Мұсылман құқығы неке-отбасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 16:35, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ҚР Конституциясында некелік-отбасылық қатынастарға арнайы тоғызыншы тарау бөлініп, үш бірдей бап арналған, Конституцияның 50-52-53 баптарында: «Заңда белгіленген жасқа толған еркектер мен әйелдердің некелесіп, отбасын құруға құқы бар. Неке ерлі – зайыптылардың ерікті түрде келісуіне және құқылық теңдігіне негізделеді. Ата – аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың міндеті – балаларды асырау, тәрбиелеу және оқыту. Отбасы, ана, әке болу және балалық шақ қоғам мен мемлекеттің қорғауында болады» - [1] деп көрсетілген.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3

І. Мұсылман құқығы бойынша неке мен отбасы негіздері
1.1 Неке құру негіздері және түрлері...............................................................5
1.2 Неке бұзу шарттары......................................................................................9

ІІ. Мұсылман құқығы бойынша отбасы мүшелерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктері
2.1 Араб Шығысы мен мұсылман елдеріндегі мұсылман құқығы..................12
2.2 Неке шартының шетел мемлекеттеріндегі құқықтық сипаты....................16

Қорытынды.....................................................................................................22
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мусылман кукыгы-неке -отбасы.doc

— 191.50 Кб (Скачать документ)

Мусылмандық теория бойынша мұсылмандық құқықтың барлық нормалары Құраннан және суннадан алынған.  Мұсылман құқығын зерттеушілер бұл жерде сілтеменің мұсылмандық қүқықтың барлық нақты жағдайды қамтығандығы туралы болып отырмағандығын да атап көрсетеді. Яғни осы негізге сүйене отырып барлық істің шешімін табуға болатындығы ғана көрсетілген. Мұнан мұсылман құқығында ешқандай қайшылықтың жоқ екендігі, барлық халықта және барлық жағдайда құқықтық норма калыптастыруға болатындығы туралы тұжырым жасауға болады.

Мұсылмандық құқықтың доктриналық таңдануы оны жүйелеуде қиындық туғызғанымен, оның белгілі бір икемділікпен дамуына мүмкіндік берді. Бұл процесте діни құқықтанушы-ғалымдардың ролі біртіндеп өсе түсті.  

Мұсылман құқығына қатып қалған догма жоқ. Қандай да бір істі болмасын шариғат жолымен  шешуге болады. Мұсылман құқығының  тұтастығы мен икемділігі және күштілгі де осыдан айқын көрінеді.

Араб халифаты кезінде Бағдад қаласы үлкен мәдени орталыққа айналды. Жаулап алынған  елдерден және көрші мемлекеттерден рухани қазыналар әкелінумен бірге, бұл қалада дүниенің түкпір-түкпірінен келген ұлы ойшылдар мен ғұламалар  еңбек етті. Грек және рим өркениетінін таңдаулы өкілдері Платонның, Сократтың, Аристотельдің, Эвклидтің, Цицеронның және т. б. шығармалары араб тіліне тәржімаланып, олардың озық ойлары мұсылман елдеріне кеңінеп танылды. Мұның өзі Шығыс үлгісі мен Еуропа мәдениетінің өзара үндесіп. Шығыс саяси-құқықтық ойының дамуына жаңа серпін берді Осы кезеңде букіл әлемдік мәдениетке белгілі болған Әл- Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина (Авиценна), Ибп Рушдт және т.б өсіп жетілді. Олар ғылымның басқа салаларымен қатар саяси-құқықтық ойда да әлі күнгс дейін мәнін жоймаған ұлы шығармалар қалдырды. 

Мұсылман —  құқықтық саяси теориясындағы басты  мәселе — мүсылмандық билік пен  басқарудын арнайы түрі — халифаттық өзара байланыстар аспектілерінің мәні туралы болды. Халифаттьң анықтамасы туралы мүсылмандық мемлекеттанушы Әл-Маварди бьлай дсп жазды "Имамат — діни сенімді корғау миссиясы мен жердегі iстерді басқарудың пайғамбарлық мұрасы болып табылады"

Мұсылман саяси теориясында мүсылман мемлекеттерінің басшларын орнынан алу және сайлау туралы дәлме-дәл анықтама жоқ. Бірақ Әл-Маварди еңбектеріндс айтылғандай (сунниттік концепция бойынша жоғары азаматтық және діни билік мүрагерлік тәртіппен немесе бұрынғы билеушінің тағайын-дауымен емес, қауым мсн халифат билігіне үміткер арасындағы ерекше шарт бойынша іске асырылады. Ал шииттік саяси концепцияда халиф қауым арқылы сайланбайды, ол Алла мен пайғамбардың тікелей өкілі болып табылады. Халиф өзінің мүрагерін сайлай алады немесе пайғамбардың күйеу баласы Әли-дің тікелей ұрпақтарына мүрагерлікке қалдыра алады. Өйткені Мухаммед Пайғамбардын артында еркек жынысты ұрпак қалған жоқ еді. Ол қайтыс болғаннан кейін Әбу-Бөкір (632—634), Омар (634 644), Осман (644 -656) және Әли (656—666) халифат билігіндс болды. Әли қайтыс болғаннан кейін халифтікке Омеядтер әулетінен шықкан Муавид келді. Омеядтер әулетінің билігі 661 жылдан 750 жылға дейін созылды. 750—1253 жылдар аралығында Араб Халифатындағы билік Аббасидтер әулетіне көшті.

Әл-Маварди халифтік басқару формасының артықшылығын мемлекет басшысынын өзінің барлық іс-әрекеттерінде  мұсылмандық кұқықты (шариғатты) басшылыққа альш отыруынан, қол астындағылардың  мүддесі мен жалпы игілігін және олардың ар-ожданын қорғау істерінен  және маңызды шешімдер қабылдауда өзгелермен ақылдасып, келісіп отыруынан көреді. Халиф өзінін қол астындағылардың кез-келгенімен ақылдасуға құқылы болғанымен, бірақ іс жүзінде қарапайым мұсылмандардын пікірі есепке алынбады.

Шыққан тегі жағынан араб Аверроэсо (Ибн Рушд) өзінің философиялық жүйесін ақыл-ой негізінде құрды, сондыктан да оның ислам дінімен амалсыз соқтығысуына тура келді. Аристотельдің еңбектеріне сүйенген ол о дүниедегі өмір туралы және дүниені құдай жаратты деген діни ұғымдарды жоққа шығарды. Материя мәңгі-бақи өмір сүрудс, барлық табиғи құбылыстар және адамдардың іс-әрекеттері құдайдың қүдіретімен емес, өзінің ішкі табиғи заңдарымен жүреді деп түсіндірді ол. Табиғи заңдылықты негізге алған Ибн Рушд мемлекеттің пайда болуын құдайдың ісі емес, адамдардың жердегі тәртіпті сақтауға ұмтылуынан және адамдар арасындағы алауыздық пен қақтығыс нәтижесінде пайда болған деп есептеді. Оның ойынша адамдар арасыңдағы әлеуметтік теңсіздік те құдай ісі болып табылмайды, ол адамдар ойлап тапқан нәтиже. Әлеуметтік теңсіздікті жақтамаған Аверроэсоны мүсылман дін иелері Кордовадан аластатып, Аристотельдің енбектерін бүкіл арабтық Испанияда окуға тиым салды. 

Адамдар білімі мен ақыл-күшіне сенгенде ғана игілікті өмірге жете алады жәнс мемлекеттік  істерге араласады. Мықты іргелі білім ғана билік басындағы дін иелері мен құдайылықты ығыстырып шығаруы тиіс,— деген ой сынады.

Араб саяси  өмірінде Аверроэсодан кейін саясаттың  ислам мен және халиф билігімен  тікелей байланысы туралы мұсылмандық- құқыққа негізделген тұжырымдамалар пайда болды. Саясатты мүсылмандық дін мен мораль позициясынан қарау оны араб философиясының Араб халифаты мемлекетінін мүсылмандық-қүқықтық доктринасымен қатар зерттеуге жақындата түсті.

Әл-Фарабидің  саяси көзқарастарына ұқсас концепцияны  Ибн Сина да ұсынды. Оның саяси дүниетанымынын қалыптасуына әл-Кинди мен Әл-Фараби еңбектерінің тікелей ықпал еткені анык.  Еуропаға Авиценна деген атпен белгілі болған ол 980 жылы Бұқара қаласында дүниеге келді. Ирандағы Исфакан қаласында философия және медицина саласы бойынша тамаша білім алған Ибн Сина Орта Азия мен Иранның көптеген қалаларында болады. Дәрігерліктен басқа Шығыс елдері билеушілерінін кеңесшісі қызметіне дейін көтеріліп, саяси қайраткер ретінде белгілі болған ол билікті жүргізу тәсілдері мен "қайырымды" және "нашар" қалалардағы қоғамдық істерді ұйымдастыру.

Саясатқа деген  мұндай көзқарас онын адамгершілік мазмұнымен байланыстырылған. Бүкіл араб философиясына  тән болып келген саяси адамгерішлік мазмұны оның теориялық негізінде  болып саналады Әл-Фарабидің саясаттын  басты мақсаты бақытқа жеткізу  болып табылады деген тезисіне шын пейілмен ықылас қойған Ибн Сина мүсылман философиясы мен ойындағы ірі өкілдерінің бірі боп саналады

Мұсылман мемлекеті  басшысының құқықтық жағдайы мен  атқарушы билік формасын оның әр кезеңдегі  даму сатыларымен салыстыра отырып, белгілі саясаттанушы-ғалым Ибн Халдун мұсылман мемлекеттеріңдегі басқару формаларының классификациясын жасады.

Ибн Халдуннын  ілімі бойынша кез-келген қоғам  адамның табиғи әрекеті негізінде, олардың бір-бірін табиғи жоюы мен  агрессиясын тоқтатуға арналған "тежеу бастамасын" қажет етеді. Мұндай ықтиярсыз билік мемлекетті көсемдер басқарған тайпалардан ерекшелендіреді және халықтар бастан кеішірген және қол жеткен өркениет деңгейіні көрсеткіші больш табылады. Мемлекеттің тайпадан басты ерекшелігі — қоғам мүшелерін бағыныштылықта ұстайды және олардың еркінен тыс билік жүргізеді, барлығына міндетті заңдар шығарады, елде тәртіпті қамтамасыз етеді, салық жинайды және әскер жасақтайды.

Ибн Халдунның  пікірі бойынша мұсылман мемлекеттері өз дамуында төрт сатыдан өтті:

1      Нағыз халифалар басқарған "таза халифат"

2      Халифаттың сыртқы белгілерін сақтай отырып, біртіндеп монархияға көшуі (Омеядтар әулеті кезеңіндегі халифат)

3      Халифаттың   толық   монархияға   айналуы   (Аббасидтер 
әулеті кезкезеңіндегі халифат)

4 Біріңғай мұсылман мемлекетінің ыдырауы және арабтарды басқа халыктардың жаулап алуы (Бағдадты моңғолдардың, Мысырды османдық түріктердің жаулауы).

Ибн Халдун басқару  формасының үш түрін 1) "табиғи" монархия; 2) "саяси" монархия; 3) Халифатты атап көрсетеді.

Оның пікірінше, басқарудың бірінші формасында билік билеушінін жеке мүддесі үшін жүргізіледі, яғни "табиғи" монархия өзінін мақсатынан басқа  еш нәрсеге қатысы жоқ жеке биліктің деспоттық режимі. Бірінші формадан "саяси" монархияның ерекшелігі мұнда басқару рационалды, саналы өлшемге негізделеді, халық мүддесін корғайтын саясат жүргізіледі. Бірақ бұл кездегі билеуші саясатында діни құндылықтар ескерілмеді.

Ибн Халдун халифаттың ықтиярсыз билігі мен зорлығына  қарамастан, жоғары әділдікті қамтамасыз ететін мұсылман құқығы үшін оған басымдық береді. Өйткені, халифтің ықтиярсыз "саналы" билігі мұсылман қауымы үшін де, басқа халықтар үшін де "пайдалы іс" болып табылады. 

 

2.2 Неке шартының шетел мемлекеттеріндегі құқықтық сипаты

 

Неке – ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.

            Некеге тұрушы немесе некеде тұрған ерлі-зайыптылардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты – нотариуспен расталған, жазбаша түрде некеге тұратын немесе некеде тұрған ерлі-зайыптылардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады. [38, 14 б.]

            Ең алғаш неке шартын өмірге енгізген Еуропа да, Америка да емес. Бұл құжат ежелгі заманда пайда болған. Осыдан мыңдаған жылдар бұрын Ежелгі Греция мен Рим еркек пен әйел отбасы құрмас бұрын, мәміле жасап, онда мүліктік қатынастарын ойластырып, мұрагерлік мәселе туралы алдын-ала келісетін  болған. Бұл әрекетті еш ұят немесе ерсі деп санамаған. Христиан діні пайда болғанға дейін мұндай келісім дәріптеліп келген.

ХІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында кейбір дамыған Еуропа мемлекеттерінде (Австрия, Англия, Франция, Германия) неке шарты институттары қайта құрылған.

Франция мен  Англия неке шартын бұрыннан бері қолданылып келеді. Некеге тұрушы әйелдің туыстары некеге дейінгі мүлікпен және одан түсетін табыстарды пайдалана алды.

1882 жылға дейін  Англияда жұбайлардың «жалпы  құқыққа» (common law) байланысты ерікті болды. Күйеуге шыққан әйел өзіндік мүлікке құқығы болған жоқ. Некеден кейінгі мүліктердің барлығы күйеуінікі болады. Яғни жұбайылық мүліктері болған жоқ.

ХVІІ ғасырдан бастап, Англияда капитализмнің дамуы салдарынан «жалпы құқықтың» нормалары таптардың мүдделеріне қарама-қайшы келді.

 Осы мақсатта  «әділет соттары» (eguity) құрылып, олар  неке шарттарда әйелінің жарты  мүлкі ерінің билігінен бөлек  болды. Осы «әділет сотының»  шығарған ережелері тек отбасы  мүлкіне жатпайтын капитал түріндегі меншікке қолданылды, Сондықтан Англияда ХІХ ғасыр соңына дейін жұбайылық мүліктің екі режимі болды: «common law» - көпшілік халыққа, «eguity» - жоғары топқа арналған еді. [39, 28 б.]

1882 жылы Парламентпен  тұрмыс құрған әйелдердің меншігі  туралы заң қабылданды. Онда әйел неке шартына тұрған жағдайда ерімен мүлікті бөліскен кезде оған дейінгі сол кездегі, одан кейінгі мүлік әйелінің меншігі болып табылды және оны ол мұрагерлікке қалдыра алды.

Революцияға дейінгі  Ресейде «неке шарты» деген ұғым болған жоқ. Неке тәңірде жасалып, шіркеуде бекітілді. Бірақ сирек мұражайлық құжаттардың арасында Петр І патшаның Анна Петровна деген қызының неке шарты көрсетілген.

Ресей империясының заңгер жинағында ерлі-зайыптылардың  мүліктерін бөлу туралы қағида бекітілген, ол ерлі-зайыптылардың өздерінің жеке мүліктерін басқаруға мүмкіндік береді. Ерінде отбасын қамтамасыз ету міндеттілігі жатты. Бірақ сол кездегі Ресей империясының құрамындағы

Польшада «алдын-ала  неке шарты» деген ұғым қолданылған. Ол некеге дейін 

жасалынады, нотариалды түрде куәландырылған, неке жазу актісінде көрсетілген. Онда тек жергілікті заңдармен анықталған ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары өзгертіледі.

Кеңестік кезеңде  шіркеу өз әсерін жоя бастады, бірақ  неке шартына  деген

қатынасы өзгерген жоқ. 1918 жылы революциядан кейін Ресейде бірінші «Неке және Отбасы заңдары туралы» кодекс қабылданды.

1969 жылы Ресейдің  «Неке және Отбасы туралы кодексінде»  ерлі-зайыптылардың балаларының  және ата-аналарының отбасындағы  ара-қатынасын қатаң анықтады.

 Әр отбасы - қоғамның бір бөлігі. Ол кезде  ерлі-зайыптылардың негізгі мүлкі  қолданыстағы заттар (киім, жиһаз,  ыдыс-аяқ) болған еді, сондықтан  меншік құқығын таныған жоқ.  Бірақ кейін жеке меншіктің  және нарық қатынастарының дамуынан  жағдай қатты өзгерді.

Қазақстанда «неке  шарты» болды, бірақ мазмұны басқа  еді. Бұл шарт неке жасаудың тәртібін реттеді және әдет-ғұрыптардың негізінде  түсіндірілді. Осында келешек ерлі-зайыптылардың  ата-аналары немесе қамқоршылары келісетін  еді. Олардың мәмілесінде қалыңдыққа қалым беру көлемі (жігіт отбасының қызға төлейтін ақшасы)  көрсетілді. Оның қазіргі кездегі неке шартынан айырмашылығы - әйелінің ерінің мүлкіне, калым төленген ақшаға ешқандай құқығы болған жоқ. Құқық жағдайына қарағанда, әйелі ерінің меншігі болды, сонымен қатар ерінің өлімінен кейін әйелі қалған мүлікпен тең болды, тектік үзілмес үшін оның қандас туыстарының бірінің әйелі болды.

Неке қию (араб тілінде - "никах") Исламда жауапкершілік  пен адалдықтың, адам жаны мен жүрегінің  тынышталуына себепкер болатын игі әрекеттердің бірі болып саналады. Неке қию - адамның Аллаһ, қоғам және өзінің алдында үлкен жауапкершілікке бой ұсынуы. Бір-бірін сүйетін ер мен әйелдің өзара түсіністік, адалдық пен сабырлылық принциптерін ұстана отырып, махаббат пен тыныштықты сақтап, бір-біріне қамқорлық етуге, өмірлерін жайлы жасауға және осы махаббат пен мейірімділік ортасында өз балаларын тәрбиелеп, бақытты да берекелі отбасын құруға бағытталған жауапкершіліктің бір түрі.

Мұсылман жігітке  өз қалындығын таңдау кезінде асықпауы қажет. Ол жоғары ислами ерекшеліктерге ие, тұрақты және берекелі жанұялық өмірді қамтамасыз ететін бойжеткенді іздестіруі және тек сұлу жарды ғана таңдамай, келешек өз балаларының анасын да таңдайтындығын ұмытпауы керек. Сондықтан ол тек сұлулығына ғана қарамай, біріншіден оның дінге деген көзқарасына, ақылына және тақуалығына назар аударғаны абзал. Бұл мәселе бойынша пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.) былай деген: "Жарды таңдау кезде төрт нәрсеге көңіл аудару керек: байлығына, атағына, сұлулығына және дініне. Сен үшін абзалы дінді ұстанатын қыз, егерде керісінше болса, сен ұтыласың". Бірақ осымен қатар мінез-құлықтық ерекшеліктерін ескере отырып, қыздың сұлулығы да негізгі шарттардың біріне жататынын жоққа шығармаған.

Информация о работе Мұсылман құқығы неке-отбасы