Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 20:06, курсовая работа
Жұмыстың мақсаты – тұлғаның ерекшеліктері мен темперамент типтерінің кәсіби қызметке, оның процесіне және жұмыс нәтижесіне әсерін зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:
-берілген тақырып бойынша теориялық бағытты қарастыру.
-мамандықтардағы темперамент ролін анықтау;
-темперамент типтері мен мамандық типтері бойынша зерттеу жұмыстары.
-зерттеу нәтижелерін интерпретациялау.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І.ТЕМПЕРАМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
1.1.Темперамент түсінігі және оның іс-әрекетпен байланысы...........................4
1.2. Темперамент типтерін бөлген зерттеулер..................................................10
1.3.Темперамент ерекшеліктерінің мамандықдықпен байланысы....................15
ІІ. ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ БӨЛІМ
2.1.Зерттеу жұмысының мақсаты, болжамы, міндеттері, пәні,обьектісі..........22
2.2.Зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен таңдаманың сипаттамасы.............................................................................................................22
2.3. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы. .........................................................22
2.4.Зерттеу нәтижелерін талдаулары мен интерпретациялары.................................................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Әлеуметтік ғылымдар факультеті
«Психология» кафедрасы
«Психология бойынша практикум» пәні бойынша
Тақырыбы: «Мамандық таңдауда темпераменттің алатын орны».
Орындаған:
ПСХ-21 тобының студенті
Мырзакулова Г.К.
Ғылыми жетекші:
аға оқытушы Ақымбек Г.Ш.
МАЗМҰНЫ
2.3. Зерттеу әдістемелерінің
сипаттамасы. ..............................
2.4.Зерттеу нәтижелерін
талдаулары мен
интерпретациялары.............
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
Жұмыстың зерттеу объектісі – темперамент және оның типтері.
Зерттеу пәні – мамандық таңдаудағы темпераменттің рөлі.
Жұмыстың мақсаты – тұлғаның ерекшеліктері мен темперамент типтерінің кәсіби қызметке, оның процесіне және жұмыс нәтижесіне әсерін зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:
-берілген тақырып бойынша теориялық бағытты қарастыру.
-мамандықтардағы темперамент ролін анықтау;
-темперамент типтері мен мамандық типтері бойынша зерттеу жұмыстары.
-зерттеу нәтижелерін интерпретациялау.
Зерттеу болжамы-тұлғаның іс-әрекеті мен мамандықтағы ерекшелігі ондағы адамның белгілі бір темперамент типімен байланысты.
Зерттеу
әдістері-Темпераментті анықтаудағы
Айзенктің тұлғалық сауалнамалық тесті,Е.А.Климов
бойынша «Дифференциалдық-
Теориялық маңызы- темперамент типтерінің ерекшеліктері мен оның адамның жүріс тұрысы мен іс әрекеттеріне әсер етуі.
Практикалық маңызы- болашақ талапкерлерге мамандық таңдауда және жұмыс орнына орналасатын кезде пайдалануға болады.
1.1. Темперамент түсінігі және оның іс- әрекетпен байланысы.
Темперамент туралы жалпы түсінік.
Темперамент – 25 ғасырдан
бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің
бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні
– адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер.Әр
адамның,баланың жан дүниесі өз алдына
бір болмыс.Оның қайталанбастығы, бір
жағынан, адам тәнінің биологиялық және
физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты
болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар
мен қатынастарға негіз бола алуында.Темперамент
адамның биологиялық сипатынан көрінеді.
Адамдар арасындағы көптеген психикалық
айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы,тұрақтылығы,
ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы
темперамент табиғатымен түсіндіріледі.
Дегенмен, осы күнге дейін темперамент
мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты
қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты
көзқарастардың көпшілігіне қарамай,
ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент
– жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде
қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи
ірге тасы. Темперамент көбіне адамға
тума берілген әрекет – қылығының ұдайы
қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан,
темпераменттік қасиеттер басқа психикалық
құбылыстарға қарағанда тұрақтанған,
өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай
ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері
бір – бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар
негізінде түрлі темпераменттің белгілі
құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент(грек.«красис»төрт
түрлі сұйықтың араласуының пропорциясы),
(латын.«темпераментум») – адамның психикалық
әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын
психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.[1]Темперамент
жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен
туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің
бірі.Бұл психикалық ерекшеліктер адамның
барша іс - әрекетінде оның мазмұны, мақсаты
және себеп – салдарына тәуелсіз бір қалыпты
көрінеді,ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан,қимыл
қозғалысынан,жалпы белсенділігінен жақсы
байқалады.Темперамент ағзаның физиологиялық
өзгешеліктерімен,әсіресе жоғары жүйке
қызметінің тума қасиеттері мен шарттас
психикалық құбылыс.Темперамент адамның
жалпы қозғалысынан(мәселен,біреулер
шапшаң қозғалады,тез қимылдайды,енді
біреулер жай қимылдап,асықпай істейді),психиканың
күші мен тереңдігінен(мәселен,біреу өжет,алғыр
болса,екінші біреу керісінше,сылбыр,жігерсіз
болады)адамның көңіл күйінің ерекшеліктерінен(салмақты,
Темперамент типтерінің жүріс-тұрысы мен іс- әрекеттеріндегі ерекшеліктері:
Сангвиник темпераменті. Бұл темпераметтің өкілі қызуқанды,іскер адам.Бірақ ол ылғи қызықты іспен айналысқанда ғана осындай күйде болады.Мұндай іс жоқ кезде ол жабыраңқы,сылбыр жүреді.Ол өте әсершіл адам.Ұнатқан,сүйген нәрсесіне елігуі де тез.Төңірігендегі оқиғаларға,нәрсенің мән жайына елең етіп,көңілденуі де,басқа нәрсеге ауып кетуі де тез.Көңілі көтеріңкі болып келеді.Ұзақ уақыт мұғайып жүрмейді.Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды.Сезім күйлерін сыртқы қимылдары әйгілеп тұрады.Көтеріңкі,мәнерлі сөйлейді,мимика қимылы көп.Уәде береді,бірақ оны орындай алмайды.Ойынға қызу қатысады,ойын процесінде рөлін өзгертіп отырады,өкпелеп қалуы оңай,өкпелесе жылап жібереді,алайда,ренжігенін лезде ұмытады,көзінің жасы кеппей ақ,күле бастайды.
Сангвиник іс- әрекетте,қимыл қозғалыста- белсенділік,өмір жағдайының өзгеруіне жеңіл бейімдеушілік тән.Ол адамдармен тез тіл табысып,шүйіркелесе кетеді,жұртты жатырқамайды.Ұжым ішінде сангвиник көңілді,ақ-жарқын,іске бар ықыласымен кірісетін,әуесқой адам.Осылайша жалындап тұрғанымен іске зауқы болмаса,яғни күнделікті күйбеңі,төзімділікпен ерінбей- жалықпай істеуді қажет ететін жұмыс тап болғанда суынып қалады.
Сангвиникте эмоция тез пайда болып,тез өзгереді.Бұл- оның көңіл күйінің қолайсыз түрінен тез арылып,өзін қызықтырған іске кіріскен ақ жарқын,жаны жайсаң жағдайға түсе алатындығының белгісі.Мида жаңа жасалатын уақытша байланыстардың тез өзгеріп,қайтадан өңделуі оның ақыл- ойының оңтайлылығын байқатады.Сангвиник ойға жүйрік,өткір тілді,жаңаны тез қабылдағыш,зейінді келеді.Әртүрлі көп қырлы жұмысты нәтижелі атқарады.Бірқалыптылықты және шапшаңдықты тілейтін жұмыстар бұған өте қолайлы.[4]
Флегматик
темпераменті.Бұл темпераментттің өкілі
барлық уақытта да байсалды,ұстамды бірқалыпты
,табанды және төзіімді,еңбекқор адам.Жүйке
үрдістерінің тепе- теңдігі мен баяулығы
флегматикке қандай жағдайда болмасын
бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік
береді.Қозу үрдісін бәсеңдететін күшті
тежелу оның ырықсыз қимыл қозғалыстары
болып,ұсақ түйекке алаңдатпай жүйелі
жұмыс істеуге,бірқалыпты өмір сүруге
жағдай жасайды,флегматик ұзаққа созылатын,бірақ
күшті сарқып алмайтындай жұмысты жақсы
атқара алады(шыдамды,зейінді,орнықты)
Флегматик- салмақты адам,ол күшін босқа сарп етпейді,бастаған істі аяғына дейін жеткізеді.Ол бөспелікті сүймейді.Жұртпен қарым қатынасы да бір сарынды жүріп жатады.
Баяулық пен селқостық
ік береді.Флегматиктер ұзақ уақыт жұмыс
істеуге сабырлық пен әрекет етуге төзімді
болады.[5]
Холерик темпераменті. Бұл типтің өкілі аса қозғыштығымен,соған орай мінез құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі.Холерик қарым қатынаста күйгелек,бір беткей,шабуылға жаны құмар,іс әрекетте пысық.Холериктер жұмысты үзіп үзіп істегенді ұнатады.Олар айналысқан ісіне жан тәнімен беріледі.Осы жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады,кедергілерді жеңіп,мақсатына жетеді.Қайрат жігері мұқалы,өз мүмкіндігіне сенімі кетсе,еңсесі түсіп,еш нәрсеге мойны жар бермей қояды.Осылайша,тек көңілі ауғанда істеушілік,оның жійке қызметінің бірқалыпты тепе тең еместігінен болады.Бұл жөнінде И.П.Павлов былай дейді:»Байсалдығы жоқ қажырлы адам кез келген іске барлық күш жігерімен кіріседі десодан соң тез шаршап қалады,кейіннен зауқы аумай қояды...»Эмоцияға берілуі шапшаң,әп сәтте қызып кетіп,күйіп піседі.Икемсіз оқыс қылықтарына қарамастан,қызулы,пысық және іс әрекетті атқаруға бейім келеді.Сезім күйлері сөзінен,мимика,пантомикасынан білініп тұрады,анық,әсерлі,мәнерлі сөйлейді.Әп сәтте ашуланады және ашуын ұзақ ұстайды.
Меланхолик темпераменті-бұл типтің өкілдері аса сезімтал соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді.Меланхоликтер тұйық,қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ,адамдардан оқшау жүргенді ұнатады.Ол қауіпті жағдайлардан қорқады.
Қозу мен тежелу үрдістерінің әлсіздігі бұлардың бір бірімен тең келмеуі(тежелуі басым болады),кез келген күшті әсер меланхоликтің қимыл қозғалысын баяулатып,онда шектен тыс тежелу туғызады.Меланхоликті әлсіз тітіркендіргіштер де мазалайды,одан да зор әсер алады,сондықтан да ол ұсақ түйектің бәріне де қатты мұңаяды немесе қатты қуанады.Психологтар мұны меланхоликтердің күшті сезіне білу қабілетінен деп есептейді.Эмоциялық көтерілуі табанды,күшті,тұрақты болады,сыртқы көрінісі әлсіз болып келеді.Әрнәрседен ауыр әсер алады,олар бойын билеп,санасында үлкен із қалдырады,көңіл күйлері бірқалыпты ұзақ сақталады,мінезі баяу өзгереді,көңілі көбінесе жабырқау,кейде қайғлы да болады.Мәнерсіз, ақырын сөйлейді,сезім күйлері сыртқы қимылдарынан көрінбейді.Іске бірден кірісіп кетпейді,егер кіріссе,іс әрекетінтолық аяқтап шығады.Меланхолик типінің өкілі сыпайы,момақан,жасқаншақ келеді,біреу сұрақ қойса,қысылып,ұялып қалады.
Үйреншікті жақсы,тату ұжым
Темпераменттің оқу іс әрекетінде(оқушыларда көрінуі):
Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті,
қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл
және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез
қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді.
Коллектив арасында жүргенді ұнатады,
басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып-
қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді
оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу
үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді.
Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне
сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген
материалды тез қабылдайды, жеңіл есте
сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және
оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда
оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды.
Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде,
оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және
қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі
ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда,
жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник
жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық
байқалады. Осындайда олар кейде оқуға
жауапкершіліксіз қарайды.
Бастауыш сыныпта оқитын сангвиник типінің
өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді
болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз,
жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп
сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық
жағдайларға мән беріп отырады. Достарының
арасында ылғм да сыйлы және оларға көптеген
қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа
ортаға тез бейімделеді. Егер берілген
жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы
оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр,
ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер
математика сабағында есеп беріле сала
сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы
қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс
шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.[6]
Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды.
Істі ойланып, төзімділікпен істейді.
Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады.
Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін
аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер
флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық
оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең
кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау,
тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер
жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ
мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста
флегматик бірқалыпты, байыпты, керек
жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді.
Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы
мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан
да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе
эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол
ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі
қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды.
Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты
орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда
оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады.
Мысалы бастауыш сынып оқушысы – флегматик,
ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай
істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол
баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады
да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты
дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер
үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған
сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады.
Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады,
ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ,
флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және
өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру
өте қиын.[7]
Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен,
ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен
ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер
шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай акдамдарға
тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен
кірісіп, күші таусылғанда оны тастап
кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста
тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып
келеді. Сондықтан, холерик болған жерде
ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің
жағымды жағы – энергия, белсенділік,
құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы
– ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану,
ыза.
Мысалы, кіші холерик оқушыда талпыныс
пен құштарлық ерекше көзге түседі. Тіпті
партада мұғалімді тыңдап отырған холерикті
анық мимика мен энергетикалық белгілер
арқылы ажыратуға болады. Тақтада жауап
бергенде, кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне
ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді.
Ондайлар тез істеуге, үлкен өзгерістерге
құлшынып тұрады. Міне, мұғалім кезекшіні
бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып
барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып
борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр
нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте
тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден
жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым
қиыншылықтар үшін күйіп-пысады, мұғалімдер
мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді.
Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына
келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді,
сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды.
Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды
және ол үнемі достарымен ойын үстінде
ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.[6]
Информация о работе Мамандық таңдауда темпераменттің алатын орны