лисневский Э.В. История государства  и права зарубежных стран. Ч  1- Ростов на Дону 1994

5. БСЭ, том  28, г.Москва , 1978 г.

6.  ЭС, том  2, г.Москва, 1964 г.

7. История государства  и права зарубежных стран, г. Москва, 1980 г.,                         под редакцией П.Н. Галонзы.

8. Хрестоматия  по истории государства и права  зарубежных стран, г.Москва, 1984 г.

9. Корсунский  А.Р., «Образование раннефеодального государства в Западной Европе», г.Москва, 1963 г.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері