Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:36, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Франция тарихының қай кезеңін алып қарастырсақ та оның ешкімге бергісіз ұлы держава болғанын көре аламыз. Әлемнің қай түпкіріндегі болмасын болған оқиғаларға, мәселелерге Францияның қатыспаған немесе қозғаушы күші болмаған кезі болған емес. Бұл Францияның халықаралық аренадағы алатын беделді орнын дәлелдейді. Сондықтан да «Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері. Боевзи кутюмдері» атты тақырыбының өзектілігі ерекше. Бовези Кутюмдері немесе Бовез кутюмдері – ортағасырлық француз құқығының жинағы.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................ 3
1. Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері ........................ 8
Әдет – ғұрып (кутюмдер) ......................................................................... 8
. Рим құқығының нормалары .................................................................. 11
1.3. Канондық құқық нормалары .................................................................... 19
Король актілері, ордонанстары, эдикттері, бұйрықтары
және декларациялары ................................................................................... 23
Парламенттің сот тәжірибесі ................................................................. 26
Бовези кутюмдерінің пайда болуы мен мазмұны ................................. 30
Бовези кутюмдерінің пайда болу тарихы ............................................. 30
Бовези кутюмдері бойынша сот процессін ұйымдастыру
ерекшеліктері ................................................................................................. 31
Бовези кутюмдері бойынша тұлғалардың құқықтық жағдайы .......... 33
Қорытынды ....................................................................................................... 34
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ....................................................................... 35

Прикрепленные файлы: 1 файл

АПАЙ КУРСОВАЯ.doc

— 191.00 Кб (Скачать документ)

Орталық органдар көбейіп, күрделі жұмыстарды орындайтын болды. Бюрократиялық және бір орталыққа  бағынған органдар құрылды. Бұрынғы мемлекеттік органдардан тек канцлер сақталды. Ол корольден кейінгі мемлекеттің екінші адамы болып есептелді. Мемлекеттік хатшы қызметі түрлі саланы қамтитын (әскери қызмет, теңіз істері, отарлар, ішкі істер, корольдің сарайын басқаратын). Он алтыншы Людовик корольдігі кезінде мемлекеттік хатшылар корольге өте жақын болатын, шенеуніктер ретінде оның жеке қызметін істейтін. Мемлекеттік хатшының міндеттерін кеңейткеннен кейін орталық аппарат көбейіп, төрешілдікке әкеліп соқты. Мемлекеттік хатшылардың қызметі барған сайын ұлғайып, олардың көмекшісі деген қызмет орны құрылды. Оларға көмек беретін бюро секцияларға бөлінетін. Шенеуніктердің арасында иерархиялық тәртіп те орын алған еді. Қаржы мәселелерін бас қаржы палатасы және акциздерді жинайтын палаталар қарайтын. Олар экономикалық саясатты басқарып, мемлекеттің бюджетін жүргізетін. Бас бақылаушылардың үлкен аппараттары болатын. XVI ғасырда Францияның корольдері шіркеуді өздеріне толық бағындырып алды.

 

1.5. Парламенттің  сот тәжірибесі 

 

1260 жылы ерекше сот органы пайда болды, ол орган Парламент еді. Парламент Париж қаласында жылына төрт рет жиналатын, король парламенттің мүшелерін ешкімге белгісіз легистерден тағайындаған.                 Бұл Францияның жоғарғы соты, феодалдардың арасындағы талас-тартыстарды, маңызды қылмыстарды және саяси қылмыстарды қарады. Енді корольдің куриясы екі палатадан құрылып, біреуі-парламент, ал екінші палатасы қаражат жағын басқарды. Курия өзінін жүмыс істеу сипатын өзгертті, ірі феодалдар тек қана салтанатгы мәжілістерге қатысатын, олардың орнына легистер мен министрлер келді. Легистер рим қүқығымен жаксы таныс болатын, оны жиі колданатын. Легистер короладі жақтап, оған қарсы шыққан феодалдардың жерін тартып алу үшін күрделі істерді жүргізді. Олар корольдін байлығын көбейтіп, шіркеу қызметкерлерін басқару және сот процестерінен бірте-бірте ығыстыра бастады. Легистердің ұжымдары корольдің өзіне ғана бағынатын еді. Осы өзгерістер корольдің билігін күшейтіп, король билігінің негізін ңығайтгы.

Париж парламенті - соттардың жоғары сатысы, ол төрт палатаға бөлінетін: бірінші жөне екінші палаталар ірі азаматтық және кылмыстық істерді қарайтын, үішнші палата тек қана қылмыстық істермен, ал төртінші палата түскен шағымдармен айналысатын. Париж парламенті корольдің шығарған актілерін бекітетін. Парламент бекітпеген актілер заңсыз болып саналатын. Парламент корольдің актілерін бекітпесе, король езінің нөкерімен парламентке келіп, тақтың мөжілісінде парламентгін актілерін бекітуді отінетін. Бұл жағдайды Париж парламенті корольдің билігін шектеу үшін жиі пайдаланып, корольді өздеріне тәуелді етіп койды.

Шіркеу қызметкерлері  парламентке былай қатысатын  еді: Прелат-тарды корольдің өзі  жеке қағаз жіберіп шақыратын. Аббаттар жеті депу-таттардан сайлап жіберетін, ал канониктер, монастырьлер, монахтар екі-үш депутатгардан сайлайтын болды.

XVII ғасырдан  бастап сеньориалдык соттың шығарған  шешіміне Париж Парламентіне  шағым беруге рүқсат етілді. Сеньориалдық  юстиция өзінің тәуелсіздігін  жоғалтты.

Кейбір зандарды ишғарғанда король заң жобасы туралы да штаттардың пікірлерін білгісі келетін. Бірак штаттардың негізгі қарайтын мәселесі салыққа қатысты шаруалар. Жаңа салықты енгізгенде король парламентгі жинайтын. 1439 жылы Штаттар корольге тұрақты "талья" деген салықты жинауға келісімін берді. Басқа жаңа салықтарды да король тек кана штатгардың келісімімен жинай алатын. Бас штатгар корольге шағым-талап, өтініш беруге құқылы болды. Король әкімшілітін де сынай алатын Бас штаттар корольдің билігіне тікелей кірмейтін. Олар королъге керек шешімдерден бас тарта алатын. Бас штаттар тікелей королъге қарсы шыққан кездерде, король оларды жинамайтын болды. Мысалы, 1468-1487 жылға дейін королъ Бас штаттардың жиналыстарын өткізген жоқ.

Әділеттік сот  туралы да айтылған болатын. Корольге, парламентке, бальи, прево жөне баскаларға қарсы істелген қылмыстарды сот кызметкерлері жылдам жөне әділетті қарауға тиісті. Сот процесі арзан болуы керек, онын жылдам өткені дүрыс, қьшмыскерді ренжітпей, дұрыс сөйлесу керек. Прево, нотариустарды, викоштарды, хатшыларды, сот қызметіне жақын адавдардың кызмет орьшдарын сатуға болмайтын еггі. Бұл орындарға жалақы алатын, жергілікті штаттар келісімін берген адамдарды ғана тағайындау керек екені айтылды. Бас штатгарға сайланған депутатгардың императивтік мандаты бола-тьш. Сайлаушылар оларға нүсқау беріп. Бас штаггардың мәжілісі жабьш-ғаннан кейін депутаттар сайлаушылардьщ алдында есеп беретін.

Король сеньориалдық сот пен шіркеу сотының қызметін әлсіреткісі келді. Әкімшілікген әлі  бөлінбеген сот жүйесі өте күрделі, шиеленісті еді.

Ұсақ сот істерін прево, ауыр қылмыстарды бальи сотгары қарайтын.                          XV ғасырда оларды лейтенант басқаратын. Бальи сотында уак дворяндар, корольдің прокуроры, прево, бальи, лейтенанттар кызмет орнына корольдің ұсынысымен тағайындалатын. Сондықтан сот жүмысын лауазым иелері қадағалайтын. Париж парламентінің рөлі жоғарылай түсті. Бірінші Франциск сот қызметкерлерінің орындарын 1467 жылдан бастап сататын болды. Бұл орындарды сатып алған адамдар оны мүрагерлік ретінде қалдыруға қүқықты болатын. Сонымен, Парламентгің мүшелері өмірбойына сайланатын болды. Парламент феодалдық  ақсүйектердін жоғарғы соты, бүкіл сот істері бойынша жоғарғы шағым палатасы ретінде жүмыс істейтін. Париж парламенті корольдің шығарған актілерін бекітеді.

Үлкен Кеңес  герцогтер, пэрлер, министрлер, мемлекеттік хатшылар, мемлекеттік кеңесшілерден тұратын. Бұл Кеңеске канцлер де кіретін. Бұл Кеңестің негізгі қызметі зандардың жобасын талқылау, әкімшілік актілерді шығару, сот істерін атқару. Құрамы заңгерлер мен хатшылардан тұратын. Король істердін көбін парламенттен шақыртып алып, осы кеңесте қарайтын етті. Кабинетке сот басқармасының төрағасы - канцяер, Париж Парламен тінің Бас прокуроры, Бас адвокат кіретін.

Парламент мемлекетгік істерді қарай алмайтын болды. Оның орындары сатыла бастады. Парламент ремонстрация қүкығын жоғалтты.                            Он төртінші Людовик мемлекетгі 54 жыл баскарып, Париж парламентінің ремонстрация құқығын тоқтаткан болатын. “Мемлекет дегеніміз мен” деп айтылған сөздері осы парламентгің жұмысына байланысты. Парламент ремонстрация құқығын пайдаланған жағдайда, король өзі парламентке келіп, осы сөздерді айтқан болатын. Содан кейін Парижде парламенттің наразылығы тоқтады. 1673 жылдан бастап Париж парламенттің құкығы шектеліп, ремонстрация қызметің істемешін болды. 1614 жылдан Франция ның корольдері қоғамдағы орнын көрсету үшін біз құдайдың қайырымдылы ғындамыз деген мөтел шығарды. Барлық биліктердін қайнар көзі-король. Оның билігін және кызметін ешкім бақылай алмайды. Король заң шыға рады, "бір король-бір заң". Король мемлекеттің және шіркеудің жоғарғы қызметкерлерін өзі тағайындайды. Мемлекетгік басқару мөселелерді шеш кенде ең соңғы тұжырымды билікті ол айтатын. Франция ның королі маңызды сыртқы саяси мәселелерді жеке шешіп, экономикалық саясатты белгілейтін, салықты кіргізетін, ақшаны жүмсайтын, мемлекетті өзінің атынан басқаратын.

 

 

 

 

  1. Бовези кутюмдерінің пайда болуы мен мазмұны 
    1. Бовези кутюмдерінің пайда болу тарихы

 

Бовези Кутюмдері  немесе Бовез кутюмдері – ортағасырлық француз құқығының жинағы. Ол көбінесе Францияның солтүстік – шығыс бөлігінде, Бовези провинциясында қолданылатын. Бовези кутюмдерін француз заңгері Филипп де Бомануар 1282 жылы құрастырған. Жинақтың түпнұсқасы сақталмаған; қазіргі кезде тек бірнеше жақсы сақталған тізімдер қана бар, олар бір бірлерінен тек диалект бойынш ақана ерекшеленеді.

Орта ғасырларда қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің өзіндік геополитикалық спецификасы болатын. Рим империясының елеулі ықпалына ұшыраған Францияның оңтүстік аймақтарында жазбаша құқық кеңінен таралған, ал елдің солтүстігінде әдет – ғұрыптар кеңінен пайдаланған (кутюм сөзі әдет – ғұрып сөзінен пайда болған туынды сөз).

ХІІІ ғасырда  мемлекеттің түрлі бөлшектерінде 60-қа жуық үлкен және 300-ге жуық шағын  кутюмдер қолданыста болатын. Билікті  орталықтандыру мен нығайтуға бағытталған  Людовик ІХ өткізген мемлекеттік  реформалар бүкіл Францияның аумағында құқықтық нормалардың жүйеге келтірілуі мен бірегейлендірілуін талап етті. Бовези кутюмдерін құрастыру – франция елдері әдет – ғұрыптарын жазу талпыныстарыны бірі болды.

Жинақтың атау да, оны әзірлеу күні де шартты болып  табылады.                       Іс жүзінде жинаққа Ф.Бомануармен ретке келтіріліп, шығармашылық түрде қайта өңделген бірнеше жерлердің жинақтап қорытылған ережелері енгізілген.   Жинақты құрастыру барысында автор бар әдет ғұрыптарды тіркеп қана қоймай, оларды толықтырып, оларды франция легисттері мектептері талап ететіндей етіп өзгерткен. Сонымен қатар Бовези кутюмдері монархтың орталық билігін нығайтатын нормалармен де толықтырылған.

Құжаттың көлемі өте үлкен, әрі құжатта 2000-ға жуық баптар бар. Барлық баптар тематикалар бойынша тарауларға біріктірілген.

Жинаққа кез  келген қоғамдық қатынастарды реттейтін  нормалар енгізілген, алайда әділет сотты  ұйымдастыру және жүзеге асырумен байланысты ережелерге ерекше назар аударылған.

Бовези кутюмдерінде жазықсыздық презумпциясы, объективті міндеттеу және жауапкершілік көлемінің жасалған қылмыс немесе құқық бұзушылық (келтілірген залал) көлеміне байланысты болу қағидаты бекітілген, көптеген процессуалды мәселелердің шешілу жолдары қарас тырылып, қаскөйлік, қылмыс жасауға қам қылу ұғымдары енгізілген. Бовези кутюмдерінде табиғи құқық тақырыбына қатысты да бірнеше баптар бар, оны кейін Филипп де Бомауар өз тәжірибесінде дамытқан. 

 

 

2.2. Бовези кутюмдері бойынша сот процессін ұйымдастыру ерекшеліктері

 

  Қарастырылып отырған кезеңде бір мезетте бірнеше сот жүйелері қызмет етті: корольдық, сеньориалдық, қалалық және шіркеулік соттар, алайда олардың құдіретті нақты ажыратылмайтын. Феодализм таратылғанға дейін Франция біртұтас құқықтық жүйені білмеген. Құқықтың аумақтық әрекет ету қағидасы орын алған болатын, яғни, халық өзі өмір сүретін аумақта қалыптасқан құқықтың нормаларға бағынатын.

Қылмыс жеке ренжісу әкелген іс деп белгіленді. Ол жеке адамдардың мүддесіне байланысты. Әкелген зиян ұшін жаза қолданылады. Бірақ XI-XII ғасырларда қылмысты тек қана жеке іс емес, бейбітшілікті, феодалдық тәртіпті бұзатын іс деп түсінді. Жазалар өте қатал болды. Адамдардың жазасын дәлелдемесе де, олар жауапкершілікке тартыдды. Қылмыстардың құрамы анық белгіленбеген.

Сеньорларға карсы  шыққан шаруаларға өте катаң жазалар қолданы-латын. Көтеріліске шыккан шаруаларды дарға асып өлтіретін, қолын, аяғын, немесе басын шауып тастайтын. Феодалдардың арасында күштісі жеңіп шығатын принцип күкықтық иегізгі пришіипіне жатты. Шіркеу қызметкерлері қылмыстық нормаларды бүзған жағдайларда оларды шіркеу соттары соттайтын, шаруаларды сеньорлардың сотгары жазалайтын. Қылмыстардың түрлеріне шіркеу мен дін қатгы әсерін тигізетін. Қылмыстар былай бөлінетін:

Ең ауыр қылмыстар. Оны жасағандарға өлім жазасы колданылатын. Бүндай қылмыстарға адамды өлтіру, зорлау, өртеу, үрлық, діни қылмыстар, жалған акша шығару жататын.

Жеңіл қылмыстар. Оларға өлім жазасы қолданылмайды. Жаза түрлері тек қана тәркілеу мен  түрмеге қамау болатын.

Қылмыстарды тағы үш түрге бөлуге болатын: дінге қарсы қылмыстар: құдайды жамандау, сиқыр жасау, құдайға сенбеу.

Мемлекетке  қарсы қылмыстар: корольге және оның отбасы мүшелеріне қарсы жасалған қылмыстар, корольге опасыздык жасау, мемлекеттің  қауіпсіздігіне қауіп төңдіру. Жеке адамдарға қарсы жасалған қылмыстар. Жазалар. Ауыр жазалар өлім жазасы, өмірлік жер аудару, өмірбойлық каторга жұмыстарына жіберу. Екінші түріне дене мүшесін зақымдау жазалары жатады. Жазалардың үшінші түрі түрмеге қамау және каторгаға жіберу. Бұдан кейін масқаралау жаза-лары, масқарасын шығарып айып төлеу, киімсіз масқаралау. Ең соңғысына айыптар жатады.

Мемлекетгің орталыктану  процесіне байланысты сеньорлардың юрисдикциясы азайды да, корольдің  билігі ныгая бастады. Қылмыстық  жауапкершілік адамның қүқық  және сословиелік жағдайына байланысты болатын. Дворяңдарға кобіне айыппүл салу және мүлікті тәркілеу жазасы колданылатын. Дарға асу арқылы өлім жазасын колдануға болмайтын және оларға тон жазасы да колданылмаған. Шіркеу қызметкерлері де жеке қылмыстарға жауапкершілІкке тартылатын. Шаруалардьщ көтерілістеріне ешқандай соттык жауапкершілік болмайтын.

    1. Бовези кутюмдері бойынша тұлғалардың құқықтық  жағдайы

 

Францияның  Солтүстігінде Бовези кутюмдері  құқықтың негізгі қайнар көзі болған.  Францияның феодалдық құқығының негізгі институты болып жерге меншік құқығы табылды.  Ірі жер иелену аллод, бенефиций нысанында болды. XI ғ. бенефецийлер мұрагерліктің объектісіне айналды,X ғ. ал феод деп атала бастады.  Міндеттемелік құқықта кең таралған шарттар мыналар

болды:  сату —  сатып алу, зайым шарты,  сыйға тарту шарты, жерді жалға алу шарты.  Отбасы — неке қатынастары негізінен канондық құқық нормала рымен,  сонымен қатар котюмдермен жəне патша ордонанстарымен реттелді. Некеге тұру шарттары    ретінде белгілі бір жасқа толу,  екі жақтың келісімі,  сонымен қатар,  ата - аналардың келісімі орын алды. Мұрагерлік екі нысанда жүзеге асырылады:  заң бойынша  (əкенің мүлкі мұрагерлерге əке туыстары бойынша берілсе,  ананың мүлкі мұрагерлерге ананың туыстарына беріледі) жəне өсиет бойынша мұрагерлік.  Қылмыстық құқықта қылмыстардың барлықжиынтығын үш санатқа бөлуге болады: 1) дінге қарсы қылмыстар; 2)  мемлекетке қарсы қылмыстар 3)  жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар.  Жазалар келесі топтарға жинақталды:  а)  ауыр жазалар; ə)  мүшелерге зақым келтіруші жазалар;  б)  түрмеде қамау жəне мерзімдік айдау жұмыстары;                  в)  ар-ұятқа нұқсан келтіруші жазалар жəне айыппұл. Қылмыстық процесс екі кезеңге бөлінді:  біріншісі — қылмыскерді құпия түрде іздеу жəне хаттамамен рəсімделетін, оны анықтауға байланысты қажетті тергеу жұмыс тарын жүргізу; екіншісі — жариялы жəне ашық сот өндірісі. Франция аралық сот шешімі аясында дауларды шешуде азаматтардың құқығын ресми бекіткен өзінің Конституциясына 1791 жылы сауда, шаруашылық және өзге экономикалық дауларды шешудің тиімді құралы ретінде аралық сотты дамытудың жаңа кезеңін енгізді. Уақыттың желісімен аралық сот өндірісі әдет-ғұрыптардың және іскерлік айналыс этикасының қалыптасуына белсенді ықпал ете отырып, дами түсіп, жетілдірілді.

Информация о работе Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері