Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 13:59, реферат

Краткое описание

Жоғары оқу орындарының оқу жоспарына әлеуметтану пәні дербес ғылым ретінде 90-жылдардың басында енгізілді. Әлеуметтануды оқып үйренудегі мақсат - өзімізге бейтаныс адамдар мен олар ұйымдасқан бірлестіктер арасындағы кұнде кездесетін әдетті қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсіну, әлеуметтік мәселелерді зерттеуге деген ынта – жігерді арттыру.
Әлеуметтік білімнің негізгі қызметі-әлеуметтік құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін ашу, оларды шешудің әртүрлі жолдарын танып білу.

Содержание

Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары.
Әлеуметтану пәнінің өзге қоғамдық ғылымдармен байланысы.
Қоғамның дамуы заңдылықтары.

Прикрепленные файлы: 1 файл

әлеуметтану лекция.doc

— 652.50 Кб (Скачать документ)

Халықты ұдайы  өсiруде биологиялық аспектi мен  бiрге баланы оқыту мен тәрбиелеуде отбасыны ешқандай да қоғамдық мекемемен ауыстыруға болмайды. Бала тек қана отбасыда ең бiрiншi нәтижелi өзiн қалыптастырады. Қазiргi жағдайда қоғам, әлеуметтiк институттар (мектеп, лицей, жоғарғы оқу орны т.б.) беретiн тәрбиенi қандай отбасы бере алады. Бiрақ балаға отбасы берген адамгершiлiк-психологиялық тәрбие оның бойында ұзақ сақталады, мұмкiн  өмiр бойы сақталар. Бала отбасыда өмiрдiң әлiппесiн танып бiледi.

Отбасының тиiмдi және экономикалық iс-әрекетi қоғам өмiрiмен тығыз байланысты, сондықтан да мемлекет  немқұрайлы қарап отырмайды. Егер ұзақ уақыт бала тәрбиесiне мемлекет онша қатысты болмаса, қазiр ол мемлекеттiк және отбасылық iс боп саналады. Отбасы балаға адамдар арасында өмiр сүруге үйретедi, оған белгiлi саяси-идеялық көзқарастарды, әлемдi танушылықты, адамгершiлiк нормалар мен ережелердi егедi. Бала отбасыда адамгершiлiк нормаларымен танысады, үйренедi. Осында балада мiнез-құлық қалыптасады, жеке  адамгершiлiк-психологиялық жақтары қалыптасады.

Тәрбие-ұлы iс: онда адам тағдыры шешiледi.

Тәрбие кұнделiктi отбасы мүшелерiмен, туысқандармен  басқа да отбасы мүшелерi араласатын адамдармен баланың қатынасуы, араласуымен iске асырылады. Бала мектепте, техникум, лицейде, жоғарғы оқу орнында, өндiрiсте еңбекте болса да отбасының тәрбиелiк мiндетi жойылмайды, тәрбиелiк әсер жасөспiрiмдiк кезде, ержеткенде де тоқталмайды. Жақсы ортада өнегелi отбасыда өскен бала өз iс әрекетiнде қоғамдық немесе өз коллективiнiң мүшелерiнiң пiкiрлерiн басшылыққа алып қана қоймады, өз туыстарының, жақындарының пiкiрлерi маңыздырақ болады.  Туылған кезде бойымызда жоқ, бiрақ бiзге өмiрде керек нәрселердiң бәрi тәрбиемен берiледi. Барлық жеке адам өздерiн қоғамдық пайдалы еңбекпен қалыптастырады.

Әр жылы еңбек еткен  адам кезектi еңбек демалысына шығады, сәтi келгендерi еңбек демалысына шығады, сәтi келгендерi демалыс ұйлерiнде, санаторийлерде демалады, тынығады. Сонда да болса ең жақсы демалып тынығатын, физикалық кұш жинайтын, моральдық, психологиялық жәрдем алатын жерiмiз отбасы, отбасы боп табылады. Бiрақ отбасыда қатынастар әр тұрлi қалыптасады: Ұнамды, жағымды және жағымсыз, терiс, бұлар адамға әр тұрлi әсер етедi. Мiне, осы жерде отбасының коммуникативтi функциясы-адамдарды қатынасуда, бiрiгуде қанағаттанарлық қажеттiлiгi маңызды роль атқарады.

Социологтар неке мен отбасының рухани-адамгершiлiк негiзi махаббат пен парыздық, жауапкершiлiк пен мiндеттiң бiрлiгi деп атап көрсетедi.

Махаббат дегенiмiз не? Махаббат адамның кұрделi, сырлас қатынастарының бiрi, әйел мен еркектiң табиғи және әлеуметтiк байланысының бiрлiгi, яғни табиғи – биологиялық қажеттiлiгi мен адамгершiлiк-әдеп, физикалық және психологиялық қатынастары.

Отбасылық қатынастардың ерекшелiгi адамгершiлiк нормаларының, принциптерiнiң ерекшелiгiн анықтайды. Бiрiншi орында ата-ана махаббат, достық пен өзара қамқорлық, ерлi-зайыптылық, ата-аналық, қыздың, ұлдың парызы және өзара қамқорлығы, еркектiк және әйелдiк абырой, бiр-бiрiнiң мақтанышы, ерлi-зайыптылық тазалық, берiлгендiк, өзара сыйластық, рухани және идеялық бiрлiк т.б. алады. Ерлi-зайыптылардың арасындағы әйел мен еркектiң өз аттарына сай болуы.

Әйелге тән қандай қасиеттер? Әйелдiк қасиеттерге мейiрiмдiлiк, жұмсақтық, сезiмнiң әсемдiгi мен нәзiктiгi, аналық қамқорлығы, балаға ғана емес үлкендерге де, оқығандығы-тәрбиелiлiгi, берiлгендiгi, ұнемi ерiн моральдық жағынан демеп отыруға дайын болуы, ерiнiң бойына өзiне деген сенiмiн арттыру, өзiнiң және ерiнiң қасиетiне мәпелеп қарау.

Қандай қасиеттер  ерлерге тән? Ерлерге тән қасиеттер  деп мыналар болып танылады: оқығандығы-тәрбиелiлiгi, әйелге (қызына, қарындас-аналарына) көмекке  әрдайым дайын болуы, оларға физикалық  және моральдық жағынан кеңпейiлмен көмек көрсету, жинақылық, салауаттылық, тұрақтылық, парасатты ой, өзiне сенiмдiлiк, мақсатқа ұмтылушылық т.б.

Өмiрге оптимистiк көзқарасы, кездескен қиындықтармен тапқыр да жiгерлi кресе бiлу, сергектiк, жарқын, әзiл тұсiнетiн, физикалық, рухани кұшке ие, сезiмтал және жақындарына ынталы назар сап отыру, отбасысына, балаларына қамқор болу осылардың – бәрi ерлерге тән қасиеттер. Еркек нәзiк, ақылды сезiнуге, ойлауға, бейiм болған сайын өзiне әйелдердi көбiрек тарта тұседi. Ерлердiң ұй шаруасында әйелге көмектесуiн оның қасиетiн төмендеткенi деп тұсiнедi, бұл дұрыс емес.

Отбасы - ұш махаббаттың: ерлi-зайыптылардың, ата-ананың, баланың махаббаттарының қорытпасы. Ол парыздан, берiлгендiктен, мақсат-мұдделердiң бiрлiгiнен ажырамайды.

Қазiргi кезде отбасыны әлеуметтiк-таптық белгiсiне – жұмысшы отбасыны, ауыл-шаруашылық қызметкерлерiнiң (фермер, кооператор, арендатор) отбасысы; екiншiден, қалалық, ауылдық (орналасу тұрiне қарай); ұшiншiден бiр ұлтты, ұлтаралық (ұлттық белгiсiне), төртiншiден, өмiр сүру кезеңiнде (жас отбасы, бала кұтiп отырған отбасы, орта жастағылар отбасысы, үлкен жастағылар отбасысы, қарттық жастағылар отбасысы т.б.); отбасы мүшелерiнiң санына қарай (баласыз отбасы, аз балалы, көп балалы отбасы т.б.) сипатталады.

Егер отбасының ұш тұрiнiң (әлеуметтiк-таптық белгiсiне, орналасу тұрiне, ұлттық белгiсiне) сипаты қарапайым болса, өмiр сүру кезеңi мен сандық құрамына байланысты түрлерi көп айырмашылыққа ие.

Жас жұбайлар отбасы. Бұл  ендi ғана пайда болған отбасы.

Жас отбасы. Бұл көтпеген кедергiлерде (отбасылық) жұбайлық өмiрде  кездестiрген олардың әрқайсысы өмiрде тек бiр махаббаттың аз екендiгiн тұсiнген отбасы.

Бала кұтiп отырған отбасы. Бұл кезеңде әйелдiң өзгеруi байқалады, болашақ әке де өзгерiстер болады. Бiр-бiрiне шектен тыс қамқорлық пайда болады. Мұндай қатынас болашақ ана мен балаға екi есе керек.

Жұбайлық  өмiрдiң орта жасындағы отбасы (ұш жылдан он жылға дейiнгi бiрге өмiр сүргендер). Бұл кезең бұл отбасылар ұшiн жауапты да қиын кезең. Нелiктен? өйткенi тап осы кезеңде жұбайлық өмiрiне пыстырады, өзара  қатынастағы бiрқалыптылық жалағастырады. Дау-жанжалдар туа бастайды, осы кезеңге отбасының ажырауы, бұзылуы тап келедi. Жұбайлық өмiрдiң үлкен жасындағы отбасы (он-жиырма жылдық бiрге өмiр сүргендер). Мұндай отбасылардағы ерлi - зайыптылардың моральды - психологиялық ахуалының сәттi болуы – көбiне олардың адамгершiлiк қасиеттерiнiң байлығына, өзара көнбiстiгiне, қажеттiлiктерi мен мұдделерiнiң сай келуiне байланысты.

Жұбайлық өмiрдiң  қарттық жасындағы отбасы. Бұлар бiрнеше он жылдар бiрге өмiр сүргендер. Уақыттың екi қанаты бар: бiрi-қуанышыңды әкетедi, екiншiсi-көз жасыңда сүртедi, құрғатады. Мұндай жағдай олардың балалары  некеге тұрып, немерелерiнiң пайда болуымен пайда болады. Ерлi-зайыптылар өмiрдiң жаңа кезеңiн бастайды, бiрi-ата, екiншiсi-әже болады, отбасыда жаңа мiндеттер қалыптасады.

Отбасының белгiлi бiр бөлiгi  баласыз, аз балалы, көп балалы отбасыны құрайды.

Баласыз отбасы-мұнда он жылға дейiн бiрге тұрып бала  болмағандар жатады. Мұндай отбасылардың әрбiр ұшiншiсi ерлер тарапының талабымен ажырасады.

  1. Бiр балалы отбасы. Мұндай отбасылар қалады 53,6%, ал ауылдың жерде 39-40% құрайды. Мұндай отбасының әрбiр екiншiсi ажырасады. Бұдан бала санының аздығына байланысты отбасы ажырасады деп қарамау керек, ерлi-зайыптылар осылайша ұзақ уақыт бiрге тұра алмайтындықтан келесi баланы өмiрге әкелуге тәуекел етпейдi. Мұндай отбасыдан шыққан балалардың жан-жақты дамыған, моральды-психологиялық жақсы қалыптасқан адам болуы екi талай. Көптеген психологтар мен социологтар мұндай адамдарда жауапкершiлiктiң болмауы, еңбек сұйгiш еместiгi, жеке басып ойлаушылық, адамдармен қалыпты қатынас жасау алмауын көрсетедi.
  2. Аз балалы отбасы (бiр, екi балалы). Социологтар мен политологтардың бақылауы бойынша екiншi баланың туылуы бiр балалы отбасыға қарағанда отбасының тұрақтылығын 3 есеге артады екен. Бұл отбасылардың әрбiр алтыншы, жетiншi жұбы ғана ажырасады.
  3. Көп балалы отбасы-ұш баладан көп балалы отбасы. Бұл отбасыларда ажырасу сирек болады, болған жағд<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_04

Информация о работе Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары