Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 19:59, курсовая работа
Адамның өмір тәжірибесін де қабылданғаны басынан кешкен ой–сезімі, әрекеті ізсіз жоғалып кетпейді, баста сақталады, кейін қайта жаңғыртылады. Бұрын қабылданған зат, құбылыс образдарын өз көңіл–күйлерін ойда сақтап, қайта жаңғыртатын психикалық процесті ес дейді. Бұрынғы уақытша жүйке байланыстары қызмет істесе, адамның есінде қалғаны қайта жаңғырады, санасына қайтадан келеді. Естің бұл күйін қайта жаңғырту дейміз. Адам көптен көрмеген танысын көргенде болған жері есіне түседі. Қабылдаған нәрсемен кездеспей–ақ қайта жаңғыртуды еске түсіру деп атайды.
Кіріспе 4
Ес процесін ғылыми-теориялық негіздеу 6
1.1 Ес туралы жалпы түсінік. Ес процестер 6
1.2 Естің психологиялық теориялары 15
2 Ес түрлері және адамның есін жақсартудың тәсілдері мен жолдары 20
Естің түрлері 20
2.2 Адамның есін жақсартудың тәсілдері мен жолдары 20
Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі 30
Есте сақтау көлемі–бұл информацияны есте қалдыруға және сақтау мүмкіндігін сипаттайтын естің маңызды интегралды мінездемесі.
Қайта жаңғырту жылдамдығы практикалық әрекетке өзіндегі информацияны адам қолдана білу қабілетін сипаттайды. Қандай да бір міндетті немесе мәселені шешу қажеттілігімен кездескенде, адам есінде сақталған информацияға көңіл аударады.
Қайта жаңғырту анықтылығы–адамның нақты есте сақтау қабілетін бейнелейді, ал ең бастысы, есінде әсер қалдырған информацияны сақтау ұзақтығы адамның қажетті информацияны белгілі уақытта ұстап қалу қабілетін бейнелейді. Мысалы, адам емтиханға дайындалады. Оқу тақырыбының біреуін есте сақтайды, ал келесісін оқи бастағанда, есіне түсіре алмайтындығын байқайды. Кейде басқаша болуы мүмкін. Адам барлық қажетті информацияны есіне сақтады, ол оны жасамай алмаған. Алайда бірнеше уақыт өткен соң ол таңырқай білгенінің барлығын ұмытпағанын белгілеп көрсетті. Бұл жағдайда біз естің басқа мінездемесімен соқтығысып отырамыз-әсер қалдырып сақталған информацияны қайта жаңғырту дайындығы.
Есте қалдыру бұл қабылданған информацияны сақтау және әсерін қалдыру процесі. Есте қалдырудың бастапқы формасы–ырықсыз, ниеттелмеген мнемикалық әрекет, яғни мақсатты болмаған, арнайы тәсілдерді қолданбай–ақ жадта қалдыру. Бұл–болған әсерден ми қабығындағы кейбір қозу іздерінің санада бекіп қалуы. Ми қабығындағы әрқандай процесс соңында бекімі әр деңгейде болған із қалдырады.
Өмірде кездестірілген көбі адам есінде ырықсыз орнығады, төңіректегі заттар, құбылыстар мен тұрмыстық оқиғалар, адамдардың қылықтары, әншейін оқыла салған кітап мазмұны т.б., ал енді олардың әрқайсысысының жатталуы бірдей емес. Әдетте, адам үшін өмірлік маңызды нәрселер, қызығулары мен қажеттіліктеріне орай және іс-әрекет мақсаты, міндетіне байланысты заттар мен оқиғалар жеңіл есте қалады. Тіпті ырықсыз есте қалдырудың өзі де таңдамалы сипатты, адамның төңірекке қатынасының берік не әлсіз болуынан.
Ырықсыз есте қалдырудан адамның алдына мақсат қоюынан болатын ырықты, ниеттелген есті ажырата білу керек. Мұндай есте ақпараттардың санада бекіп қалуы үшін адам арнайы тәсілдер қолданады, күрделі ақыл–ой әрекетін пайдаланады. Оқу барысында ниетті есте қалдыру көп жағдайда жаттап алу формасында орындалады, яғни оқу материалы толық әрі мүлтіксіз жатталғанша, көп мәрте қайталанады. Жаттап алуды мақсат етіп қою маңызды роль ойнап, ол есте қалдыру үшін болған барша іс-әрекеттің мәнін айқындайды. Осыдан, ырықты есте қалдыру ырықсыз, ниеттелмеген есте қалдыруға қарағанда анағұрлым өнімді келеді.
Өмір барысында біз қабылдайтын заттың көбі алдымызға қойған арнайы мақсаттарға негіздемесе, есте тұрмайды. Сонымен бірге, егер алға осы міндет қойылып, оны іске асыру үшін қажет болған шаралар орындалып барса, есте қалдыру тиімді нәтижеге жетіп, санада берік орнығады. Бұл жағдайда жалпы мәселелер белгіленуімен бірге (тұтастай жаттап алу), жеке, арнайы міндеттердің де болғаны жөн. Мысалы, бір жағдайда негізгі, басты ой– пікірді есте қалдыру мақсаты тұрса, екіншіде–сөзбе–сөз жаттап алу, ал үшінші бірде–деректерді тізбектей жаттау ниеті тұрады.
Түсінікті болатын да, есте қалатын да ең алдымен біздің іс-әрекетімізбен тікелей байланыстағы заттар, құбылыстар. Бірақ біздің мақсатты әрекетіміздің мазмұнынан тыс, ырықсыз есте қылдыруға негіз болған әрекетке енбеген нәрселер көбіне ырықты есте қылдырудың болмағанынан ойда қала бермейді. Қалай болғанда да ескерілетін жәйт: біздің жүйелі білімдеріміздің көбі арнайы әрекет–шаралардың нәтижесінде пайда болады, жинақталады. Мұндай ниетті әрекеттің басты мақсаты–қажетті материалды есте сақтап қалу. Есте қалдыру және тұрақтанған материалды қайта жаңғыртуға бағытталған мұндай әрекет мнемикалық әрекет деп аталады. Мнемикалық әрекетте адам өзіне ұсынылған материалдан қажетті бөлігін таңдап, оны есте қалдыру міндетін қояды. Барша жағдайда адам өзіне есте қалдыруға ұсынылған нысанды басқалардан айыра біліп, қосымша әсерлерге берілмей, қайта жаңғырту кезінде сол материал шеңберінен ауытқамауы қажет. Мнемикалық әрекеттің таңдамалылығы осында. Материалды жаттап алу, оны есте сақтау және жатталғанды еске түсіру мақсатында өткендегілерді саналы сараптау–саналы іс-әрекеттің айрықша формасы болып саналады.
Механикалық және мағыналық есте қалдыру. Есте қалдырудың табысты болуы адамның жадында сақтауға қажетті болған материалының мағынасын толық түсіне білуіне тәуелді. Механикалық жаттауда сөздер, заттар, оқиғалар мен әрекеттер қабылдау негізіндегі ретімен, қандай да бір өзгеріссіз, сол қалпында есте орнығады. Мұндай есте қалдыру барысында адам жатталуға тиіс нәрселердің кеңістік пен уақыт ішіндегі өзара жақындығына сүйенеді. Ал мағыналы есте қалдыруға келетін болсақ, ол материал бөлшектері арасындағы көзден таза, ішкі логикалық байланыстарына негізделеді, яғни мұндай естің астарында екінші сигнал жүйенің жалпыланған байланыстары жатады. Осыдан, мағыналы есте қалдыру оның механикалық түрінен әлдеқайда тиімді келеді. Механикалық жаттау тиімдігі шамалы, көп еңбектеніп, сан мәрте қайталауды керек етеді; мұндай жолмен жатталғандар қажетті кезінде еске түсе бермейтіні де бар. Ал мағыналы жаттау адамды шектен тыс еңбектерден азат етіп, үлкен де нық нәтижелерге кенелуіне жол ашады|7|.
Түсінімді және берік есте қалдырудың шарттары. Материалды түсініп, ұғу үшін әр түрлі әдістерді қолдануға болады. Игерілетін материалдың өзекті ой топтары бөліп алынып, жоспар түрінде өрнектеленеді. Жоспардың әрбір атамасы–мәтіннің белгілі бөлігінің жалпыланған тақырыбына айналады. Бір бөлшектен екіншісіне өте отырып, материалдың негізгі мағыналарының логикалық бірізді тізбегі құралады. Мәтінді қайта жаңғырту кезінде қажетті материал жоспар тақырыбы төңірегіне шоғырланып, оны еске түсіру жеңілдейді. Жоспар түзуге машықтану адамды оқуға, қызықтырған мәселелердің ішкі байланысы мен тәртібін байқап баруға үйретеді. Жоспар түзіп жаттауға дағдыланған оқушылардың білімі жоспарсыз есте қалдыруға тырысқан шәкірттердің білімінен анағұрлым артық та берік болатыны сөзсіз.
Материалды ұғудың пайдалы әдісі–салыстыру, яғни заттар, құбылыстар мен оқиғалар арасындағы бір–біріне ұқсастық пен ерекшелікті тани білу. Мұғалім көп жағдайда балаларға жаңа танымды түсіндіруде оны өткендігілермен салыстырып отырады, осылайша ол жаңа материалды оқушыларда қалыптасқан білім жүйесіне ендіріп барады.
Материалдың түсінді болуы оның нақтылығында. Бұл үшін жалпы ережелер мен анықтамаларды нақты, күнделікті өмірде кездесетін есептер мен мәселелерді шешу, байқаулар мен дәрісханалық жұмыстар арқылы түсіндіріп бару қажет.
Есте берік қалдырудың жолы–қайталап тұру. Бұл білім, ептілік, дағдыларды игерудің өте маңызды шарты. Бірақ мұндай іс-әрекет өнімді болуы үшін қайталау жұмыстары белгілі талаптарға сай орындалуы тиіс: қайталау белсенді және әр түрлі болуы лазым (мысалдар келтіру, сұрақтарға жауап беру, схема сызу, таблица түзу, көрнекі құрал жасау т.б.). Белсенді қайталау барысында екінші сигналдық жүйе жаңданып, материалды ұғына түсінуге нәр береді.
Қайталаудың әр түрлі формада іске асуы, игерілетін материалдың өмірмен, күнделікті тұрмыстық тәжірибемен ұштасып баруы есте қалдырудың толыққандылығын қамтамасыз етеді. Енжар қайталаудан пайда шамалы. Қайталау уақытын реттестіріп барған жөн. Уақытқа байланысты қайталау екі әдіспен орындалады: жинақты және бөлшектенген. Бірінші әдісте материал бір отырыста жатталады да, оның қайталануы үздіксіз, бірнеше рет орындалады. Мысалы, оқушының өлеңді жаттап алуы үшін 12 қайталау қажет болса, ол сол мәтінді 12 рет оқып, толық есте қалдырмағанша, жұмысын үзбейді. Ал бөлшектенген қайталауда мәтіннің әр оқылу арысы біршама уақытпен ажыратылады. Бөлшектенген қайталау жинақты қайталаудан тиімділеу. Уақыт пен қуат үнемделеді, білім игеруі мен жадта қалуы берік болады. Сондықтан да тәжірибелі мұғалімдер оқу материалын бүкіл жыл бойы қайталап баруға тырысады, бірақ жиі қайталаулардан балалар жалықпасы үшін олардың түрін, формасын, әдістерін алмастырып отырады, өткен материалды жаңа байланыстарға қосып барады.
Психологияда жаттау әдістерінің 3 түрі аталған: тұтастай, шамалап, аралас. Бірінші әдіс–материал мәтінін бастан аяқ, тұтастай бірнеше рет, толық игерілгенше қайталанады. Екіншісінде–материал бірнеше бөлікке ажыратылады да, әрқайсысы өз алдына бірнеше қайталанып, жатталады. Үшінші әдіс–аралас жаттауда тұтастай игеру және шамалап есте қалдырумен материал элементтері біріктіріледі. Бүгін материал алдымен толық, көлеміне орай бір, не бірнеше рет оқылады, кейін қиын тараулары бөліп алынып, өз алдына жатталады, ақырында бүтін мәтін қайтадан толық жаттауға түседі.
Есте қалдырудың
нәтижелі болуы материал
Табысты есте қалдырудың және бір тиімді жолы қажет материалды жүйелестіре білу, яғни есте қалдыруға керек болған заттарды қандай да белгілері бойынша топқа жіктеп, біріктіру, мысалы, түріне, көлеміне, формасына, оқиғалардың өту уақытына т.с.с.
Есте сақтау. Адам есінде қалдырғанды біршама уақыт аралығында есте сақтап тұру қабілетіне ие. Есте сақтау ес процесінің құрылымдық бөлігі ретінде өз заңдылықтарына бағынады. Есте сақтау динамикалық және статистикалық түрде көрінуі мүмкін. Динамикалық есте сақтау мезетті қызметі есте орын иеленіп, ал статикалық–ұзақ мерзімді есте әрекетке келеді. Динамикалық есте сақтауда жатталған материал өзгеріске түсе бермейді, ал тұрақты есте, керісінше, қайта құрылып, өңделеді.
Ұзақ мерзімді
есте сақталатын материал
Тану және қайта жаңғырту. Қандай да нысанды тану сол объекті қабылдау кезінде көрінеді, яғни объекттің қабылдануы адамда бұрыннан қалыптасқан ес немесе қиял елестері негізінде іске асырылады.
Затты не құбылысты тани отырып, біз оны белгілі бір категориялар тобына жатқызамыз. Тану өзінің дәлдігі және толықтығына орай әр түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Танудың ең төменгі дәрежесі адамның алдындағы затты дәл біле алмай, тек шыраматуынан білінеді. Ал аса жоғары тану дәрежесі адамда қабылданатын зат бойынша ешқандай күмәні болмаған жағдайда байқалады; толық тануда субъекті қабылданып жатқан нәрсені қалтқысыз белгілі топқа жатқызып, онымен қандай жағдайда кез болғанын айтып бере алады немесе оны танитыны жөнінде қосымша айғақтар келтіреді.
Қайта жаңғыртудың танудан өзгешілігі: ол танудан іске асады немесе тіпті тікелей танусыз–ақ, одан тыс жүзеге келуі мүмкін. Сондықтан да бұрынғыны қайта жағырту процесі танудан гөрі күрделірек келеді. Мысалы, оқушы мәтінді қайта оқи отырып оңай таниды, ал кітап жабық болып, мәтінді тікелей көрмесе, ол, әлбетте, біраз қиналады.
Қайта жаңғырту материал бөліктерін өз кезегімен еске түсіру арқылы жүргізіледі, бұл жағдайда іске белсенді еріктік әрекет қосылады.
Материалды еске түсіруде жоспарлы белгіленген сұрақтардың көмегі үлкен. Сұрақтар баланы негізгі мақсатқа жетелеп, материал мәтіндері арасындағы уақытша байланыстарды қоздырып отырады. Кейде сұрақтар орынсыз қойылып, екіұшты болса, баланың материалды еске түсіруіне кедергілік етеді. Бұл мұғалімнің есінде әрдайым сақталғаны жөн. Қайта жаңғырту ырықты және ырықсыз орындалуы мүмкін. Еске түсіру–бұл әрқашан ырықты, ниеттелген әрекет: адам алдына күні бұрын еске түсіруді мақсат етіп қояды, ол үшін ой толғанысына батып, ерік күшін қосады. Ал ырықсыз жаңғырту өздігінен жүріп жататын процесс, оның негізінде дүние заттарының уақыт пен кеңістікте болған ұқсастық, сыбайластық немесе қарама–қарсылық байланыстары жатады.
Қайта жаңғырту тікелей немесе жанама болып бөлінеді. Тікелей қайта жаңғырту аралық байланыстарды іске түсірудің қажеті болмайды (мысалы, көбейту кестесін жатқа айтып беру). Жанама қайта жаңғыртуда адам байланыстырушы аралық тетіктерді пайдаланады, олардың ішінде жаңғыртылуы тиіс материалға қатысы бар тірек сөздер, бейнелер, сезімдер мен әрекеттер кіреді|5|
Ұмыту. Ұмыту процесі еске түсіре алмау немесе тану мен қайталап айтып берудегі қателесуде көрінеді. Ұмытудың физиологиялық негізі– уақытша жүйке байланыстарын жандандыруға кедергі етуші ми қабығындағы тежелу әрекеттері. Көбінесе бұл жағдай материалды еске сақтап тұруға ниеттелген қайталаулардың уақтылы болмауынан туындайтын, ойда қалдырғанды бірте–бірте сөндіріп барушы тежелу процесіне байланысты. Толық жаңғырта алу мен бүтіндей ұмыту аралығында психологияда “ес деңгейлері” деп аталған тану кезеңдері байқалады. Мұндай деңгейлер үшей: 1) қайта жаңғыртушы ес; 2) тану есі; 3) тану мен жаңғыртуды жеңілдетуші ес. Мысалы, оқушы өлеңді жаттап алды. Егер уақыт өтумен шәкірт жаттағанын түгелдей жаңғырта, айтып берсе, онда балада бірінші деңгейдегі, ең жоғарғы естің болғаны; егер оқушы жаттағанын айтып беруде көп қателессе, бірақ оны кітаптан немесе басқаның айтуында тани алса, екінші деңгейлі еске ие болғаны; егер оқушы жаттағанын өз бетінше кітаптан да, басқаның еске салуымен де қайталап, айтып бере алмай, бірақ толық еске түсіріп, айтып беру үшін, қайта жаттауда аз уақытта нәтижеге ерісе алса, онда үшінші деңгейлі еске ие болғаны/8/.
Ұмыту материал
құрылымын түзуде, яғни жоспарлауда,
оның кейбір мәнді бөлшектерін
назардан тыс қалдыруда, жаңа
жаттағандарын ескілерімен