Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 13:59, реферат

Краткое описание

Жоғары оқу орындарының оқу жоспарына әлеуметтану пәні дербес ғылым ретінде 90-жылдардың басында енгізілді. Әлеуметтануды оқып үйренудегі мақсат - өзімізге бейтаныс адамдар мен олар ұйымдасқан бірлестіктер арасындағы кұнде кездесетін әдетті қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсіну, әлеуметтік мәселелерді зерттеуге деген ынта – жігерді арттыру.
Әлеуметтік білімнің негізгі қызметі-әлеуметтік құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін ашу, оларды шешудің әртүрлі жолдарын танып білу.

Содержание

Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары.
Әлеуметтану пәнінің өзге қоғамдық ғылымдармен байланысы.
Қоғамның дамуы заңдылықтары.

Прикрепленные файлы: 1 файл

әлеуметтану лекция.doc

— 652.50 Кб (Скачать документ)

Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымына талдау жасауда орта тап қызығушылық тудырады. Американ ғалымы У.Уотсонның моделіне сәйкес қоғам ұш таптан тұрады: жоғары, орта, төмен тап. Олардың ішінен де аралық таптарды айырып көрсетеді. Сөйтіп, модельдің соңғы көрінісі мынадай:

I жоғары — жоғары тап. төменгі — жоғары тап.

II жоғары — орта тап. төменгі — орта тап.

IIIжоғары — төмен тап. төменгі — төмен тап.

Бұл экономикасы дамыған елдерде ең көп кездесетін орта тап. Бұлар - алдыңғы қатарлы бизнесмендер, фирмадағы жалдамалы менеджерлер, ірі заңгерлер, ғылыми элита, эстрада жұлдыздары (жоғары орта тап), сондай-ақ жалдамалы қызметкерлер -инженерлер,   орташа  және   ұсақ  шенеуліктер,   оқытушылар,

ғылыми    инженерлер,    орташа--және--ұсақ--шеиеуліктер,

, ғылыми қызметкерлер, бөлімше басшылары, жоғары білікті  жұмысшылар (төменгі — орта тап). Американың "Форбс" журналының (1997 шілде) мәліметінше бұл таптың орташа табысы жылына 35 мың доллар (айына 2-3 мың доллар). АТоинби қазіргі индустриялық дамыған қоғамдар — орта тап қоғамы деп басқа көрсетеді. АҚШ-та олар тұрғындардың 3/4 бөлігін құрайды.

Әлемдік тәжірибе демократия мен экономикалық өсімнің  қозғаушы кұші орта тап екендігін көрсетеді. Бұл тап жеке экономикалық тәуелсіздікке ие әрі жалпы көзқарастарды танытушы бола отырып, қоғамның әлеуметтік тұрақтандырушы қызметін атқарады. Бұл таптың орын ауыстыру, саяси жүйе сипатына әсер ету қабілеті нарық экономикасы, құқықтық мемлекет және демократия бағытында қоғамды тұрақты тұрде жаңалап отырады. Қазақстан және ТМД елдеріндегі демократиялық қайта құрулар орта таптың қалыптасу мәселесін өзекті етіп қойды. Президент Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында орта таптың қалыптасуының төмен болу себебтерін атап, "мемлекет ең алдымен, орта тап өкілдері — фермерлердің "ақ" және "көк" жағалылардың, зиялы қауымның, ұсақ буржуазияның көзқарасын танытуы керек" депкөрсетті. Бұл тапқа енудің талаптарын зерттеушілер былай деп көрсетеді: жоғары табыс, білім, • мәдениет және біліктіліктің жоғары деңгейі, қоғамдағы жоғары талғам. Бірақ ТМД елдерінің өтпелі қоғамында орта таптың потенциалды өкілдерінің қазірше өзіндік экономикалық базасы, экономикалық тәуелсіздігі отыр. Сонымен, қоғам өзінше бір жоғары, орта және төмен қабаттардан құралатын бағытты елестетеді. Олардың әр қабаты өз ішінен кіші қабаттардан құрылуы мүмкін. Қоғамның әлеуметтік құрылымы сөнбеген жағдайда тұр. Онда тұрақты өзгерістер мен даму, индивидтердің топтардың бір орнынан екіншісіне өтуі жұріп жатады. Бұл ұрдіс әлеуметтік байланыс деп аталады. Қазіргі қоғамда орта таптың экономикалық өсу, демократия мен әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды факторы. Бұл тұрақты таптың қалыптасуының маңызды арнасы білім болып табылады.

 

6-ші лекцияға арналған бақылау сүрақтары:

1.П. Соркиннің әлеуметтік кұрылым және әлеуметтік мобильділік теориясы. 

2.М. Вебердің  әлеуметтік құрылым теориясы. Әлеуметтік топтардың Қазақстандық қоғамның ауысуы жағдайындагы типологиясы.

3.Әлеуметтік құрылым мен  әлеуметтік стратификация: ұқсастықтары  мен айырмашылықтары. Қоғамның  әлеуметтік стратификациясы ұғымы. 

4.Әлеуметтік  стратификация тсориясыныңтипологиясы. Қазіргі заманғы батыс әлеуметтанушыларының (Т. Парсонс, Э. Гиддснс, С.  Липсет, Р. Ротмен және т.б.) стратификацияның  негізгі критериилері туралы. Қазіргі  заманғы дамыған елдсрдің стратифкациялық  құрылымы.

5.Орта тап  теориясы. Әлеуметтік-демографиялық  құрылым әлеуметтік стратификацияның  бөлігі ретінде. Қоныстанушылық  құрылым. Халықтың этникалық құрылымы  әлеуметтік құрылымның элементі  ретінде. Жаңа топтар мен страттар.

6. Жоғарғы таптың  құрылымы, әлеуметтік-экономикалық және саяси бөліктер.

Негізгі әдебиеттер:

1. Әбсаттаров  Р. М. Дәкенов. Әлеуметтану.  Оқулық. Алматы. 2004., 2007ж.

2.Әлемдік әлеуметтану  антлогиясы. Алматы. Қазақстан. 10 томдық. 2006ж.

3.Икенов А.И.  Әлеуметтану негіздері. Алматы. Экономика. 2004ж.

4.Қарабаев Ш.  Әлеуметтану негіздері. Алматы. 2008ж.

5.Ғабдуллина  Қ. Құқық әлеуметтануы. Алматы. 2005ж.

6.Рахметов К.Ж., Болатова А.Н. Социология. Алматы. 2005ж.

7.Оданова Р.К.  Жалпы әлеуметтану. Лекциялар  курсы. Шымкент. 2004ж.

8.Айбеков Б.Ө., Абенов К.К. Әлеуметтану. Оқу құралы. Шымкент. 2003ж.

9.Смелзер Н. Социология. М., 1994. Гл. 9.

 

7-ші  лекция тақырыбы. Әлеуметтік институттар  мен әлеуметтік процесстер.

Жоспары.

  1. Әлеуметтік институттар ұғымы, оның негізгі түрлері.
  2. Әлеуметтік процесс қоғам дамуының негізі ретінде.

 

  1. Өзіне тән білімдерімен бүкіл қоғамда әлеуметтік байланыстармен қатынастардың салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз ететін әлеуметтік институттар болып табылады. Олар сыртқы, материялды құрылымы мен, сондай-ақ ішкі мазмұнымен де сипатталады.

Әлеуметтік  институт сырттай нақты әлеуметтік функцяларды жүзеге асырушы, белгілі материалдық құралдармен жабдықталған мекемелер мен адамдар жынтығы ретінде көрінеді.

Мазмұны жағынан - бұл белгілі жағдайларда белгілі  адамдардың мақсаты көзделген мінез- құлық  үлгілерінің нақтылы жиынтығы.

Сонымен, юстицияны  элеуметтік институт деп алсақ, сырттай  қарағанда онда адамдар жиынтығы бар - прокурор, судья, адвокат т.б /, мекемелері бар / прокуратура, сот, тұрме т.б /, материалдық құралдары бар.

Әлеуметтік  институт  бұл әлеуметтік іс әрекет пен әлеуметтік қатынастардың белгілі ұйымы. Ол іс - әрекеттің мақсатты бағытталған стандарттарының өзара келісілген жүйесі арқылы іске асырылады.

Өз қызметтерін жүзеге асыра отырып, әлеуметтік инситуттар өздеріне қарасты адамдардың іс әрекеті стадартқа сәйкес келсе, оларды мадақтайды және бұл стандарт талаптарына сай келмесе, ауытқыса оны жояды, яғни индивидтердің іс әрекеттерін қадағалап, тәртіпке салып отырады.

Әрбір әлеуметтік институт өз іс әрекетінің мақсатымен, нақты қызметімен, берілген институтқа тән әлеуметтік позицияларды және рольдер жиынтығымен, сол сияқты ықыластыны мадақтауды, қабыл алмайтынды құруды қамтамасыз ететін санкциялар жүйесімен сипатталады.

Индивид қазіргі  заманғы мәдениет элементтерін, оның ішінде іс әрекет нормаларына сай келетінін меңгере отырып жеке адам болады.

Әлеуметтік  институттардың маңыздысы болып  саяси өкіметті орнатып, қолдайтын  саяси институттар, сол сияқты өндіріс  процестерін қамтамасыз ететін және игіліктермен қызметтерді бөліп  отыруды қамтамасыз ететін экономикалық институттар болып табылады.

Саяси институттар  саяси өкіметті жүзеге асырады. Саяси өкіметтің қажеттілігі мынадай жағдаймен анықталады, индивидтерге, әлеуметтік топтарға меңгеруге қолайлы қорлар, байлықтар және басқада әлеуметтік маңызды обьектілерінің шегі жоқ, оларға қожалық аясын кеңейтуге табиғи ұмтылуға әлеуметтік анықталған шек қойылуға тиіс. Мұндай қорлар материалдық өзгешеліктерге ғана ие болмайды, оларға қауіпсіздік, мәртебе, өкімет, статус жатады.

Мұндай шектеулер  болмаған жағдайда әлеуметтік өзара әрекеттестік тәртіпке келмеуі мүмкін және сөзсіз ерегісулер мен дау жанжалдар шығады, ол әлеуметтік жүйені анархиялық дезинтеграциялық қолайсыздыққа апаруы мүмкін. Шектеулерді қамтамасыз ету қоғамда өкіметтік қатынастарды біреулердің қалғандарға билік етуге құруды талап етеді.

Өкімет талас  пен дау жанжалдың дамуын шеше алатындай соның нәтижесінде  өкіметтік шешім қабылдайтындай және ол шешімді барлығы міндетті тұрде қабылдайтындай жағдайда болу керек.

Саяси өкімет әртүрлі жолдармен және түрліше болып бөлінуі мүмкін біртұтас немесе аралас болып. Мемлекеттік басқару формаларының дәстүрлік типологиясы өкіметті бөлу әдістерін қамтиды «автократия» яғни жеке билеуші мемлекет олигархия азғантай айрықша құқықтар адамдардың билеуі және демократия. Аристотель әрдайым автократиялық тиранияға «қатал» деспоттық басқару «олигархияның плутократияға «қылмыскерлердің өкіметі» және демократияның охлократияға «тобырдың билеуі» құлдырау феномендерінің пайда болатынын атап көрсетеді.

Қазіргі уақытта құқықтық мемлекет концепциясы даму мен оны тану дәрежесіне ие болады. Ол кез келген мемлекеттік істердің формалары заңға дәлірек айтсақ конституцияға бағыну идеясына негізделеді. Мемлекеттік өкіметті шектей отырып конституция сонымен қатар азаматтардың саяси құқықтары мен азаматтық құқықтарын қорғайды.

Экономикалық  институттар әлеуметтік институттардың бір түрі ретінде қарастырады сондықтан да оларды сәйкес келетін әлеуметтік «құқықтық» моральді - этикалық нормалар системасымен сипаттайды. Экономикалық институттардың нормативті құрлымына нормалар системасы - жекеменшіктік қатынастарды көрсететін өндірірістің ұстем түрі типтік нормалардың және алмастырудың әдістерінің болуы сол сияқты басқада әлеуметтік қазыналар .«моральді этикалық» адамгершілік әдеп үлгілері және экономикалық ортада мінез - құлық нормалары кіреді.

Әлеуметтік  институт сияқты экономиканың ерекшілігін  табу үшін бұл жерде пайда болатын әлеуметтік өзара іс әрекеттерді қатынастардың екі түрлі негізгі типті тұрғысынан қарау керек.

«Мәртебе» категориясы көп мағаналы (латын сөзі  статус- орнату, қондыру, істің хал жайы, болып аударылады). Ғылыми жағдайда «статус» субьектінің негізгі стасистикалық жағдайында көрсету үшін қолданылады.

Азаматтық     құқықтық   мағынада   «статус»     азаматтық жағдайы, дәрежесі деген мағынаға сай келеді. Мәртебелік жарлықтарға конституцялық нормалар жатады олар мемлекттік өкімет пен басқарудың структурасы мен заңдылығын анықтайды.

Мәртебеден  тыс басқару жағдайында экономиканың тұрақты жұмыс істеуі мүмкін емес. Экономика байсалды жүйеге ие оның тұрақтылығы қаншалықты маңызды болса өзгеруге бейімділігі, шаруашылықтың жаңа жағдайына үйренуіде сондай маңызды.

Экономикада «шарт» категориясының рөлі ерекше. Экономика  тарихи жағдайда не өнімді тайпалық отбасылық  тұрде өндіру не құлдық еңбек институты түрінде өмір сүрді . Келе келе оның дамуы ерікті товар өндірушілермен шарт жасау қатынастарына негізделеді. Статустық қатынастардан шарт жасасу қатынастарына өту барысында жеке ынтаға (инициатива) еркіншілік берілді, өндіріс шапшаң дами бастады. Дегенмен өндірістің кұрделенуі, технологияның үзілді-кесілді бұйрықтың талабы шартты қатынастардың статустық реттелуін талап етті, ал өндірістік қоғамдық сипатының кұшеюі экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігін көрсетті, егер бұлай болмайтын болса бүкіләлемдік дағдарыс деңгейінде дисфункция көрініс береді.

Бұл сүрақтың жауабы екі түрлі болды. Бірінші (табысты түрі) экономиканың негізі жекеменшікті сақтау. Екінші (табыссыз түрі) жекеменшікті жою және оны мемлекеттік меншікке ауыстыру, бұл экономика мен мемлекеттік толық біріктіруге әкелді. Бұл вариант экономикалық системаны жаңаша дамудан айырды, экономиканың шапшаң дамуына мүмкіндіктің жолын тапты, ал оның едәуір бөлігін қамтыды.

Әлеуметтік  институттар тек жоғарыда көрсетілген  екі, саяси және экономикалық, түрін ғана қамтымайды.

Бұдан басқа  элеуметтік институттарға семья (отбасы, отбасы), ғылым, білім беру системасы, денсаулық сақтау, мәдени-тәрбие мекемелері, құқық және әділет жатады. Әлеуметтік институттар әлеуметтік ортамен, қоғаммен 
өзара бір-бірімен әрекет етеді. Бұл процесс дұрыс болуы 
мүмкін, дегенмен кейде оның бұзылуы мүмкін. Әлеуметтік 
институттардың әлеуметтік ортамен өзара бір-бірімен 
әрекетінің негізі-қоғамдық қажеттіліктерді 
қанағаттандыруда жатыр.

Қоғамда өтіп жататын  процестер индивидтердің, топтардың, қоғамдағы қабаттар мен таптардың қажетін ұнемі өзгертіп отырады, сонымен қатар әлеуметтік институттар мен әлеуметтік ортаның қатынастарының сипатын да өзгертеді.

Кейде өзгерген әлеуметтік қажеттіліктерге сәйкес әлеуметтік институттардың құрылымында, қызметтерінде пара-пар келетін көріністерді таба алмауы мүмкін. Осындай сәйкессіздіктің нәтижесінде қызметтің бұзылуы көрініс береді. Ол әлеуметтік институттардың сыртқы ортасында, мазмұнында көрінеді.

Әлеуметтік  институттардың қызметінің бұзылуы көрінісі сырттай мамандардың дайын еместігі яғни сапасыз мамандар, ұйымдастырудағы қажеттіліктер, материалдық қаржылармен көрінеді. Назар аударып қарасақ дисфункция сол институттың мақсатының анық еместігін, міндетінің айқын еместігін, беделі мен даңқының тұсуін көрсетеді. Институттың іс әрекетінің әлеуметтік қажеттіліктерге сай келмеуі оның қызметінің мәнінің төмендеуіне әкеледі.

Кез келген әлеуметтік институттың іс әрекетінің қызметтік  өзгеруі оның қызметкерлерінің іс әрекетінің бұзылуынан көрінеді, олардың іс әрекеті маңызды орын алады. Қызметкерлердің іс әрекетінің бұзылуы мынаны көрсетеді: институттың барлық қызметтерін қамтамасыз етуде жеке адамның ерекшелігіне қарамайды, негізгі міндеттерді кімдер орындауы керек, оған кім жауаптылық қатысы болмайды.

Институт қызметкерлерінің іс әрекетінің бұзылуы институттың  объективті қажеттілігіне сай емес, қойылған міндет-мақсаттарына сәйкес емес жұмыс жасайтынын көрсетеді, жекелеген  адамдар мен олардың қызметінің сапасына қарай өз функциясын өзгертіп отыратынын көрсетеді.

2. Әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандырмау (әлеуметтік институттың дисфункциялануы) институт дисфункциясын белгілі нормалар мен ережелерді бұза отырып толықтыратын нормативті реттелмеген іс әрекеттің түрі стихиялы болады. Мұндай жағдайлардың соңы заңға қарсы іс әрекеттерде көрінуі мүмкін. Осындай экономикалық институттардың дисфункциялануы белгілі бір мұліктік, шаруашылық заң бұзылушылыққа әкеліп соғады.

Информация о работе Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары