Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:36, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Франция тарихының қай кезеңін алып қарастырсақ та оның ешкімге бергісіз ұлы держава болғанын көре аламыз. Әлемнің қай түпкіріндегі болмасын болған оқиғаларға, мәселелерге Францияның қатыспаған немесе қозғаушы күші болмаған кезі болған емес. Бұл Францияның халықаралық аренадағы алатын беделді орнын дәлелдейді. Сондықтан да «Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері. Боевзи кутюмдері» атты тақырыбының өзектілігі ерекше. Бовези Кутюмдері немесе Бовез кутюмдері – ортағасырлық француз құқығының жинағы.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................ 3
1. Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері ........................ 8
Әдет – ғұрып (кутюмдер) ......................................................................... 8
. Рим құқығының нормалары .................................................................. 11
1.3. Канондық құқық нормалары .................................................................... 19
Король актілері, ордонанстары, эдикттері, бұйрықтары
және декларациялары ................................................................................... 23
Парламенттің сот тәжірибесі ................................................................. 26
Бовези кутюмдерінің пайда болуы мен мазмұны ................................. 30
Бовези кутюмдерінің пайда болу тарихы ............................................. 30
Бовези кутюмдері бойынша сот процессін ұйымдастыру
ерекшеліктері ................................................................................................. 31
Бовези кутюмдері бойынша тұлғалардың құқықтық жағдайы .......... 33
Қорытынды ....................................................................................................... 34
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ....................................................................... 35

Прикрепленные файлы: 1 файл

АПАЙ КУРСОВАЯ.doc

— 191.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе ................................................................................................................ 3

1. Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері ........................  8

    1. Әдет – ғұрып (кутюмдер) ......................................................................... 8
    2. . Рим құқығының нормалары .................................................................. 11

1.3. Канондық  құқық нормалары .................................................................... 19

    1. Король актілері, ордонанстары, эдикттері, бұйрықтары

және декларациялары ................................................................................... 23

    1. Парламенттің сот тәжірибесі ................................................................. 26
  1. Бовези кутюмдерінің пайда болуы мен мазмұны ................................. 30
    1. Бовези кутюмдерінің пайда болу тарихы ............................................. 30
    2. Бовези кутюмдері бойынша сот процессін ұйымдастыру

ерекшеліктері ................................................................................................. 31

    1. Бовези кутюмдері бойынша тұлғалардың құқықтық  жағдайы .......... 33

Қорытынды ....................................................................................................... 34

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ....................................................................... 35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Франция бүгінгі  таңда әлемдегі барлық саласы жағынан  жете дамыған мемлекеттері қатарында алғашқы орынды иеленіп тұр.

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Франция тарихының қай кезеңін алып қарастырсақ та оның ешкімге бергісіз ұлы держава болғанын көре аламыз. Әлемнің қай түпкіріндегі болмасын болған оқиғаларға, мәселелерге Францияның қатыспаған немесе қозғаушы күші болмаған кезі болған емес. Бұл Францияның халықаралық аренадағы алатын беделді орнын дәлелдейді. Сондықтан да «Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері. Боевзи кутюмдері» атты тақырыбының өзектілігі ерекше. Бовези Кутюмдері немесе Бовез кутюмдері – ортағасырлық француз құқығының жинағы. Ол көбінесе Францияның солтүстік – шығыс бөлігінде, Бовези провинциясында қолданылатын. Бовези кутюмдерін француз заңгері Филипп де Бомануар 1282 жылы құрастырған. Жинақтың түпнұсқасы сақталмаған; қазіргі кезде тек бірнеше жақсы сақталған тізімдер қана бар, олар бір бірлерінен тек диалект бойынш ақана ерекшеленеді.

Францияның әлемдік мемлекет пен құқыққа қосқан үлесі өте мол. Сондықтан осы елдің мемлекеті мен құқығының даму тарихына аса мән бергеніміз жөн. Себебі біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың да мемлекеттігі орнықты болып, мұндағы жағдай азаматтық соғыстарға айналмауы және ТМД елдеріндегі соңғы кездері орын алған (Грузия, Украина) теке-тірестерге ұласпауы да осындай іргелі елдердің тәжірибесін өз елімізде қолдана білуге итермелейді.

Курстық жұмыстың мақсаты: ортағасырлық Франциядағы құқықтық жағдайды жан – жақты зерттеу, оның әлемдік құқықтың дамуына оң үлес қосатын прогрессивті тұстарын белгілеу. 

Мақсатқа қол  жеткізу үшін курстық жұмыстың келесі міндеттері белгіленген:

  1. Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздерін қарастыру; олар:  әдет – ғұрып (кутюмдер), Рим құқығының нормалары, канондық құқық тың нормалары,  король актілері, ордонанстары, эдикттері, бұйрықтары және декларациялары, парламенттің сот тәжірибесі

2. Бовези кутюмдерінің пайда болуы мен мазмұнын зерттеу, атап айтқанда:  Бовези кутюмдерінің пайда болу тарихын, Бовези кутюмдері бойынша сот процессін ұйымдастыру ерекшеліктерін, Бовези кутюмдері бойынша тұлғалардың құқықтық  жағдайын қарастыру.

Францияда феодалдық  құрылыс мейлінше толық даму жолына түсті. Феодалдық Францияның тарихы үш негізгі кезеңге бөлінеді:

1) ІХ-ХІV ғғ. феодалдық  қарым-қатынастардың толық дамуы  және гүлденуі, бұл феодалдық  мемлекеттің ыдыраған кезеңі;

2) ХІV-ХVІІ ғғ. сословиелік-өкілдік монархия. Бұл  кезеңде гүлденген мемлекет бір  орталыққа бағынған болатын;

3) ХVІІ-ХVІІІ  ғғ. абсолюттік, шексіз монархия. Бұл  кезеңде негізгі қайшылықтар  қатты шиеленісіп, корольдің билігі  күшейген кезең. 

Курстық жұмыстың объектісі: ортағасырлық фрнацияның құқығының қалыптасуына қатысты қоғамдық қатынастар.

Курстық жұмыстың пәні: «Бовези Кутюмдері» деп аталатын ортағасырлық Францияның қайнар көзі болып табылатын ортағасырлық француз құқығы әдетт – ғұрыптарының жинағы.

Францияның  типтік үш кезеңі басқа да феодалдық  мемлекет тарихына тән. Бірақ Францияда  таптардың күресі мейлінше жоғары дәрежеде болғанын атап көрсеткен жөн. Натуралдық шаруашылық үстемдігі, қолөнер мен сауданың нашар дамуы Ұлы Карл империясының өркендеуіне мүмкіншілік туғызған жоқ. 843 жылы Верден қаласында құрылған шарт бойынша империя үшке бөлінді. Қазіргі Франция, Германия, Италия жерлері Қасқа Карлдің иелігіне тиді. IX ғасырда Каролингтердің франк державасының ыдырауынан пайда болған Француз корольдігі оның құрамына кіретін аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына елеулі өзгерістер енгізді. IX-XIII ғғ. Феодалдық бытыраңқылық кезеңі болып ондағы өндірістік қатынастар сол заманның таптық құрылысын айқындады. Феодалдар мен тәуелді шаруалар арасындағы қарама-қайшылықтар өрби түсті. Жер негізгі өндіріс құралы ретінде билік етуші таптың монопольды меншігі болды.

XIV-XV ғасырларда  Францияда сословиелік құрылыс  аяқталды. Соның нәтижесінде үш  ірі сословие пайда болды: шіркеу  қызметкерлері, ақсүйек дворяндар және қала тұрғындары. Бірінші сословиеге шіркеу қызметкерлері жататын. Король Рим папаларымен күресіп, XIV ғасырда оларды жеңіп шықты. Шіркеу қызметкерлері француз ұлтының бір бөлегі деп саналды және корольдің заңдары бойынша өмір сүретін болды. Шіркеудің құқығы шектелді де, юрисдикциясы азайды. Шіркеу бұрынғыдай өзінің сот иммунитетін сақтап қалды, салық ретінде өз шаруаларының табысының оннан бірін алатын. Ол мемлекет аппаратында қызмет етуден босады да, салық төлегенде белгілі бір жеңілдіктерге ие болды.

Курстық жұмысты әзірлеу барысында қолданылған әдістер: курстық жұмысты әзірлеу барысында салыстырмалы құқықтық, тарихи, қисынды және жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға көшу сынды  жалпы философиялық әдістер пайдаланылған.

Мемлекеттің екінші қоғамдық топтары - дворяндар, ақсүйектер болған. Олар бұрынғыдай өзінін сот және салықтық иммунитетін сақтады. Дворяндар жабық, консервативтік сословие болатын, олар корольдің вассалдары емес, қызметшілері болып саналатын. Тек дворяндар жерді жеке меншік ретінде иеленуге құқылы еді. Рента құқықтарының бәрі мұрагерлік жолымен берілетін. Дворяндар атақ алуға, елтаңба да иеленуге құқылы болатын. Бұдан басқа олардың сот жеңілдіктері де көп еді, мемлекетке салық төлеуден де босатылған болатын. Олардың жалғыз міндеті - корольдің әскерінде қызмет атқару. Дворяндар, герцогтер, маркиздер, графтар, виконттар дворяндар топтарына жатады. Олар әскери және мемлекеттік аппаратта жоғары қызмет орындарына ие болатын. Төменгі дворяндардың жағдайлары жұпынылау еді. Уақ дворяндардың байлығы шаруаларды қанаушылықпен тікелей байланысты десек артық емес. Сондықтан олар корольді жақтайтын, тек билігі күшті король ғана шаруаларды тәртіпте ұстай алды. [2, 167б]

XIV-XV ғасырларда үшінші  тектілі топ құрылып болды.  Бүкіл жұмыскер адамдармен қалыптасып келе жатқан буржуазия осы сословиеге жататын. Олар ақсүйектер емес, олардың жеке және мүліктік құқықтары да жоқ еді. Бұл сословие феодалдық корпоративтік сипаттағы салық төлейтін сословиеге жататын. Сонымен, Францияда үш қоғамдық топ құрылды. Әрбір топта корольдің құқығын шектейтін тектік-өкілдік орган құрылды, Бірақ олардың король билігін шектеуге ұмтылған әрекеттері толық жеңіске әкелген жоқ. Феодалдардың арасындағы қайшылықтарды пайдалана отырып, король өзінің билігін күшейте берді. XIV ғасырдан бастап Франция біріккен тұтас мемлекетке айналды. Францияның королі шексіз монарх болған жоқ.                      Ірі сеньориялар сақталды, олар корольге қарсылық көрсетіп, орталықтағы процестерді тоқтатты. [1, 179б]

Курстық жұмысты  әзірлеуге негіз болған теориялық база: курстық жұмысты әзірлеу барысында шетелдік және отандық тарихшы – ғалымдар мен саясаттанушылардың оқулықтары, монографиялары, түрлі ғылыми еңбектері пайдаланылған.

Көркем Төртінші Филипп патшалығының кезінде Францияның жері кеңейіп, патшалығының соңында Францияның көп жерлері корольдің доменіне кірді. Мемлекет сословиелік-өкілдік монархияның нысанына ие болды. Ол мемлекетті басқарған кезінде Бас штаттар деген сословиелік-өкілдік орган құрылды. XVI ғ. бастап жаңа прогрессивті капиталистік қатынастар қалыптаса бастайды. Кеме жасауда, тау-кен істерінде, металлургияда және кітап басу ісінде мануфактура қалыптасты. Парижде, Марсельде, Лионда, Бордода ірі экономикалық орталықтар бой көтерді. Тауарлық-ақшалай қатынастардың дамуы біртұтас жалпыұлттық нарықты қалыптастырды, ал капиталистік қатынастардың туындай бастауы қоғамның әлеуметтік құрылымында да өзгерістерге әкелді. Негізгі билік етуші тап – феодалдармен қатар жаңа билеуші тап өкілдері буржуазия пайда болды.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, курстық жұмыстың тақырыбын ашатын екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері 
    1. Әдет – ғұрып (кутюмдер)

Франция құқығы дамуының қайнар көздеріне көбіне әдеттер жататын. Бұл кезде жалпы құқық жүйесі Францияда әлі құрылған жоқ еді. Франция екіге бөлінетін, шекарасы Луар өзенінен өтетін. Оның оңтүстік жағасында жазбаша құқық қолданылатын еді. Бұл жерлерде рим құқығының әсері өте күшті болатын. Рим құқығын университеттерде оқылатын. Корольдердің биліктері күшейген сайын, рим құқығының да әсері күшейді. Бұл құқық жалпы әдет деп аталатын. Францияның солтүстігінде бұрыннан келе жатқан кутюм деген әдеттер қолданылатын. [1, 188б]

Сословиелік-өкілдік монархия кезінде жүйелеу процестері басталды. Кутюмдер де жазылып, жүйеленетін болды. Людовик тоғызыншы округтердегі әдеттерді бальялерге жинап, тәртіпке келтіргісі келді. Осы әдеттердің жинағы XIII ғасырда құрылған "Қасиетті Людовиктің мекемесі" деп аталатын. Ол Париж, Орлеан, Тур, Анжу, Мэн қалаларының кутюмдерін жүйеледі. Бұл заңдар корольдің жерлерінде қолданатын болды. ХІV-ХV ғасырларда ауылдардың, қалалардың және феодалдық сеньориялардың кутюмдері жарық көре бастады.

1453 жылы Карл  жетінші кутюмдерді, әдеттерді, соттың формулаларын парламентке басынан аяғына дейін жинап, бекітті. Бұл жұмысты одан кейінгілер де жалғастырды. Сонымен, заң күшін алған жергілікті кутюмдер саны 300-ден асты. Абсолютизм кезінде әдеттерді жинап шығаруға тыйым салынды.

Бірақ кутюмдер жинақтары корольдің билігі бойынша  шығарылған болса да, бүкіл мемлекет қолданатын ортақ құқық жүйесі құрылған жоқ. Құқық партикуляризм сипатын  сақтады.

Жазылған құқықтың қайнар көздеріне жарлықтар, эдиктер, ордонанстар жататын. Король билігінің актілері алдымен тек корольдің жерлеріне ғана қолданылды. XVI ғасырдан бастап корольдің актілерін Париж парламенті бекітетін тәртіп қалыптасты. Парламент бұл актілерді бекітпесе, оның заң күші болмайтын еді.

Король актілерінің  рөлі күшейе түсуіне орай XVII-XVIII ғасырларда қылмыстық құқықтың бірқатар ордонанстары шықты. Бірақ жалпы құқық жүйесі Францияда қалыптасқан жоқ. Оның құқығы да, соты да өте шиеленіскен және күрделі жағдайда болды.

     Шексіз монархия заң шығару, атқарушы және сот биліктерінің мемлекеттің мұрагер басшысы — корольдың қолына шоғырлануымен сипатталды. Бұл Бас штаттардың қызметінің тоқтатылуына алып келді, парламенттің құқықтары бірден шектелді, шіркеу толығымен корольге бағынады. [1,189б]

Мемлекеттік басқарудың орталық органдары әртүрлі кезеңдерде құрылған түрлі мекемелердің жиынтығынан құралды. Оларға мыналар жатты: Мемлекеттік кеңес — корольдың жанындағы жоғарғы кеңесуші орган; Қаржылық кеңес, Хабарламалар кеңесі, Құпия кеңес — кейбір іс санаттарын кассациялық қайта қараумен айналысты; канцлер аппараты. Бұл органдардың барлығын Қаржыларды бас басқарушы мен төрт мемлекеттік хатшылар (әскери, шетелдік, теңіз және король сарайы істері бойынша) басқарды, олардың барлығы корольмен бірлесе отырып кіші корольдық кеңесті құрады.

Жергілікті басқару. Корольдықтың аумағы генералитетке, губернаторлықтарға, диоцездерге, бальяждарға және интенданттықтарға бөлінді, олар қаржылық, әскери, шіркеулік, сот және әкімшілік мекемелердің аумақтық бөлімшелеріне сәйкес келеді. Жергілікті жердегі басқаруды интенданттар — корольдық үкіметінің аса өкілетті тұлғалары жүзеге асырды.

Францияның феодалдық  құқығының негізгі институты  болып жерге меншік құқығы табылды. Ірі жер иелену аллод, бенефиций  нысанында болды. XI ғ. бенефицийлер мұрагерліктің объектісіне айналды, X ғ. ал феод деп атала бастады.

Міндеттемелік құқықта  кең таралған шарттар мыналар  болды: сату — сатып алу, зайым  шарты, сыйға тарту шарты, жерді  жалға алу шарты.

Отбасы — неке қатынастары  негізінен канондық құқық нормаларымен, сонымен қатар котюмдермен және король ордонанстарымен реттелді. Некеге тұру шарттары  ретінде белгілі бір жасқа толу, екі жақтың келісімі, сонымен қатар, ата-аналардың келісімі орын алды. Мұрагерлік екі нысанда жүзеге асырылады: заң бойынша (әкенің мүлкі мұрагерлерге әке туыстары бойынша берілсе, ананың мүлкі мұрагерлерге ананың туыстарына беріледі) және өсиет бойынша мұрагерлік.

Информация о работе Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері