Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 16:09, курсовая работа
Дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХ ғасырдың соңғы жарты жылдығында барлық өркениетті елдерде қабілетті балаларды анықтап, зерттеу, оқыту және дамыту жұмыстары өркендеді. Өйткені жеке тұлғаның әлеуметтік, саяси – экономикалық, мәдениеттік процестерде ролі өзгерді. Қазіргі кезеңде өндірісті басқару, ғылым, мәдениет, өнер сферасының саласында өз бетінше, шығармашылық тұрғысынан ойлайтын іскер, алғыр жас маманды қалыптастыру талап етілуде.
Сондықтан да, білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Сонымен қатар жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін дамыту болып табылады.
Кіріспе.....................................................................................................................3
І-Тарау. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілетінің дамуын зерттеудің теориялық
негізі.
1.1. Шығармашылық қабілеттің дамуының психологиялық дидактикалық
алғы шарттары.................................................................................................5
1.2. Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту..................................9
1.3. Шығармашылықты қалыптастыру қажеттілігі...........................................19
1.4. Оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын қалыптастыру
негіздері.........................................................................................................24
1.5. Шығармашылық - нәтижелі оқыту.............................................................29
1.6. Шығармашылық дербестікті қалыптастыру..............................................38
ІІ -Тарау. Шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың ой-өрісін
дамытудың жолы.
2.1 Ойлау қабілетін дамыту...............................................................................45
2.2 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу маңызы...........51
Қорытынды..........................................................................................................56
Пайдаланылған әдебиеттер..............................
А.Н.Леонтьевтің қабілет мәселесі туралы айтылатын барлық еңбектеріндегі оның негізгі идеясы адамға берілген кез-келген психикалық іс-әрекет, соның ішінде қабілет ұрпақтан-ұрпаққа берілетін тәжіриебелерді меңгеру барысында дамиды және қалыптасады. Оның айтуы бойынша адамзат іс-әрекетінің жетістігі, нәтижесі - ғылым мен техниканың даму деңгейіне байланысты, яғни, мәдени жүйедегі қабілет тұқымнан берілмейді. Қабілет жаңа құрылым жасауды қажетсінеді.
Оқыту үрдісінде балалардың шығармашылық қабілеттілігінің дамуына жағдай жасайтын жеке адамды даярлауда - кіші мектеп кезіндегі оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың алатын орны ерекше екендігі даусыз. Сондықтан бала бойындағы шығармашылық қабілеттің жандануына жол ашу, жағдай жасау керектігі жайында ғұлама психолог-педагог ғалымдардың еңбектерінде ерте кезден-ақ баяндалып жүр.
Білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан, ендігі кезекте бастауыш мектеп кезеңінде ұлттық ойлаймын, ерекшеліктерді, бастауыш мектептің оқу бағдарламасына енгізіліп отырған жыл сайынғы өзгерістерді, баланың тұрғылықты мекен-жайының өзгешіліктерін, баланың жеке даралық психологиялық қасиеттерін ескере отырып, оқу үрдісінде нақты пәндер бойынша белгілі бір саладағы шығармашылық қабілеттілікті дамытуға тиімді әдістемелік жолды теориялық және практикалық тұрғыда ашып беру керек деп ойлаймын.
1.2. Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту
ІІІығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Ал, бүгінгі күрделі жаңарулар тұсында балалардың шығармашылық бастамасы басты нысанасы болып отыр. Мұндай күрделі мәселені шешуде бастауыш мектептің алар орны ерекше. Баланың шығармашылық бастамасын дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық ұғымы мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болған. Ежелден-ақ ойшылдарымыз Жүсіп Баласұғын, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырып, өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренконың шығармаларында шығармашылықты дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. Психологтар мен ғалымдар Л.С.Выгодский., В.В.Давыдов, Л. В. Занков, В. А. Крутецкий, өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т.Тәжібаев, М.Мұханов, Ж.М.Әбдилдин, Қ.Б.Жарықбаев, Т.С.Сабыровтың еңбектері жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практиканың алтын қоры деп білеміз.
Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе төмендегідей қорытындыға келуге болады. Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән «Шығармашылық» сөзінің төркіні - шығару, ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «Шығармашылық - қайталанбас тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет» деп түсіндіріледі. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері кез-келген баланы шығармашылық деңгейге көтеруге болатындығын айтуда. Ал, бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы - тек өзіне жаңалық болып табылатын, субъективтік жаңалық.
Шығармашылық тұрғыдан дамыған тұлға моделі:
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық бастамасын дамыту үшін ең негізгі басшылыққа алынатын нысаны дамыта оқыту жүйесі. Дамыта оқыту баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, тұлғалыққа бағытттау. Дамыта оқыту жүйесінде оқытудың барлық кешенді мақсаттары мен шешімдері бала дамуына бағытталды. Дамыта оқыту жүйесінің талаптарына сәйкес №181 инновациялық орта мектеп ұжымы балалар шығармашылық бастамасын дамыту мақсатында 4 кезеңде жұмыс жасады. Сөйтіп, оқытудың мақсатын, міндеттерін, әдіс-тәсілдерін баланың даму заңдылықтарына сәйкестендіріп оқыту, ойлауын дамыту, шығармашылық тұлға қалыптастыру алға қойылды.
І-кезең: Тақырыпқа сәйкес теориялық білімді жинақтау, шағын шығармашылық топтар құру, дамыта оқыту әдістемесін меңгеру, ұжымды жұмылдыру, жұмысты ұйымдастыру көзделді.
ІІ-кезең: Жинақталған білім практикада жүзеге асырылды.
ІІІ-кезең: Атқарылған жұмыстардың жетістігі мен кемшіліктерін сұрыптау, кемшіліктерді жою кезеңі. Мұнда шығармашылық есептер жасау, педагогикалық оқулар өткізу, бақылау түрлерін енгізу, сыртқы байланыстарды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізілді.
ІҮ-кезеңде жүргізілген жұмыстар жүйеленіп, қорытылып, нәтижесі шығарылды.
Қорытындысында 4 сынып оқушылыраның білім сапасы - 35% II тоқсанда - 42 %, III тоқсанда - 49 %, ІҮ тоқсанда-52% көрсетті.
Оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы.- 50 % , II тоқсанда білім сапасы - 54 %, III тоқсанда білім сапасы - 58 % , ІҮ тоқсанда білім сапасы - 62% көрсеткішке жетті.
Оқушыларды шығармашылыққа баулып, бала бойына шығармашылық қасиетті қалыптастыруда, ізденуге, білім алуға құштарлығын оятуда бастауыш сыныптағы ана тілі сабағының берері мол.
1. Өйткені ана тілі пәні оқушы тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін көтеру.
2. Оқушылардың оқу
дағдысын қалыптастыру және жет
3. Оқушылардың ауызша
және жазбаша байланыстырып
4. Оқушылардың өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу мақсаттарын көздейді.
Аталған мақсат пен міндеттерді шешуде Б.С.Блум жүйесіндегі алты категория орындалды.
Олар: 1. Білімдік категориясы
2. Түсіндіру категориясы.
3. Қолдану категориясы.
4. Талдау категориясы.
5. Жинақтау категориясы.
6. Бағалау категориясы.
Біліктілігі |
Белгілері |
Оқушы іс-әрекеті |
||
Білуі |
Берілген жаңа түсінікті ұғуы, есте ұстауы бұрынғы білімді еске түсіруі білуі |
Тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды |
||
Түсінуі |
Жаңа материалда берілетін білімді түсінуі, өзінше түсіндіру немесе болжам жасауы |
Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады |
||
Қолдануы |
Жаңа білімді тәжірибеде, яғни нақты жаңа жағдайда пайдалана алуы |
Бұрынғы білімін пайдалана отырып, жаңа жағдайды шешеді |
||
Талдауы |
Алған білімді жіктеуі, ең негізгі түйінін, дәнін бөліп ала білуі, яғни бүтінді бөліктерге жіктеу арасындағы байланысты айқындай білуі. |
Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, ашады, ізденеді. |
||
Жинақтауы |
Жеке бөлшектерден дара ұғымдардан тұтас дүние жасай алуы |
Ойлап табады, қарастырады, құрастырады, шығарады, байланыстырады |
||
Бағалауы |
Жаңа ұғымның жаңа материалдың құндылығын, керектігін анықтай пайымдай білуі |
Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады |
||
Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары Қоғам өмірінің барлық салаларында күрделі өзгерістер болып жатқан кезде келешегімізді ойласақ, өмірдің әр қырында жетекшілік ете алатын, ғылымға, өнерге, мәдениетке берілген қабілетті жастарды іріктеп олардан интеллектуалды орта қүру жағдайын ойластырған жөн. Дарынды адамдарды қолдан жасау мүмкін еместігін ескерсек дарындыларды іздеп, тауып, олардың шығармашылық қызметіне көмектесу қолдан келерлік іс.
Адамның еңбегі мен жұмыс күшіне мамандығына бағалы тауар есебінде қарайтын жаңа көзқарас, өндіріс орындары мен басқа да халық шаруашылық мекемелерінен ғылыми зерттеу орталықтарынан қызметкерлерді жұмысқа алу кезінде олардың ынтасы мен шығармашылық қабілетіне, ойлап-болжай білетіндігіне, тағы сол сияқты жақтарына назар аударуды талап етуде. Сұранысқа сай жоғары дәрежедегі маман қызметкерлер мен жұмыс орындарын қамтамасыз ету үшін, оқушылар арасында шығармашылық қабілеттерін анықтау және оларды әдейі әдістемелерді қолдана отырып, дамыту мәселелеріне көңіл аудару қажет.
Қазіргі кезде оқу жүйесін қайта құруға бағытталған талпыныстарға қарамастан, оқыту процесінде оқушыларға дайын ақпаратты жеткізіп беруге негізделген әдістемелер орын алып келеді. Бұндай әдістемелер арқылы оқушылар еске сақтау, қайталап айту қабілеттерін ғана дамытып, біржақты ғана жұмыс жасайды. Оқытушы оқушының бұрынғы сабақтарда дайын күйінде берілген материалды қайталап айту жағына көңіл бөліп соны ғана бағалайды. Оқушының дарындылығы шығармашылық қабілеті бағалаусыз қалады. Осындай жағдайда қоғам сұранысын ескеретін болсақ, шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған оқыту әдістемелерін (дамыта оқыту әдістерін) қарастырып, ғылыми тұрғыдан зерттеп, жаппай практикаға енгізуді қолға алу керек. Оқу жүйесін қайта құру кезеңде оқыту әдістемелеріне де көңіл бөліп, заман талабына сайларына ғана қолдау көрсетіп іріктеген жөн болар еді. Етек жайған нарық жағдайында шығармашылық қабілеттері бар оқушыларды анықтай отырып, олардың әрі қарай оқытудың ғылыми тұрғыдан негізделген біртұтас әдіснамасын құрастырудың маңызы үлкен. Оқыту жұмысының табысты болуы, оқытудың озық әдістерін қолдануға ғана байланысты болып қоймай, оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің әртүрлілігін ескеруге де байланысты болатындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Шығармашылық қабілеттің балада қалыптасуы кең диопазонды: ақыл-ой қалыстығынан бастап жоғары дәрежедегі таланттылық, жалпы дарындалыққа дейінгіні қамтиды
Сондықтанда барлық оқушыларды
бір нұсқалы бағдарламамен оқытар болақ,
дарынды балалардың қабілеті дамуына
зиян келтірген болар едік. Біздің қазіргі
кездегі оқыту жүйсі орташа оқушыға, ал
мамандыққа дайындау «орташа маманға»
бағытталғанын ескерсек, шығармашылық
дарынды балаларды оқыту жайы жоспарланып,
оларға әдейі арналған оқу орындарының
ашылуы, өкіметіміздің бұл саладағы бағытының
дұрыс екендігін көрсетеді. Соңғы жылдардың
ғылыми зерттеулері
Шығармашылықта практикалық тексерістен өтіп, қолдау тапқан мынадай пікірлерді негіз еттік:
- шығармашылық қабілеттің ұрығы барлық адамда, кез-келген түбі түзу сәбиде болады. Айырмашылық тек қана жетісу деңгейінде және қоғамдық пайдалылығында болады:
- шығармашылық қабілетті балалық кезден бастап дамыту қажет:
- шығармашылық қабілетті
дамытудың негізгі жолы - балалар
мен оқушы жастарды, еңбек етудің
олар үшін оқу, үйрену және
тәрбие алу екендігін және
осылардың бәрі де
асау - мемлекеттік білім беру стандарттық бағдарламасын іске асырудың негізгі құралы.
Ж.Аймауытов өз еңбектерінде «жақсы қойылған сұрау, жақсы жауап тілейді» дей отырып, балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға байланысты жақсы тапсырмалар мен жақсы сұраулар қойылса, соған сәйкес бала қабілеттіліктің жан-жақты, әрі мәнді көрінуіне әсерін тигізетіндігін дәлелдейді. «Оқыту адамдардың табиғатына қарай болсын» деп айтылған ойы бала бойындағы қабілет құрылымы, бағыты, жүйесіне орай тапсырмалар беру - баланың білімді тез, әрі жеңіл меңгеруіне, қабілеттің айқындылығына себепші болады. «Кітаптан өмірге емес, өмірден кітапқа қарай жылжысын» деген ойынан бала мектептегі оқу бағдарламасынан алған білім жүйесін, өмірде білімді қолдана алуға, қоғамға пайда келтіретін жаңа ұсыныстар мен ой қорытындыларын шығара алуға, жаңа бейне жасауға бейім болу қажет деп түсінуге болады.
Балалар психологиясында әрбір жас кезеңдерінде, әсіресе, бастауыш мектеп кезеңіндегі психикалық даму ерекшеліктері - педагогикалық тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру мәселелеріндегі толғанатын жайт.
Бастауыш мектеп оқушысының
жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани
әлемін байыту, сабаққа ынта-жігерін
арттыру жеке дарындылығын дамыту -
бүгінгі таңдағы негізгі
Мұғалімнің әрбір өтілген сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Бұл айтылған талаптармен бірге мұғалімнің әрбір өтілген сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс.
Информация о работе Шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың ой-өрісін дамытудың жолы