Экологиялық менеджмент элеметтерін метрологиялық қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 11:46, курсовая работа

Краткое описание

Экологиялық менеджмент жүйесінің саласындағы негізгі мақсат машина жасау және өндірістік үрдістерді олардың қоршаған ортаға минималды әсер ететіндей зерттеу және өзгерту болып табылады. Экологиялық менеджмент жүйесін жасау жөніндегі жұмыстар бар және потенциалды тәуекелдерді бағалауды, қоршаған ортаға тигізетін залалды азайтуға арналған өндіріс технологияларының жетілдіру жолдарын іздестіруді көздейді. Осы жүйенің мағынасы келтірілген залалды жоймай, керісінше, оның алдын алу, яғни анықталған тәуекелдерді азайтуға арналған уақытылы шараларды ұйымдастыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс.docx

— 1.21 Мб (Скачать документ)

Өндірісті дайындауды метрологиялық  тұрғыдан қамтамасыз етуге әдістемелік  басшылық мемлекеттік және мекемелік  метрологиялық қызмет органдары  арқылы жүргізіледі.

Өндірісті дайындау процесінде  құрастырылған, өлшеу дәлдігінің нормаларын, әдістерін, құралдарын, өлшеуді дайындау және жүргізу жағдайларын, сонымен қатар өлшеу дәлдігінің көрсеткіштерін реттейтін, нормативтік-техникалық, конструукторлық және технологиялық құжаттар міндетті түрде метрологиялық бақылауға немесе сараптауға түсуі тиіс.

Нормативтік-техникалық, конструкторлық және технологиялық құжаттарға метрологиялық  бақылау немесе сараптау, осы құжаттарда көрсетілген, мемлекеттік стандарттау  мен басқа да нормативтік құжаттар талаптарына өлшеудің дәлдік нормаларының, әдістерінің, құралдарының, өлшеуді  орындау орындау жағдайларының, өлшеу нәтижелерін өңдеудің, өлшеудің дәлдік көрсеткіштерінің сәйкестігін  орнату мақсатында жүргізіледі.

Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің техникалық негіздері:

- ең жоғарғы дәлдіктер  бірлігін алуды қамтамысыз ететін  физикалық шамалар бірліктерінің  мемлекеттік эталондар жүйесі;

- ғылыми зерттеу және қызметтің басқа да түрлері кезінде өнімдер, техникалық процесстер және материалдық өндіріс ортасындағы басқа да обьектілерінің сипаттамасын қажетті дәлдікпен қамтамасыз ететін жұмыс өлшеу құралдарын құрастыру, өндірістен шығару және айналымға жіберу жүйесі;

- үлгілік өлшеу құралдары жєне басқа тексеру құралдарының көмегі арқылы барлық өлшеу құралдарына эталондардан физикалық шамалар бірліктерінің өлшемдерін беру жүйесі;

- құрастыру жєне айналымға  шығару кезінде өлшеу құралдардың  біркелкілігін қамтамасыз ететін  өлшеу құралдардың міндетті мемлекеттік  сынау жүйесі;

- дайындау, пайдалану және  жөндеу кезінде өлшеу құралдардың  біркелкілігін қамтамасыз ететін  өлшеу құралдары міндетті мемлекеттік  және мемлекеттік және мекемелік  тексерістер немесе метролгиялық аттестаттау жүйесі;

- заттар мен материалдардың  құрамдары мен қасиеттерін сипаттайтын  шамалар бірліктерін алуды қамтамасыз  ететін стандарттық үлгілер жүйесі;

- ғылыми зерттеу, техникалық  процесстер және бұйымдар конституциясын  құрастыру, материалдарды алу  және пайдалану прцестерін нақты,  анық мәліметтермен қамтамасыз  ететін заттар мен материалдырдың  қасиеттері туралы стандартты  анықтық жүйесі.

Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің ұйымдастыру негізі – ҚР-ның метрологиялық қызметі. Өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік өлшеу жүйесі (МӨЖ) – бұл өлшеу дәлдігін қамтамасыз ету және бағалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу әдістемесін, анықтамалардың стандарттарымен белгіленген өзара байланысқан ережелер, баптар, талартар және нормалар комплексі.

Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі  мақсаттары болып табылады:

- өнімнің сапасын, өндірісті басқару тиімділігін және өндіріс процестерін қолдану;

- бөлшектерді, байланыс түйіндерінің және агрегаттардың өзара алмастырушылығын қамтамасыз ету;

- ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік - конструкторлық жұмыстардың, тәжірибелер мен сынақтардың тиімділігін арттыру;

- есепке алудың шынайылығын қамтамасыз ету ;

- транспортты жүргізуді автоматизациялау деңгейін және оның қозғалысының қауіпсіздігін жоғарлату;

- байланыстың жоғары сапасын және сенімділігін қамтамасыз ету;

-т ұтынушыны қорғау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Экологиялық менеджмент жүйесі

 

 

2.1 ИСО 14001 сериясының стандарттарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесі

 

Өндірістік компанияларының  басым бөлігінің пікірінше, экологиялық  менеджмент дегеніміз – тек қана кәсіпорын жұмыс істеген кезде, оның ішінде құрылыс кезінде, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, табиғатты  өндірістік үрдісінің жағымсыз әсерінен қорғау. Дегенімен, экологиялық менеджмент дегеніміз одан толығырақ, экологиялық  өндіріске бағытталу және адам тарапынан  экологиялық мәдениет деген мағынаны білдіретін ұғым.

Экологиялық үрдістерді басқару  мәселесі барлық қоршаған ортаны қорғау әдістерін іздестіргенде ерекше өзектілікке жетеді. «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ ISO 14001 сериясының стандарттарына сәйкес экологиялық  менеджмент жүйесін еңгізуге шешім  қабылдаған бірнеше қазақстандық машина жасау зауыттарының тізіміне кіреді.

Экологиялық менеджмент жүйесінің  саласындағы негізгі мақсат машина жасау және өндірістік үрдістерді олардың  қоршаған ортаға минималды әсер ететіндей  зерттеу және өзгерту болып табылады. Экологиялық менеджмент жүйесін  жасау жөніндегі жұмыстар бар  және потенциалды тәуекелдерді бағалауды, қоршаған ортаға тигізетін залалды  азайтуға арналған өндіріс технологияларының  жетілдіру жолдарын іздестіруді  көздейді. Осы жүйенің мағынасы келтірілген  залалды жоймай, керісінше, оның алдын  алу, яғни анықталған тәуекелдерді азайтуға арналған уақытылы шараларды ұйымдастыру.

Экологиялық менеджмент жүйесі «Павлодар машина жасау зауыты»  АҚ зауытына:

- өндірістік шығындарды, ресурстарды (электр құатын, шикізат  өнімдерін және т.б.) үнемдеу арқылы  азайтуға;

- көрсетілетін қызметтердің  және өндірілетін өнімдердің  сапасын арттыруға;

- қалдықтарды пайдалану  жүйесін оңтайландыруға және  т.б. мүмкіндік береді.

Төменде ИСО 14001стандарттармен талап етілген құжаттардың тізімі берілген:

1) экология саласындағы  экологиялық саясат, мақсаттар, міндеттер  және бағдарламалар;

2) қолдану саласындағы  сипаттама;

3) жүйенің негізгі  элементтерінің және олардың  өзара әрекеттерінің сипаттамасы;

4) міндеттерді,  жауапкершіліктерді және өкілеттікті  бөлу (тәртіп түрінде ол әкімшілік  және инженерлік қызметтерді,  негізгі және қосалқы бөлімшелерді  –цехтарды, учаскелерді, өндірістік алаңдарды көрсетумен ұйымдастырылған құрылымболуы мүмкін );

5) экологиялық аспектілер;

6) құжаттандырылған процедуралар:

    • құжаттарды басқару;
    • істерді басқары;
    • апаттық жағдайларға дайындық және оларды назарға алу;
    • мониторинг және өлшеу;
    • қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкестігін бағалау;
    • жазбаларды басқару;
    • ішкі аудиттар;
    • сәйкес еместерді басқару;
    • түзетуші әрекеттер;
    • ескертетін әрекеттер;
    • басшылық тарапынан талдау.

7) тиімді жоспарлауды, прпоцестерді іске асыру және олармен басқаруды қамтамсыз ету үшін ұйымдастыруға қажет құжаттар;

8) жазбалар:

- шағымдар;

- қызметкердің құзыреттілігі;

- процестердің мониторингі;

- инспекциялар, техникалық қызмет көрсету, мөлшерлеу;

- мердігерлер және жеткізушілер;

- жазатайым оқиғаларды  тексеру жөніндегі есептер;

- штаттан тыс жағдайларға дайындықты тексеру;

- аудиторлардың қорытындысы;

- басшылық тарапынан талдау;

- ақпаратпен ішкі алмасу  туралы шешім;

- заңнаманы қолдану;

- маңызды экологиялық  аспектілер;

- экологиялық проблемалар  бойынша кездесулер;

- экологиялық нәтижелілік  туралы ақпарат;

- заңнамаға сәйкестікті  растау;

- мүдделі траптармен ақпарат  алмасу.

 

2.2 Экологиялық  менеджмент жүйесін қолдану жөніндегі  талаптар мен басшылық

 

Әр түрлі ұйымдар өзінің экологиялық саясаты мен экологиялық  мақсаттарын есепке ала отырып коршаған ортаға қызметінің, өнімінің және қызмет көрсетуінің нәтижелерінің әсер етуін бақылау арқылы экологиялық  тиімділікке қол жеткізуге және оны көрсетуге барынша мүдделі  бола бастады. Бұл заңнаманы қатаңдандыру, экономикалық саясат пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған басқа да шараларды  дамыту, сондай-ақ қоршаған орта мәселелеріне мүдделі тараптардың назарының көтеріңкі болу және түрақты даму шарттарымен жүзеге асырылады.

Көптеген ұйымдар экологиялық  тиімділігін бағалау үшін экологиялық  «талдау» немесе «аудиттер» жүргізеді. Дегенмен өздігінен осы «талдаулар»  мен «аудиттер» ұйымның өзінің экологиялық  тиімділігі заңнамада қарастырылған  талаптар мен экологиялық саясатына  жауап беріп қана қоймай, болашақта  оларға сәйкес келетініне сенімділікпен  қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Тиімділігін  камтамасыз ету үшін «талдаулар»  мен «аудиттер» менеджмент жүйесі аясында  жүргізілуі және ұйымның жалпы экімшілік  кызметімен біртұтас бірігуі тиіс.

Экологиялық менеджментке таратылатын  халықаралық стандарттар экологиялық  және экономикалык мақсаттарға кол  жеткізуде ұйымдарға көмектесу  үшін менеджменттің басқа элементтерімен біріктіріле алатын экологиялық  менеджменттің тиімді жүйесінің  элементтерімен ұйымдарды қамтамасыз етуге арналған.

Осы стандарттар басқа  халықаралық стандарттар сияқты саудадағы тарифсіз кедергілерді жасау  мақсатында пайдалагуға не ұйымның  қүқықтық міндеттемелерін қатаңдандыруға немесе өзгертуге арналмаған.

Осы стандарт ұйымның заңнамалық талаптарды және маңызды.

2008 жылдан бастап енгізілген  және ISO 14001:2004 халықаралық стандартына  сәйкес қалыптасқан «Павлодар  машина жасау зауыты» АҚ экологиялық  менеджмент жүйесі (бұдан әрі-ЭМЖ)  зауыттың экологиялық саясатына  сәйкес барлық экологиялық көрсеткіштер  бойынша жақсартуға қол жеткізді.

ЭМЖ негізгі нормативтік  құжаттары «Экологиялық менеджмент жүйесі жөніндегі басшылық» және «Экологиялық менеджмент жүйесін жоспарлауды  басқару» стандарты болып табылады. Қоршаған ортаға әсер етудің алдын  алу және азайту мақсатында «Павлодар  машина жасау зауыты» АҚ 2008 жылға  арналған экологиялық бағдарламасы әзірленді. Бұдан басқа, бірқатар мынадай  құжаттар дайындалды: сәйкестендірілген  экологиялық қауіптерге қолданылатын нормативтік талаптар тізілімі, «Павлодар  машина жасау зауыты» АҚ экологиялық  аспектілерін сәйкестендіру. Әсер ету  ауқымын бағалауды анықтау тәртібіне  сәйкес маңыздылық дәрежесі бойынша  саралау нәтижесінде «Павлодар  машина жасау зауыты» АҚ 2008 жылға  арналған маңызды экологиялық акпектілері  анықталды.

2008 жылы ЭМЖ дамыту  мақсатында «Өндіріс қалдықтарын  басқару» ұйым стандарты әзірленді  және бекітілді.

2008 жылы экологиялық менеджмент  жүйесі шеңберінде және экологиялық  заңнама талаптарына сай «Павлодар  машина жасау зауыты» АҚ 2008 жылға  арналған экологиялық бағдарламасында  мынадай іс-шаралар орындалды:

- аумақтық қоршаған ортаны  қорғау органдарымен «Қоршаған  ортаға әсер етуді бағалау»  жобасы, ластаушы заттардың шекті  рұқсат етілген шығарындылары және шекті рұқсат етілген төгінділері нормативтері, қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері келісілді;

- өндірістік қызметтің  экологиялық мониторингін жүргізуге  шарт жасалды;

- мамандандырылған полигондарда  қатты тұрмыстық және басқа  да қалдықтарды, қатты тұрмыстық  және өнеркәсіптік қалдықтарды  қоймалауға және құрамында сынап  бар өңделген шамдарды шығаруға  шарт жасалды..

«Павлодар машина жасау зауыты»  АҚ 2008 жылға арналған экологиялық  бағдарламасында жоспарланған мақсатты және жоспардағы экологиялық көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар  орындалды.

2008 жылдың аяғында «Сапа,  экология, кәсіби қауіпсіздік және  денсаулық сақтау біріктірілген  менеджмент жүйесінің ішкі аудиті»  стандарттарының талаптарына сәйкес  экологиялық заңнаманың талаптарына  сәйкес бағалау жүргізу үшін  ішкі экологиялық аудит жүргізілді.

Қоршаған  ортаны қорғау – халықаралық стандарттаудың ерекше саласы. Ол, мәселен, бір қатынас  бойынша сапа ретіндегі нысаннан: қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптарды стандарттарға енгізу үшін негізсіз дәлел болып тұрақты дамуды қамтамасыз ету пайдасындағы дәлелдер болып  табылады. Қоршаған ортамен байланысты стандарттарда талаптардың болуы  осы дамуды қамтамасыз ететін элемент.

«Тұрақты  даму» (sustainable development) – бұл ретте  олардың жеке сұраныстарын қанағаттандыру бойынша келешек ұрпақтың мүмкіндіктеріне  залал келтірмей қазіргі ұрпақтың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік  беретін қоғам дамуы. (БҰҰ. Әлеуметтік және экономикалық мәселелер департаментінің  тұрақты даму бөлімі. 1987ж)

Тұрақты даму – ол қазіргі уақыттың сұраныстарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ адамдардың келешек ұрпағының өмір тіршілігіне  бағытталған шешімдерді қабылдау және тәжірибелік қызмет барысында әлеуметтік, экологиялық және экономикалық аспектілер интеграцияларында құрылған қоғам  дамуының жаңа философиясы. Тұрақты  даму ол барлық салаларда санның көбеюі емес сапаның жақсаруы.

Информация о работе Экологиялық менеджмент элеметтерін метрологиялық қамтамасыз ету