Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 17:22, курсовая работа
Қазақ халқының ел ордасы Астана қаласындағы ЖШС-нің Агропродукт жүйесі 2010 жылдан бастап барша қазақ халқына аянбай еңбек етуде. «Астана Агропродукт» деген компания - элиталық еттің сауда маркасы.Бұл ЖШС-нің өнімдері Қазақстан Республикасының атзаңынындағы белгілі кодекспен бекітіліп,өзіндік құжаттармен анықталған. Халқымызды жоғары сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешудің басты жолы алатын шикізаттарды дер кезінде ысырапсыз,шығынсыз,ұтымды,тиімді пайдалану,ал жақсы өмір қозғалысын қамтамасыз ету үшін ортамызды үнемі қажетті энергиямен,қышқылдарымен,май қышқылдарымен, минералды және қажетті заттармен, витаминдермен қамтамасыз етіп отыру. Бұл адам баласының ағзасына өте пайдалы өнімдердің қатарына жатады.Халықты жоғарғы сапалы тағамдармен қамтамасыз ету, ет және шұжық өнімдерінің басты мақсаты мен міндеттері болып табылады. Сондықтан барлық тағамдар, оның ішінде ет және шұжықты өңдегенде алынатын өнімдер барлық жағынан алға қойылған шартқа сәйкес болу керек. Ол шарт мемлекеттік стандарттарда (ГОСТ-тарда) көрсетілген.
Кіріспе. 2
1 «Астана Агропродукт » ЖШС туралы жалпы мәліметтер. 4
1.1 «Астана Агропродукт» ЖШС даму тарихы және даму перспективалары. 5
1.2 Кәсіпорынды басқару құрлымы. 6
1.3 Шығарылатын өнім ассортименті мен көлемі. 15
1.4 Шикізат базасының сипаттамасы. 19
2 Кәсіпорында дайын өнімнің сапасын басқару 21
2.1 Кәсіпорында техникалық бақылауды ұйымдастыру. 22
2.2 Өнімнің сапасын бақылау, өнімнің ақаулығын есепке алу, стандарттарды енгізу және қолдану, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру тәртібі. 25
3. Сапаны басқару, сертификаттау және метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 27
3.1Техникалық бақылау, бас метролог бөлімдері мен стандарттау бюросының жұмысы. 30
3.2 Сапа, метрология және стандарттау жөніндегі мамандардың құқықтары мен міндеттері. 32
4 Кәсіпорында стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау 34
Қорытынды 35
Қосымша А Сапа менеджменті 37
Қосымша Б Сәйкестік сертификаты 38
3.1 Техниқалық
басқару,бас метролог
Техникалық бақылау –
басқару процесінің бір бөлігі. Техникалық
бақылау кезінде біріншілік ақпарат
нормативті құжаттамаларда жазылған техникалық
талаптармен, бақылаушы үлгінің
белгілерімен, калибрлер көмегімен
белгіленген мәліметтермен
3.2 Сапа метрология
стандарттау жөніндегі
Стандарттау, сертификаттау және метрология аясында, стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша халықаралық ұйымдардың рәсімін, стандарттары мен ережелерінің алдынғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибесін зерттеп біледі және жүйелейді. Жаңа өлшеу техникасы бойынша жобаларды және жоспарлы тапсырмаларды, өндірістің тиімділігін арттыру, метрологиялық қамтамасыз етуді, өлшеу құралдары мен әдістерін, бақылау мен сынақты жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды дайындауға басшылық жасайды. Жергілікті тексеру схемаларын құрастыруды, оңтайлы мерзімділігін орнатуды және өлшеу құралдарын тексерудің күнтізбелік кестесін әзірлеуді қамтамасыз етеді. Ұйымда әзірленетін конструкторлық және басқа да техникалық, сонымен қатар басқа ұйымдардан келіп түсетін құжаттаманың метрологиялық сараптамасын жүргізу бойынша жұмысты басқарады. Өлшеу құралдарын қолданумен байланысты өндірістік процестерді автоматтандыру жөнінде жүргізілетін зерттеулерге, ұйымның бұл құралдарға қажеттілігін анықтау бойынша жұмыстарға қатысады. Заманауи өлшеу әдістері мен құралдарының енгізілуін, сонымен қатар өлшем қателіктерін бағалау бойынша жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етеді. Арнайы мақсаттағы өлшеу құралдарын жобалау мен әзірлеуге техникалық тапсырманы дайындауды ұйымдастырады. Өлшеу құралдары, сынақ пен бақылаудың айырбас қорының жинақталуын, орнатылған тәртіпте жұмыс эталондарының сақталуын, өлшеу құралдарының үлгілерін тиісті жағдайда күтіп ұстау мен жөндеуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік стандарттарды, ұйымның стандарттарын және өлшеудің нақтылығын, тексеру құралдарының әдістері мен құралдарын регламенттейтін нормалары бар басқа да нормативті-техникалық құжаттаманы ендіруге жәрдемдеседі. Қазақстан Республикасының заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілер, өндірісті стандарттау, сертификаттау және метрологиялық қамтамасыз ету бойынша әдістемелік материалдар; ұйымның ұйымдық-технологиялық құрылымының бағыты, саласы мен ерекшеліктерін, оның даму перспективасы; метрологиялық бақылау мен өндірісті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жоспарлау тәртібі мен әдістері; ұйымда және экономикалық қызмет түрінде өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру; жабдықтың жұмыс режимі мен өндірістік қуаты, техникалық сипаттамасы, құрылымдық ерекшеліктері, оларды пайдалану ережелері; ұйым өнімін өндіру технологиясының негіздері; техникалық құжаттаманы әзірлеу және рәсімдеу бойынша ережелер, нұсқаулар және өзге басқарушы материалдар; өлшеу құралдарының құрылысы және пайдалану ережелері, оларды жөндеуді ұйымдастыру; метрологиялық қамтамасыз етуді және өлшеу құралдарын жетілдіру саласында зерттеулер мен әзірлеуді жүргізу әдістері; бөтен ұйымдармен шарт жасасу тәртібі; өндірісті қамтамасыз ету мен метрологиялық бақылау, сертификаттау, стандарттау саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе; экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек пен басқару негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.
4 Кәсіпорынды метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жоспарлау
Кәсіпорынды қазіргі даму
сатысында метрологиялық қамтамасыз ету,
негізінен, дайындау процестерін жетілдіруді
қамтамасыз етуге бағытталған таза қолданбалыдан
тиімді технологиялық процестерді құрудың,
автоматтандырылған өндірістерді енгізудің,
дайын өнімнің сенімді бағалануы мен бақылануының
белсенді құралына айналды.
Бұл метрологиялық қамтамасыз
етудің нормативтік негізін құрайтын
стандарттар мен нормативтік құжаттарда
бекітілген нормалар мен ережелерді сақтауды
талап етеді. Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз
етуші Мемлекеттік Стандарт жүйесі мынандай
міндеттерді орындауға арналған: өлшемдердің
бірлігін қамтамасыз ету үшін бірдей терминдер
мен белгілеулерді, барлық жұмыстарды
орындаудың біртұтас ережелерін бекіту,
жоғарғы дәлдікпен өлшеу құралдары мен
әдістерін, физикалық өлшемдердің мемлекеттік
эталондарын жасау мен жетілдіру, метрологиялық
ережелер мен нормалардың сақталуына
үздіксіз бақылау жүргізу.
Бірліктерді көрсету
эталондар арқылы жүзеге асырылады.
Базалық стандарт болып эталондардың
міндеттері мен біліктілігін, жалпы ережелерін
бекітетін 8.057-80 стандарты саналады. Бірліктердің
өлшемдерін эталондардан өлшем құралдарына
бару алты базалық стандарттармен бекітілген.
Базалық стандарт ГОСТ 8.061-80 «ГСИ. Байқау сызбанұсқалары. Мазмұны
мен тұрғызылуы.» байқау сызбанұсқаларын
мемлекеттік – Мемлекеттік эталонмен
басқарылатын және берілген физикалық
өлшемнің барлық өлшеу құралдарын қамтитын,
мемлекетте қолданылатын; ведомстволық
– жұмыс эталонымен немесе жоғарғы қатардағы
үлгілі құралмен басқарылатын; жергілікті – үлгілік құралдармен басқарылатын
және белгілі бір мемлекеттік метрологиялық
органдарда тексерілуге жататын өлшем
құралдарына арналған. Базалық стандарттар тобымен
өлшем құралдарының метрологиялық сипаттарын
нормалау тәртібі бекітілген: ГОСТ 8.009-84,
ГОСТ 8.401-80 «ГСИ: Дәлділік кластары СИ»және т.б.
Өлшемдердің нәтижелерін
орындау мен рәсімдеу ережелері СТ ҚР 2.18-2003 базалық стандартында
бекітілген. Өлшем құралдарының бір түрлілігі
мемлекеттік сынақтар, метрологиялық
тексерістер (аттестация) бойынша базалық
стандарттармен қамтамасыз етіледі.
Сәйкестендіру Қазақстанның
метрологиялық қызметінің әлемдік қоғамдастыққа
кіруіне қажетті шарттарды жасау мен қолдау
үшін қажет.
2000 жылы Қазақстан Республикасының «Өлшемдердің
бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы
қабылданған. Бұл Заң Қазақстан Республикасындағы
өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің
құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін
бекітеді, мемлекеттік органдар, заңды
және жеке тұлғалардың арасындағы метрологиялық
қызмет аясына қатысты қарым-қатынасты
реттейді және Қазақстан Республикасының
экономикасы мен азаматтарының құқықтары
мен заңды мүдделерін дәл емес өлшемдер
нәтижелерінен қорғайды.
Метрологиялық
қамтамасыз ету - өнеркәсіптік менеджмент
жүйесінің сапасына қосылған және технологиялық
процесстен жеке бөлінген. Метрологиялық
қамтамасыз етудің маңызды кезеңі – бақылау-өлшеу
аспаптарын жөңдеу және тексеру. Ал осы
жұмыстардың көлемін бір ғана санмен жорамалдауға
болады: қысымды өлшеу мен көрсету, температура,
заттек шығынын, электрлік, физико-химиялық
және т.б. параметрлермен. ол Сапа жағынан
метрологиялық қызмет атқару бөлімінің
жабдықталуы және мамандарының жұмыс
істеуде үлкен роль атқарады. Сондықтан
бұл істердің барлықтары сапасын және
жұмыс істеу уақытын азайтуға, диапазондардың
өлшеуін кеңейту, дәлдікті көтеру мен
аспаптарды тексеру кезіндегі анық өлшеу
үшін жасалады. Өнімнің сапасы мен қызметін
жоғарлату, мемлекеттік міндет болып табылады,
ол тікелей жоғарғы сапаны қамтамасыз
ету мақсатымен, сынау, өнімдердің сертификаттарын
құру мен көрсетілетін қызмет, қадағалау
және өндіру кезіндегі өлшеу күйі мен
деңгейіне байланысты.Өлшеу нәтижесіндегі
тұтынушыларды қанағаттандыру кезінде,
өлшем бірлігі қоғамның соңғы мақсаты
болып табылады. Сапа, метрология және
стандарттау жөніндегі мамандар менеджмент
бойынша өнім сапаларының шараларын ұйымдастыру,
өнімдер, зерттеулер мен пайдаланулар,
жұмыстарды стандартизациялау, метрологиялар
және сертификаттау арқылы жоспарлау,
кәсіпорын стандарттарында қолданылатын
жүйелік тексерістер, техникалық жағдайлар
және басқа да құжаттарды қарастырады.
Менеджмент сапасы жүйелерін енгізу және
өңдеуге басшылық жасау метрологиялық
сараптамалар және жаңа өлшеу техникаларын
дайындауға жоспарлар енгізу, олар техникалық
тапсырмалардың стандарттар әзірлемелерінде
құрастырылған және сертификаттарды жүргізуге
тапсырыстар береді.Дайын өнімдерді зерттеудің
бақылауларын жүзеге асыру және материалды
ресурстар шараларына түсіру, жаңа әдістерді
енгізу, дайындау, бақылаулар және стандартталған
зерттеулер жасайды. Еліміздегі және шетелдердегі
қазіргі заманға сай тарихпен, стандарттауды,
метрологияны және квалиметрия туралы;
өнім сапаларының менеджменттері мен
қызмет көрсетулері кеңестік және шетел
жүйелері туралы; қызметтердің стандарттау
бойынша дамыған елдердегі ұйымдастыруы
туралы; стандарттау бойынша халықаралық
және аймақтық ұйымдар туралы, метрологиялар,
сертификаттау және өнімдер мен қызмет
көрсетулердің сапасы;өмір деңгейінің
өнім мен қызмет көрсету сапасымен байланысы
туралы; сапа менеджменті туралы; талдау
жүйелері туралы және оларды пайдалану;
әр түрлі салаларда қолданылатын зерттеу
жабдықтары туралы; квалиметрия, стандарттау
метрология және сертификаттау байланыстары
туралы білуі керек. Заңнамалық және
нормативті құқықтық актлер, стандарттау,
метрология және сапа менеджменті бойынша
әдістік материалдар; мемлекеттік бақылаулар
жүйелері, өнім сапаларының ведомство
аралықтары мен ведомостық бақылаулары,
стандарттар және өлшем бірліктері; өнімдердің
негізгі техникалық және констукторлық
сипаттамалары, өнеркәсіптердің технологиялық
дайындамалары мен констукторлық ұйымдастырулары,
технологиялық процесте: және өнеркәсіп
режимдері; өнеркәсіптік қуаттылықтар;
өнім сапаларын бақылау тәсілі мен әдісі,
өнімдердің технологиялық сертификатын
қарастырады.
Қорытынды
Мен 28.05.2012-30.06.2012 аралығында өткен «Астана Агропродукт » ЖШС-нің іс-тәжірибелік оқу сынағынан өттім. Мен ТОО «Астана Агропродукт » жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде оқу-танысу тәжірибесін өттім.
Оқу-танысу тәжірибе біткеннен кейін мен оны рецензиялау және қорғау үшін ұсынамын. Тәжірибе бойынша есеп мекемедегі тәжірибе жетекшілерімен тексеріліп, қолдары қойылып, мөрі басылды. Тәжірибем туралы есепті, жетекшілердің пікірі және күнделікті кафедраға тәжірибе біткен соң тапсырамын.
Тәжірибе оқу-танысу тәжірибе
процесіндегі жасалған нақты жұмыстар
және жеткен нәтижелерім мен оны
орындағанда пайдаланған
Есепке тігілді:
Менің жұмысым туралы тәжірибе жетекшісінің пікірі.
Календарлы-тематикалық жоспар.
Күнделік, мекемедегі жетекші қолы және мекеме мөрі бар.
Орындалған жұмыстар материалдары, есеп бойынша жиналған материалдар.
Жұмысты ұйымдастыру мен танысу:
Тәжірибе барысында мына міндеттерді орындадым:
- жұмыс орындарында қызмет ететін жұмыс тәртібін ұстандым, тапсырылған жұмыстарды өз бетімен орындадым, оның нәтижелеріне жауапты болдым;
- қызмет етуші ішкі тәртібін және еңбек ету тәртібін қатаң сақтадым. - бекітілген форма бойынша күнделік жүргізу, оны тексеру мен қол қою үшін күн сайын тәжірибе жетекшісіне ұсындым;
университет талаптарына сәйкес қосымша мен тәжірибенің нәтижелері туралы жазбаша есептілігін ұсындым. Сыйлы есептер мен тәжірибе бағдарламасын орындамау жағдайында, студенттер тәжірибеге сабақтан тыс уақытта тәжірибеге тағы да жолданады.
Тәжірибені өту кезіндегі міндеттерім:
- кәсіпорындағы ішкі ережені сақтадым;
- орындалатын жұмысқа жауапкершілікпен қарадым;
- жұмыс орындарында өзіндік жұмыс бойынша біліктілікті игердім;
- уақытында және толық көлемде тәжірибені өтудің календарлық жоспарын орындадым;
- бекітілген формада күнделікті жүргіздім;
- өндірістік тәжірибе аяқталуы бойынша студен кафедраға бекітілген көлемде өндірістік бағдарламаға сәйкес кафедра оқытушылары тексеруі үшін ұсындым;
- тәжірибе орнында әріптестері
жүргізген қоғамдық іс-
Менің білгенім:
- кәсіпорын құрылымымен
және жұмысшылардың
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды (бағалауды) жүргіздім;
- кәсіп орынның өнімді дайындау процесін уйрендім;
- инвестициялық жобалау тиімділігін бағаладым;
- шығындарды басқаруды, пайданы көбейту, кәсіпкерлік тәуекелділікті (операциялық леверидж) төмендетуді үйрендім;
Қосымша А
Компания қызметі этикалық және корпоративтік нормаларға сәйкес бизнесті адал жүргізуге негізделіп, өз қызметкерлері мен олардың отбасыларының, жергілікті қауымдастық пен жалпы қоғам өмірінің сапалы өзгеруіне, сонымен қатар серіктестік қатынастарды дамытуға бағытталған.
Қосымша Б
«АСТАНА АГРОПРОДУКТ» ЖШС-і 2010 жылдың қараша айында «Халал» MS 1500:2004 стандарты бойынша өндірісті сертификаттады. «АСТАНА АГРОПРОДУКТ» 2011 жылдың ақпан айында халықаралық ISO 9001:2000 стандартына сәйкестікке сапа менеджменті жүйесін сертификаттаудан сәтті өткізді. Инспекциялық тексерістерді өткізген кезде сыртқы аудиторлар компанияның барлық негізгі СМЖ үрдістерін, олардың жұмыс істеуін тексерді.
Информация о работе Кәсіпорында стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау