Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 16:28, курсовая работа
Курстық жұмысымның мақсаты – бройлер – балапандарды өсірудің заманауи технологияларымен танысу, Қазақстандағы қазіргі жағдайын зерттеу және бройлер етін өндіру және өңдеу технологиясын меңгеру.
Кіріспе………………………………………………...……….…..................
1.1. Әдебиетке шолу..........................................................................................
2. Негізгі бөлім
2.1. Бройлер тауықтары мен балапандарын өсіру.........................................
2.2.Жаңа заманғы бройлер өсірудің және құс етін өндіру технологиялары
2.3. Етті бағыттағы тауық тұқымдары мен кросстары…………………......
2.4. Бройлер балапандарына арналған азықтандыру мен бағып – күту нормалары.............…………...…..................
2.5. Қазақстандағы еттік құс шаруашылығының заманауи жағдайы
3. Қорытынды…………………………………………….…..................
4. Пайдаланылған әдебиеттер………………………………….................
2.2. Жаңа заманғы бройлер өсірудің технологиялары
Құс өсірудің
бұл саласының алға басуына біздің
еліміздің ғалым – құс
Қолда өсірілетін
үй құстарының түрі көп. Оларға тауық,
үйрек, қаз, күркетауық және т.б жатады.
Фермерлік шаруашылық жағдайында құс
өсіру өте ыңғайлы да тиімді. Өйткені
құс басқа мал сияқты жайылымды,
аумақты азықтарды
Бұл еліміздің азық-түлік қорын толықтыруға елеулі септігін тигізуде. Өйткені, медициналық нормалар бойынша адамның жылдық қоректену рационындағы ет пен ет өнімдерінің белгілі бөлігі құс етімен және де белогында тіршілікке қажетті барлық аминқышқылдары толық жиналған құс жұмыртқасымен толықтырылуы қажет. Құстың көбейіп өсіп-жетілу қабілеттілігі де малдыкінен анағұрлым жоғары, ал өндірілген өнім бірлігіне жұмсайтын азық мөлшері әлдеқайда төмен. Мысалы, әр 1 кг салмақ қосымына ірі қара мал – 10-12 а.ө., ұсақ қара мал – 8-10 а.ө., жұмсайтын болса, құс 1 кг-ның жалпы қоректілігі 1 а.ө.- мен пара-пар келетін – 3-4 кг, ал тез жетілгіш етті бағыттағы бройлер балапандары – 1,7-2 кг құрама жем жұмсайды.
Біздің мемлекетіміздің өз күшімен құс өнімін керекті көлемде өндіруіне барлық жағдайы бар. Соңғы жылдары жеке кәсіпкерлердің күшімен және ҚР АШМ қолдауымен, шет елдің алдынғы қатардағы фирмаларынан құстың жоғары өнімді бірнеше жаңа кросстары өсіріліп, пайдаланып жатыр. Бройлер өсіретін құс фабрикалардың ет өндіру көлемі 3,5 есе өсіп 13,3 мың тоннаға жетті. Сонымен, барлық өндірілген құс етінің 33 бройлер өсіретін фабрикаларда өндірілуіне байланысты, жалпы дайындалған ет көлемінің 30,4 құс еті болған кезде де негізгі құс етін өндірушілер қазіргі фабрикалар болмақ.
Жалпы алғанда, құс шаруашылығы мал шаруашылығының маңызды саласы болып есептеледі. Ауылшаруашылық құстар тез жетілгіш келеді: тауық бройлерлері 6-7 апталығында 2-2,5 кг салмаққа жетеді. Құс еті өте құнды диеталық тағам болып есептеледі. Ет құрамында толық құнды ақуыздар, майлар, минералды заттар мен витаминдер мол. Құс шаруашылығын интенсивті технология жолына қойып қысқа мерзімде сапалы өнім алуға болады.
Интенсивті технология дегеніміз – құсты дұрыс өсіру, азықтандыру, күтіп-бағу – барлық технологиялық параметрлерін сақтау. Әлем елдерінде бройлер өндірісінің тез дамуына себеп – диеталық өнімге деген рынок сұранысының жоғарлылығы, бройлер балапандарының тез пісіп-жетілгіштігі, өндіріске жұмсаған капиталдың (шығынның) тез қайтарылуы (сиыр етіне қарағанда төрт еседен астам тез) және жемнің аз жұмсалатындығы. Бір центнер сиыр етін өндіру үшін 8-10 ц, шошқа етіне 4-6 ц азық өлшемі жұмсалса, 1 ц бройлер етін өндіруге не бары 2,5- 3,0 ц ғана азық өлшемі жұмсалады.
Сонымен қатар, бройлер балапандары малға қарағанда денесінде өте жоғары биосинтездік заттарды интенсивтік жолмен түзеді. Бір тәулікте 1 кг массасына бройлер балапандар 25-30 г, шошқалар 12-15 г, ал сиырлар 5 г салмаққа тиісінше 250, 450 және 700 г., энергия 5000, 10000, 17500 ккал мөлшерінде жұмсалады.
Бройлер өндірісінің дамуына ауыл шаруашылығы ғылымының генетика, ветеринария, технология секілді салаларына қоса құстарды толыққанды жемдеу ғылымының қосқан үлесі зор. Құстарды жабық қорада қысы-жазы ұстау мәселесі Д витаминінің ашылуымен шешім тапты. Сонымен қатар олардың рационындағы биологиялық белсенді заттардың қажетті мөлшері анықталды.
Көптеген дамыған елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Голандия және Жапония) ет балапандарын, яғни бройлерлерді жемдеу үшін шығарылатын құрама жем жалпы құс шаруашылығында өндірілетін құрама жемнің 49-55 пайызын құрайды.Бройлерлерді жемдеу үшін құрама жемді ұсақ жарма болмаса түйіршік түрінде қолданған тиімді. Осындай түрде құрама жем қолданғанда бройлерлердің салмағы 6,0-6,6 жоғарылап, бір центнер салмаққа жұмсалатын жем шығыны 0,47-060 ц кемиді. АҚШ және Ұлыбритания елдерінде бройлерлерді ұн тәрізді ұнтақталған жеммен жемдемейді, оны жармалап, түйіршік түрінде ешқандай дәрі-дәрмексіз қолданады. Осындай әдіс тиімді болып табылғанымен, шығын жұмсау жағынан тиімсіз болып отыр. Алдағы уақытта, біздің елдегі бройлер өсіруші мамандар бұл әдіске көшуді ұйғарып отыр.
Балапан өсіру тәжірибесі. Тұқымды құс асырағыңыз келсе, ең алдымен балапандарды дұрыс күтімге алыңыз. Оларға дұрыс жағдай, күтім жасалмаса, асыл тұқымды деген құстардың өзі өнім бермейтін болады. Сондықтан балапандарды алғашқы күннен бастап барынша жайлы жағдайда өсуі керек. Осындай мақсат үшін балапандарға арналған «балабақша» секілді болатын «Клуша» шкафы деп аталатын констукция қолданылады. Ол фанерадан жасалған үлкен жәшік. Ол үшін «ондық» фанераны пайдалану керек, себебі балапандарды әдетте қыс мезгілінде бастырамыз, ал мұндай қалың фанера жылуды шкафтың ішінде сақтауға көмектеседі. Ең бастысы іші желденіп тұру үшін екі жерден, әдеттен есіктің үсті мен астынан ені 1 см саңылау жасау керек және есіктің астынан биіктігі 10 см табалдырық қалдырамыз.
Жылытқыш
Жарық
Саңылау Есіктер
Еден
Науа
Астау
Үйшіктің биіктігі бір метрдей болуы керек және ол сондай шамалас биіктікте орналасуы тиіс.
Бұл қолдануға ыңғайлы болады, еңкеймей
жұмыс істейтін боласыз. Еденнің ауданын
балапан санына қарап, өзіңіз ыңғайлай
аласыз. Әдетте 1 кв.м ауданға 20-25 балапан
сияды. Еденге құм төсейміз, бірақ алдымен
зарарсыздандыру үшін құмды қыздырып
аласыз. Оның үстінен ұсақталған дән себесіз,
дегенмен, бірінші күні балапандар астаудағы
жемді таба қоймайды, ал аяқ астындағы
дәнді кез-келген балапан көретіні анық.
Ұсақталған дән салынған және жылы су
құйылған астаулар үйшіктің ішінде болуы
міндетті. Алғашқы кезде жем үшін ұнтақталған
дән (манка), жүгері беруге болады. Марганцовка
немесе басқа препараттарды суға қоспаймыз,
себебі егер үйшіктің ішіндегі санитарлық
жағдай жақсы болса, препараттар құстарға
зиян келтіруі мүмкін деп санаймыз. Себебі
құстардың ішек микрофлорасы қалыптасады
және бұл жағдай оларға жемді сіңіруге
көмектеседі. Егер ол микрофлора микробтарын
«жоятын» болсаңыз, балапандарға қиын
болады.
Жем салынған,
су құйылған ыдыстарды шкафтың бүйір қабырғаларының
біріне орнатамыз және олардың үстінен
люминесценттік шам жағамыз – бұл шам
қыздырмайды, оның міндеті жем мен суға
жарық түсіру, себебі қараңғылау жерде
балалапандар жем жей қоймайды. Ыдыстарды
бір бірінен алшақтау орналасқан дұрыс,
оған қоса су құйылған ыдыстың астына
бірдеңе қойған жөн, сонда су таза тұрады.
Ал ыдыстарды таңдағанда, құстар аяқтарын
оңайлықпен сала алмайтын, оңай сынбайтын
ыдыстарды таңдаған жөн.
Кейде балапандарға жем шоқуды, су ішуді
үйретуге тура келеді. Ол үшін олардың
қастарына үлкендеу балапанды отырғызу
керек. Бірақ әдетте саусақпен жем салынған
астауды қолмен «шоқысаңыз», ал су құйылған
ыдысқа шайдың самасын салсаңыз болды.
«Клуша» – ол
ішінде жылыту элементі бар пластина.
Оны қарсы беттегі қабырғаға орнатамыз.
Жылытқыш пластинаны құстардың аяғының
астына емес, жоғарылау, табиғаттағыдай,
аналарының бауырына жатып жылынатындай
жерге орнату керек. Егер балапандарды
астынан жылытатын болсақ, яғни еденді
жылы ететін болсақ, олар аз қозғалып,
жата беретін болатын, аз қоректенеді,
нәтижесінде баяу өседі.
Қыста қызуы қаттылау жылытқышты, ал көктемді
сәл әлсіздеу пластинаны қолданамыз.
«Клушаны» орналастырған
кезде, балапандардың қимылдарын бағу
керек. Алғашқы кезде пластинаны еденнен
10 см жоғарылау орнатқан жөн. Егер балапандарға
жайлы болса, онда онда соның астына келіп
жататын болады, анда-санда орындарынан
тұрып жем жеп, су ішіп қайтады. Егер олар
ыстықтаса, жылытқыштың астына емес, үйшіктің
басқа бөлігіне барып жатады. Сондай кезде
жылытқышты тағы бірнеше см көтеру керек.
Егер балапандар пластинаның астына топтасып
жатса, онда олардың тоңғаны, онда жылытқышты
төмендеу түсіріңіз. Бәрі дұрыс болсын
десеңіз, температураны өлшеп тұрған жөн.
Бірінші күні 32-34 градусты ұстаймыз, кейіннен
пластинаны көтеріп, температураны біртіндеп
азайтамыз.
Біз көп балапан бастыратын болғандықтан, бізде мұндай үш шкаф бар. Біріншісінде балапандар 7 күн тұрса, екіншісінде – 3-4 апта, ал үшіншісін –2 ай жасқа дейін тұрады. Одан кейін есейіп қалған оларды вольерге ауыстырамыз.
Жаңа балапандарды «Клушаға» салар кезде, шкафтардың ішін тазалаймыз, зарарсыздандырамыз. Аз балапан ұстайтындарға әр жастағыларға арнап шкаф жасаудың қажеті жоқ.
2.3. Етті бағыттағы тауық тұқымдары мен кросстары
Еттік балапан - арнайы етке өсірілген жылдам жетілгіш етті тұқым балапаңдар.Етті бағыттағы балапандар құстың тез жетілгіш етті тұқымдарын (кросстарын) бір-бірімен үйлесімді шағылыстыру арқылы шығарылады. Оларды торда өсіргенде - 50-55, ал еденде өсіргенде -70-75 тәулік жеделдете бордақылап, түбегейлі қауырсыны жетілмей тұрғанда етке сояды.
Құс шаруашылығының
саласы өзінің жоғарғы өнімділігімен
және тез өзін-өзі ақтауымен
Бірінші топқа жұмыртқа әкелетін құстар жатады, олар жұмыртқа өндірісі үшін өсіріледі. Бұл топқа жататын құстардың денесі әдетте ірі, сүйегі жеңіл және жүні жұмсақ келеді. Мұндай тауықтардың салмағы 1,3-1,5 кг болады, тауықтың салмағы қаншалықты шамалы болса, соншалықты ол тамақты аз қажет етеді және тиісінше соңғы өнімнің өзіндік құны азаяды.
Тауықтардың екінші тобы ет алу үшін өсіріледі. Бұл топқа ірі, етті және төзімді тауықтар жатады, олардың аяқтары қысқа келеді, сүйегі мықты және жүні тармақты болып келеді.
Үшінші
топқа тауықтардың
Сонымен
қатар, сәнді-жауынгер құс түрі де бар,
алайда олардың ауыл шаруашылықы
мақсаттылығы жоқ. Тауықтардың бұл
түрінің құндылығы олардың
Бұған дейін айтылып өткендей, әр елде ондағы ауа-райының ерекшелігіне байланысты, тауықтардың жекелеген түрлері ғана бейімделіп кетеді. Атап айтқанда, Қазақстанда «Хайсекс – Уайт» (Голландия), «Родонит» (Ресей), «Иза Браун» (Франция), «Омск-88» (Ресей), «Ломан белый» (Германия), «Хайсекс Браун» (Голландия), «ЛСД классик» (Германия), «Яффа» (Израиль) және т.б. жұмыртқа әкелетін түрлері бар.
Осы мақалада Қазақстанда мекендейтін етті бағыттағы құстарға тоқтала кетеміз. Оларға жатады:
«Росс-308» (Шотландия) – осы тұқымды тауықтар бройлер балапандарын әкелудің жоғарғы пайыздылығымен ерекшеленеді. «Росс – 308» бройлерінің ерекшелігі тез өсуінде және бойының аласа болуында, бұлшық еттілігі, тұрақты өнімділігінде және т.б. көптеген қасиетінде.
«Кобб 500» (Голландия) – бұл етті бағыттағы құс, қанаттары ақ және терісі сары түстес. Егер де бұл құстың азығына пигмент қоспаса, онда бұл құстың денесі ашық-сары түстес болады. Тауық-бройлердің өзге де түрлерімен салыстырғанда «Кобб 500» тауығы ерекше өнімді және тамақтандыру уақытының аздығымен ерекшеленеді. Мысалы, тауықтың орташа салмағы шамамен 35 күнде 2 кг және 42 күнде 2,5 кг жетеді.
«Хаббард» (Франция) кроссы. Бұл тауық түрі тез өседі, әдетте сирақтары қысқа келеді. Бұл тауықтарды азыққа пайдалану мерзімі 35-39 күнде жүзеге асырылады, ол кезде олардың салмағы 1,7 кг жетеді. Бұл түрдің әтештері әдетте баяу ұрықтанады, ал тауықтары тез жетіледі. Бұл тауық түрлерінің жүні тығыз және кеудесі кең етті.
«Смена-7» (Ресей)–өзінің генетикалық әлеуеті бойыншабәсекеге қабілетті құс түрі, ол дүниежүзілік талаптарға жауап береді. Құстың бұл түрі тез өсуімен ерекшеленеді, 5-6 аптада 80-100 гр жетеді. 40 күнде құстың салмағы 2,3 кг болады.
«Смена 8» (Ресей).Құстың бұл түрітез қарқынды өсу қабілеттілігімен ерекшеленеді, әсіресе өмірінің бастапқы кезеңінде.Бұл ерекшелігі құсты өсірудің мерзімін айтарлықтай қысқартады. Тауықтың бұл түрі жоғары өмірге қабілеттілігімен, біртектілігімен ерекшеленеді, сонымен қатар сирақтары мен кеуде тұсы етті болып келеді. Тауықтың бұл түрі республиканың барлық өңірінде өсіріледі және кәсіпорындардың экономикалық жағдайына оңтайлы ықпал етеді.
Сибиряк (Ресей) – ұстаудың әртүріне жақсы бейімделеді. Бұл құс табиғи факторлардың қолайсыз ықпал етуін жақсы өткереді. Құс шамамен 47-49 күн қоректендіріледі, сондағы орташа тәулік бойғы өсуі 35-37 гр құрайды.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта республикада тұқым өсіру зауыттары және өзіндік тауық тұқымы жоқ. Құс фабрикалары әр өңірде 16-17 түрімен жұмыс атқарады, олар шетелдерден әкелінеді. Олар негізінен тұқымды жұмыртқа түрінде немесе жұмыртқа әкелетін тауық түрінде әкелінеді. Тұқымды материалдың қымбаттылығы өнімнің өзіндік құнына кері ықпал етеді, сонымен қатар Қазақстанда тіркелмеген жұқпалы ауру түрлерін әкелу қаупі бар.
Етті құс шаруашылығын жетілдіру үшін республикада жоғары технологиялық өндірісті дамытумен қатар, асыл тұқымды жұмыс жүргізу үшін өз орталықтарын құру қажет.
Информация о работе Бройлер-балапандарды өсірудің технологиясы