Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 13:59, реферат
Жоғары оқу орындарының оқу жоспарына әлеуметтану пәні дербес ғылым ретінде 90-жылдардың басында енгізілді. Әлеуметтануды оқып үйренудегі мақсат - өзімізге бейтаныс адамдар мен олар ұйымдасқан бірлестіктер арасындағы кұнде кездесетін әдетті қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсіну, әлеуметтік мәселелерді зерттеуге деген ынта – жігерді арттыру.
Әлеуметтік білімнің негізгі қызметі-әлеуметтік құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін ашу, оларды шешудің әртүрлі жолдарын танып білу.
Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары.
Әлеуметтану пәнінің өзге қоғамдық ғылымдармен байланысы.
Қоғамның дамуы заңдылықтары.
Реформалардың сәтті жүзеге асуын Шоқан олардың дұрыстығымен байланыстырып қарастырады. Олар прогресс заңдарына негізделсе ғана дұрыс болады. Оның пікірі бойынша, дәл осындай жағдайда ғана қоғамдық организмнің дамуы дұрыс, орынды жұреді. Осыдан келіп халықтар: өзін-өзі дамыту, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі басқару және өзін-өзі жазғыру іспетті саяси прерогативтерді жүзеге асыруы тиіс.
Шоқан өз еңбектерінде таптар арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мотивін зерттеп, соның негізінде адамдардың қоғамда иеленетін статусының анықталатынын және топтар арасындағы әлеуметтік шиеленістердің пайда болуының негізгі себептерін көрсете білді.
Шоқан ұлтаралық қатынастар мәселесінің өршуін қазақтардың өз жерінен ығыстырылып, материалдық жағдайының кұрт құлдырауынан, керісінше, орыс казактарының қазақтардан тартып алынған құнарлы жерлерге орналасуын, олардың тұрмыстық жағдайларының тез көтерілуінен деп есептейді. “Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы” деген мақаласында Шоқан: “Қазақтар ұлан-байтақ жер кеңістігін иеленгенімен, қазіргі уақытта тек оның шамалы ғана бөлігін пайдаланып отырса да жерге әрдайым зәру”, - деп құнарлы жерлерден айырыла бастағанын жазады. Жерді ұлтаралық қарым-қатынастағы негізгі мәселе етіп қояды.
Ресей әлемдік сот тәжірибесін қабылдап, оны шеткі аймақтарға, соның ішінде қазақ еліне таратпақшы болды. Шоқан патша ұкіметінің осы әрекетіне қарсы шығып, оның негізсіздігін сынға алды. Оның пікірінше, “рулық тұрмыс пен рулық қатынастар ұстем етіп тұрған шақта, халықтың бұрынғы өмірінен туындап, оның даму жолдарынан және елінің ерекшеліктерінің ықпалынан қалыптасқан қазіргі әрекет етуші билер соты қазақтардың дамуын барынша қанағаттандырады”.
Билер институты – қазақ қоғамындағы ерекше құбылыс. Оларды ешкім сайламайтын және тағайындамайтын. Ш. Уалиханов талантымен көпшіліктің көзіне тұсіп, сыннан сүрінбегені ғана осы құрметті би атағына ие болатынын айтып келіп, патша өкіметінің қазақтың билер институтын жоюға ұстаған бағытының жөнсіз екенін сынайды. Билер институты ғасырлар бойы жетілдірілді. Соның негізінде қара қылды қақ жарып әділ де өткір шешім айтатын әйгілі билер шықты. Шоқан мұндай билердің би атағы балаларына мұрагерлікпен беріліп, әке жолын қуушылар да болғанын жазады. Орта жұздің қаракесек руынан шыққан әйгілі Қазыбек бидің құрметті би атағын Бекболат, Тіленші, Алшынбай сынды ұш ұрпағы жалғастырған. Әрине, бұған қарап би болу бірыңғай тұқым қуалайтын мұрагерлік құбылыс екен деген ой тумауы керек. Өзінің талантымен халық ішінен шыққан Шорман 13 жасында, Есет Көтібарұлы 20 жасында халықты аузына қаратқан би атанған. Жоғарыда аталған объективтік себептер билер сотының қазақ қоғамында одан әрі өз функцияларын атқаруға тиістігін тұжырымдайды.
Билер сотының сақталуын Шоқан халықтың өзін-өзі басқаруының маңызды буыны деп қарай отырып, патша өкіметі CIC ғасырдың 60-жылдарында қазақтардың мұддесіне сәйкестендірілген өлкені басқару жүйесін орнатады деп кұткен еді. Алайда, оның ұміті орындалмады. Шоқанның әлеуметтанулық көзқарастары О.Конт, Г.Спенсер, т.б. Батыс әлеуметтанушыларының ой-пікірлерімен ұқсас. Шоқан олардың тұжырымдамаларының төңірегінде қалып қоймады. Қоғамның кейбір әлеуметтік мәселелері жөнінде олардан ілгері кетті. Сондықтан да Шоқанның әлеуметтану саласындағы пайымдаулары қоғамдық ғылымдарға қосылған зор ұлес.
Шоқан сияқты қазақ қоғамына назар аударып, оны тұңғыш зерттегендердің бірі Ы. Алтынсарин болды.
2. Ы. Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары.
Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор ұлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды.
Тарихи даму деңгейі феодалдық-рулық сатыны сақтаған қазақ қоғамын мейлінше жетік білетін ол: «Осы дарынды, ақыл иесі мол халыққа қазір, кешікпей тұрып рухани және қоғамдық даму жолына тұсетін дұрыс бағыт беру, қалай дегенмен, аса қажет болып отыр»-деп қазақтардың неге мұқтаж болып отырғанын дәл тауып жазды. Ыбырай Алтынсарин осы міндеттерді дұрыс шешу арқылы ғана қазақ қоғамының өркениетті елдер қатарына қосылатынына кәміл сенді. Осымен байланысты қазақтарға білім беруді қолға алатын маңызды шаралардың біріне, дамудың негізгі құралына балады. Білімсіздіктің етек алуынан қазақ қоғамын надандық жайлап отырғанын айта келіп, жұртты білім алуға шақырды. Сондықтан да ол өзінің жиырма бес жылдық өмірін жеткіншектерге білім беруге арнады.
Ы.Алтынсарин жергілікті жерлерден мектеп ашу ісімен айналысады, қазақ балаларына арнап оқулықтар, оқу құралдарын және әдістемелік кітаптар жазды. Ол қазақ қыздары үшін мектеп-интернат, ауылшаруашылық және қолөнер училищелерін аштырды. Өйткені Ы.Алтынсарин қазақ халқының жарқын болашағын тек оқу-ағарту ісімен, білім-ғылыммен байланыстырған. Сондықтан да ол: “Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық ұмітіміз – қазақ халқының келешегі осында, тек осы мектептерде ғана” деп жазған болатын.
Ы. Алтынсарин қазақ балаларына арнап мектеп ашумен бірге, онда қызмет істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін кадрларға, атап айтқанда, мұғалімдерге аса зор мән берген. Ол мектептегі ең басты тұлға – мұғалім деп есептеген. Мектептің материалдық техникалық базасы мықты болғанымен, бұлардың жақсы мұғалімсіз берері шамалы, деп есептеген. Тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы ұкімет бұйрықтары да, әбден мұқият жұргізілген инспектор бақылауы да жақсы оқытушыға тең келе алмайды. Мектепте оқушының бойында қоғамда керекті тұлғалық сапаларды негізінен қалыптастыратын, тиянақты білім беретін тек жақсы оқытушы ғана қызмет істеу керек деген қорытынды жасайды. Ы.Алтынсарин осы идеяларын жүзеге асыру үшін тынбай еңбек етті. Оның ұсынысы бойынша Ор қаласында мұғалімдер даярлайтын тұңғыш мектеп ашылды. Ұлы ағартушы қазақ жастарына кәсіптік білім беретін, қолөнер, ауылшаруашылығы училищелерін ашуды қолға алып, оны бітірген мамандар қазақ халқының экономикалық өркендеуіне зор ұлес қосады деген сенімде болды. Соның негізінде Торғайда қолөнер училищесін іске қосты.
Қазақ қоғамында ертерек қалыптасқан әдет-ғұрыптар көптеп саналады. Ы.Алтынсарин олардың адамдар арасындағы байланыс пен қарым-қатынастарын нығайтудағы рөлін зерттеп, оның нормалық маңызын ашып көрсетеді. Ол әсіресе қазақтардың құда болу салтына ерекше мән беріп, одан қоғамды нығайтудың бірден-бір маңызды факторын байқады.
Ы.Алтынсарин әлеуметтану тұрғысынан қарастырған мәселелері, оның нәтижелері әлемдік әлеуметтану үшін аса маңызды. Ыбырайдың замандасы ұлы ойшыл Абайдың қазақ қоғамы туралы пайымдауларының да маңызы зор болды.
3. Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлер
Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларының еңбектері ықпал етті. Абай Г.Спенсердің орыс тіліне аударылған әлеуметтанулық туындыларымен танысып, оның эвалюциялық теориясын қабылдайды. Бүкіл тіршілік атаулының өзгермелігі туралы ой Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде жиі ұшырасады. “Жиырмасыншы қара сөзінде”: “Дұние бірқалыпты тұрмайды” десе, өлеңінде: “Адамзат кұнде өзгерер” дей келіп, патриархалды-феодалдық құрылысты басынан өткізіп жатқан қазақтардың жаңа қоғамға өтеріне зор сеніммен қарайды.
Ресей бодандығынан босау қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы екенін білетін Абай бұғаудағы қазақтардың жағдайын “Осы мен өзім-қазақпын” деп басталатын “Тоғызыншы қара сөзінде” баяндайды: “Мен өзім тірі болсам да, анық тірі емеспін... Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам – ызалана алмаймын. Кұлсем – қуана алмаймын. Сөйлегенім өз сөзім емес, кұлгенім өз кұлкім емес, бәрі де әлдекімдікі. Сол себептен бір жұрген қуыс кеудемін...” Ол патриархалдық-рулық құрылыстың сақталуына қынжылды. Өйткені патша ұкіметі ру басыларын бір-біріне айдап салып, өзінің отарлау саясатын тоқтаусыз жұргізіп жатқан еді. Бодандықтан құтылудың жолын надандықты жоюдан көрді. Ол үшін халқын оқу, білім, ғылымды меңгеруге шақырды. Ғылымды үйренгенде қазақтарды бақастыққа жол беруден сақтандырады. Оның пікірінше, бақастық адамды тұземейтін, керісінше, оны бұзатын нәрсе, әсіресе ол адамгершілікті азайтатын құбылыс екенін ескертеді.
Қазақ қоғамы тек байлар мен кедейлерден ғана тұрмады. Ел билеу жүйесінде жаңа әлеуметтік топтар пайда болып, халыққа әкімшілік жасау болыстардың, т.б.билігіне өтті. Атқамінерлер көбейді. Патша өкіметі осы топ арқылы еңбекші халықты қанап, тонап отырды, олар қоғамның әлеуметтік дамуына тұсау болды.
Абай жеке адам мен қоғам
арасындағы өзара байланыс пен қарым-қатынастың
мазмұнына ұңіліп, оған әлеуметтік прогресс
ізпетті қарады. Данышпан Абайдың шығармаларын
жарыққа шығаруда А.Байтұрсынов елеулі
еңбек сіңірді.
4. А.Байтұрсыновтың әлеуметтану жөніндегі көз қарастары
Ғасырлар тоғысында және CC ғасырдың бірінші жартысында ұлттық –демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялылары шықты. М.Дулатов, М.Шоқаев, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Х.Ғаппасов, т.б. қоғамдық ғылымда бірегей туындыларымен өшпес із қалдырды.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) - Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің даму тарихында өзіндік орны бар біртума алып тұлға.Қазақ халқының, әсіресе «оқыған азаматтардың тұңғыш... көсемі» болған А.Байтұрсыновтың саяси іске арласуы Ресей ішіндегі саяси-әлеуметтік құбылыстармен тікелей байланысты болды: түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың құрылып, олардың қызметтерінің жанданған кезеңіне, бірінші орыс ревалюциясының өршіген тұсына сәйкес келді. Бұл кезеңде ол Қарқаралы қаласында қызмет істейтін еді. Өз халқының мұдесін, болашағын ойлаған А.Байтұрсынов осы кезеңде саясатқа белсене арласты. Осы мәселені М.Әуезов «Қарқаралыда тұрғандағы соңғы төрт жыл Ақаңның саясат ісіне белсене кірісіп, жазумен де, ісімен де бой көрсеткен кезі, сол мезгілде 1905 жылдың өзгерісі болған. Қазақтың Мәскеуден келген бірен-саран студенттері, басқа қалаларда оқып жұрген жастары һәм ескіліктен келе жатқан пікірі тұзу үлкендердің арасында өзгеріс рухы жайылып, қазақтың елдігін сөйлей бастаған кездері болатын» деп атап көрсетті.
А.Байтұрсынов
өзінің әлеуметтік-саяси
2-ші
лекцияға арналған бақылау сүра
1.Әлеументтанудың қалыптасуындағы негізгі кезеңдер. Әлемдік әлеуметтанудың институционализациялануы.
2. О.Конт - әлеуметтанудың негізін салушы. Әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамика.
3. XX ғ. әлеуметтануы. А.Тойнбидің өркениет пен өмірлік циклдар теориясы. В.Ларетоның циклдық өзгерістер теориялары.
4.П.Сорокиннің
әлеуметтанулық теориясы. Әлеуметтанудағы
құрылымдық функционализм (Т.
Негізгі әдебиеттер:
1. Әбсаттаров Р. М. Дәкенов. Әлеуметтану. Оқулық. Алматы. 2004., 2007ж.
2.Әлемдік әлеуметтану антлогиясы. Алматы. Қазақстан. 10 томдық. 2006ж.
3.Икенов А.И. Әлеуметтану негіздері. Алматы. Экономика. 2004ж.
4.Қарабаев Ш. Әлеуметтану негіздері. Алматы. 2008ж.
5.Ғабдуллина Қ. Құқық әлеуметтануы. Алматы. 2005ж.
6.Рахметов К.Ж., Болатова А.Н. Социология. Алматы. 2005ж.
7.Оданова Р.К. Жалпы әлеуметтану. Лекциялар курсы. Шымкент. 2004ж.
8.Айбеков Б.Ө., Абенов К.К. Әлеуметтану. Оқу құралы. Шымкент. 2003ж.
9.Смелзер Н. Социология. М., 1994. Гл. 9.
3- лекция тақырыбы. Нақты әлеуметтанулық зерттеу жұргізудің әдісі мен техникасы.
Жоспары:
1. Әлеуметтік зерттеулер бағдарламасы-әлеуметтік объектінің методологиялық және процедуралық негіздерінен құралатын ғылыми құжат. Бағдарламада философияның жалпы теориялық және методологиялық принциптері зерттеудің жалпы әлеуметтану теориялары мен арнайы теориялар ретінде жүзеге асады.
Әлеуметтік таным ұрдісінің маңызды құрамды бөлімі нақты әлеуметтік зерттеулер болып табылады, яғни нақты теориялық және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін зерттелінуші обьект туралы жаңа білім алуға ықпал етуші теориялық және империкалық процедуралар жүйесі.
Нақты әлеуметтік зерттеу (кез
келген) басқа ғылыми зерттеу сияқты
кез келген ғылми қызметке тән
кейбір элементтерді құрамына алады. Бұл,
біріншіден—обьект. Екіншіден, субьект-әлеуметтанушы-
Әлеуметтік зерттеу ұрдісінің мәнін нақты әрі айқын түсіну үшін жүйе мен методология, әдістеме, әдіс, техника, процедура сияқты әлеуметтік зерттеу ұрдісінде жиі қолданылатын ұғымдар мен терминдердің мәнін түсініп алу керек.
Информация о работе Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары