Мұсылман құқығы неке-отбасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 16:35, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ҚР Конституциясында некелік-отбасылық қатынастарға арнайы тоғызыншы тарау бөлініп, үш бірдей бап арналған, Конституцияның 50-52-53 баптарында: «Заңда белгіленген жасқа толған еркектер мен әйелдердің некелесіп, отбасын құруға құқы бар. Неке ерлі – зайыптылардың ерікті түрде келісуіне және құқылық теңдігіне негізделеді. Ата – аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың міндеті – балаларды асырау, тәрбиелеу және оқыту. Отбасы, ана, әке болу және балалық шақ қоғам мен мемлекеттің қорғауында болады» - [1] деп көрсетілген.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3

І. Мұсылман құқығы бойынша неке мен отбасы негіздері
1.1 Неке құру негіздері және түрлері...............................................................5
1.2 Неке бұзу шарттары......................................................................................9

ІІ. Мұсылман құқығы бойынша отбасы мүшелерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктері
2.1 Араб Шығысы мен мұсылман елдеріндегі мұсылман құқығы..................12
2.2 Неке шартының шетел мемлекеттеріндегі құқықтық сипаты....................16

Қорытынды.....................................................................................................22
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мусылман кукыгы-неке -отбасы.doc

— 191.50 Кб (Скачать документ)

Мұсылман  құқығы бойынша неке мен отбасы

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе..............................................................................................................3

 

І. Мұсылман құқығы бойынша неке мен отбасы негіздері

1.1 Неке құру  негіздері және түрлері...............................................................5

1.2 Неке бұзу  шарттары......................................................................................9

 

ІІ. Мұсылман құқығы бойынша отбасы мүшелерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктері

2.1  Араб Шығысы  мен мұсылман елдеріндегі мұсылман құқығы..................12

2.2  Неке шартының  шетел мемлекеттеріндегі құқықтық  сипаты....................16

 

Қорытынды.....................................................................................................22

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ҚР Конституциясында некелік-отбасылық қатынастарға арнайы тоғызыншы тарау бөлініп, үш бірдей бап арналған, Конституцияның 50-52-53 баптарында: «Заңда белгіленген жасқа толған еркектер мен әйелдердің некелесіп, отбасын құруға құқы бар. Неке ерлі – зайыптылардың ерікті түрде келісуіне және құқылық теңдігіне негізделеді. Ата – аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың міндеті – балаларды асырау, тәрбиелеу және оқыту. Отбасы, ана, әке болу және балалық шақ қоғам мен мемлекеттің қорғауында болады» - [1] деп көрсетілген.

Ел  Президенті Н.Назарбаев "Қазақстан-2030" Қазақстан  халқына Жолдауының ұзақ    мерзімді   басымдығында     ("Қазақстан     азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты"): "Бізге жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғыз басты аналар проблемасын шешу керек.  Егер  біз  адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз  келсе, жұбайлардың бір - бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы  жауапкершілігін  күшейте  түсуге  тиіспіз.  Ата - аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата - аналарына камқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда — еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан - жақты қорғау қажет",[2, 233 б.]- деген болатын.

       Ерлі–зайыптылардың мүліктік құқықтық қатынастары 1998 жылғы 17-ші желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңымен реттеледі [3].

Шариғат жолымен  неке қию және оның құқықтық мәселелері  
Кеңес өкіметі ыдырап кеткеннен бастап қазақ халқы және басқа да өзін мұсылман дініне жатқызатын халықтар ислам шариғатының шарттары бойынша неке қиюды жөн көрді. Көптеген адамдар мешіттерге ағыла бастады. Сол уақытта мешіттерде сауатты имамдардың тапшылығынан түрлі қиыншылықтар да орын алды.

Статистика  бойынша мұсылман елдерінде ерлі-зайыптылардың  ажырасуы өте төмен. Бұл жағдай мұсылмандардың әдет-ғұрыптарының Ислам дәстүріне  негізделетініне байланысты болғандықтан орын алып отыр. Өйткені Исламда неке қию және той жасау рәсімдері әрқашанда киелі, игі және даналық дәстүр болып саналған.

Тақырыптың  зерттелу деңгейі. Отбасылық қатынастарды құқықтық реттеудің даму тарихы, қазақ қоғамындағы отбасылық қатынастардың кұқықпен және әдет-ғұрып, діни нормаларымен реттеліну ерекшеліктері мен мәселелері белгілі отандық ғалымдар Базарбаев Б.Б., Баймаханова Д.М., Баққұлов С.Д., Баудиярова Қ.Б. Биримжанова С.Э., Ибраева А.С., Калышев А.Б., Қарашаева Ж., Карпушина Т.Д., Кенжалиев З.Ж., Мұқанова М.Ж., Жандарбек Б., Жақыпова А., Жетпісбаев  Б.А. , Зиманов С.З., Сартаев С.С., Сабикенов С.Н., Сман К.А., Сейітова Н.З., Н. Өсерұлының еңбектерінде жан-жақты зерттелініп, және шетелдік авторлардан Абашин Э.А., Антокольская М.В.,  Бондова С.Н.,  Максимович Л.Г., Нечаева А.М., Пономорев А.П., Сергунина В.М., Сосипатрова Н.Е., Шершеневич Г.Ф., редакциясы бойынша жазылған оқулықтары терең талдауларға түскен.

Курстық жұмыстың мақсаты. Мұсылман құқығы бойынша неке мен отбасы заңдарын, ҚР заңнамасы бойынша неке шартын кешенді түрде сарапқа салу және неке институтын азаматтық реттеуді жетілдіру жөнінде нақтылы тәжірибелік, теориялық маңызы бар ұсыныстар беру болып табылады. [7, 24б.].

            Осы аталған мақсатқа жету үшін ізденуші өз алдына төмендегідей міндеттерді шешуді қойып отыр:

         - мұсылман құқығы бойынша неке ұғымын және оның құқықтық реттеу обьектісі ретіндегі табиғатын;

         -Қазакстан Републикасындағы некелік қатынастардың азаматтық-құқықтық мәні және ерекшеліктерін;

         - мұсылман құқығы бойынша неке шартының шетел мемлекеттеріндегі құқықтық сипатын;

        - н мұсылман құқығы бойынша еке шартының өзгертілуі мен тоқтатылу тәртібін, мерзімін;

        - мұсылман құқығы бойынша неке шартының жарамсыздығын тану және оның құқықтық салдарын;

        - Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша  ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттерін қарастыру.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Мұсылман құқығы бойынша неке мен отбасы негіздері

1.1 Неке  құру негіздері және түрлері

 

Ғылымның қай саласы болмасын өзі зерттейтін мәселені түбегейлі түп-тамырымен тарихи тұрғыдан айқындап көрсетуге ұмтылады. Кез келген қоғамдық кұбылысты зерттеуде осы мәселе басты назарда болмаса оның даму сатыларын, не себепті бір сатыдан екіншіге немесе басқа түрге, топқа өзгергенін таба алмаған болар едік. Некелік қатынастар жайында сөз қозғамас бұрын жоғарыда айтылған қағидаға сай, ең алдымен "отбасы-неке", "неке және отбасы" деген ұғымдардың, түсініктердің қалай пайда болғанын, бір-бірінен айырмашылығы мен ара-қатынастарының калай болғанын ұғынуымыз керек. Осы ізденіс әрине, жүйелі түрде арғы-бергі тарихқа жүгініп, талдау жасауды талап етеді.

Біз дәстүрлі қазақ қоғамындағы некеге байланысты мәселелерді негізінен жазба деректер бар XIX ғасыр мен XX ғасырдың басын қосып отырып қамтимыз, бұлай ету себебіміз осы уақыт аралығында отбасында, онын ішінде әйелдерге байланысты бұрыннан келе жатқан көптеген ережелер, әдет-ғұрып заңдары қайта қаралды. Олай болуы елде экономикалық өзгерістер басталды, Ресейдің де кейбір мемлекеттік басқаруындағы өзгешеліктері қазақ қоғамына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Осыларды айта келе біздің елде үш түрлі заңды күші іс жүзінде көрінетін ережелер болды деп айта аламыз.

1. Қазақ әдет-ғұрып заңдары.

2. Шариат заңдары.

3. Ресейдің шығарған  заңдары.

Қазақ халқының әдет-ғұрпын зерттеуші ғалым Т.М. Күлтелеевтің пайымдануынша XVIII ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда халық көшпелі немесе жартылай көшпелі шаруашылық жүргізді, сондықтан жергілікті шонжарларға жазбалы шариат заңынан гөрі, бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрып заңдары тиімді болды дейді [8, 56 б.]. Әдет-ғұрыппен шариат бір-бірімен тығыз байланыста болып отырды, ал ол тікелей некелік қатынастарда қалай көрінді, енді соны байқап көрелік. Шариатта некенің тұрақты және уақытша түрлері орын алған, ал біздің елімізде ежелден осы күнге дейін жалғасып келе жатқан ол тек тұракты некенің болуы. Осы жайлы белгілі шығыстанушы ғалым Н. Өсерұлы былай деп келтіреді: "Қазақтар некесіз өмір сүруді арам санаған. Тіпті мұсылман діні рұқсат еткен "уақытша некені" де қабылдамаған" [9, 3 б]. Некеге тұрушылардың жасына келсек көп жағдайларда қыздар 13-14 жасында ұзатылып, ер балалар 15-16 жасында үйленетін болған, бұл жерде айта кететініміз ол қыздарын ерте беру немесе кеш беру ол әке-шешесінің әл-ауқатына және де ауыл арасындағы беделіне де тығыз байланысты болған. Бұл мәселеге байланысты өзінің көзқарасын Ш. Уәлиханов та кезінде қарсылық білдірген, ерте тұрмысқа шығу әйел организмін тез қартайтуға апаратынын ескерткен [10, 4]. Некені қию жайлы айтар болсақ бізде де шариаттағыдай екі куәнің көзінше молда некені қияды, бұл дәстүр әлі жалғасып келеді, қазір де мешітке барып неке қиюшылар өте көп, бірақ оның мемлекет алдында заңды күші жоқ.

Неке мәнінің өзі әйел адам мен ер адамның ерікті негізде, ерлі-зайыптылардың тендігіне негізделген одақты құруға тырысушылығы болып табылады. Ерлі-зайыптылардың бұл одағы сонымен бірге, олардың өзара сүйіспеншілігіне, құрметіне және бір-бірі үшін жаупкершілігіне негізделеді. Неке өзінің бірігіп өмір сүруге еркін білдірген екі жақтың келісіміне негізделетін шарттың ерекше түрі болып табылады.

Неке-отбасы қатынастары  құқықтық реттеуді қажет ететін аса маңызды әрі айрықша сипатқа ие қоғамдық қатынастардың ерекше бір түрі болып табылады.  Әрине, бұл қатынастардың мазмұндық сипатының айрықша болуы әуелден неке-отбасы қатынастарын құқықтық реттеумен толық қамтудың мүмкін еместігімен байланысты. Бірақ, соған қарамастан, бұл қатынастар тәуелсіз Қазақстанның тарихында арнайы құқықтық нормалармен, яғни 1998 жылғы 17 желтоқсанда қабылданған «Неке және отбасы туралы» заңмен, ал, ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік сипаттағы қатынастар Азаматтық кодекстің Жалпы бөлімінің нормаларымен реттелген болатын. Бүгінде барлық дамыған елдердегідей, Қазақстанда да неке-отбасы қатынастарын құқықтық реттеу және осы құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері мемлекеттіміздің әрдайым назарында деп айтуға болады.

1998 жылғы 17 желтоқсандағы  №321-1 «Неке және отбасы туралы»  ҚР заңының 1-бабының 1-тармағында  некеге «ерлі-зайыптылар арасында  мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ» деген анықтама берілген. Осы анықтамадан шығатыны, некеге тұрудың бірден-бір мақсаты - отбасын құру. Отбасы болса жалғыз неке емес, сол сияқты туыстықтан, бала асырап немесе тәрбиелеп алу сияқты өзге де нысандардан туындауы мүмкін. Олай болса, алғаш отбасы ұғымын анықтап алған жөн болар.

Социология тұрғысынан алғанда, отбасы қоғамымыздың ең кіші бірлігі деп айта аламыз. Осы кіші әлеуметтік бірліктердің дамуының нәтижесінде қоғам қалыптасуда. Социология тұрғыдағы отбасы ұғымын құқықтық тұрғыдан да отбасы деп тануға болады. Осы тұрғыдан алғанда отбасы өте ескіден келе жатқанына қарамастан, тарихта әртүрлі өзгерістерге ұшыраған әлеуметтік

институттардың бірі болады. Осыған орай құқықтық тұрғыдан да отбасы ұғымы әр кезеңде және әр қоғамда бірдей мағынада болмаған.

Әр қоғам өзінің тарихи даму кезеңдерінде отбасына сан түрлі анықтама берді. Оларға қысқаша тоқтала кетсек:

Ең көп тараған  отбасына берілген ұғым бір тектен тарағандарды, яғни әулетті (династия) белгілеу үшін қолданылды [11, 44 б.].

Рим құқығында болса, керісінше, отбасын анықтауда қанға негізделген байланыстың еш маңызы болмады. Адамдар бір отбасы  саналуы үшін бірге тұруы тиіс болды. Яғни, осы бірге тұратын отбасы мүшелері билігінде немесе егемендігінде болатын еді. Отбасы мүшелеріне билігі абсолютті болған.

Кеңестік кезеңде доктринада отбасын туыстық жене неке арқылы қалыптасқан адамдар бірлігі деген [12, 163б.]. Сонымен қатар, көптеген автор осыған ұқсас анықтамалар берген, мысалға, М.Сүлейменов, отбасы отбасылық немесе туыстық қатынастармен байланысты бірге тұратын және бірлесе шаруашылық жүргізетін адамдар бірлігі деген пікір айтқан [13, 284].

ҚР «Неке жене отбасы туралы»  заңында: «Отбасы - некеден, туыстықтан және бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға тиісті адамдар тобы», - делінген. Осы анықтамаға байланысты отбасы ұғымын мына төмендегідей негіздер бойынша топтастыруға болады.

Олардан ең алғаш ұғынатынымыз, бұл некемен құрылған, яғни жұбайлардың қатысуымен қалыптасқан отбасы. Осылайша, некеге тұру арқылы некеге тұрушылардың арасында «Неке және отбасы туралы» заңмен белгіленген құқықтар мен міндеттер туындап, араларында тар мағынада отбасы құрылады.

ҚР «Неке және отбасы туралы»  заңның «Неке» деп аталатын 2-бөлімінде некеге тұру, оны тіркеу, некені тоқтату, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған. Бөлімнің 6-7-тарауларында және «Отбасы мүшелерінің али-менттік қатынастары» тақырыбымен белгіленген 5-бөлімінің 18-тарауында қарастырылған. Осылайша, некемен қалыптасқан, тек жұбайлардан тұратын отбасын «тар мағынадағы отбасы» дейміз.

Келесі отбасы түрі балалар мен ата-аналардың  арасында, баланы асырап алғанда асырап алушы мен асырап алынған немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын тәрбиелеуші мен тәрбиеге алынушы арасында пайда болатын отбасы. Бұл отбасы некесіз де пайда болуы мүмкін, мысалға, некеге тұрмаған әйелдің бала тууы немесе бір еркектің бала асырап алуы, т.б. Осы отбасы түрін құқықтық тұрғыдан «орта мағынадағы отбасы» дей аламыз. Осы қатынас «Неке және отбасы туралы» заңның 3, 4-бөлімдерінде сонымен қатар, 5-бөлімнің 17-тарауында қарастырылған. Бұдан басқа, заңда тағы бір отбасы түрі қарастырылған, ол заңның 5-бөлімінің «Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндететтемелері» тақырыбымен 19-тарауында белгіленген. Бұл отбасы түрін «кең мағынада отбасы» дей аламыз. Аталған отбасына кімдердің жататынын жеке талқылайық. Олар: аға, апа, сіңлі, қарындастар (137-бап), немерелер мен ата-әжелер (138, 139-баптар), өгей ұлдар мен өгей қыздар және өгей шешесі мен өгей әкесі. Қысқаша заң тілімен айтсақ, тікелей және көлденеңінен екінші дәрежеге дейінгі қан туыстар және өгей балалар мен өгей ата-аналар арасында құрылған отбасын кең мағынада отбасы дейміз.

Информация о работе Мұсылман құқығы неке-отбасы