Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 20:06, курсовая работа
Жұмыстың мақсаты – тұлғаның ерекшеліктері мен темперамент типтерінің кәсіби қызметке, оның процесіне және жұмыс нәтижесіне әсерін зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:
-берілген тақырып бойынша теориялық бағытты қарастыру.
-мамандықтардағы темперамент ролін анықтау;
-темперамент типтері мен мамандық типтері бойынша зерттеу жұмыстары.
-зерттеу нәтижелерін интерпретациялау.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І.ТЕМПЕРАМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
1.1.Темперамент түсінігі және оның іс-әрекетпен байланысы...........................4
1.2. Темперамент типтерін бөлген зерттеулер..................................................10
1.3.Темперамент ерекшеліктерінің мамандықдықпен байланысы....................15
ІІ. ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ БӨЛІМ
2.1.Зерттеу жұмысының мақсаты, болжамы, міндеттері, пәні,обьектісі..........22
2.2.Зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен таңдаманың сипаттамасы.............................................................................................................22
2.3. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы. .........................................................22
2.4.Зерттеу нәтижелерін талдаулары мен интерпретациялары.................................................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бұл темперамент өкілінде
психикалық процесстер өте баяу жүреді.
Қатты тітіркендіргіштерге
Мысалға 4-5 сынып оқушысын алатын болсақ,ол
тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі
келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты.
Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды.
Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді,
сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап
бере алмай қалады. Істегісі келмейтін
жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді.
Достарына көмектесуді ұнатады.[7]
Еңбек іс-әрекеті мен оқу іс-әрекетіндегі темпераменттің ролі мынада: оған әр түрлі жанжал, эмоциогенді факторлар, педагогикалық әсерлерден туындаған психикалық жағдайлардың әрекеті тәуелді болады. Темпераменттен жүйке жүйесі психикалық кернеудің (мысалы, қызмет бағалауы, қызметті бақылау күтімі, жұмыс темпінің үдеюі, дисциплинарлық әсерлер және т.б.) деңгейін анықтайтын әрқилы факторлардың әсері тәуелді болады.[5]
Жалпы темперамент тек оқу іс әрекетіне ғана емес,сонымен қатар, мінез құлық пен қарым қатынасқа өз әсерін тигізеді, мысалы, сангвиник көп жағдайда араласуды өзі бастайды, бейтаныс адамдар ішінде өзін ұстай біледі, керісінше меланхолик жаңа ситуацияда абдырап қалады. Флегматик жаңа адамдармен танысуы күрделі, өз сезімдерін көрсетпейді және бейтаныс адамдармен танысуы қиын, онымен біреу танысқысы келетіндігін байқамай да қалады. Ол махаббатты достық қатынастардан бастауға бейім, соңында ғашық болады, бірақ сезімдерін сөздермен білдірмейді, себебі оның сезімдер ритмі баяу. Холериктер мен сангвиниктерде керісінше махаббат бір көзқарас, бір сөзден оқыс басталып кетеді де, бірақ сезімдер де тез суиды.[2]
Адам еңбегінің өнімділігі
оның темпераментінің
Мінез құлықтық араласуда әр түрлі типті темпераменті бар адамдардың реакция ерекшеліктерін болжап, оларға сәйкес жауап беруге болады. Әрқилы темпераменттер көрінісінің ерекшеліктерін білу тек мамандық таңдау мен өндірістік ұжымдарды қалыптастыруда ғана емес, отбасылық жұптарды таңдауда да маңызды, себебі отбасылық қатынастар аясы адам өміріндегі ең басты қызметтердің бірі.[5]
1.2. Темперамент типтерін бөлген зерттеулер.
Темперамент жөніндегі
ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек
ғалымы, дәрігері –, (б.э.д.460-356) Гиппократ.Оның
тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене
шырындарының» - қан, шырыш, өт, запыран
- өзара қатынасымен ажыратылады. Гиппократтың
пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі
сұйықтық болады:қан,шырын,сары және қара
өт,олар дұрыс араласса адамның дені сау,дұрыс
араласпаса сырқат болады.Ағзадағы сұйықтықтардың
біреуінің басым болуы адамның темпераментін
анықтайды.Осы төрт түрлі сұйықтың,араласуының
пропорциясын грекше»красис» деп атаған.Ал
латын тілінде бұл терминді темпераментум
деп атап кеткен.Сұйықтардың аттарына
орайлас қойылған темперамент атаулары
күні бүгінге дейін сақталынып келеді.
Біздің заманымызға дейін жеткен темперамент
атаулары:
1.сангвиник (sangius – қан),
2.флегматик(phlegma – шырыш),
3.холерик( chole - өт),
4.меланхолик(melaschole – запыран).
Гиппократ темпераменттер белгілі
мөлшерде адамның тұрмысына,ауа
райы жағдайларына тәуелді болады деп
санады.Мәселен,отырып жұмыс істейтіндердің
денесінде флегма жинақталса,үнемі қимыл
қозғалыстағыларда өт көбейеді,темперамент
те осыған сәйкес анықталады.Гиппократ
типтерді дұрыс сипаттағанымен,оларды
ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады.[8]
Осы психологиялық тағылымды арқау ете
отырып, ежелгі дүние рим дәрігері Клавдий Гален(129-199)
алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық
сипат берді. Гален темперамент түрін
13 түрге бөліп қарастырды.Гален организмде
жылылық неғұрлым басым болса,адамның
темпераменті күшті болатынын,денесі
салқын болса,темпераменті баяулайтындығын
айтты.Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік
маңызы зор,өйткені адамның тәнін зерттеу,тәжірибеге
көңіл аудара бастау сол кезде кең жайылған,жан
тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс
пікірге берілген үлкен соққы еді.[9]
К.Юнг (1923ж.)темперамент типтерінің мінез құлқына қарай 2- ге бөлді:экстравертті және интровертті.Ал, атақты ағылшын психологы Ганс Айзенк темперамен пен тұлға ерекшеліктерін анықтай келе,экстроверсия -интроверсия және эмоционалды тұрақтылық- нейротизм.[10],[2]
Сонымен қатар
сол кездерден бастап зерттеушілер адамдардың
дене құрылымы және физиологиялық қызметінің
ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі
әрекет – қылықтарды тастап, ретке келтіруге
ат салысты. Осыған орай темпераменттің
көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың
ішінде назар саларлықтай тип – адамның
дене құрылымына байланысты дараланып,
тума темперамент қасиеттеріне негізделген
– конституциялық типология (Э. Кречмер).
Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына
орай өзіндік психикалық ерекшелікке
ие. Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне
байланысты төрт конституционалды психикалық
тип белгіленген:
1.Лептосоматик-
бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы
ұзын, сидыйған.Мінездері сезімтал,өз
өзіне сенімсіз,уайымшыл,күдікшіл,
2. Пикник- мығым,
сезімшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған,
домалақ бас,қарым қатынасы жоғары,мейірімді
елдерге көмектесуге дайын,ашық мінезді.
3.Атлетик- бұлшық еттері күшті дамыған,
денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы,
кең иықты, жамбас сүйектері тартылған
,мінезі өз өзіне сенімді,тұрақты,байсалды.
4. Диспластик-дене
бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік
зақымдарға ұшырағандар,мінезі тез ренжігіш,мұңайғыш
келеді.[11]
№1 сурет.Кречмер бойынша конституциялық типтер.
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған- Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны арықарай жалғастырған У. Шелден болды. Сонымен, әр адамның темпераменті әртүрлі, соған байланысты адамдар да әртүрлі.Шелдонның көзқарастарының негізінде екі негізді бір біріне байланысты параметрлерді қарастырады.Шелдонның ұсынған терминдері эмбриология саласынан алынған.Осыған байланысты ол темпераменттің үш типін бөліп қарастырған.
1.Эндоморфты-(ішкі организмдердің қалыптасуына байланысты)осындай типтегі адамдарға әлсіз дене бітімі тән.Оларда денесіне май жиналуы басым болады.
2.Мезоморфты- (мезодермадан бұлшықеттер қалыптасады)сондықтан ондай адамдарда дене бітімі күшті,бұлшықеттері жақсы қалыптасқан болып келеді.
3.Эктоморфты-(эктодермадан адамның сыртқы терісі және жүйке жүйесінде қалыптасады)Сондықтан осындай типті адамдарға әлсіз организм,ұзынша келген,арықтау адамдарды жатқызамыз.[12]
Кейіннен темперамент
жайлы осындай гуморальдық теориялардан
басқа химиялық,физикалық,
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты.Кейіннен темперамент организмнің түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне,атап айтқанда,қан жолы жүйесінің құрылысына ,зат алмасуға,ішкі секреция бездеріне т.б. байланысты деген пікірлер де тарады,неміс философы И.Кант(1724-1804)өзінің» Антропология»деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді.Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір біріне балама ретінде қарастырды.[5]
Темперамент туралы теориялар XIX ғасырдың аяғында да кең өріс алды.Мысалы неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе,орыс антропологы Н.Л.Зеланд(1833-1902) ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді.
Темпераменттің
физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан
дәйекті етіп түсіндірген,жоғары жүйке
қызметінің негігі қасиеттерін ашқан
орыс академигі Иван Павлович Павловтың
ғылыми еңбегі ерекше.Ол темпераменттің
осы қасиеттерінің туа үйлесуіне орай
сипатталатындығын көрсетті.Павлов өзінен
бұрынғылардан өзгеше жолмен,атап айтқанда,дененің
сыртқы құрылымын зерттеген неміс психиатры
Э.Кречмерден, қан сауыттарының құрылымын
зерттегендерден (П.Ф.Легсгафт) басқаша
ағзаларды біртұтас нәрсе деп қарап,ондағы
ми қызметіне ерекше назар аударды.Ми
біріншіден,барлық мүшелер мен ұлпалардың
жұмысын реттейді,екіншіден,жүйедегі
сан алуан бөліктердің қызметін үйлестіріп,біріктіреді,
Жүйке үрдістерінің күші- бұл жүйке жүйесі мен жүйке жасушаларының жұмыс қабілеттілігінің көрсеткіші.Күшті жүйке жүйесі түрлі тітіркендіргіштерге төзімді келсе,әлсізі мұндайға шамасы келмей, морт сынып жатады.
Жүйке үрдістерінің тепе теңдігі- бұл қозу мен тежелудің өзара сайма сайлығын көрсетеді.Бұл үрдістер кейде бір бірімен тепе тең болып,кейде тең келмей,біреуі екіншісінен күшті болып отырады.
Жүйке үрдістерінің қозғалғыштығы- бір үрдістің екінші үрдіспен алмасу шапшаңдығы.Бұл мидың кездейсоқ және қолайсыз өзгерістеріне бейімделуіне мүмкіндік береді.
Осы қасиеттердің түрліше араласып,қосылуы жоғары жүйке қызметінің түрлі типтерін сипаттайды.
№1-кесте. Темпераменттердің физиологиялық негіздері.
И.П.Павлов ілімі бойынша,жүйке
жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады.Мәселен,күшті
типтердің бірі-ұстамсыз тип-жұмыс істеу
қабілеті күшті,қозу,тежелу процестері
бір-бірімен сәйкес келмейтін(қозуы ылғи
да басым келіп отыратын)ерекше қозғалыстағы
тип.Күшті типтердің екіншісі-ширақ типтер
деп аталынады.Мұнда қозу мен тежелу процестері
бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады.Күшті
типтің үшіншісі-қозу мен тежелу бір-біріне
тең,бірақ алмасуы сараң,баяу қозғалатын
тип.Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері
баяу көрініп отырады.И.Павлов ашқан жүйке
жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің
физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді.Павлов
сангвиниктерді-ширақ,жүйке жүйесі күшті,қозуы
мен тежелуі тең,қозғалғыш адам;холериктерді-
ұстамсыз жүйке жүйесі күшті,қозуы тежелуінен
басым;флегматиктерді- жүйке жүйесі күшті,қозуы
мен тежелуі бір -біріне тең болғанымен,қозғалысы
баяу адамдар десе;меланхоликтерді- жүйке
жүйесі әлсіз адамдар деп сипаттайды.Көрнекті
орыс психолгы Б.М.Тепловтың(1896-1965)
1.3. Темперамент ерекшеліктерінің мамандықпен байланысы.
Мамандық бұл-қоғамға қажетті адамдардың рухани және физикалық күш салып,жұмыс істеу саласын айтады.Мамандық бұл-адамның білімділігі мен іскерлігін көрсету саласындағы кішігірім бөлім ретінде байқалады.Мамандық адамға қажетті білімдермен дағдыларды қалыптастыруға өзінің белгілі тұлғалық қасиеттерін дамытуға еңбек әрекетіндегі мінез-құлық мәдениетін меңгеруге мүмкіндік береді.Қазіргі уақытта бірнеше мың кәсіптің түрі бар.Әртүрлі кәсіптің түрлері адамдардан әртүрлі психологиялық ерекшеліктерді талап етеді.
Информация о работе Мамандық таңдауда темпераменттің алатын орны