Мұсылман құқығы неке-отбасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 16:35, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ҚР Конституциясында некелік-отбасылық қатынастарға арнайы тоғызыншы тарау бөлініп, үш бірдей бап арналған, Конституцияның 50-52-53 баптарында: «Заңда белгіленген жасқа толған еркектер мен әйелдердің некелесіп, отбасын құруға құқы бар. Неке ерлі – зайыптылардың ерікті түрде келісуіне және құқылық теңдігіне негізделеді. Ата – аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың міндеті – балаларды асырау, тәрбиелеу және оқыту. Отбасы, ана, әке болу және балалық шақ қоғам мен мемлекеттің қорғауында болады» - [1] деп көрсетілген.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3

І. Мұсылман құқығы бойынша неке мен отбасы негіздері
1.1 Неке құру негіздері және түрлері...............................................................5
1.2 Неке бұзу шарттары......................................................................................9

ІІ. Мұсылман құқығы бойынша отбасы мүшелерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктері
2.1 Араб Шығысы мен мұсылман елдеріндегі мұсылман құқығы..................12
2.2 Неке шартының шетел мемлекеттеріндегі құқықтық сипаты....................16

Қорытынды.....................................................................................................22
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мусылман кукыгы-неке -отбасы.doc

— 191.50 Кб (Скачать документ)

Ер адамға туысқанына немесе сүтті қарындасына үйленуге тыйым салынады. Қосылған жағдайда олардың бір-біріне жыныстық тартылыстары өте төмен денгейде болады, олай болса келешек ұрпақтары әлсіз болу мүмкіншілігі жоғары. Қазіргі заман зерттеулеріне назар аударсақ, көптеген әлсіз балалар дәл осындай жұптардан дүниеге келетіні дәлелденген. Бұл мәселе де Исламда өте күрделілердің қатарынан.

Үйленерде атастыру рәсімі өтеді. Атастыру рәсімі шариғатқа  сәйкес – үйленетін жігіт пен  қызды бір-біріне таныстыру болып  табылады. Бұл рәсім Сүннет болып  саналады және неке қиғанға дейін орын алады. Атастыру кезінде қыздың және қамқоршысының пікірлері, қыз күйеуге тиюге келісімін береді немесе жоқ па деген сұрақтар анықталады. Екі жақтың келісімі Ислам шарттары бойынша міндетті түрде болу керек.

Некелік келісімшарт  – Аллаһ алдындағы екі жақ арасында жасасқан қасиетті келісімшарт. Келісіп жатқан тараптар өзіне Исламның барлық міндеттерін орындауға жауапкершіліктерін алатынын белгілейді.  
Белгілі болғандай, Ислам неке қию рәсіміне ерекше назар аударады. Егерде неке қию шарттарының біреуі бұзылатын болса, неке рәсімі дұрыс орындалмаған болып есептеледі және құқықтық күшіне енбеген болады. Сондықтан осындай қате қиылған некеде туылған балалар "заңнан тыс туылған" болып саналады. Осыған орай неке қию рәсіміне қатысатындар некенің қалай қиылатынын білуі шарт. Егерде төрт шарттың барлығы орындалатын болса, неке дұрыс қиылған болады. Бұл шарттар келесідей:

1. Қамқоршының  (арабшадан - уәли) болуы және оның  неке қиюға келісім беруі. Уәли ретінде басымдылық бойынша қалындықтың әкесі, атасы, ағасы, ағасының ер баласы, әкесінің ағасы және т.б. болуы мүмкін. Қалындықтың туысқандары болмаған жағдайда уәли ретінде жергілікті мешіттің имамы болуы мүмкін.

2. Қыздың келісімі.

3. Куәгерлердің  болуы. Кем дегенде екі куәгердің  болуы тиіс. Бұл мәселеде пайғамбардың (с.а.с.) айтқан сөзі бар: "Неке тек уәлидің болуымен және келісімімен және кем дегенде екі әділ куәгердің болуымен орындалады".

4. Белгілі шарттардың  ескерілуімен некелік келісімшарттың  орындалуы. Неке қию рәсімін  кез келген тілде өткізуге рұқсат берілген, бірақ бір шартты ескеру керек, ол: куәгерлер айтылып жатқан сөздерді ұғу қажеттілігі.  
Қалындықтың уәлиі мен куәгерлер келесі шарттарға сай болулары тиіс:

– олардың мұсылман болуы;

– кәмелеттік жасқа  жетуі, өз сөздері мен әрекеттеріне бақылау жасауға мүмкіншіліктері болуы, Ислам қағидаларын сақтауы;

– тұрарлық адам болуы, демек, жоғары мінез-құлыққа  сай болуы және ниеттерінде таза болуы.

Бұдан басқа  куәгерлер әлбетте есту, көру, сөйлеу қабілеттіліктеріне ие және естері дұрыс  болуы керек.

Неке қиюдың алдында жігіт әйеліне махр береді (тікелей аударғанда - төлем). Қазақ  халқының дәстүрінде барлығымыз білетіндей «қалын мал» деп аталады. Махрді көлемі аз болса да, неке кезінде белгілеу Сүннет болып саналады және оның қалындық үшін берілуі заңмен белгіленген.  
Көптеген халықтың әдет-ғұрыптарында қалың мал қалындықтың ата-анасына беріледі, ал шариғат белгілеген заңдар бойынша қалың мал тек әйелдің өзіне берілуі тиіс екендігін атап өткен орынды болады.

Мұның барлығы  жанұяда келісім мен бейбітшілік орнатуға арналған шаралар. Егерде жанұя салиқалы болса, онда қоғам да дұрыс үрдісте дамып, келісім мен тұрақтылыққа жететініне күмән болмайды. Қазіргі заманда орын алып жатқан көптеген мәселелердің шешімі табылатынына да сенім бар.  
Демек, Ислам некені өте маңызды міндеттердің бірі ретінде санайды және ерлі-зайыптылардың одағында ізгілік пен татулықты орнату үшін белгілі іс-шаралардың атқарылуын міндеттейді.

Астана қаласындағы мешіттердегі неке қию рәсіміне қатысты шарттар мен орындалу тәртібі

1.  Некесін қидыруға келген жас-жұбайлар әуелі мешіт Бас имамының атына арыз жазып, арызда неке қию күні мен уақытын көрсетуі қажет.

2.  Неке қидыртатын кісілер мен куәгерлер мешітке келер алдында ғұсыл (денені толықтай жуу) және дәрет алып, шариғат талабына сай киініп келулері керек.

3.  Некесін қидыртатын жас-жұбайлар мен куәгерлері кәлима-шаһадат сөздерін жаттап келулері тиіс.

Кәлима-шаһадат: «ЛӘ ИЛӘӘҺӘ ИЛЛАЛЛААҺУ, МУХАММАДУР РАСУУЛУЛЛААҺ».

Мағынасы: «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед (с.а.с) Оның елшісі».

4.  Қалыңдықтың көйлегі бүкіл денені жауып тұруы қажет. Қасына еріп келген ағайын-туыс пен жора-жолдастары да ұқыпты киініп, қыз-келіншектер бастарына орамал тартып келуі тиіс. Киімдері мешіт әдебіне сай болмаған жағдайда мешіт қызметкерлері ол кісіні мешітке кіргізбеуге және некесін қимауға құқылы. Өйткені, олар мешіт әдебін бұзумен қатар басқа кісілерді күнәға кіріптар етуде. Сондай-ақ, қыз-келіншектердің өз үйінен басқа жерде әуреттерін (Ханафи мәзһабында әйелдердің беті және екі қолы (білезігіне дейін) мен екі аяғынан (тобығына дейін) басқа жерлері әурет яғни ұятты жері болып есептеледі) жаппай, ашық-шашық жүруі адам түгілі періштелердің құтын қашырады.   

5. Неке қию кезінде жас-жұбайлардың ата-анасы қатысуы керек. Ата-анасы болмаған жағдайда үйдің үлкендері неке рәсімінің ішінде болулары қажет. Ата-анасы қатыса алмаған жағдайда жастардың отау құруына қарсы емес екендіктерін жазбаша түрде жазып берулері шарт.

6. Неке қию барысында өз тараптарынан куәгер болуы керек. Куәгер екі ер адам немесе бір ер адам және екі әйел адам болады. Куәгердің мұсылман болуы шарт.

7. Мешітте мұсылманша неке қию барысында жас-жұбайлар жүзік алмасып, тақпайды. Шариғат бойынша ер адамға алтын жүзік тағуына рұқсат етілмейді. Алайда, күміс жүзік тағуына болады. Ал, әйел кісіге екеуін де тағуына рұқсат етілген.

8. Мешітте жас-жұбайлар ақ некесін қиғызумен қатар жергілікті АХАЖ бөліміне барып, некеге тұрулары шарт. Өйткені, кез келген отбасылық мәселені заңдастыру үшін олардың АХАЖ бөлімінде міндетті түрде тіркелулері қажет.

9.  2010 жылдың қараша айынан бастап, неке қию рәсімі мешітте той күні атқарылмайды. Өйткені, той күні адамдар мешітке мерекелік ашық-шашық киімдерімен келуді тоқтатар емес. Сондай-ақ, ұрттап алғандар да мешіт әдебін сыйламай кіруде. Мұның барлығы мешіттің әдебіне қайшы, Алла тағала жек көретін амалдар. Сондықтан той күнінен алдын туған-туыс пен ата-ананың қатысуымен мешітке келген жас-жұбайлардың ғана некелері қиылады. Мұндағы мақсат - күллі мұсылман баласы үшін құтты мекен болған жер бетіндегі Алла үйлеріне тиісінше құрмет көрсетуді халықтың санасына сіңдіру мен ондағы жамағаттың ғибадатына кедергі келтірмеу.   

Некенің шарттары:

1. Неке қидырушылардың және куәгерлердің мұсылман болуы;

2. Өзара келісім мен ата-ана ризашылығы болуы;

3. Куәгерлердің болуы (екі ер адам немесе бір ер адам мен екі әйел кісі);

4. Неке қиғызу кезінде қалыңдыққа берілетін махр сыйлығын белгілеу.

Соңынан пайғамбарымыз (с.а.с) сүннеті бойынша неке құтпасы  оқылып, игі бата жасалады.   

Ескерту: Астана қаласындағы мешіттерде неке қию рәсімінің осы талаптарға сай өтуіне және аталмыш шараның нақты жүзеге асуын қолға алуға қаладағы барлық  мешіттердің қызметкерлері жауапты.

Сонымен, ІІ бөлімді қорыта келе мынадай ұсыныстар жасауға тура келеді: неке-бұл киелі салт. Оны бұзу – орны толмас өкініш. Сондықтан, жастар неке келісім-шартына ең алдымен жүректерімен сезініп барып отыру керек. Сонда қалған мәселелердің барлығы еш қиындықсыз өз орнына келер еді. Оның үстіне біз сөз етіп отырған неке шартында жұбайлардың дүниеге ғана қатысты құқықтары белгіленеді. Қазір атааналардың балаға да қатысты жауапкершілігін анықтайтын бөлек келісім-шарт түрлері қолданысқа ене бастады. Әрине, оның мүліктерге қатысты неке шартына қарағанда маңызы мен мәні зор болуы керек деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» заңының қабылдануынан  кейін неке шарты пәні туралы барлық күдіктер мен елестер жойылды. Бұл  құқық институты біздің заңнамамызда жаңа құбылыс болды. Оны тек жеке меншіктің бекітілуімен салыстыруға болады. Егер институттың жеке меншікті орнатуы жылжымалы мен жылжымайтын мүлікке ие болуының жолы болса, онда неке шарты – осы құқықтарды жүзеге асыруының бірден бір тәсілі. 

Неке шарттары біздің елімізде әлі көптеген себептермен  қолданысқа кең тараған жоқ. Біздің еліміздегі некеге тұрушы екі жасты бір-біріне толық сенімді деп есептейді, сондықтан, алдын-ала дәулет-мүлігін қағазға түсіруді ерсі санайды.

Неке шартты жасауың басты принципі: мұндай келісім-шарт туындаған мәселелер көптеген шешу жолдарын нұсқауларын есепке алу қажет. Мұның барлығы осы шартқа қайтып оралмау үшін керек. Біздің ойымызша, теоретикалық алғашқы неке шарты келесі өзгертулер, дәледемелер мен толықтыруларға түрткі ғана болады. Осы өзгертулер, дәледемелер мен толықтыруларға ерлі-зайыптылардың бүкіл бірлескен өмірінде жүзеге асуы керек.

Әрине, бүгінгі  неке шарты жоғары дамымаған. Айтар  болсақ, неке шартын барлық формалары  бойынша жасауға болады, ал кейін  «жабық әдістермен», ереже бойынша, криминалдық жолмен бұзуға болады. Мысалы, күйеуі өз әйеліне онымен бірге төзе алмайтындай өмір жасаса, әйелі өз құқықтарына қарамай, қашып кетеді.

Атап айтқанда, неке шарты дәл осындай жағдайда әйел үшін пана бола алады. Себебі, біріншіден, неке шарты ешбір жұбайдың құқықтары  бұзылмайтындай етіп жасалуы керек, екіншіден, оның бар болуын ешкім білмеу қажет.

Неке шарты  – едәуір тиімді құбылыс. Осындай  «есепшілдік кіре берісте» ешқандай қорқыныш жоқ. Көбісінің пікірінше, некенің өзі де есепшіл, себебі ол, ең бірінші, мүліктік қатынасты реттейді, ал кейін әлеуметтік пен сырлас қатынастарды реттейді.

Қазақстан Республикасының  «Неке және Отбасы туралы» Заңы тәжірибе кезінде әйелдердің жағында болады. Біздіңше, неке шарты - әйелдер мен  еркектердің мүдделердің бірдей дәрежеде қорғаудың ең тиімді құралы. Неке шартының институты айқынырақ түзетулерден өтіп, жаппай тәжірибеге айналатынына үміттенгіміз келеді.

«Неке шартын жасайын  ба жасамайын ба?» - деп кейбіреулер  ойланады. Қандай жағдай болса да, «Бізге неке шарты қажет пе?» деген  сұраққа жауап берудің алдында, жас жұбайлар осы құжат туралы көбірек біліп алулары керек.

Бұл сұрақты  шешу барысында  - жас жұбайларға неке шартын жасау немесе жасамау  кезінде бұл құжат оладың болашақта  ажырасуына түрткі болу мақсатында жасалмайтынын  ескеруі қажет (бірақ бұл көптеген сұрақтарды жанын ауыртпай шешуге көмектеседі).

Неке шартының маңызды функцияларың бірі – ерлі-зайыптыларға мүлік мәселелерімен байланысты ықтимал жанжалдардан құтылуға көмектеседі. Осындай жанжалдар ажырасудың қажеттілігін тудыруы мүмкін.

Неке шартының жағдайы мен шарттарының бірге  тиімді ойластырылуы  келешекте  отбасылық қарым-қатынастардың нығаюына зор әсерін тигізеді.

Негізінен шартта барлық жағдайларды көздеуге болады, біздің елде неке шарт тек мүліктік қатынастарды реттейді, ал басқа елдерде мысалы, Америк Құрама Штаттарында тек мүліктік қатынастар ғана емес және т.б. мәселелерді қозғайды.

 Қазақстандық  заңнамаларда неке шартын жасасу  тек ерлі-зайыптылардың мүліктік  қатынастарын реттеу үшін ғана  қолданылады. Сонымен бірге көптеген мемлекеттердің неке шартында жеке мүліктік емес қатынастарды реттеу көрсетілген. Мысалы, 1994 жылы АҚШ-та танымал миллиардер Билл Гейтс Мелинда Френчпен неке шартын жасасты, онда ол өзінің жылына бір демалыс күнін ашынасымен өткізетіндігі туралы айтылған. Әлем тәжірибесінде міндетті жыныстық қатынастарды қағазға түсіретін шарттар да бар.

Сонымен, неке шарты біздің елімізде көптеген себептермен әйгілі емес деген қорытындыға келдік. Себептердің ең бастысы әрі маңызды факторы болып азаматтардың және жалпы қоғамның төменгі құқықтық мәдениетінң қалыптсуында. Өйткені, бізде салт- дәстүр мен әдет ғұрып салдарынан бір-біріне деген толық сенушілік қалыптасып отбасы құрар кезде мүліктік қатынастарды қағазға түсіріп бекіту мүлдем ақылға сыйымсыз дүние болып табылады. Және бір себеп ол- республика азаматтарының әлеуметтік жағдайының төмен болуын атап көрсетуге болады. Тек бірнеше пайыз отбасы дәулетті деп айтуға болады, ал жалпы алғанда тұрмыс жағдайы ортадан төмен болып келеді.

Республикада  неке шартының дамуына таралуына, біздің ойымызша шетелдердегі тәжірібиені қолдану ең тиімді әрі тамаша мүмкіндік болатын секілді. Яғни, шартқа тек мүліктік қатынастарды ғана емес сонымен қоса ерлі-зайыптылардың жеке басының мүліктік емес қатынастарын енгізу қажет. Бұл некеге тұрушы жас азаматтарды қызықтыру салдарынан шарт жасауына және келешекте отбасылық қарым қатынастарды реттеуге үлкен түрткі болатын тәрізді.

Сол себепті, біздің заңнамаларымыз мұндай құқықтық актінің  артықшылығын ескеру керек. Неке шарты  бұл- ерлі-зайыптылар үшін реальді көмек, алдын- ала туындайтын мүліктік және мүліктік емес мәселелерді шешуге және отбасылық қатынастарды реттеуіне үлкен әсерін тигізеді. Осының салдарынан ажырасы процесі азайып, отбасылық сұрақтар жөнінде біздің заңнамамызда тәжірібие кеңейе түседі.

Информация о работе Мұсылман құқығы неке-отбасы