Бройлер-балапандарды өсірудің технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 16:28, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысымның мақсаты – бройлер – балапандарды өсірудің заманауи технологияларымен танысу, Қазақстандағы қазіргі жағдайын зерттеу және бройлер етін өндіру және өңдеу технологиясын меңгеру.

Содержание

Кіріспе………………………………………………...……….…..................
1.1. Әдебиетке шолу..........................................................................................
2. Негізгі бөлім
2.1. Бройлер тауықтары мен балапандарын өсіру.........................................
2.2.Жаңа заманғы бройлер өсірудің және құс етін өндіру технологиялары
2.3. Етті бағыттағы тауық тұқымдары мен кросстары…………………......
2.4. Бройлер балапандарына арналған азықтандыру мен бағып – күту нормалары.............…………...…..................
2.5. Қазақстандағы еттік құс шаруашылығының заманауи жағдайы
3. Қорытынды…………………………………………….…..................
4. Пайдаланылған әдебиеттер………………………………….................

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой кус.docx

— 548.38 Кб (Скачать документ)

Осы сайттан (http://www.soltustikkaz.kz  [23]) Қазақстандағы құс шаруашылығы мен құс өсірудің қыр-сыры, қиындықтары туралы да мәліметтерді табуға болады. «Құс өсіру мал өсіруге қарағанда әлдеқайда жауапкершілігі мол жұмыс. Енді ше, салмағы 40-50 грамдық тәуліктік сарыауыз балапандардың 30 мыңдайын бір мезгілде қораға қабылдап көріңіз. Үй жағдайында 30-40 балапанның өзін күту оңайға түспейді ғой. Соның бәрін бір балапан күтушінің атқарып отырғаны – ғылым жетістігінің арқасы. Бізде барлық технологиялық үдерістер толық автоматтандырылған, бәрі компьютер арқылы басқарылады. Балапан өсірілетін құс қораларында технологиялық талапқа сай микроклимат болуы тиіс. Балапан күтушілерінің сәл қателік жіберуіне, құс рационының бұзылуына немесе сырттан инфекция енгізуге болмайды. Құс балапандарының болымсыз нәрседен қырылып қалу қаупі зор. Оны мал өсіруден де қиын көретініміз сондықтан» – дейді осы Петропавл бройлер құс фабрикасының директоры Рамазан Мәлгаждаров. Бұл құс фабрикасы «Росс-308» тұқымын өсіреді, ал құс балапандарын “Астана – құс” тұқым шаруашылығынан алдырады.

Сонымен қатар, И.П. Салеева [24] өзінің мақаласында кішкентай орында үй жануарларының көптеген дарасын ұстау, бірнеше деген қолайсыздықтар мен шешілуі қиын мәселелердің пайда болуын әкеліп соқтырады. Бұндай қолайсыздықтарды ветеринария және микробиология ғылымдарының жетістіктері көрсетіп отырғандай, заманауи пребиотикалық препататтарды қолдану арқылы шешуге болатынын және сол шешімнің тиімді екенін көрсетіп отырғаны жайлы да түсіндіре кеткен.

О.Ю. Юнусова [25] мақаласында құс етінің маңызы мен сапасына әртүрлі пребиотиктер мен антибиотиктердің әсері туралы баяндалған. Тағамдық антибиотиктер көптеген жылдар бойы моногастритті жануарлар, яғни құстар мен шошқалардың ас қорытуын жақсарту үшін пайдаланғаны белгілі. Бірақ, 90 жылдардың орта шамаларында антибиотиктердің баламасы ретінде қолданылса да, оларға қарағанда біршама зиянсыз құралдар шығарылған. Бұл мақалада осы құралдардың пайдасы туралы толық сипаттама жазылған.

Ж.Ө.Өтесінов және Б.Ә. Оразалиевтің [26] әдебиеттерінде көрсетілгендей, құстардың ас қорыту жүйесін жақсарту үшін олардың азығына аса зор мән беру керек. Құс азығының сапасына ветеринариялық – санитарлық бақылауды азық қорын сырттай қарап көру арқылы немесе кез – келген ветеринариялық зертханада санитарлық – гигиеналық және химия-токсикологиялық зерттеу жолымен жүзеге асырады. Тауықтарды азықтандыру оның жасына, өнімділігіне, тұқымына және ерекшеліктеріне байланысты.

Б.М.Махатов  және т.б. [27] оқулығынан алған ақпараттарда бройлер балапандарға шикі протеин мөлшері көбірек, ал кальций мөлшері басқа құстарға қарағанда азырақ мөлшерде берілетіні айтылған.

Е.Шекенов  және т.б. ғалымдардың [28] мәліметтерінде, азықтық рационы дұрыс қойылған, бордақыланған бройлер балапандарды сою және тауық етін өндіру процесі қарқынды технологияға көшірілген. Бройлер етін өндіруге жоғары өнімді будан құстың балапандары өсіріледі. Олар қысқы мерзімде союға өсіп – жетіледі. Бройлер өсірудің технологиялық процестері механикаландырылған, автоматтандырылған. Өндіріс процесі толық циклды атқарылады.

Е.Т.Әлібаев, Б.Ермұхан [29] әдебиетінде заманауи бройлер етін өндіру технологиясының жоғарыда аталған ерекшеліктерінен басқа тағы да басты ескеретін принциптерін атап өткен:

- үздіксіз, жыл бойынғы технологиялық график  бойынша өндірістік процестерді  орындау ;

- толық  рационда құрғақ құрама жемдерді  пайдалану. 1 кг қосымша салмаққа 2,5-3кг азық мөлшерін жұмсау;

- құстың  сақталуын қамтамасыз ету үшін  малдәрігерлік – санитарлық тәртіпті  қатаң сақтау.

Т. Жолшыбек [30] оқулығында бройлерді семіртетін құс фабрикалары туралы мәлімет берілген. Бұл құс фабрикаларында аналық тобы цехы, инкубация цехы, бордақы цехы, сойыс және өңдеу цехы бар. Бордақы цехында бройлерлер ауыстырылмайтын төсеніштерде немесе торда бағылады. Құсты союға дейін 6-8 сағат азықсыз ұстайды. Құс сою конвейерлі жүйеде жүзеге асады. Құс фабрикаларында бүкіл санитарлық –гигиеналық шараларды орындау айрықша маңызды, себебі құс жұқпалы ауруларға өте сезімтал келеді.

Н.Омарқожаұлы, Б.Әкімбековтің [31] оқу құралында да құсты сою технологиясы жайында толығымен сипатталған. Құсты іштен не сырттан бауыздап сояды. Сырттан бауыздарда құстың аяғын байлап іледі де, қанаттарын айқастырады. Бауыздалған құсты қаны ағып болғанша басын төмен қаратып іліп қояды. Қаны ағып бола сала құстың қауырсынын жұлады. Қауырсыны жұлынған құстың ұшасынан ет пен басқа субөнімдерді алу процесі жүреді. Алынған ет тұздалып сақталады немесе сатылымға жіберіледі.

Бұл курстық  жұмыстың өңделу мен көркемделу жұмыстары Б.Т. Тулебаевтың [32] «Құс шаруашылығы, құс өнімдерін өндіру технологиясы» пәнінен курстық жоба дайындауға арналған әдістемелік нұсқауын пайдалана отырып жүргізілді.

  

 

 

 

 

 

2.1. Бройлер тауықтары мен балапандарын өсіру

Бройлер (ағылш. broіler; broіl – отқа қақтау) — ет бағытындағы тауықтың тез жетілгіш, будан балапаны. Оның 40-60 күндігіндегі салмағы 1,4-1,7 кг-ға дейін жетеді. Әр 1 кг үстеме салмақ алу үшін 2,0-2,5 кг жем жұмсалады. Бройлердің толық тазаланған ұшасының түсімі орта есеппен 60-62%. Етінің дәмі, қоректілігі мен сапалығы ересек құстардікінен әлдеқайда артық болады. Бройлер өсірумен арнайы ірі құс шаруашылықтары айналысады.

 Бройлер  өсіру ет және ет-жұмыртқа бағытындағы тұқымдары жеке өсіріліп, оларды ұтымды будандастыру арқылы инкубациялық жұмыртқа алу, жұмыртқаны инкубациялау, оларды өсіру, сою, ұшасын өңдеу, құрама жем өндіру сияқты күрделі процестер жүйелі түрде іске асырылуы қажет. Ол үшін ет бағытындағы балапан алуды қамтамасыз ететін құс асылдандыру жұмысы мен сапалы құрама жем өндіру алдын-ала шешілуі қажет. Бройлер өсіруде негізінен атасы корниш, енесі плимутрок тұқымдары тектес будан балапандар пайдаланылады. Бройлерге арнайы құрғақ құрама жем беріледі. Бройлер өсірілетін тауық қора алдын-ала тазаланып, дезинсекция және дезинфекция жүргізіледі. Тазаланған еденге құрғақ әк (1 м2-ге 0,7-1 кг) шашылып, оның бетіне қалың (5-7 см) төсеніш салынады. Тауық қораның ішіндегі температура басында 33-35оС-қа жеткізіледі. Кейін бірте-бірте жылылықты 18-20оС-қа дейін төмендетеді. Бройлер алғашқы 40 күндігінде жылытқыш қондырғы астында болады.

Бір тауық қорада ұстайтын балапан санын 1 м2 жерге 18-20 есебімен анықтайды. Жемді үстемелеп беріп, суды күніне кем дегенде 2 рет ауыстырып отырады. Межелі салмаққа жеткеннен кейін балапандар етке өткізіледі. Балапандарды, көбінесе, 56 күндігіне дейін ұстайды. Сондықтан Бройлер өсіру жылына кем дегенде 4-5 рет қайталанады. Тауық қораны келесі бройлер тобын қабылдауға жоғарыда айтылғандай тәртіппен қайта дайындайды. Әдетте бұл дайындау мерзімінің ұзақтығы 14 күннен аспайды.

Қазақстанда  бройлер  өсіру ірі құс фабрикаларында (Алматы, Қарағанды, т.б.) жүзеге асырылады.

Бройлер – тез өсіп жетілетін, еті жұмсақ та дәмді болып келетін, азықтандыру шығындары оны өсірушіге неғұрлым арзанға түсетін тауық түрі. Әдетте бройлер тауығын 6-9 аптаның ішінде, салмағы 1,5-2 килоға жеткен кезде сойып, пайдаланады. Бройлер еті диеталық тағам түріне жатады. Оның етінің құрамында 22,5 пайызға дейін белок болады. Бұл белоктардың 92 пайызы адам денсаулығы үшін өте пайдалы амин қышқылдарынан тұрады.  

Тауықтарға арналған  лайықты қора – олардың денсаулығы мен өнімділігінің жақсы болуы үшін ең басты алғышарт. Тауыққора тауықтар еркін қозғалуы үшін кең (қолайсыз ауа райы кезінде, қыс мезгілінде тауықтар үнемі қорада болатындықтан), қолайсыз ауа райы ықпалынан қорғау үшін шатыры, қабырғалары мен едені жетерліктей ылғал мен жылу өткізбейтін, сонымен қатар жарық, жақсы желденетін және оңай тазаланатын болуы керек. 

Тауық – қысқа ас қорыту жолы бар  тамақ талғамайтын құс. Ол ең алдымен, азотты заттарға бай концентрацияланған дәндер, жануарлардың ақуызы және т.б жемдерді қажет етеді. Құнарландырылған жемдер тауықтардың тамақтануының үштен екісін, ал қалған бөлігін тамақ қалдықтары мен минералды заттар құрағаны жөн. Жұмыртқалау кезінде тауық кальцийді көп мөлшерде қажет етеді. Егер оның қорегінде кальций аз болса немесе сіңімді болмаса тауықтар сылақты, ең жаманы жұмыртқаны шоқи бастайды. Жұмыртқаламайтын кезеңде ересек тауықтар үшін дән мен үй шаруасының қалдықтары іспетті қорек жеткілікті. Ал жұмыртқалау кезінде жұмыртқа шығаратын тауықтарға арналған құрама жем қажет. Жаз мезгілінде тауықтарды сыртқа шығару үшін арнайы алаң қарастыған жөн, ал қыстыгүні жоңышқа, қалақай ұндарымен, тамырлы жемістермен қоректендірген дұрыс. Қыс мезгілінде жасыл жемнің орнына  тауықтар дұрыс қоректену үшін тамырлы түйнекті жемістерді азығына (картоп, қызылша, сәбіз және т.б.) қосу керек. Жұмыртқалау кезінде тауықтарға дәннің бір бөлігін  өскін түрінде беру қажет.

Бройлер тауықтарын азықтандырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Өйткені, мұндай тауық түрлері құрамында азот пен белок молынан кездесетін құнарлы азық түрлерін қажет етеді. Мұндай құнарлы заттар ең алдымен астық дәндерінде молынан кездеседі. Бройлер тауығы жейтін азықтың 3/2 бөлігін астық дәндері, ал қалған бөлігін түрлі тамақ қалдықтары мен минералды заттар құрағаны жөн.Бройлер тауықтарының жұмыртқалау кезінде оларға берілетін азық құрамында кальцийдің молырақ болғандығын ескеру қажет. Осы кезде оған құрамында молынан кездесетін құрамажем әзірлеп беру керек. Егер азық құрамында кальций жеткіліксіз болса, онда тауықтар еден сылақтарын шұқи бастайды. Тіпті кейбір жағдайда өз жұмыртқаларын шұқып, оларды жарып та тастайды. Ал жұмыртқалау кезеңі аяқталған шақта оларды астық дәндерімен және түрлі тағам қалдықтарымен азықтандыра беруге болады.

Жазғы уақыттарда тауықтарды далаға шығарып, жайып алған жөн. Бұл кезеңде тауықтар еркін жайылу арқылы өз ағзаларына қажетті азық құрамын өздері тауып жей алады. Ал қысқы кезеңде қолда тұрғанда олар жеміс тамырларымен, жоңышқамен және ұнтақталған қалақаймен азықтандырылады. Әрине, қысты күні тауыққа қажетті жасыл өсімдіктер тауып беру қиын болатындықтан, азық рационына картоп, азықтық қызылша, сәбіз және шөпті қосуға болады. Тауыққа жұмыртқалау кезінде дәннің бір бөлігін ылғалдандырып беру керек.  

Бройлерді өсіру үшін көп жағдайда бройлерлі құс фабрикаларынан немесе құс өсіру станцияларынан балапанның етті түрін таңдап алу қажет. Балапандарды 1 тәулік пен 3 тәулік аралығындағы жас шамасында алу қажет. Балапан өсірудің  өнімді әрі тиімді жүйесі – торда ұстау. Торлық жүйеде бройлерлер салмақты жылдам жинайды және кеңістіктің тар болуы себебінен жемді аз жейді.

Торды қолдан дайындауға да болады: еден мен алдыңғы есік ретінде шыбықтардан  жасалған торды пайдалануға болады. Әр балапанға ұзындығы кемінде3 см. болатын жемдеу орны беріледі. Міндетті түрде жемдеу орнында жем үнемі болуын қадағалап отыру қажет. Ең дұрысы дәндер қоспасымен толтырылатын цилиндр тәрізді аспалы жемдеу ыдыстарын пайдалану. Сонымен қатар әр балапанға1,5 см. есебімен су ішетін ыдыс қажет.

Балапандар қатайғаннан кейін  оларды құс қораға ауыстырады. Балапандардың  дұрыс өсуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін тауыққораның бірқалыпты температурасын ұстап тұру қажет. Интенсивті жемдеп, дұрыс күтіп-баптаса  бұл тауық өсіру әдісі 48-70 күнде1,5 кг салмақ мөлшерінде құс етін алуға мүмкіндік береді.

Бройлерлерге жем ретінде құрамында  барлық дәрумендер мен минералды  заттары бар арнайы құрғақ қоспалар берген дұрыс. Балапан-бройлерлерді толық рационды құрама жеммен қоректендіреді, сонымен қатар, жем мен су тәулік бойы үзілмей берілуі тиіс. Жас шамасына байланысты құрама жемнің үш түрін мына тізбек түрінде пайдаланады:  алғашқы (1-4 күн), негізгі (5-30) және мәрелік (31-56 күн). 

Бұл өндірістен пайда тек өткізу нарығын дұрыс жолға қойғанда ғана түседі. Сондықтан, қай сауда нүктелерінде бұл өнімді өткізуге болатынын анықтаңыз. Өткізудің тағы бір жолы – мейрамхана, дәмхана басшыларымен көтерме бағамен жеткізу туралы келісу.

Болжамды есептеулер.

Бройлер өсірудің мөлшерлі шығындары: Бір балапан шамамен алғанда 300 теңге тұрады. Егер сіз 30 балапан сатып алатын болсаңыз, оған 9 мың теңге жұмсайсыз. Бройлер тауығына қажетті 1 кило азықтың бағасы 67 теңге. Оларды 2 ай азықтандыру үшін сізге кемінде 80 килодай жем қажет болады. Сонда сіздің оған жұмсайтын шығыныңыз шамамен алғанда 5500 теңгені құрайды.

Сөйтіп, сіз 30 балапанды сатып алып, оларды азықтандырып өсіріп жеткізу үшін барлығы 15 мың теңге көлемінде шығын  шегесіз.

Бройлер өсіруден түсетін мөлшерлі кірістер:Бір бройлер тауығын сатқанда одан кем дегенде 1200 теңге пайда табуға болады. Сонда сіз 30 тауықтан 36 мың теңге пайда көре аласыз. Әдетте, бұл кәсіппен шұғылданған адам тек 30 балапанды сатып алып бағумен шектелмейтіні анық. Өйткені, бұл кәсіптен дұрыс пайда көру үшін ең кемінде жүздеген тауық өсіру қажет. Сонда ғана сіздің жоғарыдағы табысыңыз бірнеше еселеп арта түсетін болады.

Қысқаша есептеу жолы:


Құс етінің бәсекеге қабілеттілігі – құс  фабрикалары үшін бәсекелік артықшылықтар  туғызып, нарық үлесін жаулау, сақтау, жоғарылатуға мүмкіндік беретін  экономикалық көрсеткіштер мен тұтынушылық  қасиеттердің жиынтығы. Құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қарастыруда бұндай өнімдердің өндірісіндегі және оларды өткізудегі ерекшеліктеріне тоқталу керек:

  1. құс шаруашылығы өнімдері бұқаралық сұраныс өнімдері қатарына жатады, әдетте тұтынушылар оны сатып алуда аса көп ойланбайды, соған байланысты өндірушілер нарықтағы тұтынушының қалауын қанағаттандыру үшін өндірілетін өнім сапасын жоғарылату, ассортиментін кеңейту, емдік қасиеттері жоғары құс өнімдері өндірісін қолға алу сияқты тауар саясатына қатысты мәселелерді үнемі қарастырып, нарық талаптарына сәйкестендіріп отыруы олардың бәсекеге қабілеттіліктерін жоғарылатады;
  2. құс шаруашылығы өнімдері тез бұзылатындықтан оларды тасымалдайтын арнайы көліктер мен сауда құрал-жабдықтарына деген қажеттілік туады. Бройлер балапанының еті нарық жағдайлары мен бағаға қарамастан қажет салмаққа жеткен кезде, ал жұмыртқа ұзақ сақталмай, кідірместен сатылуы керек.

Жалпы алғанда, басқа ет түрлері нарығымен салыстырғанда құс етінің әлемдік нарығы жедел дамып келеді. Соңғы 20 жылда бұл ет түрінің өндірісі 30 миллионнан 75 млн тоннаға өскен. Әлемдегі құс етін өндіру мен тұтынуда нарықтың негізгі үлесін тауық еті алады. Бүкіл құс етінің 30%-ға жуығы Азияда, Солтүстік және Орталық Америкада өндіріледі. Оңтүстік Америка мен Еуропаның үлесі шамамен 15% құрайды. Солтүстік және Орталық Америка, Азия сияқты ірі өндіруші аймақтарда АҚШ, Бразилия, Қытай мемлекеттері көшбасшы болып табылады, олардың әлемдік құс еті өндірісіндегі үлесі  55%.  Өзіндік құны бойынша құс еті қымбат ет болып отыр. Құс өнімдерінің өзіндік құны жоғары болуының негізгі себебі материалдық шығындардың жоғары болуы, олардың үлесі құс өнімінің өзіндік құнында жылдан жылға өсіп келеді. 1997-2004 жылдар аралығында құс етінің өзіндік құны 7,4%, жұмыртқаның өзіндік құны 29,1% өскен. Өнімдердің өзіндік құнының өсу себептеріне келетін болсақ, өнеркәсіптік негіздегі құс шаруашылығы кәсіпорындарының қызметі көптеген жабдықтаушылармен тығыз байланыста жүреді. Олар құрал-жабдық, жем-шөп, дәрумендермен және басқа да қажет заттармен қамтамасыз етушілер. Бұл жерде, әсіресе, құрамдас жеммен қамтамасыз етушілердің маңызы жоғары, өйткені, құс өнімдерінің өзіндік құнының құрамындағы жем-шөптің үлесі 73,9% құрап отыр. Құс етінен жасалатын өнімдердің толық өзіндік құнында тұрақты шығындар 13%, оларды өндіріс көлемін ұлғайту және әкімшілік шығындарды төмендету арқылы қысқартуға болады. Өзіндік құнның 87%-ын, яғни, өзгермелі шығындарды тауықтарды өсіру мерзімін қысқарту, толық рационды жеммен қамтамасыз ету, құстардың өнімділігін арттыру, жемдеу жұмыстарын автоматтандыру арқылы еңбек ақы шығындарын азайту негізінде төмендетуге болады.

Информация о работе Бройлер-балапандарды өсірудің технологиясы