Ес туралы жалпы ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 19:59, курсовая работа

Краткое описание

Адамның өмір тәжірибесін де қабылданғаны басынан кешкен ой–сезімі, әрекеті ізсіз жоғалып кетпейді, баста сақталады, кейін қайта жаңғыртылады. Бұрын қабылданған зат, құбылыс образдарын өз көңіл–күйлерін ойда сақтап, қайта жаңғыртатын психикалық процесті ес дейді. Бұрынғы уақытша жүйке байланыстары қызмет істесе, адамның есінде қалғаны қайта жаңғырады, санасына қайтадан келеді. Естің бұл күйін қайта жаңғырту дейміз. Адам көптен көрмеген танысын көргенде болған жері есіне түседі. Қабылдаған нәрсемен кездеспей–ақ қайта жаңғыртуды еске түсіру деп атайды.

Содержание

Кіріспе 4
Ес процесін ғылыми-теориялық негіздеу 6
1.1 Ес туралы жалпы түсінік. Ес процестер 6
1.2 Естің психологиялық теориялары 15
2 Ес түрлері және адамның есін жақсартудың тәсілдері мен жолдары 20
Естің түрлері 20
2.2 Адамның есін жақсартудың тәсілдері мен жолдары 20
Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі 30

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ес туралы жалпы ұғым.doc

— 230.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

     Кіріспе                                                                                                                4                                                                                                                       

  1. Ес процесін ғылыми-теориялық негіздеу                                               6

1.1 Ес туралы жалпы түсінік. Ес процестер                                                6

  • 1.2 Естің психологиялық теориялары                                                            15
  •      2 Ес түрлері және адамның есін жақсартудың тәсілдері мен жолдары 20

      1.   Естің түрлері                                                                                     20

         2.2 Адамның есін жақсартудың тәсілдері мен жолдары                             20

    Қорытынды                                                                                                Қолданылған әдебиеттер тізімі                                                                      30

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

        Кіріспе

        

        Адамның өмір тәжірибесін де қабылданғаны басынан кешкен ой–сезімі, әрекеті ізсіз жоғалып кетпейді, баста сақталады, кейін қайта жаңғыртылады. Бұрын қабылданған зат, құбылыс образдарын өз көңіл–күйлерін ойда сақтап, қайта жаңғыртатын психикалық процесті ес дейді. Бұрынғы уақытша жүйке байланыстары қызмет істесе, адамның есінде қалғаны қайта жаңғырады, санасына қайтадан келеді. Естің бұл күйін қайта жаңғырту дейміз. Адам көптен көрмеген танысын көргенде болған жері есіне түседі. Қабылдаған нәрсемен кездеспей–ақ қайта жаңғыртуды еске түсіру деп атайды.

         Қайта жаңғырту  процесінде тану мен еске түсірудің  қызметі бірін–бірі толықтырып  отырады. Мысалы бұрын оқыған  кітабымыз болса, оны танимыз. Қабылданған нәрсенің есте қалғаны–естің материалы, есте сақталып, қайта жаңғырталғыны–естің мазмұны. Адам есінің негізгі мазмұны –сөзбен айтылатын материал. Адам басқа кісінің ойы бастан кешкен сезімдері, әрекеттері сөз арқылы қайта жаңғыртылады.

         Есте қалдыру процесінде, әдетте, бір заттың немесе құбылыстың екінші бір затттармен немесе құбылыстармен байланысы жасалады. Мәселен, біздің жаңа танысқан адамымыздың атын есте сақтау үшін, біз белгілі бір атты ол адаммен, оның сыртқы келбетімен және басқа ерекшеліктерімен байланыстырамыз. Белгілі бір тарихи фактіні меңгере отырып, біз оны тарихтың басқа уақиғалармен байланыстырамыз. Оны белгілі бір кезеңге жатқызамыз. Шетел сөзін, мысалы das Haus деген сөзді есте сақтау үшін, бұл сөзді “үй” деген ұғыммен байланыстырамыз. Сөйтіп есте сақтау дегеніміз– жаңаны адамның санасында бұрыннан бар нәрсемен байланыстыру.

         Ежелгі гректер естің  мәні–заттар мен құбылыстардың  арасында байланыстар жасауда  екенін білген. Бұл байланыстар ассоциациялар (ассоциация–латынның assotiatio–қосу, байланыс деген мағынаны білдіреді) деп аталатын болады. Ассоциацияның үш түрі айырып көрсетіледі: а) шектестігіне (немесе уақытына) қарай. Мәселен, туған үйім туралы ойлағанда, мен онымен көршілес бау бақшаны есіме түсіремін. Белгілі бір оқиғаны еске түсіргенде сол кезде болған басқа бір фактілер ойыңа түсе кетеді; б) ұқсастығына қарай, в) контрастылығына қарай. Бұлай етіп жіктеуді ежелгі грек философы Аристотель көрсеткен болатын.

         Бұл байланыстардан  басқа, психологияда мағына байланысы  дейтінге үлкен мән береді. Бұлар ассоциацияны тек неғұрлым күрделі ассоциация деп ұғады. Олардың негізінде бір құбылыстардың екінші бір құбылыстарға тәуелділігін түсіну жатады. Мәселен, оқушы теореманы білмесе, геометрия есебін шеше алмайтындығын біледі. Бұл байланыс мағыналық себептес– нәтижелес байланыс болып табылады. Мұндай асссоциациялардың адам өмірінде үлкен маңызы бар.

         Адам өзінің өмірде көріп-естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.

    Сонымен, адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет  кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйі қайта жаңғырту делінеді. Қайта жаңғыртуда тану мен еске түсіру қызметі бірін-бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің материалы делінсе,   ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны   естің   мазмұны   болып   саналады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс-әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады.     Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Алайда, тұрақты   түрде   тұжырымдалып, бір жүйеге түскен теория жоқ. Бұл   жайт ес  процесінің осы кезге дейін әртарапты қызу зерттелгендігін, ол жөнінде бірнеше ғылыми жорамалдар   мен   концепциялар және әрқилы модельдер бар екендігін көрсетеді. Соңғы жылдары ес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда. Осы орайда, бүгінде естің механизмі мен оның   заңдылықтары   жайында қалыптасқан психологиялық   және нейропсихологиялық  бұрынғы бағыттарға қосымша   үшінші   бағыт — биохимиялық тұрғыдан іздестіру қосылып   отыр.   Сондай-ақ, есті бұлармен қатар кибернетика ғылымы   тұрғысынан  зерттеуде де едәуір қалыптасқан жүйелер бар.

    Курстық жұмысының мақсаты – психологиядағы есті зерттеу.

              Курстық  жұмыстың  міндеттері:

    • естің теорияларын қарастыру.
    • естің түрлерін және өзара байланыстарын анықтау.
    • естің процестерін талдау.

    Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен,

    қорытындыдан және қолданылған  әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші  бөлімде « ес туралы жалпы ұғым » жайлы, ал екінші бөлімде  «естің жалпы сипатын » талдау.

     

                               

        

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    1  Ес процесін ғылыми-теориялық негіздеу                                              

     

     

    1.1Ес туралы жалпы түсінік. Ес процестері.

     

         Біздің  әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз  бен әрекет–қылығымыз санамызда  біршама уақыт (ұзақ қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатынын баршаға мәлім. Осыдан, өткен тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жатып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады|1|

         Сонымен  ес–бір бірімен ұштасқан дара  бөлшектерден құралған күрделі  психикалық процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субъектісі жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады.

         Жантану  ғылымы, осыдан, өз алдына келесі  мәселелерді шешу міндетін белгілейді: санадағы өткен тәжірибе іздері қаншама уақыт сақталуы мүмкін?; есте қалдырудың ұзақ не қысқа мерзімді болуы неліктен?; ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкін?; естің адам танымына ықпалы қандай?

         Сұрақтарға  жауап іздеуге психология өзінің  алғашқы эксперименттерін осы  ес проблемасын зерттеумен байланыстырды. Өткен ғасырдың 80– жылдары неміс психологы Ғ. Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашты: мағынасыз әріп буындарын жаттай отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгіледі. Ал психиатр Э. Крепнина аталған тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру (жаттау) әрекетін тексеру үшін қолданды. Адам есінің бекуі және қайта жаңғырумен байланысты негізгі заңдар Г.Э. Мюллер еңбектерінде жария етілді|2|.

         Алғашқы  кездегі ес зерттеулері көбіне  саналы іс-әрекетпен байланыстырылды,  ал XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында ғылыми іздену шеңбері кеңейе түсті, енді талдау аймағында есте сақтаудың жалпы табиғи, адамға да, жануарға да бірдей механизмдері алынды. Бұл тұрғыдан зерттеу жүргізген американ психологы Торндайк жануарлардағы дағдылардың қалыптасу заңдылықтарын ашып берді. Бұл үшін ол жануарларды лабиринтте жол табуға жаттықтырып, одан қалыптасатын дағдылардың бірізді беку процесін байқастырды. XX ғ. алғашқы он жылдығында ес процесін зерттеу жаңа ғылыми формаға еніп, ол И.П. Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісімен байланысты болды. Есте қалдыруға ықпал жасаушы жаңа шартты байланыстардың пайда болуы мен олардың сақталу жолдары осы И.П. Павлов жаңалығына орай белгіленді. Бұл кезеңге дейінгі психологиялық зерттеулер естің ең қарапайым процестерімен ғана шектелген еді.

         Ал естің  ең жоғары, адамға өз өмірінің  қалаған кезеңін жадқа түсіріп, оны пайдалануға мүмкіндік туғызатын ырықты және саналы формалары тек философтар тарапынан қарастырылып, олар естің табиғи формаларына қарсы қойылады да, жоғары сананың туындысы деп танылды. Сондықтан да естің жоғары формаларының пайда болуы мен даму себептерін айқындау философ –идеалистер күн тәртібінде тіпті де қойылмады. (А. Бергсон).

         Естің жоғары  формаларының жүйелі зерттелуі  орыс ғалымы Л.С. Выготский есімімен байланысты. Ол 20–жылдар аяғында өз шәкірттерімен бірлікте естің жоғары формаларының дамуы жөніндегі мәселені қозғай отырып, олардың әлеуметтік негізге ие психикалық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін алғашқы рет дәлелдеді. Ұлы ғылымның ізбасарлары А.А. Смирнов және П.И. Зинченко естің саналы іс-әрекетпен байланыстылығы жөніндегі жаңа, әрі мәнді заңдарын ашып, есте қалдырудың алға қойылған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеп,-әрі күрделі материалды есте қалдырудың тәсілдерін белгілеп, ұстаз тағлиматын одан әрі толықтырды.

         Ес психологиясын  зерттеудің біршама нәтижелі  болуына қарамастан, естің физиологиялық механизмдері мен өзіндік табиғаты көпке дейін сыр болып, философтар мен психологтар есті “материяның жалпы қасиеті” деуден аспады. Кейінгі 30 жыл ішінде ғана бұл ғылым бағытында кейбір саңлақтар көрініс берді. Бұл кезеңдегі зерттеулер нәтижесінде есте қалдыру, сақтау және жаңғырту тереңде жатқан биохимиялық өзгерістермен байланысты екені анықталып, оның РНК (рибонуклеин қышқылы) құрамындағы ауысуларға тәуелділігі және ес іздерін биохимиялық жолдармен екінші ағзаға егуге болатыны дәлелденді|4|.

         Ақырында, ес іздерін сақтауға қажетті  ми аймағын табуға және есте  қалдыру мен ұмытудың жүйкелік  механизмдерін ашуға ниеттелген  зерттеулер жарық көрді. Қазіргі күнде ес процесін тану психологиялық, физиологиялық және биохимиялық негіздердегі ізденістерге сүйенеді. Осыдан, адам есі–біртекті қарапайым қызметтен құралмайтыны белгілі болып отыр. Оның құрамы сан–алуан. П. Линдсей мен Д. Норманн естің бір– біріне ұқсамас 3 типі болатынын алға тартады: 1) сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі; 2) қысқа мерзімді ес; 3) ұзақ мерзімді ес.       

         Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі. Бұл ес жүйесі біздің сезім мүшеміз қабылдаған дүние көріністерін толық әрі дәл сақтауға жәрдем береді. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпараты есімізде өте қысқа мерзімге ғана орнығып, 0,1–0,5 сек. ішінде жойылып кетеді.

    1. Қолыңызды 4 саусағыңызбен қағып, кейін оған келген сезімнің қалайша өшетініне мән беріңіз: қағу тоқтағаннан соң да, болған қаққылау сезімі біршама уақыт сақталып барып, сол жойылады да, кейін тек қаққы әрекеті болғаны ғана есіңізде қалады.
    2. Көзіңізді біраз жұма тұрып, кейін сол мезетте  ашумен, қайта жұмыңыз. Ашып–жұму арасында қас–қағамды көрген заттарыныздың бейнесі нақ күйінде көз алдыңызда біраз сақталып, кейін жайымен жойыла бастайды.
    3. Қалам не сұқ саусағыңызды көз алдыңызда оңды–солды жүргізсеңіз, қозғалған затқа оның бұлдыр сағымы ергенін байқайсыз.

         Қысқа мерзімді есте жоғарыда баяндалған жүйедегіге қарағанда материал басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезімдік деңгейдегі толық көріністей болмай, оқиғаның қандай да бір шығын баламасына сәйкес келеді. Мысалы, сізге қаратылған ақпарат оны құрайтын дыбыстар жүйесінде қабылданбай, біртұтас сөздер қалпында еске алынады. Әдетте, ұсынылған материалдың ең мәнді деген 3–4 бірлігі немесе кейінгі элементтері ғана қабылданады. Саналы, ерік күшін қосумен сол қабылданған сөздік материалды бірнеше рет қайталай отырып, оны есте біршама ұзақ мерзім сақтауға болады. Ал сезімдік естегі нақты бейне қайталанбайды, ол секундке жетпей, жойылады да, ұзарта сақтауға келмейді.

         Ұзақ мерзімді ес. Баршаға белгілідей, осы мезетте болған оқиға мен атам заманда жүз берген тарихи жағдайларды есте сақтаудың арасында айтарлықтай өзгешелік бар. Осыдан, ұзақ мерзімді ес–жадта сақтау жүйесінің маңызды да әрі күрделі түрі. Жоғарыда келтірілген 2 ес жүйесінің қамту аймағы өте шектелген: біріншісі–шағын уақытқа жұмыс істесе, екіншісі– материалдың кіші бөлігін ғана ұстап қалуға қабілетті. Ал ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан арық сақталғаның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді.

         Ұзақ мерзімді еске байланысты қиыншылық–бұл санадағы ақпаратты іздестіріп, таңдап, қажеттісін таба білу. Ал есіміздегі мәліметтің көптігі соншалықты, оны санмен айғақтау мүмкін емес. Солай болса да, сана қорымыздан қажетті дерек дер кезінде шыға келетініне таңданбасқа болмайды.

         Бірақ ұзын мерзімді  естің де аймақ көлемінің шегі  барын мойындамасқа болмайды, себебі  ол мөлшем мимен байланысты. Ғылымда дәлелденген, ми 10 млрд. нейроннан тұрады, ал әрбір нейрон аса көп заңды ақпарат сақтауға қабілетті. Бірақ әрбір жеке адам миының есте қалдырып, сақтау мүмкіндігі оның биологиялық әлеуметтік дамуына байланысты.

         Адам және адамзат туралы айтқанда, біз әрдайым “есте сақтау”, “еске түсіру” сияқты ұғымдарды айтамыз. Адам әрдайым дамуға, прогреске, жаңа білімге ұмтылған, ал есте сақтау–бұл білім алу және білу үшін абсолюттік қажетті жағдай. Есте сақтаусыз адам  тәжірибесін есте қалдыру және жинақтау, оның қоғамда қалыпты қызмет етуі мүмкін емес, сондықтан сте сақтау механизмін зерттеу педагогика, тәрбие сияқты аудандар үшін ерекше маңызды. Психолог С.Л. Рубинштейн былай деген: “Ессіз біз қысқа мезеттік жан едік. Біздің өткеніміз болашағымыз үшін өлі еді, ал қазіргі… өткенге қайтарылмайтындай ғайып болар еді”|2|.

         Ес, басқа танымдық психикалық процесс сияқты белгілі мінездемесі болады. Естің негізгі мінездемесі болып табылады: көлемі, әсер қалдыру жылдамдығы, қайта жаңғырту анықтығы, есте сақтау ұзақтығы, есте сақтаған информацияны қолдануға дайындығы.

    Информация о работе Ес туралы жалпы ұғым