Бройлер-балапандарды өсірудің технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 16:28, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысымның мақсаты – бройлер – балапандарды өсірудің заманауи технологияларымен танысу, Қазақстандағы қазіргі жағдайын зерттеу және бройлер етін өндіру және өңдеу технологиясын меңгеру.

Содержание

Кіріспе………………………………………………...……….…..................
1.1. Әдебиетке шолу..........................................................................................
2. Негізгі бөлім
2.1. Бройлер тауықтары мен балапандарын өсіру.........................................
2.2.Жаңа заманғы бройлер өсірудің және құс етін өндіру технологиялары
2.3. Етті бағыттағы тауық тұқымдары мен кросстары…………………......
2.4. Бройлер балапандарына арналған азықтандыру мен бағып – күту нормалары.............…………...…..................
2.5. Қазақстандағы еттік құс шаруашылығының заманауи жағдайы
3. Қорытынды…………………………………………….…..................
4. Пайдаланылған әдебиеттер………………………………….................

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой кус.docx

— 548.38 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір  хан атындағы Батыс Қазақстан  аграрлық – техникалық университеті

 

 

 

 

 

«Биотехнология, мал және балық

шаруашылығы» кафедрасы.

 

 

Құс шаруашылығы, құс өнімдерін өндіру технологиясы пәнінен

Курстық жоба

Тақырыбы:

«Бройлер-балапандарды өсірудің технологиясы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         Орындаған: ТППЖ– 41 топ           студенті Алижанова  Б.Н.                               

                                                        Тексерген: доцент  Тулебаев Б.Т.

 

                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал 2013ж

Жоспар

 

1. Кіріспе………………………………………………...……….…..................

1.1. Әдебиетке шолу..........................................................................................

2. Негізгі бөлім

2.1. Бройлер тауықтары мен балапандарын  өсіру.........................................

2.2.Жаңа заманғы бройлер өсірудің  және құс етін өндіру технологиялары

2.3. Етті бағыттағы тауық тұқымдары  мен кросстары…………………......

2.4. Бройлер  балапандарына арналған азықтандыру  мен бағып – күту нормалары.............…………...…..................

2.5. Қазақстандағы еттік құс шаруашылығының заманауи жағдайы

3. Қорытынды…………………………………………….…..................

4. Пайдаланылған әдебиеттер………………………………….................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді.

Құс шаруашылығының өнімдері өте құнды, бағалы, дәмді, сапалы. Тауық жұмыртқасының құрамында  көп мөлшерде адамға қажетті витаминдер, ферменттер және басқа биологиялық  белсенді заттар мол.

Медициналық нормалар бойынша адамды жылдық ет және ет өнімдерімен қамтамасыз етуде, олардың біршама бөлігін жеңіл  қорытылатын, диеталық, емдік қасиеті  жоғары құс еті толықтыруы қажет. Құс жұмыртқасы да тіршілікке қажеті барлық амин қышқылдарымен толықтырылған  өте құнарлы тағам.

Бройлер – ет бағытындағы тауықтың тез жетілгіш, будан балапаны. Оның 40-60 күндігіндегі салмағы 1,4-1,7 кг-ға дейін жетеді. Бройлердің толық тазаланған ұшасының түсімі орта есеппен 60-62%. Етінің дәмі, қоректілігі мен сапалығы ересек құстардікінен әлдеқайда артық болады.

Курстық  жұмысымның  мақсаты  – бройлер – балапандарды өсірудің заманауи технологияларымен танысу, Қазақстандағы қазіргі жағдайын зерттеу және бройлер етін  өндіру және өңдеу технологиясын меңгеру.

Курстық жұмыс 31 беттен, 4 кестеден, 3 сызбадан және 1 суреттен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Әдебиетке шолу

Қазіргі уақытта  дүние жүзінде тауықтың 100-ден  астам тұқымы белгілі.  Қазіргі  бізге белгілі тауық тұқымдары  5 түрге бөлінеді:

  1. Жұмыртқа бағытындағы
  2. Ет бағытындағы
  3. Ет-жұмыртқа бағытындағы
  4. Сәндік бағыттағы
  5. Төбелескіш тауықтар

Менің курстық  жұмысым бройлер- балапандард туралы болғандықтан, өз жұмысымда мен ет және ет – жұмыртқа бағытындағы құстарға толығырақ тоқталып өтемін.

А.Б. Таңатаров, Ш.Ә.Әлпейісов, С.Т. Дабжанованың [1] мәліметтерінде бройлерлер – етті немесе е т – жұмыртқа бағытындағы тұқымдардың, аталық іздерімен, олардың 7-8 апталық мерзіміне дейін етке арнайы өсірілген буданының (өнеркәсіптік будандар) балапандары.

Ф.Ф. Алексеевтің [2] пікірінше, дәл осындай кезеңінде бройлерлер 1,6-1,7 килограмға салмақ тартып, жақсы еттік сапаларға әсер етеді, буын шеміршектері мен төс сүйегі қатая түсіп тері астына және ішіне аздап май жинай бастайды. Озат құс фабрикаларында бройлер өсімінің 1кг салмағына 2-2,5 кг және одан да аз арнаулы құрама жем жұмсайды.

Қ.Н. Бегімбеков және т.б. ғалымдардың [3] пайымдауынша, құстың барлық түрін бағалағанда, олардың белгілі бір жасқа дейінгі өміршеңділігі (немесе өлім – жітімін), өнімі (10 жұмыртқаға шаққанда немесе қосқан 1 кг салмағына) жұмсаған азық мөлшері, өніп – өсу қасиеттері (жұмыртқаның ұрықтануы, балапандардың шығымы, т.б.) есепке алынады. Құсқа қорытынды баға бонитировкалық класс арқылы беріледі. Сонымен қатар, құстардан мол өнім алу үшін олардың рационындағы қоректік, биологиялық белсенді және минералдық заттар кешенін қамтамасыз ететін ғылыми негізделген азықтандыру жүйесі жасалуы тиіс.

Бірақ, И.А. Мымриннің [4] пікірінше, оларды бағалау үшін ата – атасын, шежіресін білу керек. Жақсы тұқымды тауықтардың барлық қасиеттері балапандарға өзгеріссіз берілмейтінін де ұмытпау керек. Жоғары өнімділік көрсеткіштерге ие, әбден сұрыпталған,  яғни асылдандыру жұмыстары ұзақ жылдардан бері жүріп келе жатқан шаруашылықтарда,жүйелі түрде тадалып, арнайы жұпталған тауықтарда генетикалық өзгерістің бұндай түрі аз байқалады және қажетті деп танылған өнімділік көрсеткіштері жақсы сақталады.

Жалпы алғанда, тәуліктік және одан да жоғары жастағы  балапандардың ішінен дені сау, мықтыларын таңдағанда, сіз бағалау, сұрыптау жұмыстарымен айналысқан болып есептелесіз.  Құстарды өзінізді қызықтыратын белгілер бойынша  таңдап алып, сол бағыттағы құс  шаруашылығымен де айналыса аласыз. Бірақ  есте болатын жайт, ата – аналық топ құру барысында, арнайы мөлшерленген қораз-мекиен арақатынасы сақталу  керек, яғни  етті бағыттағы тұқымдар үшін ол  1:8-10 болу керек. (И.И. Кочиш [5])

Э.Э. Пенионжкевичтің [6] мәліметтерінде кез – келген  ауыл шаруашылық құстарының табынын  құрудың негізгі принциптерінің бірі болып құстың жасын және оны  пайдалану ұзақтығын анықтау  болып табылады. Табынның жастық құрамы оның бағытына, құстың алғашқы жұмыртқалауына және жұмыртқалағыштықтың ұзақтығына байланысты. Соның ішінде, ет бағытындағы  құстары мен кросстарын 26 апталығында  ересек топқа көшіреді. Өте қарт және өте жас өндірушілер ең төменгі өнімділік көрстекішіне ие болады. Соған байланысты, ет бағытындағы тұқымдардың ең жақсы, асыл тұқымдық көрсеткіштерге ие әтештерін әрі дегенде 1-2 жасқа дейін ұстайды. Ал табынның басқа құраушыларын сойғанға дейін ұстайды. 

Көптеген  шаруашылықтарда, Б.Р. Әкімбеков және т.б. ғалымдардың [7] еңбектері бойынша, ет өнімділігі бағытындағы тауықтар негізінен бройлер өсіру үшін өсіріледі және оларды шығару барысында аталық түр ретінде корниш тұқымы, аналық түр ретінде ақ плимутрок тұқымы пайдаланады екен.

А.И. Ламакин, М.М. Ламакинаның [8] деректерінде кей жұмыртқа бағытындағы тұқымдардың әтештерін өсіріп, бордақыласа, олардын да сапалы ет алуға болатыны жайлы айтылған. Бірақ әтештерді бұндай технологиямен жетілдіруде барлық зоотехникалық-ветеринарлық ережелерді қатаң сақтау керек.

Кез –  келген құсты өндіріске пайдаланар алдында, И.П. Жубантаев, М.Г. Султанов [9] өздерінің еңбектерінде, міндетті түрде зоотехникалық-ветеринарлық тұрғыдан зерттеу жүргізу керек деген. Ветеринарлық зерттеудің келесідей тәртібі ұсынылады:

  1. анамнез мәліметтерін жинау;
  2. құстың жалпылама тексерісі;
  3. жалпы тексеру кезінде ауру деп танылған құстардың ішінен таңдамалы зерттеу;
  4. арнайы және зертханалық зерттеулер.

С.И.Боголюбскийдің [10] кітабында халықтың құс еттерін пайдалану көрстекіштері берілген: тауық еті – 75 -76%, күркетауық еті – 3-4%, үйректікі– 20-21%, қаз еті – 0,3-0,5%. Ал барлық тауықтан өндірілетін еттің 70% - бройлерлерге тиесілі.

Б.Ф. Бессабаров және т.б. [11] мәліметтері бойынша, етті тұқымдардың мекиендері 23-24 апталығында жұмыртқалай бастайды. Осы кезге дейін оларға ағаш қалдықтары төселген ұялар дайындайлып тұру керек. Бұндай ұялардың бір ұяшығы 4-5тауыққа есептеледі. Ұялардың жерден биітігі 40 см-ден төмен болмауы керек. Әр тауықтың ұяда жұмыртқалауын қатаң қадағалау керек.

Осындай ұяшықтарды қолдану тиімді болу үшін, http://yesyes.ru [12] сайтында көрсетілгендей, арнайы оптимальді микроклимат орнату қажет. Жас балапандар ересектеріне қарағанда, жылырақ температураны керек етеді. Мысалы 1-5 күндік балапандарға 26-24оС температура оптимальді болса, ал 31-63 күндік балапандарға 19-18 оС жарап қалады. Температура көрсетілген нормадан  төмен болса, олардың өсуі баяулап, қозғалыстары азайып, әлсіздері өліп қалады.

 http: //subscribe.ru [13] сайтында бройлер өсіру үшін жарықтың да маңыздылығы атап көрсетілген. Жарық арнайы тәртіппен ұйымдастырылады. Алғашқы үш аптада тәулік бойғы (24 сағат бойы) жарықтандыру ұйымдастырылады. Одан кейін жарықтандыру ұзықтығын жаймен 17 сағатқа дейін азайтады және осындай деңгейде бордақылау мерзімі аяқталғанға дейін ұстайды. Алғашқы 10 күнінде жарықтандыру 1 м2 еденге 5-6 Вт болу керек, ал одан соң біртіндеп 1 м2 еденге 1,5-2 Вт болатындай етіп төмендетеді.

http://webfermer.narod.ru [14] сайтындағы мәліметтерде тәуліктік жарықтандырудың мақсаты – балапандардың науа мен астауды табуын жеңілдету болып табылады делінген. Бройлер балапандардың жұмыртқа бағытындағы балапандарға қарағанда қозғалғыштығы төмен, сондықтан астау мен науаны өздіктерінен қараңғыда табуы қиындайды және балапандар тек жарықта ғана азықтанып, ал жарықсыз жерде демалады екен. Жарық ең болмағанда астау мен науалардың үстінен түсіп тұру керек. Ал бұл ыдыстар әрдайым су мен азыққа толы және балапандар үшін қолжетімді жерде болу керек.

http://i-news.kz [15] сайтында бройлер балапандарды үй жағдайында өсіру жолдары мен технологиялары көрсетілген. Әдетте бройлер тауықтарын өсіру үшін олардың балапанын бройлер құстарын өсіретін фабрикалардан немесе стансалардан сатып алады. Балапанды туған бетте, яғни бір тәулік пен үш тәуліктің аралығында сатып алған жөн. Сатып алынған балапандарды алғашқы кезде тор ішінде ұстайды. Мұндай жағдайда балапандар жедел салмақ қосады және қимыл-қозғалыстары шектеулі болғандықтан азықты да аз жейді.

http://imurat.kz [16] сайтындағы мәліметтер бойынша, торды қолдан дайындауға да болады: еден мен алдыңғы есік ретінде шыбықтардан жасалған торды пайдалануға болады. Әр балапанға ұзындығы кемінде 3 см болатын жемдеу орны беріледі. Міндетті түрде жемдеу орнында жем үнемі болуын қадағалап отыру қажет. Ең дұрысы дәндер қоспасымен толтырылатын цилиндр тәрізді аспалы жемдеу ыдыстарын пайдалану. Сонымен қатар әр балапанға1,5 см есебімен су ішетін ыдыс қажет.

http://old.egemen.kz-те[17] өз қолымен өсірген бройлер балапандарды табыс табу мақсатында, сатуды ұйымдастыру жолы көрсетілген.  Бройлер тауықтарын өткізу үшін ең алдымен олардың тұрақты өткізу рыногының болуын ескерген абзал. Сондықтан сіз бұл іске кіріспес бұрын бұл өнімді қай жерге өткізуге болатындығына алдын-ала зерттеулер жүргізіп көріңіз. Мәселен, арнайы орындарға барып, олардың қожайындарымен сөйлесіп, келісім жасау арқылы өз өнімдеріңізді шағындап өткізе аласыз. Егер сіз оларды тұрақты түрде бройлер өнімімен қамтамасыз ете алатындығыңызға сенімді болсаңыз, бұл мәселе олардың көңілінен шығуы әбден мүмкін. Өйткені, адамдар көбірек тұтынатын сапалы да дәмді өнім түрін тұрақты түрде жеткізіп бере алатын сенімді серіктестің пайда болуы ең алдымен олардың өз бизнесін тұрақтандыруына қолайлы жағдай туғызатындығын ескеріңіз.

http://sharua.kz [18] сайтындағы ақпарда бройлер балапандарға арналған  «Клуша»  шкафы деп аталатын «балабақша» конструкциясы ұсынылған. Бұл туралы мәліметтер менің курстық жұмысының негізгі бөлімінде толығырақ көрсетілген.

 http://dov.kz [19] сайтында кез – келген шаруашылықта құс өсіру мәселесін дұрыс шешу үшін түрлі малдәрігерлік – санитарлық жұмыстарды жақсарту, зоотехникалық шараларды дер кезінде өткізу, құс фирмаларында тұрақты микроклимат жағдайын туғызу, дұрыс азықтандыру. Нысандарды дұрыс жобалау, құрылыс және қайта құру кезінде зоогигиеналық талаптарды орындау және де құстардың биологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.

Б.В. Рубан  [20] өз әдебиетінде бройлер шаруашылығының әлемдік деңгейі баяндалған. 1996ж жүргізілген зерттеулерге сәйкес, құс етін өндіру бойынша алдыңғы орында АҚШ тұр, сол жылы АҚШ-та өндірілген құс еті 12307 мың тонна болған. Автор келтірген кестеде құс етін өндіруден алғашқы 10 орында тұрған мемлекеттер тізімі берілген:

1.АҚШ – 12307 мың тонна

2. Қытай – 8139 мың тонна

3.Бразилия – 3800 мың тонна

4.Жапония – 1255 мың тонна.

5.Франция – 1182 мың тонна

6 Мексика – 1145 мың тонна

7. Ұлыбритания – 1016 мың тонна

8. Россия – 880 мың тонна

9. Тайланд – 860 мың тонна

10. Италия – 832 мың тонна

Жоғарыда  аталған http://sharua.kz [21] сайтында тағы да бір мақалада Қазақстандағы еттік құс шаруашылығының заманауи жағдайы туралы мәлімет толығымен берілген. Қазақстанда өткен ғасырдың 90 жж аяғында ет және жұмыртқа бағытындағы 70 құс фабрикасы жұмыс істеді. Жыл сайын бұл кәсіпорындар 3,5 млн-нан астам жұмыртқа және 140 мың тонна құс етін беріп отырды. Алайда мемлекетсіздендіру, азық өндіру үшін жыртылған жерлердің жетіспеушілігі, өнеркәсіптік өнімдерге бағаның төмендеуі және т.б. бірқатар оқиғалардан соң, мұндай жүкті көтере алмай, өз өндірістерін тоқтатты. Қазақстан аумағында қазіргі уақытта 56-ға жуық құс фабрикасы жұмыс істейді, оның 17-сі ет, ал 39-ы жұмыртқа бағытындағы деп мәлімденеді бұл сайтта.

http://www.soltustikkaz.kz [22] сайтында 2012-2013 жылдар аралығында өңірімізде бройлерлік бағыттағы бірінші кезектегі асылтұқымды репродукторлар және елімізде халықаралық талаптарға сай келетін премикс өндіретін зауыт құрылатын болады. Бұл асылтұқымды құс санын үздіксіз балапандармен толықтырып отыруға және құс пен мал өсіретін шаруашылықтарды аралас жемазықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Бұл кезеңнің құны – 2,3 миллиард теңге. Күтіліп отырған нәтиже де кісі қызығарлықтай. Құс шаруашылығындағы генетиканы дамыту, 2 миллионға дейін балапан өсіру, шетелдік құс етін ығыстыру үшін отандық құстың еті 76,3 тоннаға дейін өндірілмек. Сондай-ақ жылына 1000 тонна премикс, 1332 тонна қоспа өндіру көзделіп отыр. Мұның дені экспортқа шығарылатын болады. Осындай ауқымды жұмысты жүзеге асыруда 77 тұрақты жұмыс орны, ал құрылыс барысында 100 жұмыс орны ашылмақ. Қазақстан Республикасының алдағы уақытқа жоспарлап қойған экономикалық саясатымен осы сайтта таныс болдым.

Информация о работе Бройлер-балапандарды өсірудің технологиясы