Ес туралы жалпы ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 19:59, курсовая работа

Краткое описание

Адамның өмір тәжірибесін де қабылданғаны басынан кешкен ой–сезімі, әрекеті ізсіз жоғалып кетпейді, баста сақталады, кейін қайта жаңғыртылады. Бұрын қабылданған зат, құбылыс образдарын өз көңіл–күйлерін ойда сақтап, қайта жаңғыртатын психикалық процесті ес дейді. Бұрынғы уақытша жүйке байланыстары қызмет істесе, адамның есінде қалғаны қайта жаңғырады, санасына қайтадан келеді. Естің бұл күйін қайта жаңғырту дейміз. Адам көптен көрмеген танысын көргенде болған жері есіне түседі. Қабылдаған нәрсемен кездеспей–ақ қайта жаңғыртуды еске түсіру деп атайды.

Содержание

Кіріспе 4
Ес процесін ғылыми-теориялық негіздеу 6
1.1 Ес туралы жалпы түсінік. Ес процестер 6
1.2 Естің психологиялық теориялары 15
2 Ес түрлері және адамның есін жақсартудың тәсілдері мен жолдары 20
Естің түрлері 20
2.2 Адамның есін жақсартудың тәсілдері мен жолдары 20
Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі 30

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ес туралы жалпы ұғым.doc

— 230.00 Кб (Скачать документ)

     Сезімдік ес. Әдетте, қажеттеріміз бен қызығуларымыздың, қоршаған ортамен қатынасымыздың қаншалықты тиімді не зиянды, ұнамды не жағымсыз орындалып жатқанын көңіл–күйімізбен танытамыз. Осыдан, көңіл –күй есі адам өмірі мен іс-әрекетінде өте үлкен маңызға ие. Басымыздан өтіп, есімізде сақталған сезімдер әрқашан бізді әрекетке ынталандырады немесе өткендегі жағымсыз әсерлерге тап келтірген оқиғалардан сақтандырады. Сізбен қатынасқан адамның көңілін аулау, оқыған кітабыңыздың кейіпкерімен қосылып, толғанысқа түсуіңіз осы сезімдік еске негізделген.

     Бейнелі ес–елестерге, табиғат көріністеріне, сонымен бірге дыбыстар, дәмге негізделген жад іздері. Ол көру, есіту, сипай сезу, иістік және дәмдік болып бөлінеді. Егер көру, есіту естері әрбір жете дамыған адамның өмірлік бағыт–бағдарында қалыптасатын болса, онда сезімдік, иістік пен дәмдік естер адамның кәсіптік қасиеттеріне жатады. Сәйкес түйсіктер сияқты мұндай ес түрлері іс-әрекет шарттарына орай қарқынды дамып, кейде кемістігі болған ес түрлерінің орнын толықтыруда керемет деңгейлерге көтерілу мүмкін, мысалы, соқырдың денесімен сезінуі, естігіштігі, ал кереннің көргіштігі, иіскей, жанаса сезгіштігі т.б|12|.

     Сөзді–логикалы (мағыналы) ес мазмұнына біздің ой-өрісіміз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді, сондықтан ой тек мағыналық ғана болмай, сөзді– логикалы болатыны осыдан. Біздің ойымыз әр түрлі формаларымен берілетіндіктен, оны қайта жаңғырту материалдың тек негізгі мазмұнын жеткізумен не сөзбе–сөз қалтықсыз қайталануымен жүзеге асуы мүмкін. Егер кейінгі жағдайда жадқа алатынымыз мағыналық өңдеуге түспейтін болса, онда оның өзгеріссіз жадталуы логикалы емес, механикалық жаттауға айналады.

     Сөзді–логикалық, мағыналы есте басты мән екінші сигналдық жүйеде. Сондықтан да, қарапайым формадағы қозғалыс, бейнелі және эмоционалды естер жануарларда да байқалатын болса, мағыналы ес түрі адамға ғана тән қасиет. Сөзді–логикалы ес басқа ес түрлерінің дамуына арқа сүйей отырып, оларға жетекшілік етеді және өз дамуымен олардың жоғары деңгейге көтерілуіне ықпалын тигізеді. Оқу процесіндегі шәкірттің білім игеруі мен топтауы, негізінен, осы мағыналық еске байланысты.

     Іс-әрекет мақсатына байланысты ес–ырықты, ырықсыз болып бөлінеді. Арнайы есте қалдыру не еске түсіру мақсаты болмаған психикалық процесс– ырықсыз көрініс беріп, ал егер бұл процесс мақсатты бағдарланған болса, ырықты сипатқа ие. Кейінгі жағдайда есте қалдыру мен қайта жаңғырту арнайы мнемикалық (жаттау, еске түсіру) әрекеттерге орай жүзеге келеді.

     Ырықсыз не ырықты болудан ес дамуының бірізді, кезекпен келетін 2 деңгейі құралады. Адам өмір тәжірибесінің көбі ыоықсыз ес жәрдемімен жинақталып, соның арқасында арнайы дайындықсыз–ақ қажеті болған тұрмыстық біліктеріміздің қоры қалыптасады. Бірақ іс-әрекет барысында адамның өз іс-әрекеттерін басшылыққа алу қажеттігі де туындап қалады. Бұл жағдайда іске ырықты ес қосылады да, осыдан бізге керекті болған материалды алға ниет қып белгілеумен жаттаймыз немесе еске түсіреміз.

     Кейінгі жылдары зерттеушілер назары есте қалдырудың бастапқы кезеңіне, сыртқы әсерлер іздері бекінгенге дейін өтетін процестерге аударылуда. Қандай да материал есте қалдырылуы үшін, ол субъекті тарапынан тиісті дәрежеде өңделіп, игерілуі тиіс. Ал бұл үшін белгілі уақыт аралығы қажет, яғни сырттан түскен әсерлердің басы бірігетін уақыт. Бұл процесс–жаңа ғана болып өткен оқиғаның біздің субъектік санамызда бірден ұмытылмай, онда толғаныс пайда етуі: болып өткен оқиға енді жоқ болса да, біз оның көріністерін елестетеміз, құлағымыздан шуы кете қоймайды. Мұндай прцоестер тұрақты болмайды, жойылып та кетеді, бірақ тәжірибе топтастыру механимзмдерінің қызметінде үлкен рөл ойнағандықтан, ол есте қалдыру, бекіту және қайта жаңғырту үшін қажетті естің ерекше формасы ретінде–қысқа мерзімді ес деп танылған. Бұл ес түрі, жоғарыда көрсеткеніміздей, материалды аз уақыт аралығында ғана сақтау мүмкіншілігіне ие|14|.

     Нақты қызметтік ес адамның нақты іс-әрекет мезеті мен қажетіне орай қозғалыстар және қимылдарды орындауына байланысты іске қосылады. Қандай да бір күрделі әрекетті орындау үшін оны бөлшектеп алуымыз керек,кейін әрекеттің әр бөлігі бойынша нәтижеге келіп, екіншісіне өтеміз. Осы екі арадағы нәтиже сол мезеттегі қажеттілішімен есімізде тұрады, ал ақырғы көзделген мақсатқа жақындаған сайын есіміздегі алдыңғы бөлік нәтижелері әрқайсысы өз кезегімен ұмытылып, естен шығып, келесі әрекет бөлігінің ақпаратына орын босатқандай болады. Орындалатын әрекет бөліктерінің көлемі мен аумағы әр түрлі, мысалы, балақай жеке әріпті қинала танудан бастаса, ересек адам, тіпті маман болса, кітап беті мазмұнын тұтас қабылдауы мүмкін. Қызметтік естің жоғары деңгейде, нәтижелі болуы адамның ниетті жаттығуларына байланысты.

 

 

    1. Адамның есін жақсартудың тәсілдері мен жолдары.

 

     Есте сақтау өз бетінше бір функция болып табылмайды, керісінше жеке тұлғамен, оның ішкі әлемімен, қызығушылығымен, ұмтылысымен тығыз байланысты. Сондықтан даму мен жетілу адамның дамуымен параллельді жүреді.

     Әрбір адамның есте сақтауы дамудың жалпы заңдылықтарымен сипатталып, сонымен қоса, өзінің ерекшеліктері болады. Бір адамдар есте сақтаудың көрнекілі–бейнелі типімен адам көрнекілі бейнені, формаларды, түстерді және т.б. ерекше жақсы есте сақтайды. Есте сақтаудың ауызша– айқын типімен ерекшеленетін адамдарда екінші сигналдық жүйе басым болады.

     Көптеген адамдар көрнекілі–бейнелі, ауызша–логикалық материалды жақсы байқайды және сонымен бірге, сезімді жақсы есте сақтаумен ажыратылады.

     Бастауыш мектеп кезеңінде есте сақтаудың қорытынды ерекшеліктері анықтала бастайды. Бұл кезеңде есте сақтаудың дамуы жүйелілік мақсатқа бағытталған оқыту жағдайында жүзеге асады, баланың есте сақтаудың даму деңгейін жоғарлатады және жылдамдатады. Оқытудың өзі біруақытта еске берілген материалды қалдыру қажеттігін және оның мұғалім талабы бойынша нақты қайта жаңғырту сияқты жаңа талаптарды көрсетеді.

     “Оқушының негізгі жұмысы ойлауды меңгеру және бұл кезеңдегі негізгі функция ойлап есте сақтау, яғни есте қалдыру, ойлаумен бірге жүру, нені қалай есте қалдыру және еске түсіру, ойлау мен бірге жүргенді қашан, нені еске түсіру болып табылады”|16|.

     Бұл пікірлерден біз көріп тұрғандай, бастауыш мектеп кезеңіндегі балалардың негізгі жұмысы–ойлауды меңгеру, яғни есте сақтаудың дамуы ойлау және мнемикалық әрекеттер білімін қабылдау, есте қалдыру және қайта жаңғырту әрекеттерін біріктіруімен байланысты. Мнемикалық іс- әрекеттің маңызды құрал есте қалған материалды логикалық қайта өңдеумен қамтамасыз ететін ақыл–ой операциясы болып табылады.

     Мұғалімнің міндеті білімді есте қалдырып, ұғынуға, түсінуге көмектесетін тәсілдерге тура, тікелей үйретуден тұрады.

     Бұл мұғалім балалардың міндетті түрде тіпті егер бұл материал оларға қызықсыз болса да, нақты материалды есте қалдыруды талап етумен байланысты. Оқушыларға оқу іс-әрекетінің сипатымен айтқанын істеу; тақпақты жатқа білу, сөздерді, ережелерді және т.б. сияқты көп жауапкершілікті тапсырмалар беріледі. Оқушыларға алдын ала ескертіледі, оған қандай білім қажет болады және оған нені ұмытпаған жөн екендігін. Міне, сондықтан оқушы есте қалдыру кезінде қажет кезде қажетті материалды нақты және толық еске түсіруді қамтамасыз ететін белгілі тәсілдерді қолдануы қажет.

     Оқушылар, ең алдымен, өздерінің алдына мақсат қояды: қажетті материалды меңгеру, өз бетінше еске түсіре алу.

     Ырықты жаттау мен параллельді есте сақтау дайындығы белгілі рөл атқара бастайды. Оқушы оқып отырған кезінде өзіне есеп береді, белгілі материал оған керекке жарайды деп. Оқушы қандай жағдайда бұл материал қолдана бастайды деп алдын ала ұйғарады. Бұл еске түсіруге дұрыс айтылған.

     А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия, Л.В. Занковтың және басқа да отандық психологтардың еңбектерінде ұзақ уақыт есте сақтаудың дамуы және өткен тәжірибенің ізін сақтау мәселесі бойынша зерттеулер суреттеліп айтылады. Бұл зерттеулердің барлығы маңызды материалды құрайды. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың оқу материалын есте сақтау ауданындағы Шардаковтың келтірілген, зерттеуін қарастырайық. Бір класта оқитын оқушыларды төртке бөлді. Бірінші төртікке жататын оқушылар тексті сол күні қайта жаңғыртты. Екінші төрттіктер–үш күннен кейін, үшіншілері–он күннен кейін және тағы осылай жүре берді. Тексті қайталап көрсету өткізілген жоқ. Материалды есте сақтау үшін қайталау маңыздылығын зерттеу үшін, тексті есте қалдырғанын кейін, оқушылар жеке–жеке екі–үш рет қайталап сұрады. Бұл сұрақтар қайталаумен қызмет етті.

     Бұл зерттеу көрсетті, өте көп информацияны жоғалту бірінші күннің аралығында жүреді. Кейіннен ол едәуір аз маңызды және есте қалдырудан қайта жаңғыртуды бөлектеуші аралықтың барлығы көбейту мөлшері бойынша азаяды. Қайталаудың әсері өте айқын көрінеді: олардың арасында материалды сақтау айтарлықтай жоғары деңгейде қолдайды. Егер де қайталау сұрақпен шектелмесе және жүйелілік түрді жүргізілсе материалды есте сақтау деңгейі тағы да өте жоғары болушы еді.

     “Ұмытқанды еске түсіру мақсатымен қайталау оқыту және жалпы мектептегі сабақ беру жеткіліксіздігін көрсетеді. Жаман мектеп, нашар тапсырма сияқты, тоқтаусыз түзету және ешқашан түзетусіз болмайды; жақсы мектеп болса, өткенді тоқтамай қайталау, ешқандай түзетуді қажет етпейді”|20|.

     Балаларда ұзақ мерзімді есте сақтаудың дамуын зерттеуге шетелдік психологияда көп санды  еңбектер арналғаны белгілі. Зерттеуде құбылыс нәтижесіне сипаттама берілді: ұзақ аралық уақыт шамасында бұрынғы әсерлер әлі есте сақталады. Е.И. Роговтың көзқарасы бойныша, ұзақ мерзімді есте сақтау–бұл практикалық шектелмеген мерзім ішінде информацияны есте сақтауға қабілеті.

     Бұл есте  сақтаудың жүйесіндегі аса маңызды  және аса күрделі сыйымдылығы  шексіз. Бірнеше минуттық кезеңдегі сақталғанның барлығы, ұзақ мерзімді есте сақтаудың жүйесінде табылуы қажет. Бұл есте сақтау бір кезде есте қалдырғанды кез келген қажетті кезеңде еске түсіру адамның қабілетін ұсынады. Көптеген өмірлік психологиялық проблемалар адамның информацияны ұзақ сақтау мүмкіндігімен тәуелді.

     Ұзақ мерзімді  есте сақтау бақылауға, анализдеуге,  талқылауға негізделген; бірнеше деңгейде әсер етеді: сезімдік, эмойионалды, интеллектуалды.

     Педагогикалық процесте мұғалімнің кіші оқушыға әсер етуге бығытталған: сәйкес дидактикалық принциптерге сүйене отырып, оған хабарлау және белгілі методикалық тәсілдер көмегімен, білімнің кескінделген мектеп бағдарласымен, оны оқуға үйрету, оқыту тәрбиелеуші болғанға жағдай жасап, сенім және жеке бас сапасын қалыптастырады. Осы әсерлердің нәтижелігі қажетті шарттар мұғалімнің оқышулардың жеке басының ең алдымен оның психологиялық ерекшеліктерін және мүмкіндіктерін, жан–жақты білімі. Балада бір нәрсені талап ету үшін оның не істей алатынын білу қажет. Баланың психикасының әрбір этапының дамуы үшін оның нервтік–психикалық процестері белгілі даму деңгейіне тән. Әдетте баланың даму деңгейі мен ерекшеліктері тек физиологиялық негізден ғана емес, сонымен тәрбиеленетін нақты–тарихи жағдайлармен анықталады. Баланың психикалық дамуы стихиялы емес, керісінше оның оқу және тәрбие жағдайларының белгілі әсерімен жасалады. Сондықтан кіші мектеп оқушылардың өзіне тән жеке басын мектеп жасына дейінгі балалармен салыстырғанда оларда жаңа ерекшеліктер пайда болады, тек мынадай жағдайда дұрыс түсінуге болады, егер оларды оның тәрбие жағдайымен тығыз байланыста және жиі бұл кезеңдегі балаларды негізгі іс-әрекеті– оқумен байланысты қарастырады.                                                              

     Балалар  үшін мектепке келу жаңа іс-әрекет  түріне ауысу болып табылады. Мектеп жасына дейін балалар үшін іс-әрекеттің негізгі формасы ойын болса, ал оқушы болған балалар үшін іс-әрекет жетекшісі оқу, ал өмір орталығы– мектеп болып табылады. Балалар мектепте меңгерген білімі оның танымдық қызығушылықтарын қанағаттандырады және дамытады, шындықты тану құралы қызметін атқарады, осы білімді белсенді және саналы меңгеруі дүние тануын қалыптастыруға қабілеттендіреді.

     Жүйелі оқыту және ғылымның негізін меңгеру үшін баланың психикалық дамуының белгілі деңгейі талап етіледі. Бұл деңгей тәрбиенің қолайлы жағдайлар кезінде баланың мектеп жасына дейінгі шақтың соңғы кезеңінде жетеді.

     Оқушылардың  психикалық іс-әрекеттеріне маңызды  талаптар көрсетуде, оқыту процесі  сонымен бірге бұл іс-әрекетті  қалыптастырады және жүзеге асырады. Мектептік оқыту кезеңінде баланың қабылдауы, есте сақтауы, зейіні, ойлауы, эмоциялық сферасы және басқада психикалық процестері, оның жеке бас қасиеттері елеулі өзгереді. Бұл өзгерістер нақты немен аяқталатынын және бұл өзгерістер оқытудың қандай шарттарының әсерімен болатынын, қарастырайық.

     Бастауыш  мектеп кезеңі баланың есте  сақтау дамуында болатын, үлкен сапалы өзгерістермен сипатталады. Бұл кезеңдегі оқыту процесінде білімді меңгеруде негізгі рөлді атқаратын, логикалық есте сақтаудың қасиеті қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың есте сақтауы, мұғалімге педагогикалық жұмыста есепке алатын және білуі қажет ерекшеліктер қатарына ие|16|.

     Оқу материалын  жаттауда бірінші және негізгі  шарты оны анық түсіну болып  табылады. Әркім өзінің жеке тәжірибесінен, жеткіліксіз түрде түсініксізді есте қалдыру қиын екендігін біледі. Баланың есте сақтауының дәулеті болатының барлығы, олар ұғынықты болуы қажет.

     Психология  жаттаудың тәсілдерімен процестерін  түсіну процестерімен, жатталатының  мазмұнын меңгеру тәсілдерімен  тығыз байланысты деп қарастырады.

     Бастауыш  класс мұғаліміне кіші мектеп оқушылары (әсіресе бірінші және екінші кластың оқушылары) үнемі өздеріне оқу материалынан нені түсінеді, нені түсінбейтініне айқын есеп бере алмайтынын ескеруі қажет. Сондықтан жиі материалды мағыналап қана емес, сонымен бірге қайталау, сонымен қоса қайталауды уақытында және мазмұны бойынша түрлендіру қажет.

     Келесі зерттеулерде ырықты және ырықсыз есте сақтау мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларда едәуір дамитындығы көрінеді. Есте сақтаудың әбден жетілуі есте қалдыратын материалдың көлемінің даму, оны ұстап қалу беріктілігінің өсуі, біртіндеп қалыптасқан жанама есте қалдырудың тәсілдерін қолдану іскерлігі көрінеді.

Информация о работе Ес туралы жалпы ұғым