Шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың ой-өрісін дамытудың жолы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 16:09, курсовая работа

Краткое описание

Дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХ ғасырдың соңғы жарты жылдығында барлық өркениетті елдерде қабілетті балаларды анықтап, зерттеу, оқыту және дамыту жұмыстары өркендеді. Өйткені жеке тұлғаның әлеуметтік, саяси – экономикалық, мәдениеттік процестерде ролі өзгерді. Қазіргі кезеңде өндірісті басқару, ғылым, мәдениет, өнер сферасының саласында өз бетінше, шығармашылық тұрғысынан ойлайтын іскер, алғыр жас маманды қалыптастыру талап етілуде.
Сондықтан да, білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Сонымен қатар жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін дамыту болып табылады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

І-Тарау. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілетінің дамуын зерттеудің теориялық
негізі.
1.1. Шығармашылық қабілеттің дамуының психологиялық дидактикалық
алғы шарттары.................................................................................................5
1.2. Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту..................................9
1.3. Шығармашылықты қалыптастыру қажеттілігі...........................................19
1.4. Оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын қалыптастыру
негіздері.........................................................................................................24
1.5. Шығармашылық - нәтижелі оқыту.............................................................29
1.6. Шығармашылық дербестікті қалыптастыру..............................................38

ІІ -Тарау. Шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың ой-өрісін
дамытудың жолы.
2.1 Ойлау қабілетін дамыту...............................................................................45
2.2 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу маңызы...........51

Қорытынды..........................................................................................................56

Пайдаланылған әдебиеттер..............................

Прикрепленные файлы: 1 файл

шыгармашылк.doc

— 297.50 Кб (Скачать документ)

Оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың педагогикалық  шарттарының: оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғалық-бағдарлық оқыту, мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасындағы ынтымақтастықтың болуы, жоғары сынып оқушыларын қазіргі өмірге бағдарланушылығын жүзеге асыру үшін сыныптан тыс жеке-ұжымдық жұмыстар ұйымдастырудағы шығармашылық ай, пәндік апталықтар мен ғылыми апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультатив сабақтарының маңызы зор.

Осындай формада жүргізілген  жүмыстар арқылы оқушылар өздерінің  әр түрлі танымдық және шығармашылық сүраныстарын қанағаттандыра алады, мектеп олимпиадалары мен байқауларға, көркемөнер және техникалық көрмелерге белсене араласады, бұл мектеп ішіндегі оқушылардың арасынан дарынды балалардың шығуына ықпал етеді.

Оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлерінің қайсысы болсын, оқушылардың жеке басының қажетсінуіне орай құрылады.

Мектептерде шығармашылық сабақтарды жиі өткізу оң нәтижеге бастайтыны тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр. Мұғалімнің кез-келген сабағы шығармашылық сипатта өткізіліп отырса, оқушы дербестігінің қалыптасуы жоғары деңгейге көтерілері сөзсіз.

А.Хуторской,   В.Сластенин   еңбектеріне   талдау   жасай   келе,   біз оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастыруға ықпал  ететін шығармашылық сабақ түрлерін төмендегіше бөліп қарастырамыз: 1)Танымдық; 2) эвристикалық; 3) әдіснамалық; 4) коммуникативтік.

Енді жоғары сынып  оқушыларының шығармашылық дербестігін ескере отырып, жоспарын құру ерекшеліктері мен кезеңдеріне тоқтала кетелік.

1. Шығармашылық сабақ жоспары - мұғалімнің білім беру бағдарламасын жүзеге асыру құралы. Сондықтан сабақты жоспарлау тақырыпты (бөлім, тарау) жоспарлаудан басталады. Мұғалім өзара байланысты бірнеше сабақты: мақсаты, тақырыбы, іс-әрекет түрі, мүмкін болар нәтижелерін ойластырады. Пән бойынша жалпы бағдарлама негізінде және оқылып отырған тарау бойынша оқушының мүмкін болатын жетістіктерін болжап, негізгі білімдік нәтижелерді белгілейді.

2. Оқушылардың шығармашылық  әлеуетін ескеру. Мұғалім сабақ өтетін сынып оқушылардың ерекшеліктерін еске түсіреді. Өткен сабақтың жетістік жақтарын ескереді. Оқушының тақырып пен мәселеге байланысты көзқарасын ойша елестетіп, жоспарлап отырған сабақтың мазмұны мен құралдарын реттейді.

3. Тақырып мәселесіне  мұғалімнің жеке қатынасын көрсету.  Осы мақсатта сабақ тақырыбы  бойынша мұғалім түрлі кітаптармен танысады, өзіне қызықты мәселелерді іздеп табады. Бұл мәселе төңірегінде айтылған пікірлерді немесе кем дегенде бір-біріне қарама-қайшы 2 ғалым пікірін табу қажет. Пікірлерді оқушы назарына ұсына отырып, қай ғалымның айтқаны дұрыстығын анықтауды ұсынады. Мұндай іс-әрекет оқушының талдау, ой қорытындысын жасау сияқты қасиеттерін дамытып, дербес шығармашылық ой-өрісін қалыптастыруға негіз болады.

4. Сабақтың мәнін анықтау.  Пәндік мақсаттар мен сабақ  мәнінің ара қатынасын анықтау.  Сабақ мәні және оқылып отырған тақырып мазмұны әр кітапта түрліше болуын ескеру қажет. Бұл жағдайда оқушының жеке ерекшелігі мен қызығуын, жеке білім алу бағдарламасы бағыттарын білу пайдалы.

5. Сабақ түріне және  мүмкін болатын шығармашылық  нәтижелерге негізделген сабақ  идеясы жасалады. Оқушының қабілеттерін, жеке ой-ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін сабақтардың бірнеше түрі ойластыры лады.

6. Оқушының жеке өзінің  білім мазмүнын «пайда ететін»  (дүниеге әкелетін) материал, қүралдар, әдістер мен тәсілдер таңдалынады.

7. Оқушының шығармашылық нәтижелерінің білім беру стандарттарымен сәйкес келуі. Жоспарланған шығармашылық нәтижеге оқушы алдын-ала мәдени, тарихи, түр нүсқаларды саралайды. Мысалы, тапсырмаларды орындауды оқушы әр ғасырды өмір сүрген ғалымдар еңбегімен танысады.

8. Оқытудың түрлі субъектісіне қатынасы бойынша түрліше дәрежедегі сабақ мақсаттары жазбаша құрастырылып, нақтыланады. Оқушыларға қатысты 3 деңгейдегі мақсат бойынша мысал келтірсек олар мыналар: «өзінің жеке математикалық заңдылықтары бойынша сандарды тізіп жаз» (Пәндік мақсат); «Заңдылық» ұғымын түсіндір (Пән аралық мақсат); «Өз жұмыс мақсатында, әдіс-тәсілдермен кездесетін қиындықтарды тап, графикалық рефлексия тәсілін игер» (Әдіснамалық мақсат)

9. Сабақ құрылымының бірнеше варианттарын ойлап табу. Сабақтағы оқушы әрекеті алуан түрлі болып ауысып отыруы қажет.

10.  Сабақ жоспарын жасау. Оның үлгі ретіндегі құрылымы мынадай болады:

- Сабақ тақырыбы, сыныбы, уақыты;

- сабақ түрі;

- сабақ мақсаттары;

- сабақтың қүрал-жабдықтары;

- оқушының жоспарланып  отырған іс-әрекетіне бағытталған іргелі білім беру нысандары;

- сабақтың негізгі  мәселесі (бір немесе бірнеше  мәселе жазылады)

- оқушы іс-әрекет түрі  мен кезеңдерін минуттық жіктеп  жазу;

- сабақтың әр кезеңдеріндегі  оқушы тапсырмасын қүрастыру.

Шығармашылық сабақ  тапсырмаларының орындалуы түрліше болуы үшін бір-біріне ұқсамайтындай тапсырма орындалады:

- тапсырманы орындаудағы  мүмкін болатын нәтижелері (нәтиженің  2-3 вариантын көрсету керек);

-    қарастырылып  отырған мәсенің тарихи-мәдени  нүсқалары;

-    суреттер, тапсырмалар, кесте, сызбалар;

-    оқушы іс-әрекетіндегі  рефлексия бойынша тапсырмалары;

-    бақылау түрі  және сабақты бағалау;

-    үйге тапсырма (әртүрлі варианттағы өзіндік  жүмыс);

- оқушыларға ұсынылатын материалдар (оқулықтар, интернет жүйесіндегі сайт, т.б.);

- мұғалімнің сабаққа дайындалу кезеңінде пайдаланған әдебиеттер тізімі, түрлі дерек көздері;

- өткізілген сабақты  талдау формасы, сабаққа қатысқан  мұғалімдер мен оқушылардың пікірлері  бойынша қорытынды.

Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық дербестігін қалыптастырудың шығармашылық сабақтардың мәні үлкен. Дәстүрлі сабақ пен біз ұсынып отырған шығармашылық сабақ әдістемесінің маңызы өте зор. Оны салыстырмалы түрде талдаудың ерекшеліктері мен артықшылықтарын төмендегі кестеден көруге болады.

 

Шығармашылық сабақтың ерекшеліктері

Дәстүрлі сабақ

Шығармашылық сабақ

Сабақ мақсаты.

а) мұғалім үшін: жаңа материалды беру

ә) оқушы үшін жаңа білімді  меңгеру

Сабақ мақсаты:

а) мұғалім   үшін:  оқушылардың   жаңа нәтижеге бағытталған іс-әрекетін ұйымдастыру

ә) оқушы үшін: шығармашылық «өнім» ойлап табу

Сабақтағы іс-әрекет түрі.

а)  мұғалім    үшін:   жаңа  тақырыпты

түсіндіру

ә)  оқушы  үшін:  жаңа  материалды

тыңдау, есте сақтау

Сабақтағы іс-әрекет түрі

а)  мұғалім  үшін: оқушының

шығармашылық  іс-әрекетін

ұйымдастыру

ә) оқушы үшін: жаңа нысанды  зерттеу,

құбылысты талдау.

Сабақ құрылымы  жоспар  бойынша өтілуге міндетті.

Сабақ құрылымы жағдайға байланысты жоспардан ауытқиды, өзгермелі.

Сабак  тақырыбына көзқарас - кітапта баяндалған  идеяға негізделген   бір көзқарас

Сабақ тақырыбына көзқарас - мәселеге мамандардың түрлі көзқарасы

Бақылау      тақырыпты      оқушылардың  пысықтауы

Бақылау  тақырып   бойынша оқушылардың  шығармашылық жұмыстарының    нәтижелерін    ұсынуы және қорғауы.

Сабақтың қорытынды  кезеңі - тақырып бойынша қорытындылау.

Сабақтың қорытынды  кезеңі - рефлексия өзінің іс-әрекетіне  саналы көзқарас.


 

 

 

ІІ Тарау. Шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың

ой - өрісін дамытудың жолы ретінде.

 

2.1 Ойлау қабілетін дамыту.

В.Боголовский, А.Ковалев, А.Степанов жетекшілігімен шыққан «Жалпы психологиясында» «Ойлау - психикалық үрдіс, сол арқылы адам шынайы құбылыстың және заттың нақты белгілерін бейнелейді және сонымен қатар, олардың арасындағы түрлі байланыстарды ашады»     делінген.   «Психологиялық сөздіктің авторлар ұжымы ойлаудың мазмұнын оқыту үрдісімен баланыстырады: «Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше ойлай білуге үйрету. Ойлауды бірдей уақытта дамыту және белсенділендіру оқушыларды білімді, дағдыны нәтижелі меңгеруі үшін, болашақ танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке оқушыларды дайындау үшін қажетті шарт болып табылады» Оқыту мақсатын сипаттауда үрдіс ретінде ойлаудың ерекшелігі бейнеленген, оқушының білім мен ойлау қабілетінің өзара байланысы көрсетілген. Педагогикалық психологияда соңғы он жылда ойлауды есептеп шешу үрдісі ретінде анықтау кең тарады. (Г.Костюк және т.б.) Осы багыттагы ойлау қабілетінің маңызын С. Рубинштейннің мынадай сөзімен келтіруге болады: «ойлау қабілеті мәселеден басталады».

Психологияда ойлау  жаңа мәселені шешу ретінде жиі түсіндіріледі. Бірақ,   ойлау   қызметі  жаңаны   ашумен   шектелмейді,   онда   меңгерілген білімді іріктеу, бағалау сәті де бар, яғни тек шығармашылықты ғана емес, сонымен бірге репродуктивті және конструктивті элементтерден де тұрады.

Шынайы оқыту үрдісінде  оқушыға мұғалім көмегінің үлкен  мәні бар және оның ішінде мәселені шешудің амалының да кіруі мүмкін. Сонымен бірге ойлауды зерттеудің дүрыс емес дәстүрінің бірі шынайы ойлау үрдісінде үлкен роль атқаратын репродуктивті аспектілерді елемеу болып табылады.

Ойлаудың дидактикалық анықтамасы әлі қалыптасқан жоқ, себебі соңғы уақытқа дейін білімнің бұл тарауы дидактикадан да, жеке әдістерден де алынып тасталды. Соңғы жылдардың дидактикалық жұмыстарында ойлаудың анықтамасын психология тұрғысында «...іс-әрекеттің        сараптамалық-синтетикалық  амалдарымен  берілетін шынайылықтың жалпы бейнеленуі түрінде» іс-әрекеттің тәсілі және білімді меңгеру ретінде беріліп жүр. Оқудағы ойлау мәселесін қарастыру дидактикалық сипатта болса да бұл анықтама ойлаудың философиялық және психологиялық анықтамаларында негізделеді

Оқыту өзінен кейін дамуды алып жүреді. Оқыту үрдісінде дамудың  жақын аймағы, яғни, үлкендердің  көмегімен мәселелерді шешу деңгейі  мен өзіндік іс-әрекет арқылы үйлеспеушілік аймағы құрылады. Іс-әрекеттің бірлігі туралы өнімді ой деп Л.Выготский түсінік мәнін бөліп көрсетсе, ал ғалымдар А.Лурия, С. Рубинштейн, А.Леонтьев, П.Гальпериннің еңбектерінде өз жалғасын одан әрі тапқаны белгілі.

Ойлау үрдісі субъектінің  қажеттілігіне, сарынына, себеп-дәлеліне байланысты пайда болады, яғни ойлауды  зерттеу адамның іс-әрекеті сарынын  және есебін қарастырады.

Психологияда ойлау  қабілетін зерттеудің әртүрлі бағыттары  көбіне қарама-қарсы қойылады (В.Беспечанский және т.б.), бірақ, онда педагогика үшін маңызды ортақ сипаттамалар бар.

1. Ойлау қабілетінің  дамыту үрдісі оқушылардың белсенді танымдық және тәжірибелік іс-әрекетінде мол жетістікке жетеді.

2. Бұл іс-әрекет оқытудың  шартты жүйесі арқылы мұғалімнің мақсаты бағытталған басқаруында болуы қажет.

3.  Оқушылардың белсенді  танымдық іс-әрекетінің маңызды  сәті ойлау қабілетінің тәсілдері  енгізілген оқу мазмұнын меңгеру болып табылады.

Ойлау қабілетінің педагогикалық  анықтамасы үшін ойлау түрлері туралы бұрынғы мәселенің әдіснамалық маңызы бар. Ойлау шындықтың жалпы бейнесі ретінде әрқашан мазмұнды. Ойдаудың мазмұны адамның танымдық белсенділігінің бағытталуына, таңдалуына, әлеуметтік шарттарға байланысты жүргізілетін іс-әрекеттің қажеттіліктері мен сарынына байланысты болады. Дегенмен, бірыңғай ойлау үрдісін нақты мазмұнға байланысты әрбір жаңа мазмұнды ойлаудың «ерекше» түрі деп бөлуге болмайды. Ойлау әрбір жеке пәнге таратылады.

Адам шешетін мәселелердің әр түрлілігі сияқты, шынайылықтың жан-жақтылығы секілді ойлау қабілеті де көп өлшемді. Оны топтастырудың негізіне енгізілген өлшемдерге байланысты ойлаудың типологиясы өте көп. Психологияда танымның басты категориялары қатынасының негізінде өте кең тараған ойлаудың типологиясы қызмет етеді, олар: көрнекі-іске асатын, көрнекі-бейнелі, нақты түсінікті және абстрактілі-түсінікті.

Ойлау қызметінің әдістері және нәтижесі бойынша ойлау репродуктивті, өнімді және өнімзді емес болып бөлінеді. Педагогикалық психологияда ойлауды жас бойынша кезеңдеу қабылданған: дайындық бөліміндегі оқушының, бастауыш сынып оқушысының, жеткіншек және жоғары сынып оқушыларының ойлау қабілеті.

Психология ғылымының  мақсаты - қазіргі ойлау қабілетіне сыни талдау жасау және ойлау қабілетінің  жаңа типологиясын құру. Ал біздің мақсатымыз - ойлау қабілетін педагогикалық зерттеу үшін әрбір типологияның мүмкіндігі қандай екенін қарастыру.

Анықтамаларды және ойлаудың негізгі сипаттамаларын қарастыру  оның педагогикалық анықтамасын  қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Оқушылардың ойлау қабілеті - танымдық мәселені шешу үрдісіне оқытудың мақсатына жетуге бағытталған белсенді талдамаушылық-жинақтаушылық іс-әрекет. Бұл анықтаманың негізінде адам психикасын түсінуге ұмтылыс бар, ал көрнекі түсініктің сапасы оқытудың мақсаттары деп аталады: білімді, дағдыны меңгеру, оқушыларды тәрбиелеу және дамыту. Қазіргі педагогикадағы білім түсінігіне әдіснамалық білім енеді, яғни білім және іс-әркеттік тәсілдері туралы білім, ал дағды, шеберлік түсінігіне түрлі жалпы оқулық шеберлік (оның ішінде ойлау шеберлігі де) кіреді.

Анықтамада түрлі мәселелердің, соның ішінде шығармашылық мәселелерінің  шешімі, ойлау қабілетінің негізгі  даму жолдары көрсетілген.  Сонымен бірге анықтамада оқушының іс-әрекетін мақстатты бағыттау қажеттігі атап өтілген.

Оқушылардың ойлау қабілетін  қалыптастыру - білімді, дағдыны және шеберлікті белсенді меңгеру үрдісін мақсатты бағытталған түрде басқару, оқушыларды танымның қажетті әдістерімен және тәсілдерімен қамтамасыз ету, танымдық қажеттіліктерді тәрбиелеу және соның негізінде гуманистік көзқарас, пайдалы еңбекке әдеттенуді үйрету. Сонымен. Оқыту үрдісіндегі оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі. Ойлау құрылымының механизмін түсіну үшін ақыл-ой қызметінің репродуктивті және продуктивті бөліктерін   қатынастарының қағидасы ерекше маңызды. «Ойлау шындықты танудың қорытындыланған және жанама түрдегі үрдісі, бірақ оның диалектикалық, қарама-қайшылықтық бірлігінде продуктивті және репрдуктивті бөліктері тұтасып кеткен...» деп   көрсетеді З. Калмыкова.

Информация о работе Шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың ой-өрісін дамытудың жолы