Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 16:28, курсовая работа
Курстық жұмысымның мақсаты – бройлер – балапандарды өсірудің заманауи технологияларымен танысу, Қазақстандағы қазіргі жағдайын зерттеу және бройлер етін өндіру және өңдеу технологиясын меңгеру.
Кіріспе………………………………………………...……….…..................
1.1. Әдебиетке шолу..........................................................................................
2. Негізгі бөлім
2.1. Бройлер тауықтары мен балапандарын өсіру.........................................
2.2.Жаңа заманғы бройлер өсірудің және құс етін өндіру технологиялары
2.3. Етті бағыттағы тауық тұқымдары мен кросстары…………………......
2.4. Бройлер балапандарына арналған азықтандыру мен бағып – күту нормалары.............…………...…..................
2.5. Қазақстандағы еттік құс шаруашылығының заманауи жағдайы
3. Қорытынды…………………………………………….…..................
4. Пайдаланылған әдебиеттер………………………………….................
Бройлерлердің ата-аналық табыны бір-біріне сәйкестелген аталық және аналық түрлерімен толықтырылады. Оларды будандастырып, гетерозистік жоғары өнімді балапан өсіреді. Ата-аналық топта қораз мекиен қатынасы 1:8 бройлер етін үзіліссіз өндіру осы топты жыл мерзімінде кемінде 4 рет толықтырады. Балапандарды торда немесе еденде күтіп бағады. Қора температурасы 15-18 С, салыстырмалы ылғалдылығы 65-70 . Құс қорасының ауасында зиянды газдар мөлшері шектеулі болғаны жөн: Көмір қышқыл газы – 0, 25 ауа мөлшерінде, аммиак – 15 мг/м , күкірт сутегі 5 мг/м – ден жоғары емес.
Бройлерлерді өсірген кездегі микроклимат параметрлері
Балапандардың жас мерзімі, күн |
Температура, 0 С |
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, пайыз | |
қорада |
брудерде | ||
Қалың төсенішті өсірген кезде | |||
1-7 |
28-26 |
35-30 |
65-70 |
8-21 |
24-22 |
29-26 |
65-70 |
22-42 |
20-19 |
- |
65-70 |
43 және одан әрі қарай |
18-17 |
- |
65-70 |
Тор төселген еденде күткен кезде | |||
1-7 |
28-26 |
35-33 |
65-70 |
8-14 |
25-24 |
32-30 |
65-70 |
15-21 |
23-21 |
29-25 |
65 |
22-28 |
20-19 |
25-22 |
65 |
29 және одан әрі қарай |
18-17 |
- |
60 |
Клеткаларда күтілген кезде | |||
1-7 |
30-28 |
32-30 |
- |
8-21 |
25-24 |
28-26 |
- |
22-42 |
20-18 |
22-20 |
- |
43-56 |
18-16 |
20-18 |
- |
2.5. Қазақстандағы еттік құс шаруашылығының заманауи жағдайы
Құс шауаршылығы мал шауаршылығындағы тиімді, нәтижелі және жылдам өтелімді салалардың бірі болып табылады. Қазақстанда құс шаруашылығын дамытудың қалыптасу және дамуының үлкен тарихы бар. Қазақстанда өткен ғасырдың 90 жж аяғында ет және жұмыртқа бағытындағы 70 құс фабрикасы жұмыс істеді. Жыл сайын бұл кәсіпорындар 3,5 млн-нан астам жұмыртқа және 140 мың тонна құс етін беріп отырды. Алайда мемлекетсіздендіру, азық өндіру үшін жыртылған жерлердің жетіспеушілігі, өнеркәсіптік өнімдерге бағаның төмендеуі және т.б. бірқатар оқиғалардан соң, мұндай жүкті көтере алмай, өз өндірістерін тоқтатты.
Қазіргі уақытта құс шаруашылығы даму сатысында және егер жұмыртқалық құс шаруашылығында жеткілікті база болып, толық түрде тұрғындар қажеттілігін қамтамасыз етсе, құс еті көп жағдайда импорт есебінен алыс және жақын шетелдерден аса сапалы емес өнімдермен орны толтырылады.
Ауыл шаруашылығының облыстық департаменттерінің деректері бойынша Қазақстан аумағында қазіргі уақытта 56-ға жуық құс фабрикасы жұмыс істейді, оның 17-сі ет, ал 39-ы жұмыртқа бағытында. Ет және жұмыртқалық құс шаруашылығының базасы республиканың 11 облысына шоғырланған, оның бесеуі саланың көшбасшылары болып саналады – Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары.
2001-2005-жылдар
аралығында Қазақстан
Көрсеткіш |
Жыл |
2005-ж. салыстыр-малы өзгерісі, % | |||||
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2001 |
2004 | |
Құс саны, млн бас |
21,1 |
23,7 |
23,8 |
24,8 |
25,6 |
121,3 |
103,2 |
Құс еті, мың тонна |
31,2 |
35,3 |
38,4 |
41,3 |
46,4 |
148,7 |
112,3 |
Жұмыртқа, млн дана |
1975,6 |
2008,4 |
2276,7 |
2316,8 |
2514,7 |
127,3 |
108,5 |
Қазақстан Республикасы тұрғындарының отандық өндірістегі құс етімен қамтамасыз етілу деңгейі бүгінгі күні тұтынудың ұлттық нормаларынан төмен. Құс етін тұтыну бір адамға жылына шамамен 13,7 кг құрайды, бұл 18 кг деңгейінде тіркелген халықаралық нормалардан аз ғана төмен. Сонымен қоса, басқа елдердің тәжірибесі тұтынуды 36-44 кг-ға дейін өсіруге болатынын көрсетеді, мысалы Қытай немесе АҚШ деңгейіне дейін.
Саланың дамуын ұстап тұрған негізгі факторлардың бірі тұқымдық материалдың жоқтығы болып табылады. Аталған проблеманы шешу үшін Қазақсаттанның құс шаруашылығы кәсіпорындары әлемнің әртүрлі елдерінен тәуліктік тауықтарды және инкубациялық жұмыртқаларды әкеледі. Тұқымдық құс шаруашылығын дамытудың талдауы жұмыртқа және құс етін өндіру үшін негізінен шамамен тең өнімдік сапалармен сипатталатын 5-6 кросстық құс пайдаланылатындығын көрсетеді. Алайда, бұл тұқымның құны отандық құс шаруашылығы үшін өте жоғары болып табылады және мұндай тұқымдық материалды сатып алу мүмкіндігі барлығында бола бермейді.
Сонымен бірге соңғы үш жылда еттік құс шаруашылығында жағдай тұрақтанды әрі негізінен өзгеріссіз болып тұр. Өндіріс, құс етін тұтыну, сонымен қатар құс саны көрсеткіштерінің ауытқуы болмашы ғана.
Алайда ҚР Агенттігінің статистика бойынша деректеріне сенсек, 2012 және 1990 жж көрсеткіштерін салыстыру аса мәз емес. Барлық санаттардағы шаруашылықтарда 2011 жылғы құс саны 1990 жылға қарағанда 50,3%-ды құрайды, ал ет өндіру көлемі 1990жылғы деңгейден 32,5 %-ға ғана жетеді.
Сонымен қатар
тұтыну көлемінің өсуі және отандық
қуаттың жеткіліксіздігіне
Құс етінің импорты мен экспортының көлемі
Атауы |
Бірлік |
2010 |
2011 |
2012 |
Импорт |
мың тонна |
127,4 |
159,2 |
126,9 |
Оның ішінде: | ||||
АҚШ |
мың тонна |
104,7 |
116,6 |
110,0 |
Ресей |
мың тонна |
4,3 |
18,4 |
8,6 |
Бразилия |
мың тонна |
0,6 |
0,5 |
0,5 |
Тұтынудан импорт үлесі |
% |
55,3% |
60,9% |
53,3% |
Семей қаласының іргесіндегі «Прииртыш бройлер құс фабрикасы» ЖШС негізінен балапан шығару, құс өсіру және бройлер тауығының етін өндірумен айналысады. Жылына 8 мың тоннаға жуық тауық еті мен өнімдерін өндіріп, облыс тұрғындарының құс етіне деген 40 пайыз сұранысын қамтамасыз етіп отыр. 1984 жылы құрылған кәсіпорын тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында біраз қиындықты бастан кешіргенімен тынымсыз еңбектің арқасында кейінгі жылдары еңсесін тіктей бастаған. 2003-2004 жылдары қайта жабдықтау және өндірісті жаңғырту жұмыстарының бірінші кезеңі жүргізілді. Осыған сәйкес өнім өндіру технологиясы да түбегейлі өзгеріске ұшыраған. 2009 жылы өндірістік жаңғыртудың екінші кезеңі қолға алынып, Нидерландының «Pas Reform» фирмасы жасап шығарған қуаттылығы жылына 10 млн. жұмыртқаға шақталған инкубаторымен жабдықталады. Құс өсіру цехының 39 корпусында технологиялық желілерді қайта жабдықтау мен жаңарту жұмыстары жүзеге асырылып, сыйымдылығы 8 тоннаға дейін ет сақтайтын «Bitser» фирмасының тоңазтқыш камералары орнатылған. Балапан бағудың бабын білетін білікті мамандар айналасы 42 күннің ішінде бройлерлердің салмағын 2,2-2,4 келіге дейін жеткізеді.
Бройлер балапандарын өсіру көрсеткіші бойынша елімізді былай қойғанда ТМД шеңберінде ең үздік деңгейге қол жеткізген семейлік құс фабрикасының келешегі зор. Балапан бағудың бабын білетін білікті мамандар айналасы 42 күннің ішінде бройлерлердің салмағын 2,2-2,4 келіге дейін жеткізеді. Бір ескеретін жайт, бройлерлер өте нәзік, кірпияз, әрі сезімтал келеді. Қатты шыққан дауыстан, жарық еткен жарықтан шошынса немесе кір-қоқыста жүріп қалса өліп кетуі ықтимал. Сол себепті жұмыскерлер үстеріне ақ жейде, бастарына телпек, аяқтарына арнайы шұлық киіп жұмыс істейді. Тазалық қатаң сақталуы керек. Фабриканы аралау кезінде біз де солай киініп жүрдік. Дегенмен мұның бәрі қаншалықты қиын болса да балапандардың 98 пайызын өлтірмей өсіріп отыр. Ал кәсіпорынға қажетті инкубациялық бройлер жұмыртқалары Глубокое ауданының «Племптица» ЖШС-нен жеткізіледі. Сондай-ақ 2006 жылдан бастап ISO 9001:2000 стандарты бойынша жұмыс істеп келген кәсіпорын былтырғы маусым айында UKAS-та тіркеуден өткен Bureau Veritas Certification компаниясының ISO 9001:2008 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігінің ре-сертификациялық аудитін өткізген. Ең бастысы, халық тұтынатын өнімдердің барлығы да халал. Айталық мұздатылған бройлер-балапан еті, қапталған сан, төс, жіліншік, қанат еттері секілді өнімдер өндіріледі.
Жалпы ауыл шаруашылығын, оның ішінде құс фабрикаларын дамытуға мемлекет баса көңіл бөлуде. Былтырдың өзінде сіздердің фабрика 230 млн. теңгедей мемлекеттен қосымша субсидия алды.
Жақында біздің облысымызда Көшім ауылдық округінің аумағына орналасқан «Бройлер етін өңдейтін құс фабрикасының» жобасы құпталды.
БҚО Көшім ауылдық округінің аумағында ірге теппек болашақ «Жалын-құс» құс фабрикасының орны да белгіленді. Аталмыш серіктестік иелігіндегі құс фабрикасына «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы 3 млрд. 800 млн. теңге қаражат бөлінген. Мұнда жылына 6 300 тонна бройлер тауығының етін өндіру жоспарлануда. Көлемі 55 гектар жерді алатын фабрика аумағында 18 құс қорасы мен инкубатор және жем шығаратын цех іске қосылмақ. Инкубаторлар келісімшарт бойынша Бельгиядан әкелінбек. Бұл бройлер құсының етін шығаратын Қазақстандағы екінші фабрика болмақ. Қажетті қаржы-қаражат бөлінді. Жоба бойынша фабрикада 150-ден астам адам еңбек ететін болады деген болжамдар бар.
Шығыс Қазақстанда құс етінің өндірісі облыс бойынша алғанда 2006-жылы 2005-жылмен салыстырғанда тірі салмағы 300,5 тоннаға немесе 1,6 % кемісе, сойылған салмағы 352,9 тоннаға немесе 1,7 % жоғарылап отыр. Соның ішінде, жекелеген құс фабрикалары бойынша қарастыратын болсақ, тірі салмақта «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-ның өндіріс көлемі 795 тоннаға кеміген, басты себебі өнім өндірісінідегі жоспарланбаған шығындар, өткізудегі қиыншылықтар және т.б., «Прииртыш бройлер құс фабрикасының» өндіріс көлемі 497 тоннаға жоғарылаған, «Предгорное құс фабрикасы» өндірісі 42,5 тоннаға өскен. Құс етінің өндірісі тірі салмақта жұмыртқа бағытындағы кәсіпорындарда да 122 тоннаға жоғарылаған, ал тұрғындар шаруашылығында 167 тоннаға кеміген. Құс етінің өндірісі жұмыртқа бағытындағы кәсіпорындарда да 91 тоннаға, ал тұрғындар шаруашылығында 352,9 тоннаға жоғарылаған. «Өскемен құс фабрикасы» АҚ 2006-жылы өндірілген бройлер еті 2005-жылмен салыстырғанда 5,3% немесе 615 тоннаға кеміген. «Прииртыш бройлер фабрикасы» ЖШС бройлер етінің өндірісі 2006-жылы 15,9% немесе 403 тоннаға жоғарылаған.
Қорытынды
Өндірістік
құс шаруашылығы нарық
Келешекте
жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын
жетілдіру, әрі шаршы метр жерден
өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік
құнын төмендетуді көздейді. Бұл
жағдайдағы негізгі мақсат және міндет,
бүкіл шығынды барынша азайту
болып табылады. Құсты дұрыс та
тиімді пайдалануға бағытталған
ортаның жан – жақта
Алға
қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымен
мынандай мәселелерді шешу қажет: бірнеше
бағыттағы құс шаруашылықтары мен
фермаларын мамандандыру, шаруашылықтарды
пайдалы технологияға ауыстыруды, құсты
инфекциядан қорғауды қамтамасыз ететін
қажет құрал — жабдықтары бар
құсханалардың жаңа түрін салу, құсты
және құс клеткаларын пайдалану
мерзімін ұзартатын клеткалық батареяның
ыңғайлы конструкциясын жасау, құсты
клеткалық батареяда
Сонымен қатар, көліктің және басқару міндеттерін орындайтын машиналардың технологиялық жүйесі жасалынады, автоматтандырылған басқару бағдарламасымен жабдықталган құс фабрикаларын құру мәселесі шешіледі. Бұл салалық автоматтың басқару жүйесін дайындап, оны өндіріске енгізудегі ең басты талап.
Келешекте құс шаруашылығының үдемелі дамуы, өте жоғары мамандандырылған әрі шағылыстырғанда мол өнімді будан алынатын құс тұқымдары мен тізбектері болса ғана үдемелі дамытуға болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
Информация о работе Бройлер-балапандарды өсірудің технологиясы