Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:36, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Франция тарихының қай кезеңін алып қарастырсақ та оның ешкімге бергісіз ұлы держава болғанын көре аламыз. Әлемнің қай түпкіріндегі болмасын болған оқиғаларға, мәселелерге Францияның қатыспаған немесе қозғаушы күші болмаған кезі болған емес. Бұл Францияның халықаралық аренадағы алатын беделді орнын дәлелдейді. Сондықтан да «Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері. Боевзи кутюмдері» атты тақырыбының өзектілігі ерекше. Бовези Кутюмдері немесе Бовез кутюмдері – ортағасырлық француз құқығының жинағы.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................ 3
1. Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері ........................ 8
Әдет – ғұрып (кутюмдер) ......................................................................... 8
. Рим құқығының нормалары .................................................................. 11
1.3. Канондық құқық нормалары .................................................................... 19
Король актілері, ордонанстары, эдикттері, бұйрықтары
және декларациялары ................................................................................... 23
Парламенттің сот тәжірибесі ................................................................. 26
Бовези кутюмдерінің пайда болуы мен мазмұны ................................. 30
Бовези кутюмдерінің пайда болу тарихы ............................................. 30
Бовези кутюмдері бойынша сот процессін ұйымдастыру
ерекшеліктері ................................................................................................. 31
Бовези кутюмдері бойынша тұлғалардың құқықтық жағдайы .......... 33
Қорытынды ....................................................................................................... 34
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ....................................................................... 35

Прикрепленные файлы: 1 файл

АПАЙ КУРСОВАЯ.doc

— 191.00 Кб (Скачать документ)

Қылмыстық құқықта қылмыстардың барлық жиынтығын үш санатқа бөлуге болады: 1) дінге қарсы қылмыстар; 2) мемлекетке қарсы қылмыстар 3) жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар. Жазалар келесі топтарға жинақталды: а) ауыр жазалар; ә) мүшелерге зақым келтіруші жазалар; б) түрмеде қамау және мерзімдік айдау жұмыстары; в) ар-ұятқа нұқсан келтіруші жазалар және айыппұл. Қылмыстық процесс екі кезеңге бөлінді: біріншісі — қылмыскерді құпия түрде іздеу және хаттамамен рәсімделетін, оны анықтауға байланысты қажетті тергеу жұмыстарын жүргізу; екіншісі — жариялы және ашық сот өндірісі. Францияның феодалдық құқығының негізгі институты болып жерге меншік құқығы табылды. Ірі жер иелену аллод, бенефиций нысанында болды. XI ғ. бенефицийлер мұрагерліктің объектісіне айналды.

Міндеттемелік құқықта  кең таралған шарттар мыналар  болды: сату — сатып алу, зайым  шарты, сыйға тарту шарты, жерді  жалға алу шарты.

Отбасы — неке қатынастары негізінен канондық құқық нормаларымен, сонымен қатар кутюмдермен және король ордонанстарымен реттелді. Некеге тұру шарттары ретінде белгілі бір жасқа толу, екі жақтың келісімі, сонымен қатар, ата-аналардың келісімі орын алды. Мұрагерлік екі нысанда жүзеге асырылады: заң бойынша (әкенің мүлкі мұрагерлерге әке туыстары бойынша берілсе, ананың мүлкі мұрагерлерге ананың туыстарына беріледі) және өсиет бойынша мұрагерлік.

Қылмыстық құқықта қылмыстардың барлық жиынтығын үш санатқа бөлуге болады: 1) дінге қарсы қылмыстар; 2) мемлекетке қарсы қылмыстар 3) жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар. Жазалар келесі топтарға жинақталды: а) ауыр жазалар; ә) мүшелерге зақым келтіруші жазалар; б) түрмеде қамау және мерзімдік айдау жұмыстары; в) ар-ұятқа нұқсан келтіруші жазалар және айыппұл.

Қылмыстық процесс екі кезеңге  бөлінді: біріншісі — қылмыскерді  құпия түрде іздеу және хаттамамен рәсімделетін, оны анықтауға байланысты қажетті тергеу жұмыстарын жүргізу; екіншісі — жариялы және ашық сот  өндірісі.

 

    1. Рим құқығының нормалары 

 

Рим құқығы — көне Римде пайда болған құқық жүйесі. Византия империясы ның құлауына дейін дамыған жүйе. Ежелгі Римде қалыптасқан құқықтық жүйе. Б.з.б. 2 ғасырдың басында Рим құқықтанушылары халықтық нормативтік тәжірибені жүйелеуге кірісе бастады. Осы ұмтылыстың нәтижесінде б.з.б. 2 ғасырдың соңында Квинт Муций Сцевола бүкіл еуропалық құқықтанудың негізі болған алғашқы бір жүйелі Рим құқығын жазып шықты. Рим құқығы азаматтық айналым субъектілерінің өзара теңдігі, бөтеннің мүлкіне қол сұқпаушылық, қоғамда қалыптасқан ережеге мұрсат берушілік, т.б. қағидаларға негізделді. Сондай-ақ норма тудыру ережесі, діни жоралғылар, халықтық басқару органдары (сенат, магистратура) қызметінің режимі, сот арқылы қорғану нысандары, шетелдіктермен қатынас қағидалары, азамат мәртебесінің өзгеру тәртібі, Рим азаматтығын беру және некеге тұру нормалары, мүліктік қатынас нормаларынан құралды. Әсіресе мүліктік қатынас нормалары басым болды. Осылайша басты қоғамдық қатынастарды реттейтін біртұтас құқықтық жүйе Рим билігі ықпал ететін Жерорта т. елдерінің негізгі заңына айналды. Рим құқығы тек бүгінгі құқықтық жүйелердің негізі ғана емес, сонымен қатар құқықты дамытудың құнды тәжірибесі болып табылады.

Ежелгі Римде  өзінің құқықтары бұзылған тұлғалар әділеттік талаптары бойынша  талап-арыз жазу негізінде қорғайтындығын тәртіпке айналдырды. Сол замандардан бастап әрбір (құқы бұзылған) Рим азаматы өзінін бұзылған немесе даулы құқын, болмаса заңды мүддесін қорғауды сұрап, сотқа жүгіне алды. Сол кездің өзінде-ақ талаптың өзі заң тұрғысынан материалдық және процессуалдық болып екіге бөлінді. Олардың біріншісінің мәні талапкердің нақтылы фактімен заң негізінде талабы қанағаттандырылуы болса, ал екіншісінің мәні — сотқа оның шешімін шығару мақсатында жолданудың заңды немесе заңсыз екендігінде болған. Сол себепті ғылыми еңбектің осындай түрінде ежелгі Рим мемлекетінде қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтың қайнар көздерін белгілеу өзекті мәселе болып табылады.

Талаптар өздерінің  құқықтық бағытына қарай: жеке және заттық болып бөлінген. Жеке талап өзінің мағынасы көрсетіп тұрғандай арнайы тұлғаға бағытталса, ал заттық болса белгілі бір мүлікке негізделген. Талаптар ерекшеліктеріне қарай: анықталған және анықталынбаған болып бөлінген. Оның біріншісі құкықты бұзған анық тұлғаға (жауапкерге) бағытталса, екіншісі кез келген күдікті адамдарға қарсы жазылған. Талаптар мазмұндарына қарай күрделі және жай болып келген. Жай талап бойынша жалғыз ғана міндет, мысалы затты қайтару болып келсе, күрделіде затты қайтарумен қоса айыппұл төлеуді және тағы басқа міндеттер атқаруды көздеген.

Рим құқығы дүниеге  келген кезінде Рим Италиядағы көбімен  бірдей кіші қауым болған еді. Рим  қауымы (civitas Roma) ұлғайған сайын өз ықпа лын Италиядағы барлық аумаққа, содан кейін Жерортатеңізіне таратып, билік астына сол уақыттағы  барлық мәдени  орталықты  жинап алды.

Сонымен қоса Рим  іштей өзгерді. Көне патриархалдық  құрылыс жойылып, ескі табиғи өнімге негізделген  шаруашылық  күрделі  экономикалық  қарым - қатынаспен алмасады. Жаңа  өмір, күшті жұмылдыруды, әр бір жеке тұлғаның қабілетін  күшеитуін талап етті. Осының барлығына сай  рим құқығы  өз сипатын жеке тұлғаның бастамасына  қарай ауыстырды: тұлғаның бостандығына, шарт және өсиет  бостандығы  рим  құқығы жүиесінің  бір қалауы болып табылды.

Осыған байланысты, пайда болатын дауларды  шешу үшін  құқық  субъектілерінің  аумақтық  немесе  ұлттық  белгісінен тәуелді болмай  қолданып  реттейтін  құқықтық норма жасау қажеттілігі туындады. Рим құқығы  объективті  қажетіліктің ықпалынан, өзіне дейін мың  жылдар бойы  қалыптасқан халықаралық қатынастың  және  халықаралық айналымдағы әдет - ғұрыптардың қасиеттерін бойына сіңдіріп  оған қол жетімділік  және  тұрақтылық  сипатын береді.            

Құқықтық жүиенің  қағидаларын әзірлеген кезде  рим юриспруденциясы  азаматтық  айналымдағы  субъектілерді өзара құрметтеу қағидасына,  тұлғаның өз мүлкіне тікелей бақылау  жасауын болдырмау, тауар және қызмет көрсетудің   алмасуы  тең болу, қоғамда орнатылған тәртіптке  сай  еркінбілдіру  бостандығы қағидаларынан  бағыт алып отырды.

Ғасырлар бойы заң ойы қалыптасып тұғыр болған рим құқығы  бүгінгі күні де құқықтық жүйе және азаматтық құқықтың теориясы  ретінде оқылып зерттеліп жатыр ондағы ұғым мен құқықтық институттар  еш бір ұлттық көріністен тәуелсіз еркін көріністе орын тапты.

Рим құқығын оқып зерттеу құқық саласында  кең теоретикалық дайындық бергеннен басқа ұғымдық аппаратты еркін қолдануға көмек. Рим құқығының көп түсініктері  қазіргі заманғы юриспруденцияда белсенді қолданылуда.  

Жария және жеке құқықты классикалық түрде шекаралау рим заңгері Ульпианның  еңбегі, ол: «Жария құқық рим мемелекетінің жағдайына жататын; ал жеке құқық жеке тұлғалардың пайдасына қатысты» деген еді, бұл кейінгі ғасырларға дейін  сақталып келді. 

Осы ұғым тұрғысынан  қарағанда жария құқық деп  тікелей мемлекеттің мүддесін қорғайтын және мемелекеттің  оның органдарының  құқықтық жағдайын анықтайтын нормаларды айтамыз.

Жеке құқық  – жеке тұлғаның басқа тұлғалармен қарым – қатынастағы  мүддесін  қорғайтын  құқықтың нормасы. Бұл саладағы құқықта мүдделі адамдардың  өздеріне қалыптасқан жағдайды белгілеуге мүмкіндік беретін нормалар басымдыққа ие. Бұл нормаларды уәкілетберуші деп таныған.

Азаматтық (цивильді) құқық. Латын тілінде “азаматтық” деген  сөзге «civilis» түсінігі  сай келеді. Бірақ ius civilе  рим құқығының  термині  өзінің мазмұны бойынша бүгінгі күнгі азаматтық құқыққа сай келмейді.                           Іus civile  терминімен тек рим азаматтарына - квириттерге қолданылған ежелгі ұлттық рим құқығын айтады, сондықтанда оны квириттік құқық дейді. ius civile

сөзінің  басқа  мағынасы халық жиналысынан кейінрек сенаттан шығатын норма деп танылды.

Рим жеке құқығының түсінігі. Ежелгі Рим мемлекетінде қалыптасқан және жеке тұлғалардың арасындағы қатынасты реттейтін  құқықтық жүйе, жеке құқық деп танылады. Рим жеке құқығының негізгі институты жеке меншік құқығы және басқа шектеулі құқықпен  заттар сондай ақ шарт міндеттеме, отбасылық пен мұрагерлік құқықтыққатынас болып табылады.

Рим құқығының  қайнар көзін құқық нормасының  көрсету нысаны ретінде  әдет-ғұрып құқығын, заңдарды, магистрлар эдиктілерін және заңгер қызметтерін қосамыз.

Әдет-ғұрып құқығы  рим құқығын танудың ең ежелгі нысаны болып табылады. Әдет-ғұрып құқығының нормасы әр-түрлі нысанда болды.  Ол ата-бабалардың  ғұрпы (mores maiorum),  әдеттегі іс-тәжірибе (usus). Мемлекет кеңіген және бекіген сайын әдет-ғұрып құқығы қанағаттандырмайтын нысан бола бастады дегенімен оның қалыптасуы бәсең болғандықтан өсіп келе жатқан сауда айналымын реттеуге қабілетсіз болса керек. Әдет-ғұрып құқығы заңдарға және басқа құқыққұрылым нысанына жол берді.

Республикалық кезеңде заңдар халық жиналысынан  туындады және ол leges аталды. Заңдар азаматтар арасындағы өзара ымыраластықтың  нәтижесі бола тұра құқықтың  өзіндігін қамтамасыз етіп басшылардың және жеке азаматтардың тарапынан озбырлыққа жол бергізбеді. Сондықтан XII  (таблица) кесте заңын қабылдау қоғам үшін маңызды деген ережелерді бір жүйеге келтіріп заң дәрежесіне жеткізу болып табылды.

Магистрат эдиктілері. «Эдикт» термині «dico» сөйлеймін деген сөзден шыққан. Сондықтан бастапқыда бұл сөз, магистраттың белгілі бір мәселелерге  ауызша жарияламасын білдірді. Кейін  эдикт республикалық магистраттар лауазымға тағайындалған кезде, дәстүрге сай бағдарламалық жолдау жасауының мағынасына ие болды, тек  жазбаша нысанда көрінді.

Заңгерлердің  қызметі. Рим жеке құқығының нормасына терең ықпалын тигізген басқа нысанның бірі ол заңгерлердің қызметі. Цицеронның еңбегінде заңгерлердің қызметі оның сипатына қарай respondere, agere, cavere, сондай-ақ scribere деген терминмен белгіленді. Respondere термині, күдік тудырған мәселелер бойынша азаматтардың сауалдарына түсініктеме және жауап беру кеңестік қызметі. Agere – дегеніміз талап беру және сот істерін жүргізу тәртібі бойынша кеңес. Cavere – дегеніміз мәміле жасасқан кезде заңдық кеңес беру, формула және түрлі жеке-құқықтық актілер (өсиет, беру актісі және т.б.) жасап беру тұлғаның мүддесін қорғау үшін жасалатын қызмет.

Әйгілі  рим заңгерлері. Римде република кезеңіндегілердің арасынан Секста Элия Пэта Катаны айтсақ II ғ. б,э.д., уақытта өмір сүрген; Марка Порция Катонаны, айтсақ «de iure civile» түсініктемесін жазған, онда тек кеңестегі жауаптар ғана емес (responsa), жалпы сипаттағы ой пікірлер жазылды. Рим құқығының тарихшысы Пампонияның айтуынша  Манилий, Юний Брут және Публий Муций, сияқты заңгерлер  цивильді құқықты жасаған. Өте кең танымалы болғандарды айтсақ олар:  Квинт Муций  Сцевола,  Аквилий Галл  және  Цицерон.

Толық құқықты  рим азаматы, бірсәтте үш жағдайда болуы  керек  болды – мәртебеге (status) ие болу деген мағына. Ол мыналарға  бөлінді:

    • status libertatis – бостандық  жағдайы;
    • status civitatus – азаматтық  жағдайымен;
    • status familiae – отбасылық жағдайымен.

Құқық қабілеттілікті  жоғалту  және  шектеу.

Римдықтар құқыққабілеттілікті  жоғалтуды  және  шектеуді келесі жағдайлармен байланыстырды:

- maxima (ең жоғарғысы)  римляндық құлға айналады, нәтижесінде  азаматтықты және отбасыдағы  жағдайды жоғалтады;

- media (орташа), римляндық  бостандықта қалады бірақ рим  азаматтығын, status civitatis және status familiae мәртебесін жоғалтады, ал заң  жүзінде отбасы мұшелігінен айырылады;

  • minima (ең төмеңгісі), дербес үй иесінен тәуелді жағдайға түсіп қалады.

Ежелгі Рим  қауымы ерікті және құлдарға бөлінді. Құлдар (servi) құқық  субъектісі болып  табылмады, тек құқықтың бір объектісі ретінде, шаруашылық заты ретінде  қарастырылды. Құлиесінің билігі шексіз болды, қожайыны құлды сата алды, жазалайтын болды. Қайта классикалық дәуірде, рим қоғамында стойкалық фәлсафаның ықпалынан құлдардың адамдық табиғаты туралы көз қарастар өзгеріп, құлдарға деген зорлықтар азая тұседі. Құлды өлтіру немесе оған зақым келтіру, көп уақыт бойы мүліктік қылмыс деп танылды. Олар заңмен танылатын неке қия алмады. Олардың балалары да, құл болып танылды.

Б.э.III ғ. экономикалық дағдарыс жағдайында тәуелді халықтың ерекше санаты пайда болады олар – колондар (coloni).  Классикалық дәуірде жерді жалға алып формалды түрде бостандыққа ие, ал  экономикалық  жағынан  жериесінен тәуелді болды.

Азаматтық жағдайы. Римнің еркін халқы құқыққабілеттілік дәрежесі бойынша үш үлкен топқа: cives, latini және peregrini бөлінді.    

Халықтың жеке санаттары Латиндар (latini) Римдықтар жаулап алған аумақта (latini coloniarii) тұратын лациум, тұрғындарын және латиндық азаматтық алғандарды атайды.

Перегриндер (peregrini) деп римдық және латиндық құқыққабілетке ие болмағандарды атайды. Кез келген перегрин рим магистратының сотына жүгіне алды. Б.э. 212 жылы Каракалла императоры  рим азаматтарына, Рим мемлекетінің барлық қауымына бостандық берді. Ius civile империяның негізгі құқықтық жүйесі болып қалыптасты.

Әрекетқабілеттілік  ұғымы. Рим құқығында 7 жасқа дейін (infantes) балалар толық әрекеткеқабілетсіз,  7 жастан 14 жасқа дейін (қыз бала 12 жасқа дейін) – impuberes дербес мәміле жасай алатындар, міндет орнатпайтын әрекеттер деп танылды. Жасы 14 тен (қыз бала 12 ден)  25 жасқа дейін тұлға жеке құқық саласында толық әрекеткеқабілетті деп танылды. Сондай – ақ  әрекетқабілеттілік шектелетін болды.

Заңды тұлғалар. Ежелгі Римде құқық субъектілері ретінде жеке тұлғалар мен қоса белгілі ұйымдар танылды. Қайнар көздер мүлікті шоғырландыратын мемлекеттік қазынаны (aerarium populi romani) заңды тұлға ретінде көрсеткен, сонымен қоса қалалық қауым муниципия (municipii), діни бірлестіктер (collegia sodalicia) жатты

Ежелгі Римде  жанұя патриахалдық түрде құралған. Онда жанұя мүшелері тек қана жанұя басшысына бағынған. Үй қожайыны әйеліне, балаларына, құлдарына және мүлікке билік еткен. Неке нысанының бар лық түрінде күйеу балаларға билік еткен.Некеге аттастыру негіз болған. Ежелде және классикалық кезеннің басында жақтар серт беріп шартқа отырады. Содан кейін аттастыру моральдық міндеттемеге айналады.

Информация о работе Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері