ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 20:27, дипломная работа

Краткое описание

Тақырып өзектілігі: Жаңа дәуір табалдырығында тұрған адамзат баласы өзінің даму сатысында интеллектуалдық қабілетке барыша иек артуда. Интеллектуалдық ақыл ой дегенде, сөз талантты адамдар жайлы өрбиді. Мұндай дарын иелері қоғамның үлекен байлығы және алға жылжытар күші.
Сондықтан ғылымымыздың сан саласы дамып жаңа техналогиялардың жасалуы мен өндірістің өрге басуында қалыптан тыс, еркін ойлайтын талант иелеріне қоғамымыз мұқтаж болып отыр.
Қазіргі жедел қарқынмен дамып келе жатқан әлеуметтік экономикалық жағдайларда жетістіктерге жету үшін, соның ішінде кәсіби іс шараларда білімділік, шығармашылық қабілеттерді иемдену қажет. Осы міндеттерді шешу табыстылығы мектеп өмірі реформасының қарқыны мен бағытына байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3
1 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................................................................................................................7
1.1 Дарынды балалардың тұлғалық ерекшеліктерінің сипаты.................................7
1.2 Дарынды оқушыларды дамытудың ғылыми методологиялық негіздері .......25
2 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАУДЫ ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ...........................................................................36
2.1. Дарынды балалардың оқыту ерекшеліктерін анықтауды зерттеу процедурасы................................................................................................................36
2.2 Дарынды балалардың оқыту ерекшеліктерін анықтауды зерттеу нәтижесі..53
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................63
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................................................................66
ТІРКЕМЕ А ................................................................................................................70
ТІРКЕМЕ Ә ................................................................................................................72
ТІРКЕМЕ Б .................................................................................................................74
ТІРКЕМЕ В..................................................................................................................76

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ .doc

— 453.00 Кб (Скачать документ)

Е.Л. Яковлева осыған негізделе  отырып, танымдық іс-әрекет айшықталған  оң эмоция фонында  өтуі керек деп  есептейді. Адамның шығармашылық  потенциалын дамыту құралдарын ұсынады:

1) когнитивті мазмұнды  эмоционалдылыққа трансформациялау, яғни  білім алудың мәні тек  қана материалды меңгеру емес, орындалатын әрекетке деген   эмоционалды қатынасты көрсетеді;

2) гуманистік психология  принциптерінің жүзеге асырылуы дарындылықты дамыту принциптерінің жүзеге асырылуы [44, 128 б.].

Дарынды балалармен жұмыс  жасауда педагогтардың іс-әрекетіндегі кәсібилікті жоғарылатудың маңызы зор. Дарындылыққа қатысты жаңсақ стеоретиптерді меңгеру қажет.

Балалардың дарындылығын дамытудағы нышанның рөлін жоғарлатуға болмайды. Көптеген әдебиеттерде  балалардың дарынды болуы тек қана табиғаттың бергеніне емес, сонымен бірге өз индивидуалдылықтарын жүзеге асыра алуына да байланысты екендігі айтылады

 Көптеген зерттеушілерде мектептегі үлгерушілік   негізгі ғылыми білім және оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің арасында қатаң байланыстың жоқтығы айтылады. Қандайда мәселенің шешу жолдарын тек қана оқу озаттары ұсындайтыны баршаға мәлім.

Оқу және шығармашылық дарындылықтары  түрлі мазмұнға және бағыттылыққа ие әртүрлі сапа екенін саналы түсіну керек. Жалқаулық адамның индивидуалдылығының, оның қабілеттерінің дамуына кедергі келтіретін  үлкен мәселе.

В.С. Юркевич жалқаулықты  тұлғаның дамуының ауруы ретінде  қарастырады және ақыл –ой  жалқаулығының  себептерін бөліп көрсетті:

- «эмоцияның ауруы»;

- «ақыл ой азығының  тапшылығы»;

- «оқи алмаушылық».

Автор жалқаулықты жеңудің басты құралы  оқушыларда адекватты өзіндік бағаны қалыптастыру екенін көрсетеді [43,  104-108 б.].

Педагогикалық ұжымның іс-әрекетінің басты мақсаты білім берудің  мазмұнының әртүрлі нұсқаларының және педагогикалық технологиялардың аппобациялары арқылы балалардың дарындылығының дамуын қамтамасыз ететін оптималды педагогикалық жүйені құру.

Ізденімпаздық іс-әрекеттің тиімділігін арттыратын шығармашылық атмосфера,  бірлесе жұмыс істеу, өзара көмек көрсету, қолдау және кооперация жағдайлары сақталуы тиіс.

Педагогтің кәсіби жоғары деңгейі тек қана пәндік білімді  терең білу емес, сонымен бірге шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу шеберлігі болып табылады. Ол үшін педагог жаңашыл, оқушыларды шығармашыл процеске жұмылдырып, олардың белсенділіктерін, дербестіктерін, бастамашылдықтарын стимулдай алуы керек. Осыған байланысты  мұғалімнің индивидуалды даму мәселесі ерекше өзектілікке ие болады [36. 20б.].

Сонымен бірге диагностикалық функцияны да жетілдіру қажет, оған  пәнді меңгерудің психологиялық  ерекшеліктерін, сонымен бірге оқушылардың  индивидуалды танымдық мүмкіндіктерін білу, өз зейінін дұрыс бөле алу, барлық оқушыларды бірге және әрқайсысын жекелеп байқай алу; өзінің күшті және әлсіз жақтарын саналау; оқушылармен өзара әрекеттістік тәсілдерін жоспарлау шеберлігі; таным процесінің өтуін  болжау шеберлігі, оның нәтижесін көре алу; танымдық процесте қабылдай алмаушылықты қабылдай алу шеберлігі, өз іс-әрекетіне түзеулер енгізу, жылдам бейімделе алушылық [20, 98 б.].

Дарынды балаларға арналған оқу орындарында оқушыларда бірлесе  жұмыс жасау қатынасын дамыту индивидуалдылықтың, шығармашылық потенциалдың дамуына әсер ететін тиімді құрал болып табылады.

ІХ  Дүниежүзілік дарынды  және талантты балалар бойынша Гаага  қаласында өткен конференцияда, V-ші Венада өткен жоғарғы қабілеттерге байланысты  Еуропалық кеңестің конференциясында  дарынды балалармен жұмыс жасауға тілектес және қабілетті мұғалімдерді даярлау міндеті қарастырылды. Сұрақты тек педагогикалық тәжірибе, тамаша пәндік білім, жаңа оқыту технологияларын игеру жөнінде ғана қоюға болмайды.

Педагогикалық тәжірибе, пәндік білім дарынды балалармен жұмыс жасауда кедергі келтіруі де мүмкін, өйткені жинақталған тәжірибе мұғалім мен оқушы арасындағы өзара кәсіби стереотип санының көбейуіне әкеледі.

Тұлғалық құндылықтармен бекітілмеген кәсіби білім оқушылармен  өзара әрекеттік бағдарда дарындылықты, индивидуалдылықты жоюға әкелетін түрлі қақтығыстардың себебі болуы мүмкін.

Зерттеушілердің зерттеу  жұмысының нәтижесінде дамыту сыныптарымен жұмыс жасайтын мұғалімдердің оқытудың әдісін және оқушылармен өзара әрекеттістікте дәстүрлі әдісті өзгертпей, оқытудың теориялық  бағытына зейін қояды.

Педагогтардың кәсіби шеберлігін жоғырлатуда ішкі бақылау және оқу  процесін нәтижесін, ұйымдастырудың өзіндік  талдауын жасауды дамыту мақсатқа бағытталған  болады.

Сонымен, дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер келесі кәсіби іс-әрекет түрлерін табысты жүзеге асыруы тиіс:

  1. Оқу мекемесінің нормативті құжаттарын өңдеуге қатысу;
  2. Оқу мекемесінің ерекшелігін есепке ала отырып оқу пәндері бойынша авторлық модификацияланған бағдарламаларды құру;
  3. Әртүрлі деңгейдегі  индивидуалды маршрут негізінде бағдарламалар құру;
  4. Оқу курстары бойынша оқу тақырыптық жоспарлар құру;
  5. Әдістемелік құралдар, оқулықтар даярлау;
  6. ЭЕМ үшін бағдарламалар жасау;
  7. Қандайда бір мәселе бойынша аннотациялық әдебиеттер тізімін құру;
  8. Мұғалімдердің шығармашылық тобына басшылық жасау;
  9. Ғылыми, ғылыми-әдістемелік конференцияларға, педагогикалық оқуларға  хабарлама, баяндамалар даярлау;
  10. Оқушылардың  білім, шеберлік және дағды деңгейін бақылауға арналған материалдарды өңдеу;
  11. Оқу-көрнекілік әдістемелер, оқытудың техникалық  құралдарын,  слайдтар  және тағы басқаларды даярлау және өңдеу;
  12. Мұғалімнің немесе педагогикалық ұжымның жұмыс тәжірибесі сипатталған баяндама тезистерін, мақалалар, монографияларды басылымға даярлау;
  13. Тәжірибелік-эксперименталды жұмыстың индивидуалды бағдарламасын өңдеу;
  14. Мектепте тәжірибелік эксперименталды жұмысты жүргізу мақсатында  әдістемелер ұсыну;
  15. Оқушыларға арналған пәндік олимпиадалар үшін  сайыстық тапсырмалар құру;
  16. Оқыту мекемесінің оқушыларын пәндік олимпиадаларға, зерттеушілік жобалар сайыстарына даярлау;
  17. Жаңа педагогикалық технологияларды  енгізу;
  18. Мұғалімдер тобының  оқушылардың дарындылығын дамытуға байланысты құрылған оқу  бағдарламалар зерттеу;
  19. Оқу мекемесінің ғылыми-әдістемелік семинар жұмыстарына қатысу;
  20. Кәсібилікті жоғарылату институттарында дәрістер оқу;
  21. «Жыл мұғалімі» сайыстарына қатысу [5.80б.].

 

2 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ  ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАУДЫ  ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ

2.1. Дарынды балалардың  оқыту ерекшеліктерін  анықтауды  зерттеу процедурасы

 

Дарынды балаларды оқыту  және тербиелеуді ұйымдастыруда  негізгі міндет дарындылықтың типін, түрін, деңгейін және т.б. анықтап, қабілеттер мен талантылықтың толық ашылуына жағдай жасау.

Дарынды балаларды ашу  нақты баланың дамуын талдаумен  байланысты ұзақ процесс, дарындылықты қандай да бір әдіс көмегімен  мысалы, тестілеу арқылы мүмкін емес.

Дарынды балаларды оқыту  және тәрбиелеу процесінде біртіндеп  кезеңмен іздестіру қажет.

Дарынды баланы бағалауда  мүмкін болар қателерді төмендету  қажет, ғалымдар осы уақытқа дейін  бұл феноменнің жалпы нақтыланған  анықтамасын әлі берген жоқ, өйткені көрсетікштері  күрделі, жан-жақты және көп деңгейлі.

Балалардағы дарындылықты анықтау мәселесі нақты көрінетін  этикалық аспектіге ие.

Дарынды немесе дарынды  емес баланы анықтай отырып, біз  оның ары қарайғы өміріне жасанды  түрде араласамыз, өйткені баладағы қандай да бір іс-әрекетке деген құлшыныс есейгенде талантты адам болуға кепіл бермейді.

Аталғандарды ескере отырып дарынды балаларды анықтаудың келесі принциптері құрылуы мүмкін:

  1. Баланың мінез-құлқы және іс-әрекетінің әртүрлі жан-жақтылық сипатын кешенді бағалау  әртүрлі көздердегі ақпараттарды қолданып оның қабілеттілігінің кең спекторын қамтиды;
  2. Баланы ұзақ уақыт зерттеу;
  3. Баланың қызығушылығы мен бейімділігі максималды мөлшерде сәйкес келетін іс-әрекет аймағындағы мінез-құлқын талдау;
  4. Белгілі дамытушы әсер ететін сонымен бірге баладағы психологиялық кедергілерді жоятын тренинг әдістер шеңберін қолдану;
  5. Дарынды баланы бағалауға эксперттерді қосу: пәндік аймаққа сәйкес іс-әрекеттегі жоғары санатты мамандар;
  6. Баланың дарындылығының  психикалық дамудың актуалды деңгейінне қатынасы бойынша ғана емес, сонымен бірге, дамудың жақын аймағын  есепке ала отырып бағалау;
  7. Баланың нақты жағдайдағы нақты мінез-құлқын бағалайтын эксперименталды маңызды психодиагностикалық әдістерге тіреу жасау, мысалы, іс-әрекет нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелесу, мұғалім және ата-аналардың эскперттік бағасы, табиғи эксперимент.

Психодиагностика әдістері өте күрделі, жоғары кәсібилікті  және арнайы оқуды талап етеді.

Сонымен баланың дарындылығын анықтауда жалғыз көрсеткіштер бағасына сүйенуге болмайды, мысалы,  интеллектуалды дамудың индивидуалды дейгейін сипаттайтын психометриялық тестер көмегімен анықталатын интеллект коэффицентінің сандық параметрлері.

Интеллект және креативтілік тестерін қолдану зерттеушілердің  есептеуінше  бірнеше шектеулерге ие.

Дарынды балаларды  интеллект  тестерінің көрсеткіштерінде реттеу ғылыми көзқарас бойынша жарамсыз болып  табылады, өйткені қолданылатын параметрлердің нақты теориялық және эмпирикалық  негізі жоқ.

Дарындылықты анықтауға  арналған тестерді қолдану  балаларды ұзақ уақыттық бақылауда алған нәтижелерді нақтылау үшін, баланың психологиялық сапаларының күшті және әлсіз жақтарын анықтауға және қажетті психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін қажет.

Психометриялық тестер нақты баланың дарындылығының көріну динамикасын бақылау үшін  тиімді, сонымен бірге,  жасырын  дарындылықты анықтауда көмектеседі.

Сонымен тестер балалардың дарындылығын анықтаудың  көп әдістерінің  бір ретінде қолданылады. Тестер – кәсіби шебердің қолындағы  пайдалы психометриялық құрал.

Балалардың дарындылығын анықтауда кешенді бағытты қолдану  мақсатқа бағытталған болады. 

Соған байланысты әртүрлі  әдістердің кең спекторы қолданылады:

  1. Балаларды бақылау әдісінің әртүрлі нұсқалары (табиғи және лабораториялық жағдайда, сыныптан тыс іс-әрекетте);
  2. Баланың отбасылық жағдайы, ерте балалық кездегі дамуы жайлы ақпараттарды жинақтауға арналған әдістер қатарын қолдану (ата-анасымен әңгімелесу, анкета, балалардың шығармасы, күнделік жазбалары т.б.);
  3. Арнайы психодиагностикалық тренингтер;
  4. Балалардың мінез-құлқына мұғалімдер, ата-аналар, тәрбиешілердің берген эксперттік бағасы;
  5. Арнайы ойындар және пәндік бағдарланған  сабақтарды арнайы бағдарламалар бойынша өткізу;
  6. Топтық шығармашылықты жұмысты өткізу барысында балалардың рөлдік ойындарға,  «миға шабуыл»-дарға қатысуы;
  7. Балалардың  шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелерін  кәсіби шеберлердің  экспертті бағалауы;
  8. Әртүрлі интеллектуалды және пәндік олимпиадаларды, конференцияларды, спорттық дарыстарды, шығармашылық сайыстарды, фестивальдарды т.б. өткізу:
  9. Дарындылықтың нақты жағдайынна байланысты әртүрлі әдістемелерді қолдану арқылы психодиагностикалық зерттеулер жүргізу.

Дарындылықты зерттеуге  арналған  психодиагностикалық  әдістемелер  жүйесі  бар.

Төмендегі кестеде  дарындылықты зерттеуге арналған психодиагностикаплық әдістемелердің кейбір түрлері берілген:

Кесте 2.1.1 Дарындылықты идентификациялау әдістері

Түрлері

Әдістер

Бағалау параметрлері

Интеллектуалды дарындылық

1. Стенфорд-Бине интеллект  шкаласы;

2. Векслер тестері;

3. Слассон интеллектуалды тесті;

4. 2,5 – нан 12,5 жасқа  дейінгі балаларға арналған Кауфиановтық  бағалау тестінің батареясы

Жалпы интеллектуалдылық  қабілеттерді анықтау үшін қолданылады.

Екі ірі параметр қарастырылады:

ақыл-ой және жетістік.

5. Балалар қабілеттілігінің Маккарти шакаласы, 2,5-нан 8,5-ға дейінгі балаларға арналған.

Жалпы когнитивтік индекске және вербалды перспективті есептеу  қабілеттеріне, еске байланысты бес  субтест беріледі.

6. Мектеп қабілеттілігін  зерттеуге арналған Отис Ленновский  тесті.

Жалпы интеллектуалдық қабелттерді анықтауға арналған.

7. Когнитивті шеберлік  тесті

Когнитивті шеберлік индексі және бірізділік, аналогия, ес арналған  төрт субтест.

8. Мәдени тәуелсіз  Кэттел интеллектуалдық тесті.

Тілдік және мәдени шектеулері бар  адамдар ортасындағы қабілеттерді анықтауға арналған.

9. Р. Торндайк және  Е.Хаген ұсынған когнитивті қабілеттерді  зерттеуге арналған тест.

10. Г. Айзенк тестері.

Абстрактілі ойлау дейгейін анықтау,  арнайы дарындылық бағдарламасы бойынша балаларды анықтау.


 

Енді, зерттеу жұмысымызда  қолданылатын әдістемелер батареясын тарқата қарастырайық.

Зерттеу жұмысы барысында  төменгі әдістемелер алынды:

  • Г. Айзенгтің «Жалпы қабілеттерді анықтау»  тесті;
  • Л.К Көмекпаева.  Мен  З.Б. Модалиеваның ұсынған «Логикалық ойлау қабілетін анықтауға арналған» тесті
  • Л.К. Көмекпеава ме<sp

Информация о работе ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ