Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:36, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Франция тарихының қай кезеңін алып қарастырсақ та оның ешкімге бергісіз ұлы держава болғанын көре аламыз. Әлемнің қай түпкіріндегі болмасын болған оқиғаларға, мәселелерге Францияның қатыспаған немесе қозғаушы күші болмаған кезі болған емес. Бұл Францияның халықаралық аренадағы алатын беделді орнын дәлелдейді. Сондықтан да «Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері. Боевзи кутюмдері» атты тақырыбының өзектілігі ерекше. Бовези Кутюмдері немесе Бовез кутюмдері – ортағасырлық француз құқығының жинағы.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................ 3
1. Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері ........................ 8
Әдет – ғұрып (кутюмдер) ......................................................................... 8
. Рим құқығының нормалары .................................................................. 11
1.3. Канондық құқық нормалары .................................................................... 19
Король актілері, ордонанстары, эдикттері, бұйрықтары
және декларациялары ................................................................................... 23
Парламенттің сот тәжірибесі ................................................................. 26
Бовези кутюмдерінің пайда болуы мен мазмұны ................................. 30
Бовези кутюмдерінің пайда болу тарихы ............................................. 30
Бовези кутюмдері бойынша сот процессін ұйымдастыру
ерекшеліктері ................................................................................................. 31
Бовези кутюмдері бойынша тұлғалардың құқықтық жағдайы .......... 33
Қорытынды ....................................................................................................... 34
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ....................................................................... 35

Прикрепленные файлы: 1 файл

АПАЙ КУРСОВАЯ.doc

— 191.00 Кб (Скачать документ)

Неке жасы еркектер үшін 14 жас, ал қыздар үшін 12 жас.

Туысқандар  арасындағы неке қылмыстық құқық  бұзушылық болып саналған.  Жанұяда  әке ғана өз еркімен жұмыс істейтін адам болған. Қыздары мен ұлдары бөтен құқықтың тұлғалары болып саналған.(pensonou alieni iunis)

Сонымен бірге  әке өзінің балаларының өмірі  және өлімімен билік еткен. Ол жаңа туған нәрестенің лақтыруға, жасына қарамастан құлдыққа сатуға немесе өмірден қиюға құқығы болған. Бірақ уақыт өткен сайын осы құқықтық уәкілеттіліктер шектеле бастады. Билік астындағы ұлы мүлікпен мәмілелер жасауға құқылы болған, бірақ осы пайда болған пайдалар әкесінің мүлкіне түсіп отырған. Шаруашылық қатынастардың және сауданың дамуына байланысты билік етушінің мүліктік құқық қабілеттілігі үлкейе бастады. Ежелгі Римде, некенің екі нысаны болды, біріншісі cum manu mariti ол бойынша күйеу әйеліне толық билік жүргізеді, екіншісі   sine manu некесі оңай жүзеге асырылды (келісім арқылы), ал соңғы заңдық сатысы болып келінді күйеуінің үйіне әкелу болды. Sine manu некесінің бұзылуына бір жақтың арызы жеткілікті болды. Агнаттық жанұяда әйелдің жеке басы және мүліктік құқығы болған жоқ. Ол сол үйдің қызы ретінде өз балаларына теңестіріліп,отағасы билігінің астында болды. Керісінше, sine manu некесінде жұбайлар тең дәрежеде болды. Sine manu некесінде отағасы билігі (patria potestas) күйеу билігіне алмастырылды.

      Жүбайлар бір-бірімен мүліктік  сипаттағы кез келген заңды қатынастар жасай алады: шарттар жасау жэне т.б. Әкенің билігінен, билік астындағылар өздері келісім берсе эмансипациямен (emancipatio) шығатын болды. Бастапқыда көз алдаушылық түрінде баласына немесе қызына сатады олар бірден босатушы. Нәтижесінде сатылған адам дербес тұлға (persona sui iuris) болып табылды.

 

 

 

1.3. Канондық  құқық нормалары 

 

Францияда канондық нормалармен, әдеттермен және корольдің ордонанстарымен  отбасылық-некелік қарым-қатынастар шіркеудің бекітілетін. Ер адамдар 13-15 жаста, қыз балалар 12 жаста некесін қия беретін. Некеге тұру үшін әке-шешесінің және екі жақтың келісімі керек болатын. Сервтердің басқа сеньордың жеке басы бос адамдарымен некеге тұруға құқығы жоқ еді. Феодалдың бірінші түн құқығы болатын, бұл салықты үйленетін шаруа ақшалай төлейтін. Кейбір адамдар некеге тұра алмайтын. Олар жастары жетпегендер, шоқынбағандар және туысқан адамдар. Келісімсіз құрылған неке және шіркеу қызметкерлердің некелері заңсыз некелерге жататын. Шіркеу ажырасуға тыйым салды. Жұбайлар өзара сыйласып, бірге тұруға міндетті болатын. Ер адам шаңырақтың иесі, әйелі оған бағынышты болып, артынан еріп жүруі керек. Әйел адам ешқандай мүліктік құқыққа ие болмайды. Күйеуінің келісімі болмаса, әйел адам мүлікті де сата алмады, сыйлыққа бермеді, ауыстырмады, шарт құрмады және сотқа қатыса алмады.[2, 169б]

Мемлекеттің орталықтану  процесіне байланысты сеньорлардың юрисдикциясы азайды да, корольдің  билігі нығая бастады.

Қылмыстық жауапкершілік  адамның құқық және сословиелік  жағдайына байланысты болатын. Дворяндарға көбіне айыппұл салу және мүлігін тәркілеу жазасы қолданылатын. Дарға асу арқылы өлім жазасын қолдануға болмайтын және оларға тән жазасы да қолданылмаған. Шіркеу қызметкерлері де жеке қылмыстарға жауапкершілікке тартылатын. Шаруалардың көтерілістеріне ешқандай соттық жауапкершілік болмайтын. Жакерия деген көтерілісті басқаннан кейін екі жұмада 20000 адамды асып өлтіргені белгілі.

Феодалдық ұсақтау  кезінде процесс айыптау тұрғысында өтетін. Оған қатысатын екі жақтың да құқықтары тең. Жұртшылықтың көзінше өтетін процестің белгілері бір нышанда сақталды. Негізгі дәлелдерге айыпкердің өз кінәсін мойындау, жазбаша дәлелдеу жататын. Кейбір ордалиялар сақталды: ыссы темірмен және сумен сынау. XVIII ғасырда ордалиялар қолданылмайтын болды. Сот процесінде кемінде екі куәгердің куә болуы керек еді. Жақын туысқандарды, екі жақтың туысқандарын және оларға қарайтын адамдарды сотқа куәгер етіп шақыруға болмайтын.

Сотта талас-тартысты дәлелдеу екі жақтың да міндеті. Бұл феодалдардың арасында жиі кездеседі. Айыпты адамды айыптаушы жақ жекпе-жекке өзі шақыруға тиіс. Айыптаушы керек сөздерді айтып, айыпкердің бетіне қолындағы қолқабын лақтырады. Айыпкер саусақтағы биялайды көтерсе, ол жекпе-жекке шығуға ұсынысты қабылдады дегені. Ақсүйектер жекпе-жекке атпен толық қаруланып шығатын. Қарапайым адамдар таяқпен төбелесетін. Ақсүйектер жай адамдарды жекпе-жекке шақырса, олар жаяу және жалаң бас, қолына тек қана таяқ ұстап шығуға тиіс.

Жай адамдар ақсүйектерді жекпе-жекке шақырса, олар атты және қолындағы бар қарумен шығатын. Шіркеу адамдары, әйелдер, алпыс жастан асқан адамдар өзінің орнына басқа адамдарды шығаруға құқылы еді. Бірақ жекпе-жекке қатысқан адам жеңіліп қалса, оның оң қолын шауып тастайтын. Жекпе-жек белгілі орында өтетін, оның көп ережесі болатын. Жеңілген адам кінәлі деп саналатын. Ол жауапкер ретінде белгілі бір жазаға тартылатын. Жекпе-жекті тек өте ауыр, адам өлтіру сияқты қылмыстарды дәлелдеу үшін ғана қолданатын. Тоғызыншы Людовиктың реформалары кезінде жекпе-жек жоғала бастады. [2, 171б]

Азаматтық сот  процесі қылмыстық соттан бөліне бастады. Бұл жағдай таптық күрестің күшеюіне байланысты болатын.

Айыптау процесінің орнына тергеу-тексеру процесі келеді. Бұл процестің дамуына шіркеудің құқықтары ықпалын тигізді. Жаңа процесс бойынша енді істі қозғау жәбірленуші жақтан мемлекетке көшеді, бұл органда қылмыскерді өздері іздеп, тергеу өткізеді. Қылмыстық процесс екі кезеңге бөлінді: бірінші кезең - қылмыскерді іздеп, оның тергеуін өткізу, ал екіншіге ашық сот жататын. Бірінші кезенде жиналған материалдарға баға беріледі. Дәлелдеу процесінде формалдылықтың көптеген нышандары сақталған болады. Сотталған адам кінәсін мойындау үшін қинау әдісін жиі қолданатын. Сынаудың жай және ауыр түрлері болатын. Кінәні мойындау - ең маңызды дәлелдеуге жатады. Осы процестің бірінші кезеңі құпия түрінде өтетін. Корольдің билігі күшейген сайын сеньориалдық және шіркеу соттарының қызмет бабы азайды да, король соттарының қызметтері көбейді және күшейді. Сот жүйесі өте шиеленіскен және күрделі болатын.

Сот жүйесі өте  күрделі және атам заманғы болатын. Сеньориалдық соттар сақталды. Шіркеу соттарымен қатар коммерциялық, банк, адмиралтейлік және басқа соттар құрылған болатын. Корольдің соттарына  бальяждардағы, қалалардағы соттар және Париж қаласындағы парламент жататын.

Парламент мемлекеттік  істерді қарай алмайтын болды. Оның орындары сатыла бастады. Парламент  ремонстрация құқығын жоғалтты. Он төртінші Людовик мемлекетті 54 жыл  басқарып, Париж парламентінің ремонстрация құқығын тоқтатқан болатын. "Мемлекет дегеніміз мен" деп айтылған сөздері осы парламенттің жұмысына байланысты. Парламент ремонстрация құқығын пайдаланған жағдайда, король өзі парламентке келіп, осы сөздерді айтқан болатын. Содан кейін Парижде парламенттің наразылығы тоқтады. 1673 жылдан бастап Париж парламентінің құқығы шектеліп, ремонстрация қызметін істемейтін болды. 1614 жылдан Францияның корольдері қоғамдағы орнын көрсету үшін біз құдайдың қайырымдылығындамыз деген мәтел шығарды. Барлық биліктердің қайнар көзі - король. Оның билігін және қызметін ешкім бақылай алмайды. Король заң шығарады, "бір король - бір заң". Король мемлекеттің және шіркеудің жоғарғы қызметкерлерін өзі тағайындайды. Мемлекеттік басқару мәселелерді шешкенде ең соңғы тұжырымды билікті ол айтатын. Францияның королі маңызды сыртқы саяси мәселелерді жеке шешіп, экономикалық саясатты белгілейтін, салықты кіргізетін, ақшаны жұмсайтын, мемлекетті өзінің атынан басқаратын.

Жергілікті  басқару бюрократтық бір орталыққа  қарату негізіндегі принциппен құрылды. Франция провинциялар мен округтерге бөлінді. XVI-ғасырдан бастап губернаторларда да тағайындалатын болды. Олардың қызметтері көбіне әскери міндеттермен шектелуші еді. 1535 жылдан округтерге комиссарларды жіберетін болды, олар интендант деп аталатын еді. Олардың билігі өте күшті болатын, олар корольдің өзіне немесе оның бірінші министріне бағынатын. Интенданттар полиция, юстиция және қаржы мәселелерін шешетін. Олардың орындары сатылмайтын, сондықтан орталық биліктен тәуелді екені түсінікті. Интенданттар жергілікті органдардың бәрін бақылайтын, олардың негізгі қызметі - салық, жинау. Жанама салықтарды жинайтын адамдар бұл қызмет орындарын сатып ала алатын.

Он төртінші Людовик әскерге солдаттарды  шетелден алмайтын етті. Оның әскері тұрақты әскерге жататын. XVII ғасырда әскерде 46 жаяу, 28 атты полк болатын, әскерлердің үштен бір бөлігі жалдамалы болды. Солдаттар үшінші сословиеден жасақталды. Офицерлер болса, бұрынғыдай тек дворяндардан алынатын. Офицерлердің орындары бұрынғыдай сатылатын еді. Францияның әскері бүкіл Еуропаның ең мықты және үлкен әскерлері ретінде саналатын.

Шексіз монархия тек зорлық пен күштеу әдістерін  қолданды. Мемлекеттік аппаратта  сыбайлас жемқорлық, бір-бірін күндеу заңды жағдайлар болатын. Мемлекетті талантсыз адамдардың басқаратынын бәрі білді. Корольдің сарайы Францияның ұлттық байлығын өзіне жұмсады, ал халықтың жағдайы ауырлай берді. Мемлекеттің ең жоғары орындарында ақсүйектер отыратын, байлар мен жалпы буржуазия өзінің наразалығын білдіре бастады. Король олардың мүддесін қорғаса да, бірінші орында феодалдар болатын, ал екінші орында буржуазия топтары тұрды. Король билігін сынға алушылар қатарында буржуазияның ағартушы қызметкерлері тарихтан белгілі: Вольтер, Монтескье, Руссо есімдері.

Сот. Қарастырылып отырған кезеңде бір мезетте бірнеше сот жүйелері қызмет етті: патшалық, сеньориалдық, қалалық және шіркеулік соттар, алайда олардың құдіретті нақты ажыратылмайтын.

 

1.4. Король  актілері, ордонанстары, эдикттері,  бұйрықтары және декларациялары

 

  Феодалдық — ыдырау кезеңінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып әдет-ғұрып нормалары — кутюмдер табылды. Сословиелік — өкілдік монархия кезеңінде кутюмдердің бірінші жинағы — «Қасиетті Людовиктің Мекемелері» пайда болды, мұнда Париждің, Орлеанның, Турдың, Анжудың және Бовези кутюмдері жинақталды. Шексіз монархия кезеңінде әдет-ғұрып жинақтарымен бірге құқықтың қайнар көздеріне король билігінің актілері жататын болды, олар: король актілері, бұйрықтар, эдиктілер, ордонанстар. Францияның оңтүстігінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып рим құқығы табылды.

Франция құұқығы дамуының қайнар көздеріне көбіне әдеттер жататын. Бұл кезде жалпы құқық жүйесі Францияда әлі құрылған жоқ еді. Франция екіге бөлінетін, шекара Лаура өзенінен өтетін. Оның оңтүстік жағасында жазбаша құқық қолданылатын еді. Бұл жерлерде рим қүқығының әсері өте күшгі болатын. Рим құқығын университеттерде оқитын. Корольдердің биліктері күшейген сайын, рим құқығының да әсері күшейді. Бұл құқық жалпы әдет деп аталатын. Францияның солтүстігінде бұрыннан келе жаткан кутюм деген әдеттер қолданылатын.

Сословиелік-өкІідік монархия кезінде жүйелеу процесстері басталды. Қутюмдер де жазылып, жүйеленетін болды. Людовик тоғызыншы округтердегі әдетгерді бальялерге жинап, төртіпке келтіргісі келді. Осы әдегтердің жинағы XIII ғасырда құрылған «Қасиетгі Людовиктін мекемесі» деп аталатын. Ол Париж, Орлеан, Тур, Анжу, Мэн қалаларының кутюмдерін жүйеледі. Бұл заңдар корольдің жерлерінде қолданатын болды. ХІV-ХV ғасырларда ауылдардың, қалалардың жөне феодалдық сеньориялардың кутюмдері жарық кере бастады.

1453 жылы Карл  жетінші кутюмдерді, әдеттерді, соттың  формулаларын парламентке басынан  аяғына дейін жинап, бекітті.  Бұл жұмысты одан кейінгілер де жалғастырды. Сонымен, заң күшін алған жергілікті кутюмдер саны 300-ден асты. Абсолютизм кезінде әдеттерді жинап шығаруға тыйым салынды.

Бірақ кутюмдер жинақтары корольдің билігі бойынша шығарылған болса да, бүкіл мемлекет қолданатын ортақ құқық жүйесі құрылған жоқ. Құқық партикуляризм сипатын сақтады.

Жазылған қүқықтың қайнар көздеріне жарлықтар, эдиктер, ордонан стар жататын. Король билігінің актілері алдымен тек корольдід жерлеріне ғана қолданылды. XVI гасырдан бастап корольдің актілерін Париж парламенті бекітетін тәртіп қалыптасты. Парламент бүл актілерді бекітпесе, оның заң күші болмайтын еді.

Король актілерінін рөлі күшейе түсуі – ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда қылмыстық құқықтың бір қатар ордонанстары шықты. Бірақ жалпы құқық жүйесі Францияда қалыптасқан жоқ. Оның іс құқығы да, соты да өте шиеленіскен және күрделі жағдайда болды.

Король билігі Францияны біріктірді, жалпы француз ұлтының қалыптасуына ықпал етті, өнеркәсіп пен сауданың дамуына жағдай туғызды. Бірақ XVII-XVIII ғасырларда абсолютизмнің дамуы оның реакциялық негізін де көрсетті. Король тамыр-таныстық және меркантилизм саясатын жүргізді де, буржуазияның мүддесін қорғау мақсатын қойған жоқ. Ол күшінің бәрін феодалдық құрылысты қорғау үшін жұмсады. XVIII ғасырдағы терең дағдарыс қалыптасқан феодалдық жүйені ыдырата бастады. Сот әкімшілігі жүйесі де елеулі дағдарысқа ұшырады.

Абсолюттік  монархияның негізгі органдары - король және оның сарайы. Мемлекеттің пайдасының жартысы корольдің сарайына жұмсалды.

Жоғарғы саяси  билік корольдің қолына толық  жинақталды. Ол билігін ешкіммен бөліскен жоқ. Король феодалдық олигархия  мен католик шіркеуінің оппозициясын жеңіп, сословиелік-өкімдік органдарды жойды. Бір орталыққа бағынған бюрократиялық аппарат, сот, әскер құрды. XVІІІ ғасырда Бас штаттардың қызметі әлсіреген болатын, 1614 жылдан бастап король оның жұмысын толық тоқтатты да, 1789 жылға дейін оны шақырған жоқ. Енді оның орнына нотабльдердің жиналыстарын өткізетін болды. Нотабльдер қаржы мәселелерін қарайтын.

Корольдің жанындағы  Кеңестер. Корольдің жанындағы мемлекет Кеңесінің құрамы 6 адамнан 23 адамға дейін болатын. Оған ақсүйектер, ірі  феодалдар, корольдің жақын адамдары кіретін. Бұл кеңестің мүшелері уақыт өткеннен кейін абсолюттік монархияның министрлеріне айналды. Людовик XIV мемлекетті басқарған кезде мемлекеттік Кеңеске тек 6 адам кірді, олар мәжілісін тұрып өткізетін. Бір-бірімен орынға таласпау үшін король осындай тәртіпті енгізген болатын.

Жоғарғы Кеңес. Шет елдермен және әскери қызметімен байланысқан мемлекеттік кеңесшілер мен хатшылар осы кеңеске кіретін. Үлкен Кеңес. Үлкен Кеңес герцогтер, пэрлер, министрлер, мемлекеттік хатшылар, мемлекеттік кеңесшілерден тұратын. Бұл Кеңеске канцлер де кіретін. Бұл Кеңестің негізгі қызметі заңдардың жобасын талқылау, әкімшілік актілерді шығару, сот істерін атқару. Құрамы заңгерлер мен хатшылардан тұратын. Король істердің көбісі парламенттен шақыртып алып, осы кеңесте қарайтын етті. Кабинетке сот басқармасының төрағасы - канцлер, Париж Парламентінің Бас прокуроры, Бас адвокат кіретін. [1, 185б]

Информация о работе Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері