Мамандық таңдауда темпераменттің алатын орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 20:06, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты – тұлғаның ерекшеліктері мен темперамент типтерінің кәсіби қызметке, оның процесіне және жұмыс нәтижесіне әсерін зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:
-берілген тақырып бойынша теориялық бағытты қарастыру.
-мамандықтардағы темперамент ролін анықтау;
-темперамент типтері мен мамандық типтері бойынша зерттеу жұмыстары.
-зерттеу нәтижелерін интерпретациялау.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І.ТЕМПЕРАМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
1.1.Темперамент түсінігі және оның іс-әрекетпен байланысы...........................4
1.2. Темперамент типтерін бөлген зерттеулер..................................................10
1.3.Темперамент ерекшеліктерінің мамандықдықпен байланысы....................15
ІІ. ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ БӨЛІМ
2.1.Зерттеу жұмысының мақсаты, болжамы, міндеттері, пәні,обьектісі..........22
2.2.Зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен таңдаманың сипаттамасы.............................................................................................................22
2.3. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы. .........................................................22
2.4.Зерттеу нәтижелерін талдаулары мен интерпретациялары.................................................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

мамандық таңдауда темпераменттің ролі..docx

— 138.34 Кб (Скачать документ)

     Еңбек пәніне байланысты барлық кәсіпкерлерді биологиялық(табиғат), технологиялық(техника), сигналдық(белгілер), анатомиялық(көркем бейнелер) және социологиялық(қарым-қатынас) болып бөлінеді.Осыған байланысты Е.А.Климов кәсіби іс-әрекеттің 5типін анықтайды:

1.Адам- табиғат;

2.Адам -техника;

3.Адам- белгі;

4.Адам- бейне;

5.Адам- адам;[15]

 

          Мамандықтағы еңбек ету стилі, тепмпі, деңгейі темпераментпен тығыз байланысты. Темпераменттің типтерін адамның әрбір ерекшеліктеріне қарай әртүрлі бөлінеді,бірақ қазіргі кезде темпераменттің мына  төрт типіне басты назар аударады.Олар:сангвиник,холерик,флегматик,меланхолик.Бұл бөлімде мен темпераменттің осы қазіргі кезде теория мен практикада көп қолданылатын төрт типіне қандай мамандық сай келетінін, мамандықтағы, жұмыс істеудегі ерекшеліктері,артықшылықтары мен кемшіліктерін, ұжым мен коллектив арасында темпераменттің қандай тптері бір бірімен сай келетінін баяндаймын.

                              Сангвиник.

Жұмыстың типі: табиғатынан жетекшілік қасиеті бар,бұлардан нағыз жағымды,шын ниетті,көңілді басшылар шығады.Сангвиниктің ең басты ерекшелігі олардың иландыру,өзіне бағындыру,тартып алу қасиеті жоғары.темпераменттің бұл типінен механикалық,автоматтық,бірсарынды,жай темпті мамандықтардан басқа кез келген мамандықты алып кететіне үміт күтуге  болады, жұмысқа деген үлкен қабілеттілік, ортаға тез бейімделеді, бір мезетте бірнеше жұмысты орындай алады.Әдетте олар мақсатшыл болып келеді,кез келеген жұмысты белсенділікпен өзінің қажеттілігіне байланысты емес,сол жұмыстан белгілі бір нәтиже алғанды қалайды.Белгілі бір мақсатына,жұмыс нәтижесіне жетуде табандылық, шыдамдылық көрсетеді.Егер жұмысы бірқалыпты болса,оған қанағаттанбайды,тіпті ол жұмысқа мақсатта қоймайды,ол жұмысты тастап кетуі мүмкін.Жаңа жұмысқа үлкен қызығушылықпен кіріссе де тез суып қалады, жаңа бір жұмысқа ауысқысы келіп тұрады, еті тірі, қабілетті, қозғалғыш маман. Ондай маман ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа адамдармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Ұйымдастырушылық қабілеті жақсы.Ұжым ішінде сангвиник көңілді,ақ-жарқын,іске бар ықыласымен кірісетін,әуесқой адам.Осылайша жалындап тұрғанымен іске зауқы болмаса,яғни күнделікті күйбеңі,төзімділікпен ерінбей- жалықпай істеуді қажет ететін жұмыс тап болғанда суынып қалады. Жауапты және қауіпті жерлерде жақсы жұмысшы.Жаңа мамандықтарды тез меңгере алады.Қол астындағы сангвиник жақсы жұмыс жасау үшін оның алдына үздіксіз жаңа да қызықты тапсырмалар қою шарт.Әдетте олар жұмыс істегенде шыдамды және сабырлы болып көрінеді.Бірақ оның жұмысында бөгет және кідіріс болса,ол оған шыдай алмайды,ондай сәтте сангвиникте көңілсіздік,яғни апатия пайда болуы мүмкін.[16]

Сәйкес келмейтін  мамандық  түрлері: мұрағаттаушы, библиограф, бухгалтерлік есеп қисап жұмысы,радиомонтаждаушы,өнім өндіруші,тігінші;

        Сәйкес келетін мамандық түрі: менеджер, мұғалім, дәрігер, психолог, тәрбиеші, ұйымдастырушы, сатушы, даяршы, инженер- технолог, жақсы жүргізуші,із кесушуі,әскери салалар,соттық жұмыстар,ондағы судья,адвокат,бизнес салалары,саясаткер,әкімшілік,журналист,экономист.

                                                 Холерик.

Жұмыстың типі: Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен,энергиясының күштілігімен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң жүреді. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы –өзін өзі бақылауы,қадағалауы төмен, ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.Оларға  жоғары талап пен бақылампаздықты қажет ететін, үлкен энергия жұмсайтын жұмыс түрлері сәйкес келеді.Қиындықтар мен кедергілерді оларды жеңуді ұнатады.Жұмысқа тез кіріседі.Жоспарын іске асыра алады.Бұлардан көшбасшы шығады.Біреуге бағынғаннан гөрі өз бетінше жұмыс істегенді ұнатады.Айтқаннан қайтпайды.Бұл типтің өкілі жоғары стресске тұрақталып қалған.Бірақ қажет кезінде өз күшін,энергиясын қайтадан жинап ала алады.Холериктерге бірсарынды,бірқалыпты жұмыстарды орындату өте қиын.Холерикпен жұмыс жасағанда байқау  керек, ескертпелердің орнына қателіктерін түзейтін  тапсырмалар берген жөн.Холериктер  флегматиктермен, меланхоликтермен жақсы жұмыс жасай алады, бірақ екі холерикті біріктіруге болмайды, олар бақталасып, шиеленіске  келіп  қалуы мүмкін.Холериктер өзін өзі қадағалай алмағандықтан,жұмыста сәтсіздік жағдайына көп кездеседі,бұның бәрі сол өзін өзі бақылай алмағандықтан болады.Оларға үлкен және көп жетістік әкелетін жұмыстар ұнайды.[17]

Сәйкес келмейтін  мамандық түрлері:бағбан,гүл өсіруші,кітапханалық жұмыстар,бухгалтерлік есеп қисап жұмыстары;

Сәйкес келетін  мамандық түрі: телеоператор,тауар айналым жұмыстары,саясаткер,жеке кәсіпкер, хирург, диспетчер, жүргізуші, жаттықтырушы, менеджер,құрылысшы,аспаз,электрик,режиссер, әртіс, дипломат, журналист, кәсіпкер,геолог, керемет ұшқыштар, каскадерлер агенті,радиожүргізуші,гид аудармашы, қауіпсіздендіру және жарнамалық т.б

                                  

                                 Флегматик.

        Жұмыстың типі: флегматик жұмысқа да, оқуға да жәйбасар.Оның жайбасарлығы бірінші кездескеннен ақ,анық көзге көрінеді.Дайындық кезеңіне көп уақыты кетіп қалады.Шыдамдылығымен табандылығының арқасында улкен жетістіктерге жетеді.Жұмыс барысындағы кідірісті,стресстік жағдайды абыржусыз,уайымсыз анализ жасауға қабілеттілігі жоғары.Сондықтан бұл типтегілерден жоғары дәрежелі экономисттер,бухгалтер,өнім өндірушілер шығады.Жұмыс істегенде оны тез жасауға емес,оны неғұрлым сапалы жасауға тырысады.Істеп жатқан жұмысын тастап кетпейді,оны соңына дейін істеп бітіреді.Бір сарынды жұмысты сүйеді.Лидер, ұйымдастырушы  болуды қалай қоймайды.Жұмыс жағдайы өзгере қалса еңбек өнімділігі тез төмендеп қалады.Асықпай шешім қабылдауға жақсы.Қол астында флегматиктер жұмыс жасайтын болса олармен үнемі белсенді байланыста болу керек, мадақтап, түрлі жұмыстарға тартқан жөн.Адамдармен араласқаннан гөрі компьютермен жұмыс жасағанды ұнатады.Егер медицинаны таңдаса онда хирургтен гөрі жақсы терапевт шығады.Ашық көзге түсетін,белсенділікті қажет ететін,ел алдына шығатын жұмыстарды істей алмайды.[18]

                Сәйкес келмейтін мамандық түрі:дирижер, музыкант, әртіс, хирург, саясаткер, режиссер, менеджер,тауар айналым жұмыстары,саудагер,жүргізуші,журналист,шоу жүргізушісі,секретарь;

Сәйкес келетін  мамандық түрі: бухгалтерия, экономика, агроном, инженер, жүргізуші,ғылыми – ботаник, астраном, физик, математик,электрик,диспетчер,лаборант,әкішілік жүйе,сәнді бұйымдар жасаушы(ювелир),.

                        Меланхолик.

             Жұмыстың типі:жалпы мінез құлқы мен жүріс тұрысы флегматикке ұқсаған психикалық процесстері де өте баяу жүреді, айырмашылығы меланхолик өзінің үйреншікті ортасында жылдам,белсенді қозғалыста болуы мүмкін,жұмыс іс әрекетінде де солай болуы мүмкін,егер оның жұмысы қауіпсіз және тыныш жағдайда болса;Өте сезімтал, қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада  өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Меланхоликтердің жұмысқа қабілеттілігі көңіл – күйлеріне байланысты, тез шаршап қалуы мүмкін.Қиындықтары мен қысымы мол мамандықтар қайшы келеді.Жаңа ортаға қиын бейімделеді.Әдетте олар жұмысты  ықылассыз,ұқыпсыз істейді,осының салдарынан ол көптеген қателік жіберіп қояды,себебі олар көбінесе қиялмен,оймен жүреді,істеген жұмысынан көбінесе ескертулер алады,уайыммен,өкінішпен жүреді.Осының салдарынан жұмыс нәтижесін жай темппен орындап,шығарады,белгілі бір кезеңдерде апатия,көңіл күйі төмен жүреді.Жұмысты орындау темпі әр кезде әрқалай,көңіл күйі жоғары кезде тез,көңіл күйі төмен кезде жай.Жұмыста меланхоликтерге үнемі қолдау мен демалыс қажет.Олар өте байқампаз.Халықпен жұмыс жасайтын мамандықтарды таңдамаған жөн, керісінше өз бетінше  компьютермен жұмыс жасаған оларға ұнайды.Көбінесе меланхоликтер жұмысты жалғыз өзі істейді.Қоршаған ортасындағы адамдардың бүкіл жүріс тұрысының негізгі себептерін тереңірек түсінеді.Үлкен энергия жұмсайтын,ерік жігерінің күштілігін қажет ететін жұмыстар оған қауіпті.Егер меланхоликтердің жұмысындғы  атмосфера  жақсы болатын болса,сонымен қатар ондағы әріптестерімен жақсы қарым қатынас,ұйқысы дұрыс қанған болса,физикалық күш көп жұмсалмаса,жұмыс істеп отырған жері жылы,әрі таза болуы,қарны тоқ болатын болса бұл типтегілерден атақты шешен,ғалым,ақын,жазушы,емші,дәрігер,шығармашылық саласында да өте жақсы дәрежелі мамангер шығуы мүмкін.Көптеген дарынды ғалымдар,осы меланхоликтерден шыққан.Мысалы меланхоликтерден өте керемет психолог шығуы мүмкін,егер ол топтық тренингтерде тренер болмаса,олардан жеке арнайы кеңес беру , диагностика,психологиялық зерттеу жұмыстарының мықты маман иесі шығады.[18]

                Сәйкес келмейтін мамандық түрлері:хирург, саясаткер, журналист, әртіс, құтқарушы, ұшқыш, диспетчер,  дирижер, музыкант, тележүргізуші, саудагер, жарнамалық агенті;

         Сәйкес келетін мамандық түрлері: педагог, өнер,суретші, модельер, композитор,дизайнер,жазушы, мал дәрігері,геолог, агроном,зоотехник, радиомеханик,тігінші,бухгалтер,құрылыстық жұмыстар(ондағы бояушы,сурет бейнелер салушы,кескіндеуші).

    Психологтардың  анықтауы бойынша: екі меланхолик жұмыста өте жақсы әріптестер болады.Холерик пен меланхоликтердің басы қосылса,олардың жұмыстарының нәтижесі нашар болуы мүмкін,себебі холерик өзін өзі ұстай алмайды,ол тіпті ашуланғанда айқай шығаруы мүмкін,бұндай жағдайларға меланхоликтер шыдай алмайды.Флегматиктер-өзін өзі бақылай алатындығымен,мінез құлқының тыныштылығымен басқа темпераменттерге қарағанда жұмысының нәтижесін сапалы қылып шығарады.Сангвиниктер меланхоликтер мен холериктермен жұмыс істей алмайды.Холериктер қызуқанды,меланхоликтер уайымшыл,тез ренжігіш,ал сангвиник оптимист,меланхоликпен жұмыс жасағанда оған уайым қайғы шақыратын болса,холерик ашу ызасын шығаруы мүмкін.      

         Әр түрлі адамдардың бірлескен қызметте үйлесімділігі өндірістің тиімді қызмет етуіне де маңызды әсері бар. Екі үйлеспейтін адамның бар болуы (әсіресе, шағын топтарда) ұжымдағы атмосфераға кері әсерін тигізеді. Одан да күрделі мәселелер формалды және бейформалды көшбасшылардың немесе қызметтік міндеттерімен байланысқан басшылардың (мысалы, шебер — цех басшысы) келіспеушілігі жағдайында туындау мүмкін. Сол себепті, психологиялық үйлесімділіктің кейбір заңдылықтарын адамдармен жұмыс істейтін, ұжым қалыптастыратын тұлғалар білуі керек.

     Психологиялық  үйлесімділіктің ерекшеліктері  адамдар арасындағы байланыс  олардың қызметтері, мінез құлықтары,  пікірлері және кейбір типтік  ерекшеліктері арқылы бейнеленеді.  Мүшелерін қанағаттандыратын және  олардың қарым қатынастарын сақтайтын  өзара тірлікті тиімді деп  есептеуге болады. Үйлесімсіздік  жақтырмаушылық, антипатия, конфликттерді тудырады, бұл өзара қызметке зиянын тигізеді.[16]

Кеңес психологы М.Г.Рогов келісушілік пен үйлесімділіктің басшылар еңбегі нәтижесіне әсерін зерттеді. Ұжымның дұрыс қызмет етуіне «басшы — орынбасар» деңгейінде келісті қызмет ету маңызды екені анықталды. Бұл олардың кәсіби іскерлік, ұйымдастырушылық және жеке қасиеттерінің үйлесімділігіне байланысты. Ең үйлесімдісі «директор-әкімші және  орынбасар-ұжымшы» болып шықты. Екеуі де әкімші (біздің типология бойынша «практиктер») типіне жатқан кезде, нәтижелер нашар болады. Басшы-ұжымшыға (немесе «сұхбаттасушы») өз міндеттерін орындау одан да қиын, бірақ оның қызметінің тиімділігі анағұрлым жоғары болады.[5]

Ұжымдағы бірлесе жұмыс  істеудің өзіндік спецификалық ерекшеліктері  болады. Тіпті басқа адамдардың үнсіздігі  ұжым мүшелерінің психологиялық  жағдайын өзгертеді. Кезінде В.М.Бехтерев адамдардың «әлеуметтік қозғыш» және «әлеуметтік тежегіш» типтерін анықтады: біріншілерінде — көрсеткіштер басқа адамдар болғанда жақсарады, екіншілерінде — керісінше нашарлайды. «Қатысу» шартында сезімталдылық пен адам мінез құлқының өзгеруі ынталандыру деңгейінің өсуімен түсіндіріледі, тек біреулерінде бұл психикалық процестер өтуін жеңілдетсе, екіншілерінде керісінше баяулатады.  Бұл феноменді түсіндіретін себептердің бірі ынталандырудың бастапқы деңгейінің әр түрлілігі: ынталандырудың жоғары бастапқы деңгейінде «қатысу» шартында әрі қарай жоғарлау психикалық процестердің тежелуіне алып келеді. Сонымен бірге,  «қатысу» материалды ұзақ уақытқа еске сақтауға септігін тигізеді, бұны жұмысшыларды өндірістегі оқытуда ескеру қажет.  Басқалардың бар болуы математикалық есептеулер, фантазияны талап ететін шығармашылық міндеттерді орындауда қиындық тудырады. Персонал оқыту барысында әр түрлі дағдыларды қалыптастыруда олардың пайда болу алғашқы кезеңі жеке өтеді, оны игеру мен бекіту «қатысу» жағдайында жақсы өтеді. Аталған әсерлердің барлығы қарама қарсы жыныс иелері, достары мен жақындары болған кезде күшейе түседі. Мұны еңбекті ұйымдастыру, жұмысшылар біліктілігін жоғарлатуда ескеру қажет, осылайша тиімді қызмет пен кәсіби оқыту үшін жағдайлар жасайды.

Еңбек процесі барысында  қызметкерлердің үйлесімділігінде темперамент маңызды орын алады. Мысалы,  Ф.Геновтың пайымдауынша, егер жартысы холериктерден, төрттен бірі меланхоликтерден, төрттен бірі сангвиниктерден тұратын басқарушы ұжым тез шешім қабылдап, әрекет етуі керек болса, оның қызмет етуі барысында сөзсіз конфликттер туады. Өндірістегі адамдар арасында ең жақсы үйлесім (бөлімдер, бюро, бригада, буындар, яғни шағын топтарда) адамдардың ең жақсы үйлесімі отбасылық қатынастардағыдай адамдардың темпераменттердің қарама қарсы типтерімен оптималды үйлесуінде жүзеге асады.

Жалпы алғанда, ұжымдарды  қызметкерлердің темперамент ерекшеліктерін ескере отырып, жасақтау оның алдында  тұрған міндеттердің спецификасын қарастыру  керек. Мысалы, өндірістің белсенді процестерімен  байланысты ұжымдарға сангвиниктер мен флегматиктерді жіберу қажет, ал монотонды процестер басым болатын  жерлерде меланхоликтер табысқа  жетеді. Холериктерді тез орындалу мен қимылды талап ететін қызметке ағайындаған жөн. Өндірістегі бригада, буын, телімшелерді, сонымен қатар  басқарушы бөлімдердегі бюро, сектор, топтарды жасақтауды әрқилы темпераменттер мен дағдылар иелерін таңдау негізінде, бірақ типологиялық ерекшеліктері топтың кәсіби қызмет талаптарына сәйкес келетін адамдар басым болатындай етіп жүзеге асыру керек.

Информация о работе Мамандық таңдауда темпераменттің алатын орны