Экологиялық менеджмент элеметтерін метрологиялық қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 11:46, курсовая работа

Краткое описание

Экологиялық менеджмент жүйесінің саласындағы негізгі мақсат машина жасау және өндірістік үрдістерді олардың қоршаған ортаға минималды әсер ететіндей зерттеу және өзгерту болып табылады. Экологиялық менеджмент жүйесін жасау жөніндегі жұмыстар бар және потенциалды тәуекелдерді бағалауды, қоршаған ортаға тигізетін залалды азайтуға арналған өндіріс технологияларының жетілдіру жолдарын іздестіруді көздейді. Осы жүйенің мағынасы келтірілген залалды жоймай, керісінше, оның алдын алу, яғни анықталған тәуекелдерді азайтуға арналған уақытылы шараларды ұйымдастыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс.docx

— 1.21 Мб (Скачать документ)

b) аудиттердің нәтижелері  туралы ақпаратты басқаруды қамтамасыз  ету мақсатымен жоспарланған  уақыт аралығы өткен соң экологиялық  менеджмент жүйесінің ішкі аудиттерінің  жүргізілуін қамтамасыз етуі  тиіс.

Үйым тиісті операцияның(лардың) экологиялық маңызына және өткен  аудиттің(тердің) нәтижелеріне көңіл  аудара отырып, аудит бағдарламасын (ларын) жоспарлауы, белгілеуі, енгізуі  және жұмыс жағдайында ұстауы тиіс.

Ұйым:

  • аудиттерді жоспарлау мен жүргізуге қойылатын жауапкершілік пен талаптарға, нэтижелердің жазбаларына және тиісті жазбаларды сақтауға;
  • аудиттің критерийлерін анықтауға, қолданылу саласына, жүргізу жиілігі мен эдістеріне қатысты аудиттің(тердің) процедурасын(ларын) белгілеуі, енгізуі және жұмыс жагдайында ұстауы тиіс.

Аудиторларды іріктеу  және аудиттер жүргізу кезінде аудит процесінің әділеттілігі және бейтараптылығы қамтамасыз етілуі қажет.

Басшылық тарапынан талдау.

Ұйымның жоғарғы басшылығы  экологиялық менеджмент жүйесін  жоспарланғануақыт аралығы өткен  соң оның үнемі жарамды, баламалы және тиімді болуынқамтамасыз ету  үшін  талдауы тиіс. Басшылық тарапынан талдау экологиялықменеджмент жүйесін жақсартуға  арналған мүмкіндіктерді бағалауды және оныңөзгерістеріне қажеттілікті, экологиялық саясатпен, мақсаттармен және міндеттерменқоса қамтуы тиіс. Басшьшық тарапынан талдау жазбалары сақталуы тиіс.Басшылық тарапынан талдауға арналған кіріс деректері мыналарды:

 а) ішкі аудиттердің  және заңнамалық талаптарға және  ұйым келісетін басқа талаптарға  сэйкестігін бағалау нәтижелерін; 

b) шағымдармен қоса, сыртқы  мүдделі тараптардан түскен ақпаратты;

с) ұйымның экологиялық  тиімділігін;

d) мақсаттар мен міндеттерге  қол жеткізу дәрежесін;

е) түзету және алдын алу  әрекеттері статусын;

f) басшылық тарапынан  алдында жасалған талдаулардан  шыгатын кейінгі әрекеттерді;

g) ұйымның экологиялық  аспектілерімен байланысты заңнамалық  жэне басқа талаптарға енген  өзгерістерді қоса, жагдайлардың  өзгерісін;

h) жақсарту жөніндегі  ұсыныстарды қамтуы тиіс.

Басшылық тарапынан талдауга арналған кіріс деректері экологиялық  саясаттағы, мақсаттардағы және міндеттердегі  және үнемі жақсарту жөніндегі жағдаймен  байланысты экологиялық менеджмент жүйесінің басқа элементтеріндегі ықтимал өзгерістермен байланысты кез келген шешімдер мен әрекеттерді  қамтуы тиіс.

Экологиялық менеджментке таратылатын  халықаралық стандарттар экологиялық  және экономикалык мақсаттарға кол  жеткізуде ұйымдарға көмектесу  үшін менеджменттің басқа элементтерімен біріктіріле алатын экологиялық  менеджменттің тиімді жүйесінің  элементтерімен ұйымдарды қамтамасыз етуге арналған.

ҚР қолданыстағы заңнамасына  және ISO 14001 және OHSAS 18001 халықаралық  стандарттарға (3-сұлба) сәйкес:

- экологиялық және кәсіби денсаулық және қауіпсіздік менеджментінің интеграциялық жүйесін енгізу және кейіннен дамыту;

- өнеркәсіптік қауіпсіздікті, еңбекті, қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін ұдайы жақсарту және осы міндеттемелердің орындалуының бақылануын қамтамасыз ету;

- қолданыстағы технологияларды үздіксіз жақсарту мен қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға әсер ететін жаңа технологияларды әзірлеу;

- өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздіктің, еңбекті қорғаудың ең маңызды міндеттерін шешуге бағытталған бағдарламаларды жоспарлау және іске асыру;

- жобалық құжаттаманы дайындаудың сапасын жақсарту және мемлекеттік сараптама жүргізу арқылы қоршаған ортаға жаңа енгізілетін объектілерден түсетін техногендік жүктемені төмендету;

- қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, техникалық диагностика және дистанциялық бақылау әдістерін енгізудің негізінде кәсіпорын объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік пен экологиялық мониторинг талаптарының сақталуын өндірістік бақылаудың тиімділігін арттыру;

- инфрақұрылым мен өндірістік ортаны жақсарту, әлеуметтік қамтамасыз ету және өзара сыйластық пен өзара түсіністік атмосферасын құру арқылы кәсіпорын қызметкерлерінің қолайлы еңбек жағдайлары мен демалысын қамтамасыз ету;

- «ПМЗ» АҚ –да өнеркәсіптік қауіпсіздігі, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру.

 

 

3-сұлба – ISO 14001 стандартына сәйкес шаралар

 

Экологиялық менеджмент жүйесінің артықшылықтары:

  • компания беделінің өсуі
  • апат жағдайларын басқару
  • заңнамадағы өзгерістерге жеңіл бейімделу
  • бақылау органдары тарапынан айыппұлдар санын азайту
  • тендерлердегі басымдылық

Кәсіптік қауіпсіздік пен денсаулық менеджмент іжүйесі (OHSAS) денсаулық және қауіпсіздік қауіп-қатерін басқарады.

.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Метрологиялық қамтамасыздандыру  арқылы ұймдағы өлшеудің біртектілігі мен қажетті нақтылығына жету үшін техникалық жабдықтарды, ережелер мен үлгілерді қолданудың ғылыми және ұйымдастырушылық негіздерін қалыптастыруға болады.

Өндірісті дайындауды метрологиялық  тұрғыдан қамтамасыз ету  - бұйымдар өндірісінде қажетті, бұйымдар, технологиялық процестер және құрал-жабдықтар сипаттамаларының берілген дәлдігін анықтауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық шараларының комплексі.

Әлем қоғамдастығындағы  алдыңғы елдермен қатарлас деңгейге шығуға ынталана отырып Қазақстан орнықты  дамуға, қазіргі кезде халықаралық  қоғамдастық жылы қабылдайтын және кәсіпорындардың өзінің және олардың  өнімдерінің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік  беретін қазіргі заманғы экологиялық  менеджмент технологиясына көшуге ұмтылуы  тиіс.

Сапа менеджменті жүйесінің  негізін қалаушылардың бірі доктор Джуранның ұстанымы бойынша сапа тұтынушыға бейімделу және қызметкерлерді қанағаттандыру дәрежесімен айқындалуы тиіс. Сондықтан, осы тұрғыдан алғанда  кәсіпорыннның алдына қоятын стратегиялық мақсаттары тұтынушымен тығыз қарым-қатынас  орнату, инновация енгізу, шығынды  азайту, сапаны арттыру арқылы бәсекелестік бәйгесінде алға озу болып табылады.

Сонымен қорыта келе, экологиялық  менеджмент жүйесін енгізу арқылы зауыттың алатын басымдылықтары – зауыттың капиталдандыруының ұлғайуы, азаматтық  жауапкершілікті сақтандыру жөніндегі  шығыстардың әлеуеттік төмендеуін, тәуекелдерді және оларға байланысты болған шығындарды, соның ішінде экологиялық  төлемдер мен айыппұл ықпал шараларын  төмендету болып табылады.

Экологиялық менеджментке таратылатын  халықаралық стандарттар экологиялық  және экономикалык мақсаттарға кол  жеткізуде ұйымдарға көмектесу  үшін менеджменттің басқа элементтерімен біріктіріле алатын экологиялық  менеджменттің тиімді жүйесінің  элементтерімен ұйымдарды қамтамасыз ету керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Акишев. Стандарттау,сертификаттау және метрология. Оқу құралы – Астана : С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің баспаханасы, 2008. – 15 –158 б.\
  2. Жанзаков.Өзара ауыстырымдылық, стандарттау және техникалық өлшеулер. – Алматы : «Бастау» баспасы, 2008. – 262 с.\
  3. СТ РК ИСО 9000-2001 «Сапа менеджмент жүйесі. Негізгі түсініктер мен сөздік».
  4. СТ РК ИСО 14000 «Экологиялық менеджмента жүйесі».
  5. Самсаев М., Самсаев И., Жүнісбаев Б., т.б. Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу. Сапа менеджменті. – Алматы : «Бастау» баспасы, 2008. – 262 с.\
  6. Оспан Ә.Ж., Жусин Б.Т., Мұқашева Н.А. Өзара ауыстырымдылық, стандарттау және техникалық өлшеулер. Оқу құралы. – Астана : С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің баспаханасы, 2008. – 196 б.\
  7. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Машина жасау/жалпы редакциясын басқарған п.ғ.д., профессор А.Қ. Құсайынов – Алматы : Республикалық мемлекеттік Рауан баспасы, 2000. – 288 б.
  8. Мендебаев Т.М. Машина жасау технологиясы/оқулық/ - Алматы : Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті. 1999. – 450 б.
  9. Мендебаев Т.М. Машина жасау технологиясының негіздері – Оқу құралы Алматы : «ЭВЕРО» баспаханасы, 2005. – 300 б.
  10. www.memst.kz.
  11. www.pmz.kz.
  12. www.standart.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ИСО 14000 стандарттар  тізімі:

 

 

- ИСО 14001-2004. Экологиялық  менеджменттің жүйелері. Қолдану  бойынша талаптар және басшылық.

- ИСО 14004-2004. Экологиялық  менеджменттің жүйелері. Жұмыс істеуді  қамтамсыз ететін принциптер, жүйелер  және әдістер бойынша жалпы  басқарушылық.

- ИСО 14020 Экологиялық этикеткалар  и декларациялар. Негізгі принциптер.

- ИСО 14024. Экологиялық  этикеткалар и декларациялар.Өзін-өзі  декларациялайтын экологиялық өтініштер  (II типтегі экологиялық таңбалау).

- ИСО 14025 Экологиялықэтикеткалар  и декларациялар. III типтегі Экологиялық  декларациялар

- ИСО 14031 Экологиялық менеджмент. Экологиялық нәтижелілікті бағалау.  Басшылық нұсқаулар.

- ИСО 14032 Экологиялық менеджмент. Экологиялық нәтижелілікті бағалау  үлгілері.

- ИСО 14040 Экологиялық менеджмент. Өмірлік циклді бағалау. Принциптержәне  құрылымдар.

- ИСО 14041 Экологиялық менеджмент. Өмірлік циклді бағалау. Мақсаттарды  және қолдану салаларын және  түгендеу талдауларын анықтау.

- ИСО 14042 Экологиялық менеджмент. Өмірлік циклді бағалау. Өмірлік  циклдің әрекеттерін бағалау.

- ИСО 14043 Экологиялық менеджмент. Өмірлік циклді бағалау. Өмірлік  циклді түсіндіру. 

- ИСО/ТО 14047 Экологиялық менеджмент. Өмірлік циклді бағалау. ИСО  14042 қолдану үлгілері.

- ИСО/ТО 14048 Экологиялық менеджмент  Өмірлік циклді бағалау. Деректерді  құжатпен ұсыну форматы. 

- ИСО/ТО 14049 Экологиялық менеджмент. Өмірлік циклді бағалау. Мақсаттарды,  қолдану салаларын және түгендеу  талдауларын анықтау үшін ИСО  14041 қолдану үлгілері.

- ИСО/ТО 14062 Экологиялық менеджмент. Өнімді жобалау және әзірлеу  процесіне экологиялық аспектілерді  біріктіру. 

- ISO 14050 Глоссариялар

- ISO 14060 Өнімдердегі стандарттарға  экологиялық аспектілерді есепке  алу жөніндегі басшылық.

- ИСО 19011 Сапа менеджменті  жүйесінің аудиті және/немесе  экологиялық менеджмент жүйесі  бойынша басшылық нұсқаулар.

 


Информация о работе Экологиялық менеджмент элеметтерін метрологиялық қамтамасыз ету