Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 16:28, курсовая работа
Курстық жұмысымның мақсаты – бройлер – балапандарды өсірудің заманауи технологияларымен танысу, Қазақстандағы қазіргі жағдайын зерттеу және бройлер етін өндіру және өңдеу технологиясын меңгеру.
Кіріспе………………………………………………...……….…..................
1.1. Әдебиетке шолу..........................................................................................
2. Негізгі бөлім
2.1. Бройлер тауықтары мен балапандарын өсіру.........................................
2.2.Жаңа заманғы бройлер өсірудің және құс етін өндіру технологиялары
2.3. Етті бағыттағы тауық тұқымдары мен кросстары…………………......
2.4. Бройлер балапандарына арналған азықтандыру мен бағып – күту нормалары.............…………...…..................
2.5. Қазақстандағы еттік құс шаруашылығының заманауи жағдайы
3. Қорытынды…………………………………………….…..................
4. Пайдаланылған әдебиеттер………………………………….................
Бройлер тауықтарының мына
Корнуэль тауығы, корниш (Англия) – бұл тауық түрі ең алғаш малай халқы өсіретін азиль тауығын жергілікті тауықтармен будандастыру нәтижесінде Англияда пайда болған. Құстың басы қысқа, әрі жалпақтау келеді, тұмсығы қысқа, имектелген. Денесі аумақты, тұрқы орташа, құйрығы қысқа. Мекиендері 3,3-3,8кг, әтештері 4,5-5,0 кг. Жұмыртқалағыштығы жылына 110-130 дана, әрқайсысының салмағы 58-60г.
Жұмыртқа – ет бағытындағы
Кохинхин (Вьетнам) - бұл тұқымға келесі экстерьерлік көрсеткіштер тән: конституциясы нәзік- болбыр, басы кішкентай, көздері тереңірек орналасқан, түрлі түсті болып келуі мүмкін, тұмсығы сары, қысқа әрі аз ғана иілген, мойнының ұзындығы орташа, арқасы қысқа болса да, кең, аяқтары қысқа, құйрығыда қысқа. Өнімділігі: тауықтардың тірілей салмағы 3,5-4,0 кг, қораздарыныкі 4,0-5,0 кг. Бұл - етті тауықтар қолтұқымы, жылына 130-150 жұмыртқадан артық бере алмайды. Жұмыртқа салмағы 55-56 г, түсі ақшыл сары.
Фавероль (Франция) – етті бағыттағы тауық тұқымы. Экстерьерлік сипаттамасы: айдары жапырақ тәрізді, орташа мөлшерлі, тұмсығы ақшыл сары, тұмсығының астында кішкентай сырғалықтарын жауып тұратын «сақалы» басталады, мойны қысқа әрі қалың, дене бітімі тығыз. Тұқымдық ерекшелліктері: салқынға төзімділігі, тез жетілгіштігі, етінің жақсы сапалылығы. Мекиендерінің тірілей салмағы 3,0-3,5 кг, қораздарынікі 3,5-4,0кг. Жұмыртқалағыштығы 100-130 дана. Жұмыртқа салмағы 55-65 г.
Нью-гемпшир (АҚШ) – жұмыртқа – ет бағытындағы тауық тұқымы. Экстерьерлік көрсеткіштері: басы онша үлкен емес, мойны орташа ұзындықта, кеудесі тығыз, домаланған, денесі ұзын, терең әрі жалпақ. Өнімділігі: мекиендердің тірілей салмағы: 2,1-2,3 кг, қораздарының 3,0-3,5кг. Жұмыртқалағыштығы – 200 жұмыртқа. Жұмыртқа салмағы -58-60г. Түсі ақшыл қызғылт.
Адлер күміс түсті тауықтар (Краснодар) – ірі денелі, айдары жапырақ тәрізді, сүйектері шымыр, бірақ дөрекі емес, бұлшық еттері жақсы білініп, шымырланып тұрады. Едәуір ірі болады. Қораздары 3,5 кг, мекиендері 2,7 кг салмақ тартады. Жұмыртқалағыштығы 160-180 дана/ жыл. Әр жұмыртқаның салмағы 60 г тартады. Жұмыртқалардың инкубациялық сапалары өте жақсы, балапандардың шығуы 85-87 пайызға жетеді.
«СК-Русь» кроссы – бұл «Русь» мемлекеттік құс асыл тұқымы зауытында үдемелі өсу, азықты өсуге тпайдалану қабілеттілігіне, төс пен аяқтарының еттілігіне, сүйектерінің ірілігіне, қоршаған ортаға бейімделгіштігіне, өсіп – өну сапасына қарай іріктеп, сұрыптау әдісімен шығарылған. Жұмыртқалағыштығы 160 дана, балапан шығымы 80-83 пайыз. 8 апталық шамасында 3 кг тартады.
«Титан» кроссы (Израиль) – 7 апталық кезеңінде 2,6 кг, жұмыртқалағыштығы 171 дана/жыл, балапан шығымы 84 пайыз, 10 апталық кезеңіндегі салмақ көрсеткіші 3,73 кг, 1 кг салмаққа кеткен жем шығыны – 1,91-2,05кг.
«Барос» кроссы – тез бейімделгіштік қабілетімен ерекшеленеді. 52 апталық тауық салмағы 2,4-2,6 кг, ал қораздары 2,8-3,1 кг-нан аспайды. Бірақ 1 кг салмақ қосу үшін кететін азық шығымы ірі тауықтарға қарағанда аз кетеді. 64 апталық тауықтардан 165-170 жұмыртқа алуға болады.
Конкурент кроссы - Бройлерлерінің 7 апталық жасында салмағы 2 кг жетеді, бір кг жинаған салмағына 2,1 кг азық жұмсайды, өміршеңдігі 91-98 пайыз.
Будан бройлер алу схемасы
Түп тізбектер ♂С1 х ♀С1 ♂С2 х ♀С2 ♂ В7 х ♀В7 ♂В6 х ♀В6
Ата – әжелері ♂С1 х ♀С2 ♂В7 х ♀ В6
DwDw Dw- dwdw dw-
Әке – аналары
Бройлер балапандар (будандар) С12В76
2.4. Бройлер
балапандарына арналған
Ауыл шаруашылығының өнімді тез беретін саласы – құс шаруашылығы. Халықтың ет өнімдеріне деген қажетін өтеуде тауықтың бройлер балапандарының да алатын орны ерекше,сондықтанбройлер балапандарының өнімділігін жоғарлату үшін селекциялық жұмыстармен қатар оларды тұқымдық ерекшеліктеріне сай қоректендірудің маңызы зор. Осыған орай биологиялық белсенді және қоректік заттар жемнің сапасын арттыруда басты рөл атқарады.
Ет бағытындағы тауықты негізінен бройлердің тобын толықтыру үшін пайдаланылады. Олардың тірідей салмағы артық болған себептен, өнімділігі бірдей болғанымен де жұмыртқалайтын тауықпен салыстырғанда, әрбір 10 жұмыртқаға шаққанда 15-20% -ға азықты көп жейді. Азықтандыруды ұйымдастырғанда ең алдымен олардың қоректік заттарға қажеттілігін білу керек. Тәулігіне бір басқа бұл құрама жемді тауыққа 155 граммға дейін береді. Төмендегі кестеде бройлерлер мен ата – аналық табындағы тауықтарға арналған құрама жемдердің үлгі рецептері көрсетілген.
Бройлерлер мен ата – аналық табындағы тауықтарға арналған құрама жемдердің үлгі рецептері, пайыз
Компонент |
Бройлерлер, 1-30күн |
Бройлерлер, 31күн және одан да көп |
Толықтырушы балапандар |
Ата-аналық табындағы тауықтар |
Жүгері |
56,0 |
61,2 |
16,5 |
39,4 |
Бидай |
8,4 |
4,4 |
22,0 |
32,0 |
Арпа |
- |
- |
40,5 |
- |
Бидай кебегі |
- |
- |
3,5 |
- |
Күнбағыс күнжарасы |
4,0 |
21,7 |
6,0 |
8,2 |
Жержаңғақ шроты |
11,9 |
- |
- |
- |
Балық ұны |
8,2 |
3,9 |
4,7 |
3,9 |
Ет-сүйек ұны |
- |
2,0 |
- |
1,8 |
Жем ашытқышы |
- |
3,2 |
4,0 |
- |
Лизин |
5,0 |
- |
- |
3,0 |
Құрғақ сүт |
3,0 |
2,0 |
- |
- |
Шөп үгіндісі |
2,0 |
0,6 |
- |
4,2 |
Бор |
0,5 |
- |
1,4 |
6,0 |
Фторсызданған фосфат |
- |
- |
0,2 |
0,5 |
Тұз |
- |
1,0 |
0,2 |
- |
Премикстер |
1,0 |
100,0 |
1,0 |
1,0 |
Сонымен
қатар, азықтандыру барысында
Барлық балапандардан барынша жақсы өнім алу үшін олардың жалпы протеин ғана емес, амин қышқылдары және салыстырмалы қуатпен де қамтамасыз етілуі өте маңызды. Жұмыртқадан балапан шығып, ол өсіп жұмыртқа бергенге дейін 3-4 ай өтсе, ет балапандарын жемдеуге 42-56 тәулік қана уақыт керек. Бірақ мұндай жетістікке тек жоғары сапалы, толық құрамды құрама жем қолдану арқылы ғана жетуге болады. Айтылған жемнің құрамында витаминдер, макро-микроэлементтер, синтетикалық амин қышқылдары, энзимдер т.б. қоспалар болуы тиіс. Міне, осындай құрама жемді құс рационында негізінен құрғақ күйде қолдану шаруашылықты өндірістік негізінде дамытуды жаңа сатыға көтеруге мүмкіндік береді.
Бройлерлер
рационына ерекше көңіл аударған
жөн. Құрама жемде клетчатка аз мөлшерде
болуы қажет, майлармен, басқа да
биологиялық заттармен
Бройлерлерді витаминдермен қоректендіру мәселесіне байланысты ғылыми жетістіктерге қарамастан олардың рационындағы витаминдер мөлшерінің аз-көптігі ия болмаса витаминдердің фармакологиялық түрлерінің сәйкессіздігінен өнімнің сапасы мен мөлшері төмендеп, балапандар жаппай қырғынға ұшырауы мүмкін. Витаминдерді бастапқы қоректендіруге арналған рационға міндетті түрде қосу қажет, себебі құрама жем негізінен өсімдіктерден тұратындықтан оларда суда, майда еритін витаминдер өте аз мөлшерде ғана болады.
Тағы ескеретін жайт, бойлер балапандарының дұрыс өсіп-жетілуіне қажетті заттардың тағы бірі – химиялық элементтер. Ресей мен Қазақстанда натрий мен йодтың бройлерлер үшін қажетті мөлшері АҚШ-қа қарағанда жоғары да, темір мен мыс мөлшері төмен. Ресей мен Қазақстанда калий, хлор, магний, селен химиялық элементтерінің бройлер балапандарына қажетті мөлшері белгіленбеген. Бройлер балапандар рационында химиялық элементтердің қалыпты мөлшерден артық болуы уландырады. Ол жедел немесе созылмалы түрде қалыптасуы мүмкін, сондықтан құрама жем рецебін жасағанда аса абай болған жөн. Сондықтан рациондағы химиялық элементтердің мөлшерін қатаң қадағалаған жөн. Бройлерлер рационына микроингредиенттер премикстер (витаминдер, амин қышқылдары, химиялық элементтер, антикокцидиостатиктер, өсуді күшейткіштер, антиоксидиостатиктар, энзимдер т.б. қоспалар) аз мөлшерде ғана қосылғанымен (0,1%), рационның құрамында өте үлкен маңызды рөл атқарады.
Тауық бройлерінің етін өндіру процесі қарқынды технологияға көшірілген. Бройлер етін өндіруге жоғары өнімді будан құстың балапанын өсіреді. Олар қысқа мерзімде союға өсіп жетіледі. Бройлер өсірудің технологиялық процестері механикаландырылған, автоматтандырылған. Өндіріс процесі толық циклды атқарылады.
Негізінен, бройлерлерді қалың төсеніште өсіруі кең таралған (төсеніш ретінде шым, ағаш үгіндісі немесе жаңқасы, кесілген сабан пайдаланылады). Қоралары терезесіз, микроклимат көрсеткіштері мен жарық режімі реттеулі. Бір тәуліктік бройлер балапанын таза залалсыздандырылған қораға қабылдайды, еденіне алдымен әк төселінеді (кг/м), содан кейін қалыңдығы 12-15 см төсеніш төсейді. Өсіруге қабылдаудан бұрын 1-2 күн бұрын қораны жылытады. Брудер астында температура 33-35 С, балапандар бытырап шашылмау үшін брудердің айналасын қоршайды. Қоршаудың ішіне азықсалғыш, әр 30 басқа және суқұйғыш әр 100 басқа есеппен бір-бірден қойылады. Әр брудер астына 500 бас балапан отырғызылады Бірінші 10 тәулік жасына дейін су, азығы қолмен тасып таратылады. Бір айлық жасында брудерлерді жинап тастайды жарықтандыру деңгейін балапандардың жасына қарай өзгертеді. Бройлерді торда өсірген пайдалы, себебі құс орны тиімді пайдаланылады (1м – 28-30, ал еденде 1м – 18-20 бас сыйғызады).
Информация о работе Бройлер-балапандарды өсірудің технологиясы