Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 13:59, реферат

Краткое описание

Жоғары оқу орындарының оқу жоспарына әлеуметтану пәні дербес ғылым ретінде 90-жылдардың басында енгізілді. Әлеуметтануды оқып үйренудегі мақсат - өзімізге бейтаныс адамдар мен олар ұйымдасқан бірлестіктер арасындағы кұнде кездесетін әдетті қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсіну, әлеуметтік мәселелерді зерттеуге деген ынта – жігерді арттыру.
Әлеуметтік білімнің негізгі қызметі-әлеуметтік құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін ашу, оларды шешудің әртүрлі жолдарын танып білу.

Содержание

Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары.
Әлеуметтану пәнінің өзге қоғамдық ғылымдармен байланысы.
Қоғамның дамуы заңдылықтары.

Прикрепленные файлы: 1 файл

әлеуметтану лекция.doc

— 652.50 Кб (Скачать документ)

Қылмыстылық, әлеуметтік институттардың 
дисфункциялануынан пайда болған, көбіне инструментальды 
(аспаптық) яғни белгілі мақсатқа жетуге бағытталған, және 
құрылымдық, яғни іштей өзара байланысты, сипатқа ие 
болады. Оның белгілері болып қылмыстық іс әрекеттің 
жоспарлануы, жүйелілігі, ұйымдастырушылық элементтері 
яғни қылмыстық рөлдердің бөлінуі т/б. болып табылады. 
Мұндай қылмысты жағдай заңсыз жолмен объективті 
қажеттілікті қанағаттандырады, осындай белгілі бір 
әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру кең көлемдегі 
элеуметтік жүйені дисфункциялауға әкеліп соғады.

Қылмыстың ең қауіптісі  мынадай жағдайда, қоғам индивидтерге табысқа жетудің ортақ символдарын (байлық, материалдық тұрде ие болу) бергенде, оны сол қоғамның әлеуметтік құрылымы белгілі элеуметтік топтарға заңды жолмен иемденуге мүмкіншілік жасамауға тырысады. Осының нэтижесінде әлеуметтік ширығу пайдакұнемдік-зорлықтық, агрессиялық қылмысқа әкеледі.

Әлеуметтік  топтар олардың сыртқы құрылымы жағынан  да, функцияларының талдау позициясынан да анықталуы мүмкін. Олардың объективті мәліметтерінің сипатына демографиялық құрылым туралы, кәсіптік құрылым, оның мүшелерінің сауаттылығы т.б. туралы мәліметтер кіреді. Функционалды тұрғыдан  қарағанда мұндай құрулар олардың мүшелерінің топтық мақсаттарының табысына бағытталған іс әрекеттермен сипатталады. Соныменен топ ішілік бірігудің жоғарылануына әкелетін сәйкес іс әрекеттердің ұйлесімділігін қамтамасыз етеді.

Осындай құрылулардың ішінде ерекше маңызы бар әр түрлі әлеуметтік бірліктер (тұрақты семья, еңбек коллективі, бос уақытын бірге өткізетін топтар), сол сияқты территориялық бірліктер (ауыл, село, қалашық, ірі қалалардың ықшам аудандар т.б.) бар.

Отбасы балаларға қоғамдық өмірдің нормативтерін меңгерте отырып жастарды социализациялауды қамтамасыз етеді, отбасы мүшелеріне қауіпсіздік сезімін хабарлайды, бірге қайғырғанда қажетті эмоциямен, көңіл-кұй сезімдерді ауыстырулармен қанағаттандырады, психологиялық қызбалықты болдырмайды т.б. Әлеуметтік топ сияқты отбасының табысты жұмысының нәтижелерінің бірі болып қоғамдық өмірдің басым бөлігінде әлеуметтік нормалардың талабынан ауытқып кетуін нәтижелі ескертуі табылады.

Тәртіпсіздік  көріністері әлеуметтік бірліктердің сыртқы құрылымы сияқты ішкі, олардың  функциональды сипатында да көрініс  береді.

Әлеуметтік  процестердің сыртында миграция, қалалардың өсуіне т.б. үлкен отбасылардың ыдырауына, өндірістік топтарда кәсібиліктің төмендеуіне, территориялық бірліктерде тұпкілікті халықтардың санында мигранттардың санымен өсуі, табиғи жастарының құрылымының бұзылуына әкеледі.

Жеке адамның  тәртіпсізденуінің әлеуметтік себептерінің қатарына мыналарды атауға болады: 1) индивидтің бірнеше әлеуметтік топтарға қатысуы, олар бір-біріне қайшы әлеуметтік бағалар мен мінез-құлық үлгілерін зорлап береді; 2) индивидтің тәртіпсіз топтарға енуі, ол топтарға әлеуметтік ролдерінің айқын еместігі, қоғамдық бақылаудың жоқтығы, мінез-құлық критерилерінің анық еместігі тән.

Мұндай көріністер бірліктердің әлеуметтік-психологиялық  нәтижелерінің әлсіреуіне байланысты.

3. Формасы жағынан құқық заң актілерінің жиынтығын, ал өзінше-әлеуметтік маңызы бар институт. Құқықтың негізгі және материалдық көзі болып әлеуметтік шындық табылады, егер де ол қоғамдық өмірдің сәйкес формаларының өсуі мен бекуін, шынайы қатынастарды реттеп отыратын аспабы болып табыла алса.

Құқықтың әлеуметтік маңызы оның шынайы іс эрекетінде көрінеді. Құқықтың әлеуметтік іс әрекеті екі жолға бағытталған: біріншіден қоғамдық ортада әлеуметтік институттардың объективті өзгеру процестеріне бейімделуі, қоғамның өмір сүруіндегі материалдық жағдайлар сипатындағы өзгерулер, экономика аймағындағы өзгерулер, екіншіден қоғамдық дамудың саналы тұжырымдалған мақсаттарына сэйкес элеуметтік институттардың өзгерісі мен жетілдірілулерін құқықтық тәсілдермен қамтамасыз ету.

Құқықтың іс әрекетінің шынайы нәтижесі мына кезде  көтеріледі, егер оны пайдаланған  кезде әлеуметтік және экономикалық заңдылықтарының заң нормаларымен жұмыс жасауын ауыстыру тықсыру тенденциясын тудырмаса.

Зерттеулерде  құқық тәуелсіз боп қарастырылса, таптардың, әлеуметтік топтардың, жеке адамдардың сәйкес іс әрекеттері тәуелді  боп қарастырылады. Құқықтың толық  талдауына талқылау және кері тәуелділік енеді, егер өзгерулер жеке адамның немесе топтардың мақсаттарында, мотивтерінде болып ол әлеуметтік құқық сипаттарының белгілі өзгерулеріне әкеледі.

Құқықтық нормалардың  іс әрекетке ықпалы біржақты процес болып  табылмайды, онда заң шығарушыға белсенді іс әрекет етуге құқық беріледі.

Құқықтық тәртіптің  жай-кұйі индивидтер мен әлеуметтік ортаның өзара ықпалындағы динамикалық тепе-теңдіктің сипатына, жай кұйіне қатысты, оның бір бөлігі құқықтық жүйе боп табылады. Орнықты құқықтық тәртіп әлеуметтік ортада, құқықтық жүйеде, немесе индивидтердің іс әрекетіндегі өзгерістер берілген типтермен индивидтердің әлеуметтік ортамен өзара іс әрекетін бұзбайтындығын дәлелдейді.

Индивидтердің іс әрекеті бұл кезде қайшылыққа келмейді. Индивидттердің мінезіндегі өзгерістер әлеуметтік ортаның эволюциясына, құқықтық нормасына қарама-қайшылық туғызбай-ақ, өзара іс - әрекеттестіктің тұрақты сипатын өзгертпей-ақ әсер етеді.

Құқықтың әлеуметтік шынайы өмір сүруі мыналарға байланысты айқындалады: біріншіден, индивидтердің, әлеуметтік топтар мен топтардың құқыққа қатынастарына байланысты; екіншіден, құқықтық нормалардың өзінің басқа кеңірек әлеуметтік құрылымдармен-қоғамдық құқықтық сана сезіммен, моральмен, идеологиямен қатынастарына байланысты; үшіншіден, берілген қоғамдағы билік етуші идеологиялық, саяси, құқықтық, моральды-этикалық басқа да нормалардың жиынтығымен қатынастарына байланысты.

Егер де құқықтық ғылымның міндеті сәйкес құқық салаларын  оқыту болса, құқықтық социологияның  міндеті құқықтық нормалардың өсуі мен пайда болу заңдылықтарын зерттеу.

7-ші  лекцияға арналған бақылау сүрақтары:

1.Әлеуметтік  институттардың қазақстандық қоғамды  жаңартуға әссрі. 2.Әлеуметтік институттар  - азаматтық қоғамның индикаторлары.

3."Әлеуметтік  процесс" ұғымы. 

4.Әлеуметтік процесті түсінудегі түрлі тәсілдер. Әлеуметтік процестердің алуан түрлілігі.

5.Әлеуметтік  процестерді өлшеу. 

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Әбсаттаров  Р. М. Дәкенов. Әлеуметтану.  Оқулық. Алматы. 2004., 2007ж.

2.Әлемдік әлеуметтану  антлогиясы. Алматы. Қазақстан. 10 томдық. 2006ж.

3.Икенов А.И.  Әлеуметтану негіздері. Алматы. Экономика. 2004ж.

4.Қарабаев Ш.  Әлеуметтану негіздері. Алматы. 2008ж.

5.Ғабдуллина  Қ. Құқық әлеуметтануы. Алматы. 2005ж.

6.Рахметов К.Ж., Болатова А.Н. Социология. Алматы. 2005ж.

7.Оданова Р.К. Жалпы әлеуметтану. Лекциялар курсы. Шымкент. 2004ж.

8.Айбеков Б.Ө., Абенов К.К. Әлеуметтану. Оқу  құралы. Шымкент. 2003ж.

9.Смелзер Н. Социология. М., 1994. Гл. 9.

 

 

 

 

 

8-ші лекция тақырыбы. Отбасы әлеуметтануы.

Жоспары.

  1. Отбасы ұғымы, отбасы құрылымы.
  2. Отбасы түрлері және оның қызметтері.

 

Отбасы - белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық, ерлі-зайыптылар, ата-аналар  мен  балалар  арасындағы  қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт   болып табылады.

Сонымен  қатар  отбасы - некеге  немесе  қаны  бір туыстыққа негізделген, ал оның  мүшелері  тұрмыстың  ортақтығымен, өзара  жауапкершілікпен  және  өзара   көмек  көрсетумен  байланысқан  шағын   топ.  Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы  болып   саналады.

Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сұйіспеншілік , өзара сыйластық жатады. Ал оның негiзгi белгiлерi:

а) некелiк немесе оның барлық мүшелерiнiң қандық туыстық байланысы;

б) бiр жердегi бiрге өмiр сүруi;

в) ортақ отбасылық бюджет (қазына).

Бұл жерде заңдық жақтары мiндеттi емес. Басқа да белгiлерi нақты емес: бiрге өмiр сүру қашанға дейiн созылады бiр апта әйтпесе бiрнеше жыл; бұкiл отбасы бюджетiнiң қанша  бөлiгiне әрбiр мүше кiредi т.б. Мұндай белгiлер объективтiлеу боп көрiнер едi.

Ұлгiлi отбасы-адамның бақытының маңызды, жақсы бiр бөлiгi. Қоғам сондай мықты, жақсы отбасыға назар аударады. Отбасының құрылуы, некеге тұруы заңмен реттелсе де жетекшi рол атқаратын мораль (адамгершiлiк). Мынаны атап айту керек, некенiң көптеген жақтары оған отыратын адамдардың арымен бақыланады. Ойланып, ақылменен отырған неке-сәттi, жақсы болады, ал ойланбай отырған неке-елiктiргiш болады.

Неке-бұл тарихи келiсiлген, қоғамдық рұқсат етiлген және реттелген әйел мен еркек арасындағы қатынастар, олардың құқығын бiр-бiрiне мiндетiн,  балаларына, өз ұрпақтарына, ата-аналарына қатынастарын орнатады. Басқаша айтсақ, неке-ол отбасының дәстұрлi құрылу құралы, оны қоғамдық бақылау қоғамның өзiн өзi сақтауы мен дамуының бiрден бiр қаруы, жолы.

Адамгершiлiкпен некеге тұру реттелiп отырса, айырылысу яғни ажырасу да адамгершiлiкпен жұргiзiледi. Егер ерлi-зайыптылар арасындағы сыйластық, достық, татулық, сұйiспеншiлiк жойылса, отбасы емес, онда некенiң бұзылуы адамгершiлiк боп есептеледi.

 

Отбасы  көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, құқықтанудың, этнографияның  психологияның, демографияның зерттеу обьектісі болып  саналады.

Отбасы  әлеуметтануы  екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі жағдайын зерттейді .

Әлеуметтану  отбасының  функцияларына,  отбасы  саласындағы    келеңсіз  құбылыстарға  (ажырасу санының артуы, жалғыз бастылардың санының   өсуі) талдау  жасауға   да   үлкен   көңіл  аударады.

Отбасының  локалдануы - бұл  тек  туыстық қарым-қатынастармен        шектеліп  қалмай туыстардың  бірлесе  өмір  сүретіндігін де мойындайды, сондықтан олардың  тұрмысында  ортақ  элементтердің болуы, отбасы мүшелерінің  экономикалық  өзара көмек  көрсетуі ұнемі ұшырасып тұрады.

Отбасының құрылымы - бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып саналады.

2. Отбасындағы билікті бөлу, яғни билікке, лидерлікке ие болу және ондағы міндеттерді бөлу сипатына қарай отбасының екі типі сақталған. Оның біріншісі —дәстүрлі немесе авторитарлық отбасы. Дәстүрлі отбасында мынандай сипаттар тән:

    • Ер адам негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдаушы          болып  саналады, оның қожайындығы басым;
    • әйелдің ер адамға экономикалық жағынан тәуелділігі;
    • отбасындағы міндеттерді бөліп, ер адамның  және әйелдің міндеттерінің бекітілуі.

Отбасындағы билікті бөлуге орай қалыптасқан отбасының екінші түрі - згалитарлық немесе демократиялық  отбасы. Бұл отбасында:

    • ұй шаруасына қатысты  міндеттердің отбасы мүшелері  арасында тең, әділ бөлінуі;
    • ерлі - зайыптылардың тұрмыстық мәселелер бойынша бірлесіп шешім қабылдауы;
    • демалыстарын бірге өткізуі, балалар тәрбиесіне бірдей қатысуы тән.

Ерлі-зайыптылардың  немесе олардың ата-аналарының, туыстарының алатын орнына қарай отбасылар гемогенді және гетерогенді болады, Гемогенді отбасында ерлі-зайыптылар бірдей әлеуметтік жіктен шыққандар болса, ал гетерогенді  отбасында  олар  әртүрлі әлеуметтік топтардан,      касталарлдан,  таптардан тарайтындар. Отбасы мен некені әлеуметтік және демографиялық белгілерінің ерекшеліктеріне қарап гомогамдық отбасы және гетерогамдық отбасы деп бөлу әдісі де қолданылады. Гомогамдық отбасы мүшелерінің ұлты, жас мөлшері, кәсібі, білімі біртектес болса, ал гетерогамдық отбасында бұл көрсеткіштер керісінше әр түрлі болып келеді. Отбасы кеңістік-аумақтық, яғни тұрған мекег-жайына қарап патрилокалды және матрилокалды болып бөлінеді. Патрилокалды отбасында жас жұбайлар кұйеуінің әкесінің ұйінде тұрады, матрилокалды отбасында келіншек пен кұйеу жігіт әйелдің ата-анасының ұйінбірге мекендейді. Жас жұбайлар ата-аналарынан мұлдем бөлек тұратын болса, онда оны неолокалды отбасы   дейді .

Әрбір қоғам некеге отырар жастарға таңдау берерде отау тігушілердің өздеріне қандас шағын топқа жатпайтын, бөтен жердегі адамға ұйленуіне ғана рұқсат етеді, бұл құбылысты  экзогамия деп атайды.

Некеге  отырар кезде тек өз тобының ішінен ғана жұбай тандауды талап ететіндер де бар, мұндай мәдени үлгі эндогамия деп аталады. Экзогамиялық және эндогамиялық некелермен қатар некенің моногамия   және  полигамия деген  түрлері  де  бар. Моногамияда  бір  ер адам  бір ғана әйелмен       некеде  тұрады. Полигамияда   бір   жұбайлардың   бірінің, яғни бір әйелдің   бірнеше ер  адамдармен немесе  бір  ер адамның  бірнеше әйелмен  некеде болуы.

        Отбасының қызметi функциясы (мiндетi)-оның белсендiлiгiн көрсету құралы. Барлық қоғамда отбасы өз мiндетiн орындайды: халық санын ұдайы өсiру, бұған физикалық (бала туу) және адамның отбасыда рухани-адамгершiлiктi ұдайы өндiру; Шаруашылық–тұрмыстық. Отбасының шаруашылық-тұрмыстық мiндетi жеке қосалқы шаруашылығымен, бау-бақшасымен, отбасы мүшелерiнiң өз-өзiне қызмет етуiмен, тұрғын жайдағы санитарлық-гигиеналық тазалық, отбасы бюджетiн сақтаумен көрсетiледi; Тәрбие. Отбасының әлеуметтiк тәрбиелiк мiндетi ата-аналардың балаларға рухани – адамгершiлiк, саяси, әдептi тәрбие берумен айқындалады; Бос уақытты пайдалану мен ұйымдастыру. Оның мақсаты - отбасы мүшелерiнiң таланттарын, мұмкiндiктерiн жемiстi ету, рухани байлықтарын белсендi демалуға пайдалану.

Информация о работе Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары