Шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың ой-өрісін дамытудың жолы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 16:09, курсовая работа

Краткое описание

Дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХ ғасырдың соңғы жарты жылдығында барлық өркениетті елдерде қабілетті балаларды анықтап, зерттеу, оқыту және дамыту жұмыстары өркендеді. Өйткені жеке тұлғаның әлеуметтік, саяси – экономикалық, мәдениеттік процестерде ролі өзгерді. Қазіргі кезеңде өндірісті басқару, ғылым, мәдениет, өнер сферасының саласында өз бетінше, шығармашылық тұрғысынан ойлайтын іскер, алғыр жас маманды қалыптастыру талап етілуде.
Сондықтан да, білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Сонымен қатар жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін дамыту болып табылады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

І-Тарау. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілетінің дамуын зерттеудің теориялық
негізі.
1.1. Шығармашылық қабілеттің дамуының психологиялық дидактикалық
алғы шарттары.................................................................................................5
1.2. Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту..................................9
1.3. Шығармашылықты қалыптастыру қажеттілігі...........................................19
1.4. Оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын қалыптастыру
негіздері.........................................................................................................24
1.5. Шығармашылық - нәтижелі оқыту.............................................................29
1.6. Шығармашылық дербестікті қалыптастыру..............................................38

ІІ -Тарау. Шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың ой-өрісін
дамытудың жолы.
2.1 Ойлау қабілетін дамыту...............................................................................45
2.2 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу маңызы...........51

Қорытынды..........................................................................................................56

Пайдаланылған әдебиеттер..............................

Прикрепленные файлы: 1 файл

шыгармашылк.doc

— 297.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе.....................................................................................................................3

 

І-Тарау.  Бастауыш  мектеп    кезеңінде    шығармашылық   қабілетінің    дамуын   зерттеудің    теориялық

   негізі.

1.1.  Шығармашылық қабілеттің дамуының психологиялық дидактикалық   

        алғы шарттары.................................................................................................5

1.2. Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту..................................9

1.3.  Шығармашылықты қалыптастыру  қажеттілігі...........................................19

1.4.  Оқушылардың шығармашылыққа  деген қызығушылығын қалыптастыру

         негіздері.........................................................................................................24

1.5.  Шығармашылық - нәтижелі оқыту.............................................................29

1.6.   Шығармашылық дербестікті  қалыптастыру..............................................38

 

ІІ -Тарау. Шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың ой-өрісін

                   дамытудың жолы.

2.1    Ойлау қабілетін дамыту...............................................................................45

2.2    Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу маңызы...........51

 

Қорытынды..........................................................................................................56

 

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................57

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХ ғасырдың соңғы жарты жылдығында барлық өркениетті елдерде қабілетті балаларды анықтап, зерттеу, оқыту және дамыту жұмыстары өркендеді. Өйткені жеке тұлғаның әлеуметтік, саяси – экономикалық, мәдениеттік процестерде ролі өзгерді. Қазіргі кезеңде өндірісті басқару, ғылым, мәдениет, өнер сферасының саласында өз бетінше, шығармашылық тұрғысынан ойлайтын іскер, алғыр жас маманды қалыптастыру талап етілуде.

Сондықтан да, білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Сонымен қатар жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін дамыту болып табылады.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан  халқына жолдауында (1-наурыз, 2006) төртінші басымдық білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі - деп атап көрсетілген.

Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуда жастарға білім  берудің маңызы ерекше. Осыған орай оқушылардың білім жетістігін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру, нәтижеге бағдарлап оқыту, ұлттық құндылықтарды оқушылар бойында қалыптастыру, білім беруді ізгілендіру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, фундаментальді білім беру, қазіргі оқыту технологиясын жетілдіру және т.б. басым бағыттарды 12 жылдық мектептің бастауыш сатысындағы пәндер бойынша мемлекеттік міндетті білім стандартын, оқу бағдарламасын жетілдіруде басшылыққа алудың қажеттігі туындап отыр. Сонымен бірге оқушыларды кіші жастан өз бетінше ізденуге, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, топпен және дара жұмыс істеуге дағдыландырып, өзін - өзі тексеруге, өзін - өзі бағалауға,    корытынды  жасай білуге,  өз  пікірін айта білуге, өмір дағдыларына бейімдеу міндет етіледі.

Қоғамның әлеуметтік - экономикалық, ғылыми - техникалық т.б. үрдістері жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істейтін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын қажет етеді. Сондықтан, мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты - арнайы педагогикалық әдістер арқылы мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылықпен ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше білім ала алу дағдыларының дамуына негіз салу. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу - ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында екені айқын.

Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі - бір  көлемдегі білім, білік - дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы.

Мен өз жұмысымда негізге қойған міндетім - оқушылардың шығармашылық тапсырмалар арқылы ой - өрісін дамыту.

Диплом жұмысының  мақсаты:

  1. Қабілетті балалардың қасиеті жөніндегі әдебиеттерге талдау жүргізу.
  2. Қабілетті балалардың ақыл – ой ерекшеліктерін және қасиеттерін зерттеу.

Зерттеу әдістері:

  1. Балалардың қабілеттілігін бақылау.
  2. Олардың ерекшелігін анықтау әдістері.
  3. Ата – ана балалармен жүргізілетін сұхбат.

Зерттеудің  әдіснамалық негізі:

Л.С.Выготскийдің мәдени – тарихи даму тұжырымдамасы, С.Юркевичтің  қабілеттілікті анықтау еңбектепрі.

Зерттеудің  теориялық құндылығы: Қабілетті балалармен жұмыс істеу теориялық негіздемесі құрылып қабілеттілік жөнінде қазақ тіліндегі әдебиет қатары толықтырылды.

Зерттеудің  практикалық мәні:

Қабілетті балаларды  диагностикалау, олардың таным мүмкіндіктерін ажыратуда әрі дамытуда қажетті  практикалық құрал болып табылады.

Дипломдық зерттеу жұмысының  базасы:

Ш.Уалиханов атындағы 2 лицей.

Зерттеу жұмысының  объектісі: Бастауын сынып оқушылары.

Зерттеудің  болжамы: Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойы интеллектісін, олардың танымдық іс әрекетіне сүйене отырып дамытқан жағдайда қабілеттіліктің дәрежесін неғұрлым көтеруге болады.

Зерттеудің  құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қосымшалардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-Тарау. Жазбаша жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының

шығармашылық  қабілетін дамыту.

 

1.1  Шығармашылық қабілеттің дамуының психологиялық -

дидактикалық  алғы шарттары.

Балалар психологиясында  әрбір жас кездерінде психикалық даму ерекше орын алады. Жас ерекшеліктеріне  орай таным әрекеттерін біршама жедел дамуының негізгі жолдарын ашу, олармен оқу тәлім-тәрбиелік жұмыс жүргізудің көкейкесті мәселесі.

Бала психикасының дамуындағы нәтижелі (сензитивті) кезеңді ескере отырып, жеке даралық өзгешеліктерін жан-жақты дамуына түрткі - оқу  іс- әрекетін тиімді ұйымдастыру. Бала психикасының дамуына оқытудың әсері ерекше екенін Ж.Пиаже, Д.Б.Эльконин, А.В.Запоржежец, М.И.Лисина, А.А.Венгер, В.Давыдов, Н.Н.Поддьяков, А.А.Люблинская, Л.И.Божович, Ж.Аймауытов, М.М.Мұқанов еңбектерінен көруге болады. Ж.Аймауытов өзінің педагогикалық еңбектерінде «білімдендіру көбінесе, екі мақсұт көздейді - білім көбейту, яғни затты мақсұт, ақыл күшейту, яғни қалыпты мақсұт» - деп көрсетеді. Мұндағы көзқарас - оқу баланың білімін көбейтеді, ақылын күшейтеді, тәжірибесін молайтады.

Р.С.Немов бастауыш мектеп оқушыларының оқу материалдарын меңгеру мүмкіншіліктері мен ақыл - ой қабілеті өте жоғарылылығы оқытуды дұрыс ұйымдастырған жағдайда кәдімгі мектепте беретін әдеттегі білімнен әлдеқайда жоғары нәрселерді қабылдап, меңгере алатындығын, сондай-ақ бастауыш мектеп кезеңінде оқыту баланың барлық психикалық үрдістерінің едәуір жаңа өзгеріс — жетісітікке жететінідігін түсіндіреді. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуының жедел жүруіне бірден-бір себеп-оқу үрдісі екенін жоғарыда атап өттік. Мектептегі  оқыту-жас бүлдіршіндерді    өз елінің ұлы азаматы, жан-жақты білімді, жеке адам етіп тәрбиелеуді көздейді. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында көрсетілгендей (1) бастауыш сатыдағы білім берудің приоритетті мақсаты - оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этникалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау. Оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, оның психологиялық ерекшеліктері дәл ескеріліп отырылуы қажет.

Балдырған мектеп қабырғасын аттасымен-ақ оқу үрдісінде балалардың бұрын қалыптасқан барлық таным-әрекеттері, санасы қайта жаңа өзгерістерге ұшырайды.

Р.С.Немов, егер баланы оқытудың бағдарламасына сәйкес дұрыс оқытса, дұрыс меңгертуге үйретсе, кәдімгі баламен өзі де барлық нәрсеге қабілетті бола алатындығын айтады [3].

Кейде өзгеден мүлдем бөлек өзіндік ерекшеліктері  бар, темпераменті де өзгеше болып келетін  балалар да кездеседі, олар да оқу жұмысында жақсы табысқа ие болып жүреді.

«Егер В.И.Волокитина дені сау оқушылардың арасынан логикалы ойлауға қабілетті болмайтын бала болмайды, дегенмен балалардың ойлау әрекетінің ұшқырлық дәрежесі мен ойлауға қиыншылық келтіретін себептері болады десе, онда терең ойлауға мүмкіндік жасау, ойлау қарқынын жеделдету, ой ұшқырлығын күшейтуге қиыншылық келтіретін себептерді болдырмау - балалардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады.»

Шығармашылық қабілеттілік мәселесі психология ғылымында біржақты ғана қаралмайды. Бұл бұрыннан-ақ келе жатқан құпиялық қасиет болып табылады. Құпияның сырын ашу кілтін психология, педагогика ғылым салаларындағы ғалымдар түрліше түсіндіріп ашады.

Шығармашылық қабілеттілік - бала өз бетінше жаңа, бір бейне  құруымен   сипатталады,   яғни   іс-әрекеттің   қандай   түрінде   болмасын жаңалық  ашу  арқылы,  жасампаздық бейне жасау  арқылы  өзіндік  жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.

Соңғы жылдары шығармашылық психологиясы туралы С.Л.Рубинштейн, Б.М.Кедров, А.В.Брушлинский, Я.А.Пономарев, О.К.Тихомиров, ал жалпы және арнайы қабілеттіліктер туралы Б.М.Теплов, Н.С.Лейтес, А.Крутецкий, Е.И.Игнатьев, К.В.Тарасов қабілеттілік және даралық өзгешеліктердің психологиясы мен психофизиологиясы туралы Б.М.Теплов, В.Д.Небылицин, Э.А.Голубова, В.М.Русаловтың еңбектері қабілеттілік мәселелері бойынша жүргізген зерттеу жұмыстарының негізін   қалады.

Сондай-ақ, бастауыш мектеп кезеңінде оқу үрдісінде әр түрлі  пәндерде шығармашылық қабілеттілік, ақыл-ой дамуы туралы еліміздің және шет ел ғалымдары біршама зерттеу жұмыстарын жүргізген. Г.В.Бабиков, А.Крутецкий (математика), Б.М.Кедров (ғылыми-техникалық шығармашылық), Е.И.Игнатьев, О.И.Никифорова (көркем әрекеттік шығармашылық), А.А.Люблинская, Д.Б.Эльконин, Г.Айзенк, Ж.Пиаже, Э.Торндайк, Ж.Аймауытов, М. Мұқанов т.б.

Қабілеттілік мәселесінің  теориялық және практикалық негізін қалауда С.Л. Рубинштейн  еңбектері зор  роль  атқарады. Ең алдымен қабілеттіліктің  дамуы туралы,  қабілеттің  қалыптасуының негізін  салса, кейінірек олардың көрінуінің психологиялық құрылымын ашып берді.

С.Л.Рубинштейн қабілеттілікті нақты бір іс-әрекетке икемділік деп түсіндіреді.. Оның айтуы бойынша қабілеттілік - жаңа бір іс-әрекетті жеңіл меңгеруімен, сонымен қатар индивидтің бір іс-әрекеттен екінші бір әрекетке көшуі мен қабылдау тәсілдерін терең меңгере алуы. Оның айтуы бойынша қабілеттің негізі - туа біткен нышан, тұқым қуалаушылықтың белгісі болып табылады, яғни, адамның жүйке ми аппараттарының анатомиялық-физологиялық ерекшелігі болып табылады. Осыған орай ғалым қабілет нышандардың негізінде дами отырып, нышанның өз бетінше функциялануы емес тек дамудың негізгі кезеңі алғы шарты деп жазды. С.Л. Рубинштейн іс-әрекет барысында қабілет пен ептіліктің өзара байланысы ерекше роль атқаратынын айтады. Бұл екеуінің бір-бірімен тығыз байланыста екендігін еске сала отырып, бір жағынан ептілік, білім тағы басқа меңгеру қабілеті бар екенін білдірсе, қабілеттің қалыптасуы сол іс-әрекеттердің ептілігі мен білімдерді меңгеру арқылы  іске асатындығын түсіндіреді.

Б.М.Теплов қабілетті адамдар арасындағы жеке даралық психологиялық өзгешілік деп қарастырады. Б.М.Теплов қабілеттілікке анықтама бере отырып, қабілеттіліктің үш белгісін көрсетеді. Біріншіден қабілеттілік бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын жеке даралық психологиялық ерекшелік; екіншіден, қабілеттілікке барлық жеке даралық ерекшеліктерді жатқыза беруге болмайды, тек қандай да бір немесе бірнеше іс-әрекетті орындау барысында нәтижесі табысқа сәйкес жететін ерекшеліктерді, қабілет деп атауға болады; үшіншіден, «қабілет» түсінігі адамда бар білім, ептілік және дағдымен ғана шектеліп қоймайтындығын айтады, яғни тек ептілік, білім, дағды ғана бар деп айтуға болмайды, керісінше, сол ептілік, білім, дағдыны меңгеруге қабілетті деп санайды. Б.М.Теплов қабілеттіліктің дамуы - бір жақты ғана болмайды, оның қозғаушы күші қарама-қарсы ойлардың күресі деп көрсетеді.

Б.Г.Ананьев қабілет  мәселесін жетілдіре отырып, қабілет  тек индивидтің белсенді іс-әрекетінде қоғамдық тәжірибені меңгерудегі психологиялық  аспектісі ретінде ғана көрсетпей, сонымен қатар психологиялық құрылым ретінде жеке адамның қабілетке байланысын көрсетеді. Оның айтуы бойынша, қабілеттілік - ақылдың шығармашылық дамуының көрінуі. Тек білімдердің жинақталуы, әрі бұл білімдерді шығармашылық көрсетуінде ғана емес, жаңа бейне, жасампаздық әрекет құра алуы деп көрсетеді.

В.И.Корюкин өзінің «Шығармашылық әрекеттің приоритеті» атты еңбегінде  адамзат  санасының  қалыптасуы,  адамзаттық  шығармашылық іс-әрекетінің дамып жетілуі - қоғамдық дамудың негізгі факторы деп көрсетеді.

Ю.Е.Виноградов еңбектері  аффектілі жағдай мен ойлаудың байланыстылығын, адам ой әрекетінде эмоционалды күйдің пайда болу жағдайы және оның ой әрекетінің құрылымына әсері туралы жан-жақты түсіндіреді.

Информация о работе Шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың ой-өрісін дамытудың жолы