Ес туралы жалпы ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 19:59, курсовая работа

Краткое описание

Адамның өмір тәжірибесін де қабылданғаны басынан кешкен ой–сезімі, әрекеті ізсіз жоғалып кетпейді, баста сақталады, кейін қайта жаңғыртылады. Бұрын қабылданған зат, құбылыс образдарын өз көңіл–күйлерін ойда сақтап, қайта жаңғыртатын психикалық процесті ес дейді. Бұрынғы уақытша жүйке байланыстары қызмет істесе, адамның есінде қалғаны қайта жаңғырады, санасына қайтадан келеді. Естің бұл күйін қайта жаңғырту дейміз. Адам көптен көрмеген танысын көргенде болған жері есіне түседі. Қабылдаған нәрсемен кездеспей–ақ қайта жаңғыртуды еске түсіру деп атайды.

Содержание

Кіріспе 4
Ес процесін ғылыми-теориялық негіздеу 6
1.1 Ес туралы жалпы түсінік. Ес процестер 6
1.2 Естің психологиялық теориялары 15
2 Ес түрлері және адамның есін жақсартудың тәсілдері мен жолдары 20
Естің түрлері 20
2.2 Адамның есін жақсартудың тәсілдері мен жолдары 20
Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі 30

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ес туралы жалпы ұғым.doc

— 230.00 Кб (Скачать документ)

     Ұмытшақтықпен  күресте жоғарыда келтірілген  жаттаудың ғылыми негізделген  әдістерін білу көп жәрдемін  тигізері сөзсіз. Бұл ұсыныстарды елемеуден материалды есте қалдыру мен есте сақтау үшін бекерге уақыт жойып, көп еңбек сарп етіп, ақырында межелеген нәтижеге жете алмай қалу екінің бірінде болатын жағдай.

     Естің бұзылысы. Ес қызметінің қажетті дейгейінен кері ауытқуы астарында психологиялық талдауды қажет ететін әр түрлі жағдаяттар жатыр. Мидың психикалық қалпы ең алдымен ес бұзылысынан көрінеді. Мұндай ақыл–ес сырқаты көбіне ағымдағы оқиғаларды есте қалдыруға қажет болған ырықсыз (тікелей) естің бұзылуымен байланысты, яғни адам жаңа ғана көрген, білгенін қас қағым уақыт өтпей ұмытады, бірақ өткендегілерін түгелдей, жақсы болжастыра алады. Науқас адам атам заманда не оқығаны, қандай қызмет атқарғаны жөнінде жай–жапсарын қалдырмай еске түсіріп беруі мүмкін, ал осы бүгін тамақтанды ма, жоқ па; қажет адамымен кездесті ме, кездеспеді ме–бұған жауап таба алмай, мүдіріп қалуы таң қалғандай. Бұл адамдағы қайта жаңғырту, еске түсіру, жадқа айтып беру қабілетінің жойылуы деген сөз.

     Ес бұзылысы  кейде өткендігі оқиғаларды да  қайта тіктей алмаудан көрінеді: науқас адам өмірінде не болғанынан түк хабарсыз, бұрынғыны бүгінгісімен шатастырады, жыл, айларын алмастырады, яғни уақыт пен кеңістік өлшемдерін таразылай алмайтын жағдайға түседі. Сонымен бірге, науқас адам санасында өте бір ұзақ уақытта болған қандай да бір оқиға, жағдай естен кетпестей орын тебуі мүмкін.

     Кейбір  жағдайларда ес өз желісінің (динамика) бұзылуынан да көрінеді: адам белгілі бір уақыт аралығында тәп–тәуір жаттап, материалды қайта жаңғырта алса, ал қысқа бір мерзім өтумен бұл қабілетінен айырыла қалады. Мұндай сырқатқа шалдыққандар кейде оқыған, білгендерін түгелімен еске түсіре, тәптіштеп айтып беріп отырса, біраздан соң әйтеуір жай нәрсені есіне түсіре алмай, қиналады. Мұндай жайлардан адам есі үзіліске түсіп, оның ой жүрісінің бұзылғанын байқаймыз.

     Ес бұзылыстарын  зерттеу ми сырқаттарының белгілерін  дәл танып, болжастырумен бірге адамның өте күрделі ес қызметінің психологиялық тетіктеріне және жалпы ми табиғатына байланысты сырларды ашуға мүмкіндік береді.

 

 

    1. Естің психологиялық теориялары.

 

     Өткен ғасырда  педагогика және психологияда  ес ойлаумен байланысты екені туралы идея пайда болды, білімді саналы және берік меңгеру мәселелерін әкелді. Отандық ғылымда бұл идеялар К.Д. Ушинский, П.Ф. Каптерев, А.П. Нечаев еңбектерінде ең айқын кесін алды. Білім, К.Д. Ушинскийдің көзқарасы бойынша оқушыларлың ойлау процсінің органикалық элементі болуы қажет. Ертеде меңгерген жаңа білім сабақтастығын және байланысты қамтамасыз етеді. Психологиялық зерттеулерде есте сақтау біртіндеп зерттеудің акцентін араластырумен пайда болған. Ес таза мнема сияқты емес, керісінше қабылдаумен, зейінмен, ойлаумен және т.б. байланыста зерттеле бастады. Есті және ойлауды тамаша зерттеген, П.П. Блонский, Ф. Бартлетт, ал кейіннен Дж. Катон, Г. Олпорт, А.Г. Комм және т.б. орындаған.

     Ес механизмдерін  психологиялық зерттеу тарихы  басқа психикалық құбылыстарды үйренуден гөрі ертерек бастау алған. Алғашқы, кең етек алған естің ассоциативтік теориясы. Бұл теорияның мәні: дүние затттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөліктенген күйде емес, өзара байланысты “топталған не тізбектелген” (Сеченов) қалыпта жүреді. Осы процеске тәуелді мида есте қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі–уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұндай байланыстар психологияда ассоциациялар деп аталған. Ассоциациялардың бірі заттардың уақыт пен кеңістіктегі қатынас бейнесінен, яғни жанасу ассоциациясы, екіншісі–олардың ұқсастығынан туған бейнеден, яғни ұқсастық ассоциациясы, үшіншісі–қарама–қарсылыққа негізделген контрастық ассоциациясы, төртіншісі–себеп–салдарлы қатынастардан туындайтын каузалдық ассоциация. Бұл бағыттағы теорияны ұсынып, дамытқандар: Аристотель, Юм, Д. Джеймс, Спенсер, И.М. Сеченов, И.П. Павлов.       

     Естің нейрондық теориясы. Адам миының құпиялары көп  жағынан әлі ашылар емес. Ол өте құрылымды. Осы күрделі ақуызды жиынтықтың жаңа ақпарат топтап, оны сақтай алу қабілетін қазіргі күндегі психология онда жүріп жататын құрылымдық немесе химиялық өзгерістермен байланыстырып отыр. Бұл теорияның негізгі мәні мынада: есте қалдыру мидың электрлік белсенділігімен, яғни мидағы химиялық не құрылымдық белсенділік қандай да бір жолмен ағзадағы электр қуатын арттырады. Бұл үшін қолайлы ес іздерін іске қосатын жүйке тізбегі болуы шарт. Физиология заңдарына орай нейрон жеткізген импульстер аксон (қозуды жеткізуші) арқылы бір жасушадан екіншісіне беріледі. Аксонның жасушамен тоғысқан жері синапс деп аталады. Жеке бір жасушаның өзіндегі осы синапстың саны мыңдаған. Синапс негізінен екі түрде қызмет етеді, бірі–қоздырушы, екіншісі –тежеуші. Сонымен, қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді естің екеуі де бірдей қозушы немесе тежелуші жүйке элементтерінің бір–біріне әсерінен туындайды. Айырмасы – қысқа мерзімді ес белгілі нейрондардың уақытша электрлік белсенділігінен болады да ұзақ мерзімді ес нейрондардың тұрақты құрылымынан келіп шығады|11|.

     Естің биохимиялық теориясы. Нәсілдік негізде жатқан химиялық процестер ашылуымен ғылымда сол процестің есте қалдыруға ықпалы жоқ па деген ой пайда болды. Әр ағза үшін тән болған генетикалық ақпарат ДНК (дезоксеринобуклеин қышқылы) молекулаларында шоғырланады, ал оны тасымалдау басқа (РНК) нуклеин қышқылының молекуласымен орындалады. ДНК ағзаға тән әр жаңа генетикалық есті өзінде сақтайтындықтан, оның өзі немесе РНК игерілген тәжірибені де бірден бірге өткізуі мүмкін деген болжам жасалды. Эксперименттер нәтижесінде тәнді құрайтын молекуланың химиялық құрылымы тіршілік иесінің тәжірибе топтауымен өзгеріске келетіні анықталды. Бұл келесі сұрақты туындатты: үйрету барысында өзгерген РНК  молекуласы жаңа пайда болған дағды жөніндегі мәліметті өзінде сақтай ма не сақтамай ма? Эксперимент барысы: жануар қажетті әрекетті орындауға үйретілгенді. Оның жүйке жүйесінің бір аймағынан РНК молекуласы бөліп алынды, кейін ол игерілген білікті екінші жануарға өткізу үшін жаңа ағзаға егілді. Үйретілген жануардың РНК молекуласын қабылдаған екінші жануар (жалпақ құрт) алғашқысының дағдысын қайталап берді.

     Тағы бір эксперимент. Планари құрттары бір бірін өорек етеді. Егер бір планариді белгілі бір әс ерленуге үйретіп, оны турап, үйретілмеген екіншісіне жегізсе, онда кейінгі құрт та алғашқысының әрекетін қайталайтыны байқалған (Д. Мак-Коннел).

     Аталған  эксперимент тәжірибелерден естің ерекше іздері дене молекулаларындағы химиялық бірікпелерде таңбаланып (кодталып), организмде еркін қозғалыста болатыны және олардың бір жануардан екіншісіне ауысатыны толық дәлелденді.          

     Қайта жаңғырту  кезінде есте қалған материалды қайта құру заңдылығын ашуда есте сақтау процесін түсіну процесімен жақындастыруға мүмкіндік береді. Барлық назар мағыналылық есте қалдыруға аударылады, А. Бергсонның белгілі дихотомиясын жеңу үшін алғы шарт жасады: есті денені есте сақтау және құлақпен есте сақтау деп бөлді.

     Психологияда  есті зерттеудің онан әрі дамуын  есте қалдыру процесінің операциялық құрамын және құрылымын ашуға бағытталған болған, немесе Р. Аткинсонның терминін айтсақ, есте сақтау жүйесін зерттеу емес, есте сақтауды басқару құралын ашу. Бұл міндетті шешудегі маңызды жағдай ес процесін зерттеу әдісі және мазмұнын өзгерту болады. Субъектінің өмірде және іс-әрекетте есте сақтау функциясы мен қалыптасуын зерттеуге ауысу үшін абстрактілі мәнділікті бөлектеу деген сияқты есті зерттеуді болжаған объектіні дәстүрлі зерттеуден бас тарту қажет болады. Мұндай объектінің өзгеруі психологияда есті зерттеу отандық психологтарды Л.С. Выготскийдің А.Н. Леонтьев, П.И. Зинченко, А.А. Смирновтың еңбектерінде жүзеге асқан болған. Олар есте сақтау, бұрынғыдан қарағанда көп мөлшерде субъектінің шынайы іс-әрекетінде есте сақтаудың көрінуін дәлелдеді/10/.

     Естің көптеген  американдық теориялары және  ырықсыз есте сақтауды оқуту  осы уүнге дейін кездейсоқтық  ретінде қарастырады. Тек сондықтан оларға күмәнсіз, нығайту мәселесіне мұндай үлкен назар бөлінеді, және маңызды болып табылады, бірақ сонда да ырықты есте сақтаудың сыртқы факторын Р. Аткинсон өзінің есте сақтау концепциясында қызықты және жаңа трактовканы информация үздіксіз модельдеу құралы ретінде нығайтуды берді. Нығайту информацияны есте ұстап қалу сияқты оны естен шығаруға да әсерін білдіреді.

     Р. Аткинсон ең бірінші болып қысқа мерзімді есте сақтауды зерттеу өз бетінше қызықты екенін түсінді, түгелдей естің және ұзақ мерзімді есте сақтаудың тұрақты құрылымдық компонентіне әсер ететін күшті құрал қызметін атқарады. Ес, Р. Аткинсон бойынша, динамикалы, дамушы, көп деңгейлі жүйе, өзінің сипаты бойынша “ашық”, ондағы болып жатқандар, мнемикалық жүйелер мен процестер қасиеті мен құрылымы бойынша ұқсастық пен айырмашылықтар бар екенін байқауды ұсынады. Ол минуттан кейін ол барлығын меңгереді және есте қалдырады.

     Бұдан шығатын, бұл кезеңде мағынасыз есте қалдыру аз нәтиже береді. Материал түсінікті болғанда (ол бұл жатқа жаттау материалына қатысты), ол өте жақсы есте қалады және қайта жаңғыртылады.

     Отандық психологтардың зерттеулерінің арқасында есте сақтауды функциялау және оны дамытудың толық концепциясы шықты.

     Л.С. Выготский мен есте сақтаудың, психиканың дамуы сияқты толығымен әлеуметтік табиғат көрсетіледі. Адамның мәдени дамуына ерекше мән беруде ойлап шығарған және белгілерді қолдану, және олардың көмегімен психикалық процестегі тікелей арғымды жанамаға айналдыру жасалады, Л.С. Выготский белгінің көмегімен белсенді еске сақтаудың мәнділігін көрді. Сонымен, Л.С. Выготский бойынша, адамның тарихи және жекелей дамуында біртіндеп ішкі белгілерді ішкі сөйлеудің сөзімен бейнесі түрінде ішкі сүйенішті есте қалдыру және қайта жаңғырту үшін құралына айналдыру болады. Л.С. Выготскийдің көзқарасына негізделе, А.Н. Леонтьев тікелей және жанама есте қалдырудың арақатынасында жастық өзгерісті көрсетті, ал А.Р. Лурия–мидың зақымдалған ауруларда есте қалдыру үшін құралын қолданудың әр түрлі мүмкіндігін көрсетті.

     Есте сақтау теориясы баланың психикалық даму аспектісінде есте сақтаудың түрлеріне (қимылды, эмоционалды, бейнелі және ауызша) сапалық анализ берген П.П. Блонский еңбегімен байытылды. П.П. Блонский еске қалдырылатын материалды еске сақтау және қайта жаңғырту процсінде болатын мәнді қайта құруды көрсетті, және ол объективті шындықтан үзіндіге, мұны кейбір психологтар (В. Штерн және т.б.) ал есте сақтаудағы жалпы тайтарылысқа және шындықтың мәнді қасиеттері есте сақталудың әлеуметтік өзгерушілігімен (оның бағыттылығымен келесі басқа адамға информацияны беру) шартталады деп есептелген. П.П. Блонский еске сақтау басқа да психикалық процестерімен тығыз өзара байланыстылығына сипаттама берді: бейнелі есте сақтау–қиялмен, ал ауызша–ойлаумен (ауызша есте сақтау түсінік пен ақылды ойлаудың пайда болуында негіз қызметін атқарады, ал ойлау, өз кезегінде, есте қалдыратын материалдың мағынасын және қайта жаңғырту кезінде естен белсенді іздеуді қамтамасыз етеді).

     А.Н. Леонтьев, А.А. Смирнов, Л.В. Занков, П.И.  Зинченко және басқа зерттеушілер еңбектерінде субъектінің іс-әрекет мазмұнынан есте қалдыру тәуелді екені көрсетіледі. Мұнан басқа, есте сақтау процестерінің өздері– есте қалдыру, тану және қайта жаңғырту–ерекше түрдің іс-әрекеті ретінде мінездеме берді. А.А. Смирнов ырықсыз есте қалдырудың мәселесін тұжырымдап берді және іс-әрекет затты болып табылатын және іс-әрекет бағыттылығымен сәйкестіктің барлығы ырықсыз есте қалдырылатынын анықтайды. А.А. Смирновпен тағы есте қалдырылатын материалдың іштей қайта өңделуін қамтамасыз ететін ойлау процестерінің рөлі көрсетіледі, онда мағыналы белгі немесе тірек болатын пунктілер бөлінді. Сонымен бірге, А.А. Смирновтың зерттеулерімен келісе отырып, жағдайлар қатарында есте қалдыру процесінде біздің жанымыздың қайғысын араластырмай, сақтайды. Естің бұл тамаша қасиетіне салық беріп, Августин оны табуға кіріседі, ақырында құдыретті құдайды дәлелдеу тәсілімен қызмет етеді. Бұл талдауда ес құдайдың жеткен жолы сияқты, және оның бар екенін дәлелдеу аргументі ретінде қатысады|14|.                    

     Естің мәселесін бағалау XIX ғасырдың 20–30–жылдары күрт өзгерді, еске қатысты көптеген клиникалық берілулер ғана бағдарланады, сонымен ес эксперименталды–психологиялық зерттеудің объектісі болғанда бағдарланады. Г. Эббингауз, Г. Мюллер, Ф. Шуман, А. Бине, В. Анри, Г. Мюнстерберг, Д. Болдуин, Э. Меймен, В. Штерн, А. Пьерон, Э. Торндайк, К. Коффка, Д. МакДжеч, П.И. Зинченко, А.А. Смирнов және басқалар мнестикалық процестің кейбір ерекшеліктерін ашатын ұсақ бөлшектеріне дейін мағлұмат алды. Осылармен қатар бірінші рет ес мәселелеріне басқа теориялық контекст қосуға мүмкіндік пайда болады. Жане жұмысы, естің– генетикалық және әлеуметтік аспектілерін толығымен ескермегенге шейінгі уақытқа дейін ашатын, оны зерттейтін жаңа жарқын кезеңді бастауы, ол оның материалды субстратын (естің “ізі”) зерттеумен параллельді жүзеге асады. Бірінші рет естің ескерілуі әлеуметтік мінез–құлықпен оның уақыт ағымын ұғынуымен және сөйлеуде құрылымдық жасаумен үздіксіз байланысы көрсетіледі. Онымен бірге адамның өзінің ішкі субъективті әлеміне ие болу сияқты естің рөлін анықталды; сонымен психикалық процесс эволюциясының жалпы суретінде ес өзіне тиесілі орын алды. Есті зерттеуде осы аса прогрессивті ағымның дәл өзі өзін жалғасын отандық мектеп психологиясы–Л.С. Выготский, А.С. Леонтьев, А.Р. Лурия еңбектерінен тапты.

     Әлемде қазіргі ғылыми берілулер, биология, неврология, психология, психиатрия, әлеуметтану және философия ең басты сұрақтары ес мәселелерінде маңызды өріс алды, деп, қателесемін деп қорықпай айтуға болады. П. Жане “есті философиялық және психологиялық зерттеуде ең күрделі тапсырманы көрсетеді”,-деп дәлелдегенде, күмәнсіз дұрыс болған. Оның мәнін анықтауда материалистік философия позициясында, бұл қазіргі зерттеудің барлық байлығы негізінде міндетінің бірін көрсетеді.|11|

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Ес түрлері және адамның есін жақсартудың тәсілдері мен жолдары.

 

 

2.1 Ес түрлері.

 

     Есте қалдыру және қайта жаңғырту үшін жұмсалатын әрекеттердің сипатына орай естің әр түрі келесі негізгі үш өлшемге сәйкес кес болуы шарт: 1) әрекеттегі басымдау болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес–қозғалысты, сезімнің, бейнелі және сөз–логикалы болып бөлінеді; 2) іс-әрекет мақсатына орай ес–ырықты және ырықсыз болуы мүмкін; 3) дүниелік іс-әрекеттегі рөлі мен орнына тәуелді жатталып, сақталу мерзімінің мөлшеріне байланысты–қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және нақты қызметтік естер ажыратылады.   

     Қозғалысты  ес-әрқилы қимыл–қозғалыстар мен  олардың бірлікті жүйесін есте  қалдырып, сақтап және қайта жаңғырту. Кейбір адамдарда осы ес түрі басқаларынан гөрі басымдау келеді. Ондайлар, мысалы, музыкалы шығарманы, дауыспен қайталай алмаса да, бимен көрсетуге шебер. Ал екінші біреулердің қозғалысты есі тіпті шабан. Бұл ес түрінің әрқандай еңбектің дағдыларын қалыптастыруда, балалардың жүру, жазу әрекеттерінің қалыпқа түсуінде және т.б. маңызы өте үлкен. Қозғалысты ес болмағанда, біз қажетті әрекет пен қимылдарымызды әрдайым жаңадан үйреніп баруымызға тура келер еді. Жақсы дамыған қозғалысты ес адамның әрекет ептілігінен, еңбектегі ұқыптылығы мен “бармағанынан өнер таммағанынан” көрінеді.

Информация о работе Ес туралы жалпы ұғым