Мұсылман құқығы неке-отбасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 16:35, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ҚР Конституциясында некелік-отбасылық қатынастарға арнайы тоғызыншы тарау бөлініп, үш бірдей бап арналған, Конституцияның 50-52-53 баптарында: «Заңда белгіленген жасқа толған еркектер мен әйелдердің некелесіп, отбасын құруға құқы бар. Неке ерлі – зайыптылардың ерікті түрде келісуіне және құқылық теңдігіне негізделеді. Ата – аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың міндеті – балаларды асырау, тәрбиелеу және оқыту. Отбасы, ана, әке болу және балалық шақ қоғам мен мемлекеттің қорғауында болады» - [1] деп көрсетілген.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3

І. Мұсылман құқығы бойынша неке мен отбасы негіздері
1.1 Неке құру негіздері және түрлері...............................................................5
1.2 Неке бұзу шарттары......................................................................................9

ІІ. Мұсылман құқығы бойынша отбасы мүшелерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктері
2.1 Араб Шығысы мен мұсылман елдеріндегі мұсылман құқығы..................12
2.2 Неке шартының шетел мемлекеттеріндегі құқықтық сипаты....................16

Қорытынды.....................................................................................................22
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мусылман кукыгы-неке -отбасы.doc

— 191.50 Кб (Скачать документ)

 «Неке және отбасы туралы» заңымызда некеге ерлі-зайыптылар арасында мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен   заңдарды   белгіленген   тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ делінген. Осы анықтамаға сәйкес некенің белгілеріне қысқаша тоқталайық:

1) Ең алғаш  екі қарсы жыныстан адамдар  болуы тиіс. Яғни, неке тек еркек пен әйелдің арасында ғана болуы мүмкін.

2) Осы еркек  пен әйел некеге тұру еркін заңда белгіленген нысанда білдіруі тиіс. Некеге тұрушылардың некеге тұруына байланысты еріктері бір-бірінің еркіне сәйкес болуы және заңда белгіленген нысанда АХАЖ бөлімінде білдірілуі тиіс. Сонымен қатар, осы ерік білдіру тек отбасын құру мақсатында болуы тиіс, ал, басқа мақсатта болса, ол жалған неке болып, жарамсыз деп тану үшін даулануы мүмкін.

3) Неке ерлі-зайыптылардың  арасында құрылған және олардың арасында мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар туғызатын кең құқықты одақ. Біздің құқығымызда некеде жұбайлардың құқықтары кең қарастырған, яғни бірінің пікірінің басымдылығы танылмаған [14, 44 б.].

Неке-отбасы құқықтық қатынастары деп некелесу, туыстық, бала асырап

алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, отбасы құқығының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастардың айрықша бір түрін айтуға болады.

          Неке-отбасы қатынастарының пайда болуының басты негіздерінің бірі ретінде некені қарастыруға болады, яғни отбасы некенің нәтижесінде пайда болады. Ал, отбасы - қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кімнің де болмасын отбасының ісіне заңсыз араласуына жол бермейді және мемлекет оны қорғайды. Әрине, некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер алады. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуінен және сондай-ақ қоғамның мүдделерінен туындайды. Сондықтан, отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сақтау қажет.

Некені заңды  түрде рәсімдеу дегеніміз оны мемлекеттік азаматтық хал актілеріндегі жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Бүл ереже неке-отбасы заңдарының негіздерінің бірі болып табылады. Бұл мән-жайдың ерекше маңызы бар. Ерлі-зайыптылардың заңдық құқы мен міндеттері неке АХАЖ органында тіркелгеннен кейін ғана ерлі-зайыптыларды қорғау туралы міндеттеме алады, оларды ерлі-зайыптылар ретінде таниды, сондай-ақ бұл отбасыға қамқорлық көрсетеді [15, 24 б.].

Некеге отырғандардың  ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жетуі міндетті. ҚР заңы бойынша некеге отыру жасы ерлер мен қыздар үшін 18 жас болып белгіленген. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады [16, 67-69 б.].

          Сонымен, ерлі-зайыптылар арасындағы құқық екі топқа: жеке құқыққа және мүліктік құқыққа бөлінеді. Жеке құқық адамның өзімен байланысты, оны одан бөліп тартып алуға болмайды. Оған тегін, мамандығын, жеке қалауы бойынша қызмет таңдау құқығы жатады. Заң бойынша әйел қыз кезіндегі тегін сақтауға немесе ерінің тегін алуға құқылы. Отбасылық өмірдегі мәселелерді шешкен кезде ерлі-зайыптылардың бірінің өз пікірін екіншісіне тануға құқығы жоқ, әйтпесе, ол жеке бостандықты шектейді. Ерлі-зайыптылардың бірінің екіншісінің мамандық, қызмет орнын таңдауын шектеуіне құқығы жоқ. Бұл мәселелер мәжбүрлеусіз, бір-бірінің бостандығы мен қадір-қасиетін құрметтей отырып шешілуі тиіс. Конституция бойынша еңбек етуіне, мамандық таңдауға, қызмет түрлерін алуға ері мен әйелі тең құқылы. Ерлі-зайыптылар сондай-ақ бірінің алдында бірі жауапты. Ол ізгілікті адами жауаптылық қана емес, сонымен бірге, заң алдындағы да жауаптылық. Заңды жауаптылық ерлі-зайыптылардың бірі көмекке (сырқаттануына, еңбек қабілетінен айырылуына байланысты, материалдық кемтарлық жағдайында және т.б.) мұқтаж болған, екіншісі көмек көрсетуден саналы түрде бас тартқан кез туады. Бұндай жағдай заң бойынша көмекке мұқтаж жағының екіншісінен алимент өндіріп алу туралы сотқа жүгіну құқығы беріледі. Іс мұқият қаралғаннан кейін мәселені сот шешеді. Кейбір жағдайда ерлі-зайыпты алимент төлеуден босатылуы мүмкін. Егер ажырасуына зайыбы кінәлі болса (аналық міндетін орындамаса, ішімдікке салынса және т.б.), онда ол алимент алу құқығынан айырылады.

 

1.2 Неке  бұзу шарттары

 

Ерлі – зайыптылардың  жәке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған білгілі бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.

Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:

ерінің қайтыс болуы;

соттың ерлі – зайыптылардың  біреуін өлді деп жариялауы;

 некенің бұзылуы  (ажырасу).

Некенің тоқтату негіздерінің тізімі толық боып табылады.  
Ері қайтыс болған немесе ерлі – зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында қалған адам жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгені бойынша АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті.  
Соттың азаматты (ерлі – зайыптылардың бірін) өлді деп жариялау жөніндегі шешімі долбараға ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ.

Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінің 31 – бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын  жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәіметтер болмаса, егер ол өім қаупі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай ішінде жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар – ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін.

Сот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сәттен бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі. Кейде қайтыс болды деп жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол ерлі – зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, ерлі – зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда, бұрынғы неке қалпына келтіріе алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен некесін тіркеуге мүмкіндік береді.

Некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу.

Ерлі – зайыптылардың  көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады.

Ажырасу арқылы некенің  тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.  
Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай – ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді.  
Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:  
АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;

кәмелетке толмаған балаларының  болмауы;

бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.

Некені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді  қажет етеді. Тіркеу некені бұзу жөніндегі  өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған шешім туралы тағы да әбден ойланып – тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не қысқартымайды.

Ерлі – зайыптылардың  өзара келісімі бойынша некені АХАТ органдарында бұзумен қатар, заң  жұбайлардың біреуінің өтініші  бойынша некенің бұзудың қарабайыр оңайлатылған тәртібін де белгілейді.  
АХАТ органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде ажырасудың себептерін анықтауға, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін мерзім беруге қақысы жоқ.

Некені сот тәртібімен бұзу.

Ол мынадай жағдайларда іске асырылады:  
ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуы;  
ерлі – зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімінің болмауы; 
егер ерлі – зайыптылардың біреуі өтініш беруден бас тартып некені бұзудан жалтарса, некені бұзу үшін мемлекеттік тіркеуге келуден бас тартса, т.б.;  
ерлі – зайыптылардың бір – біріне мүіктік талаптарының болуы.  
Некелік одақтың тұрақты болуына мемлекет мүдделік танытады. Сондықтан да соттарға заң арқылы ерлі – зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолдану міндеттері жүктелген. Бірақ, сонымен қатар татуластыру мақсат қана емес, отбасын сақтаудың амалы ғана. Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін болмаса және балаларды не жұбайларды қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса, онда сот некені бұзады.  
Егер сот неке біржолата бұзылмаған деген қорытындыға келген жағдайда, ол істі кейінге қарауға қалдырып, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін 3 айлық мерзім тағайындай алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір істің жағдайына қарай бегілейді.

Егер ерлі – зайыптыларды татуластыру шаралары нәтиже бермей және жұбайлардың біреуі некенің бұзылуын қасарыса талап ететін болса, некені бұзу іске асырылады.

Егер айырылысатын ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болып және жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы жөнінде келіспеген жағдайда, бұл мәселені сот шешеді. Сот балалардың ата – анасының біреуімен қалатындығы жөнінде не баланың ата – анасының әрқайсысымен қалатындығы жөнінде (егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады. Соның өзінде сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ғана еске алу керек. Сондай – ақ балалардың мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын қорғау мақсатында заңның 15 – бабында мындай қағида көзделген: «Әйелдің жүкті кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды».  
Айырылысатын жұбайлар ортақ мүліктерді бөлісу жөніндегі мәселені кейбір жағдайларда өздері дербес шешеді. Бірақ ерлі – зайыптылар келісімге келмеген жағдайда мүліктерді бөлуді сот іске асырады және әдетте, оларды тең бөледі. Егерде некелік шартта мүліктерді бөлісу мәселесі қарастырылған болса, онда сот мүлікті екі жақтың не бір жағының талабы бойынша осы келісімшартқа сәйкес бөледі.

 

ІІ. Мұсылман құқығы бойынша отбасы мүшелерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктері

2.1  Араб Шығысы мен мұсылман елдеріндегі мұсылман құқығы 

Мұсылман құқығы рулық-тайпалық құрылыстың ыдырау және Араб халифатында VII—X ғасырларда феодалдық қоғамның қалыптасу кезеңінде пайда  болды.

Мұсылман құқығы — шариғат VII ғасырдан бастап –ақ көрші елдерге кеңінен таралды. Негізінен жаулап алу жорықтары арқылы таралған мұсылман құқығы кейіннен Орта Азия, Завкавказье, Шығыс, Батыс және Солтүстік Африка, Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік-Шығыс және Батыс Азияда кеңінен қолданыла бастады. Мұсылман құкығы жүйесінде құран басты орын алады. Мұсылмандар үшін қасиетті болып саналатын бұл діни кітап барлық оқиғаларды түсіндіреді, адамның өмірге келуі мен өлуінс дейінгі барлық жағдайға талдау жасайды және түсінік береді.

Мұсылмандық құқықтың дінмен байланысы өзінің түбегейлі  тұжырымдамасы мен теориялық қайнар көзі негізінде басқа құқықтық нормалардан өзгешелігімен айрықшаланады. Мұндағы құқықтық діни-этикалық нормалар мазмұны жағынан әр-түрлі болғанымен, бір-бірімен сабақтас және бір-бірін толықтыра отырып, біртүтас құқыктық жүйе құрайды. Мұсылман кұқығы заң ғылымының жеке саласы емес, ол ислам ілімінің бір ғана саласы. Мұнда ислам дінінін қағидалары — шариғат — адамдардың мүддесі үшін жүзеге асуы тиіс міндетті идея ретінде көрсетілген. Шариғатты орындамаған жағдайда адам заң бұзушы болып табылады.

632 жылы Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін VIII ғасырдың басына дейін мұсылман құқығының дамуы казуальды, яғни жүйеленбеген жолмен жүрді. Мүхаммедтен кейінгі оның ізбасарлары; Әбубәкір, Омар, Оспан және Әли нақты дауларды шешкенде Құран мен суннаға сүйенеді. Егер қандай да бір сұраққа жауап табылмаған кезде олар жаңа діни қағидалар мен нормаларды қалыптастырды. Уақыт өте келе Құранда адам өмірі мен оның іс-әрекеті түгел  қамтылмайтындығы анықталды.

XI ғасырдан бастап  мұсылман қүқығының бірнеше құқыктық мектеп-ағымдары дамыды.

Оның бірі сунниттік  бағыттағы мұсылман құқығы 1. Хани-фиттік — негізін салушы Әбу Ханифа (699—767 ж.ж.) (Иран, Түркия. Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Египет); 2. Маликиттік — негізін  салушы Малика бен Анас (713—795 ж.ж.) (Солтүстік және Батыс Африка); 3. Шафиттік — негізін салушы аш-Шафий (767 -819 Ж.Ж.) (Сирия, Индонезия, Шығыс Африка); 4. Ханбалитік — негізін салушы Бен Хапбала (780—855 ж.ж.) (Арабия).

Шииттік бағыттағы  мүсылман құқығы да джафариттік, исмалиттік, зейдиттік және т.б. мектеп ағымдарға бөлінді.

Дәстүр кезеңінің  алғашқы екі-үш ғасырында мүсылман құқығының қалыптасуы негізінен  аяқталды. Доктрина іс жүзінде оның ресми қайнар көзі болып танылды. Мұсылмандык мемлекеттік құқық  муджтахидтың заң шығару билігін ресми түрде бекітті. Осы кезенде сонымсн бірге "шариғаттың үстемдігі" концепциясын жасау аяқталды. Бұл концепция казіргі кездегі "құқык үстемдігі" мсң "құқықтық мемлекет" теориясымен үндесіп жатыр. Осы концепция бойынша мемлекет басшысы өзінің билік әрекетінде муджтахидтер қалыптастырған мұсылмандық құқық нормаларына сүйенеді. Алғашқы кезде мұсылмандық-құқықтық доктринаны айқындау үшін қолданылған "фикх" термині, кейіннен мұсылмандық құқықтың объективті мағынасының қатынасында қолданыла бастады. Мұсылмандык құқықтың маманы Дж. Шахт осы жағдайды ескере отырып, мұсылман құқығы "заңгерлер құқығының тамаша үлгісі бола алады" деп атап көрсетті.

Информация о работе Мұсылман құқығы неке-отбасы