ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 20:27, дипломная работа

Краткое описание

Тақырып өзектілігі: Жаңа дәуір табалдырығында тұрған адамзат баласы өзінің даму сатысында интеллектуалдық қабілетке барыша иек артуда. Интеллектуалдық ақыл ой дегенде, сөз талантты адамдар жайлы өрбиді. Мұндай дарын иелері қоғамның үлекен байлығы және алға жылжытар күші.
Сондықтан ғылымымыздың сан саласы дамып жаңа техналогиялардың жасалуы мен өндірістің өрге басуында қалыптан тыс, еркін ойлайтын талант иелеріне қоғамымыз мұқтаж болып отыр.
Қазіргі жедел қарқынмен дамып келе жатқан әлеуметтік экономикалық жағдайларда жетістіктерге жету үшін, соның ішінде кәсіби іс шараларда білімділік, шығармашылық қабілеттерді иемдену қажет. Осы міндеттерді шешу табыстылығы мектеп өмірі реформасының қарқыны мен бағытына байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3
1 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................................................................................................................7
1.1 Дарынды балалардың тұлғалық ерекшеліктерінің сипаты.................................7
1.2 Дарынды оқушыларды дамытудың ғылыми методологиялық негіздері .......25
2 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАУДЫ ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ...........................................................................36
2.1. Дарынды балалардың оқыту ерекшеліктерін анықтауды зерттеу процедурасы................................................................................................................36
2.2 Дарынды балалардың оқыту ерекшеліктерін анықтауды зерттеу нәтижесі..53
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................63
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................................................................66
ТІРКЕМЕ А ................................................................................................................70
ТІРКЕМЕ Ә ................................................................................................................72
ТІРКЕМЕ Б .................................................................................................................74
ТІРКЕМЕ В..................................................................................................................76

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ .doc

— 453.00 Кб (Скачать документ)

Бір мағыналы емес және қайшылықты заңдылықтар табылып, интеллектуалды қабілеттердің тұқым қуалаушылығы да зерттелінді.

Осылай балалар мен  ата-аналардың интеллектуалдығын  көрсететін корреляция коэффициенттерінің өсуі балалардың өсу кезінде байқалған. Сонымен қатар, бұл заңдылық  жанұяның экономикалық жағдайының жоғарлауымен күшейе түседі (яғни, жағдайы жақсы жанұяларда кедей және оларға қарағанда балалар ата-аналарына интеллектісі бойынша жақын). Соңғысы, бірақта, асыранды балалар бар жанұяларға қатысы жоқ.

Егер де отбасында  туған және асыранды балалар бірге  тұрса, мұнда соңғы топтар ішінде де интеллектуалды жақындылық байқалады, бірақ асырап алған ата-аналар және олардың биологиялық балаларымен емес, тек өзара. Осылайша, асырамды отбасында балалар интеллектісімен бір-біріне ұқсайтын екі топ қалыптасады – туғандар тобы және асырандылар тобы; ал қоршаған орта мен тұқымқуалаушылықтың әсері әртүрлі жолдармен ұқсас нәтижеге әкеледі.

Өзгергіштердің отбасы ішілік факторларывның ішіндегі маңыздысы  сиблинг статусы, бала жынысы, баланың  тууымен және оған жақын сиблингтер арасындағы интервалдар.

Осылай әртүрлі авторлар көп балалы отбасыларын зерттегенде мынаған тірелді, балалардың интеллект деңгейінде оның ағалары мен апайларының санының өсуі мен кемитін тенденциясы бар, бірақта бұл тенденция сонымен қатар отбасының әлеуметтік-экономикалық деңгейіне және мәдениетінің ерекшелігіне байланысты да өзгереді [28.9б.].

Егер ата-аналардың  интеллектісінің орта көлемінен  қандай да бір жаққа ауытқуы сияқты ерекшелігі бар болса, онда биологиялық  балаларда бұл ерекшелік орта көлемге қарай кері жылжыту арқылы орнын толтырады (бұл ереже генетикалық шегініс деп аталады).Генетикалық теорияда шегіністі былай түсіндіреді, ауытқу неғұрлым көп болған сайын, осы гендік қиыстырудың интеллект деңгейіне жауап беретін сақтау мүмкіндігі аз болады.

Егіздерде танып білуде жүргізілген қазіргі заманғы зерттеулерде отбасы ортасы мінездемесіндегі балалар интеллектісінің корреляциясы екі жастан өсе бастайды.

Дара туған балаларға  қарағанда егіздер ерекше жағдайда өседі, сондықтан барлық алынған  нәтижелерге осы жағдай әсер етуі мүмкін; егіздердің кішісі ата-аналары жағынан оның интеллектісіне де әсер ететін жағымды емес қарым-қатынасты сезінетіні маңызды.

Ата-аналар психопотологиясына қатысты (шизофрения, парониялар және аналардағы психопатия) онда бұл олардың  интеллектісінің балаларының интеллектісіне ұқсастығы әсерін тигізбейді [22.537б.].

 Мағлұматтарды қортындылағанда  (егерде бұны қорытынды деп  атауға болса), Д.Хорн «жол модельдерін»  ұсынған: корреляцияның 28 эмпирикалық  коэффициенттерінің негізінде факторлардан  балалар интелектісіне апаратын  «жолдардың» 9 негізгі параметрлері бөлініп шықты.

Бұл жолдар доминанттылықтың генетикалық ауытқулардан, генотипі құрастырушы аддитивтен, жалпы жанұялық ортадан, ата-аналар интеллектісімен  анықталатын орта ерекшеліктерінен, жанұяның әлеуметтік-экономикалық статусынан және тағы басқа [22.539б.].

Сонымен, зерттеушілердің  ойынша, интеллектінің психогенетикасын зерттеу, бұрын ойлағаннан да төмен  интеллектуалды белгілердің тұқым  қуалаушылығы және жанұя ортасындағы  вариативтіліктің жоғары шартталуымен байланысты  болады деген шешімге әкеледі.

Дарындылық және данышпандылық  ұғымдары - әртүрлі іс - әрекет аймағына қажет білім, ептілік – дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді  қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігі [11.253б.].

Дарындылық әрбір адамның  ақыл – сана, оқу, шығармашылық, көркемөнер, адам аралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді.

Дарынды адамдарға тән  қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллект деңгейі анағұрлым жоғары.

Өз қызығулары бағытында  дарынды адамдар қайтпас қажырлық таныта алады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі – 2-3 жасар баланың бір іспен үзбей шұғылдана алу уақыты.

Басқа қатарларымен салыстырғанда  дарынды бала өзін қызықтырған іспен  бірнеше сағат шұғылданып, қажет  болса, оған бірнеше күндер бойы қайта  оралып, көздегеніне жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды.

Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдермен ептілік, дағдыларды игеріп әрі жетілдіріп баруға тікелей байланысты.

Дарындылық:

1) іс-әрекет жетістігін  қамтамасыз ететін, қабілеттердің  өзгеше сапалы үйлесімі;

2) адамның мүмкіндектірінің  кеңдігін шарттайтын жалпы қабілеттер;

3) ақыл-ой потенциалы  – логикалықты, жалпылау кеңдігін  анықтайтын интеллект;

4) қандай да бір  іс-әрекетте бастапқы жоғары деңгейді  қамтамасыз ететн табиғи мәліметтер  мен нышандар жиынтығы;

5) таланттылық.

Дарындылық қандай бастапқы құрылым жағдайы мен жоғары нәтижеге жету мүмкін екенін көрсетеді . Бірақта бұл нәтижеге жете алмауы да мүмкін.

Дарындылық өзара байланысқан  үш құрылымнан тұратын интегративті сипатқа ие:

  • мотивациялық;
  • когнитивті;
  • процессуалды.

Әрбір құрылым  дарындылықтың  дамуының  бірқатар белгілерінен тұрады.

Кесте 1.1.1 Дарындылықтың  құрылымдық  моделі



 




 

 

 

 

 


 

 

 

 Жалғасы. Кесте 1.1.1 Дарындылықтың  құрылымдық  моделі



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

Тұлғалық дарындылық деңгейінің құрылымдық мазмұндық сипатына қарай жоғары дарындылық,  дарынды,  орта деңгейлі дарынды деп бөлуге болады. [15.40б.].

Жоғары дарындылық деңгейіне  жатқызылған ерте шақтағы мектеп оқушысында зертеушілік мінез - құлқы  адамның табиғи қасиеті ретінде  сипатталады. Қоршаған ортаны білуге деген  құштарлық біртіндеп тұрақты танымдық қажеттілікке айналады.

Жеткіншектік және жасөспірімдік  кезеңде қандай да бір білім аймағында  доминантты болады. Бұл танымдық қажеттілік табиғи қабілеттерден нәр алады.

Жоғары мектеп кезеңінде  көзқарастардың қалыптасуына, өмірдің  мәнін және болашақ мамандықты таңдауда оқушыларда құндылықтар жүйесі қалыптасады. Мұндай оқушылар өз дарындылықтарының  рөлін тек қана жеке өмірінің қалыптасуында  ғана емес, Қазақстан Республикасының әлеуметтік- экономикалық өмірінің дамуындағы маңызын түсінеді.

Қандай да бір білім аймағындағы  айқын қабілеттік  көріністерді көре отырып оқушы өзін тұлға ретінде  жүзеге асыру қажеттілігін сезінеді. Олар үшін лидерлік, сайыстық сипаты тән, сондықтан олар әртүрлі сайыстарға, олимпиадаларға, конференцияларға қатысып, жүлделі орындар және мақтаулар алады.

Деңгейлік сайыстардың бірнеше  қатарынан өте отырып, мұндай оқушылар  республикалық және халқаралық  олимпиадаларға іріктеледі және Республиканың  сонымен бірге жақын және алс шетел жоғары оқу орындарына түсуге жолдама алады. Мұндай жетістіктерге жету бұл топтағы балалардың жоғары интеллектуалдық потенциалына байланысты мүмкін болады. Оларға  ойлаудың абстрактілілігі, жоғары зейін шоғырланушылығы, тамаша ес тән.

Жоғары дарынды балаларға мектеп оқу бағдарламасының шеңбері  тар болады. Олар мұғалімдердің, ата-аналардың  сонымен бірге өз бастамашылықтары бойынша өзіндік білім алумен және ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып  жоғары ғылыми жетістіктерге жетеді.

Жоғары дарынды балалар жасөспірімдік  кезеңде тұтас тұлға бейнесін көрсетеді: олар дербестікпен, еңбексүйгіштікпен, табандылықпен, өз жұмыстарын орындауда  жетістікке жетумен ерекшеленеді, мұғалімдер және ата-аналар жағынан бақылауды  қажетсінбейді. Оларда біртіндеп өзіндік бақылау, өзіндік баға және рефлексия сезімі қалыптасады. Іс-әрекеттің әртүрінде  өзін-өзі жүзеге асу және өзін - өзі актуализациялау тән.

Кесте 1.1.2 Дарынды тұлғаның құрылымдық, мазмұндық  деңгейінің сипаттамасы. Жеткіншектік кезең.

Крите-

рийлері

Жоғары дарындылар

Дарындылар

Орташа дарындылар

Оқушының  интеллектуалды шығармашылық  іс-әрекетке  мотивациялық, құндылық қатынасының  деңгейі

Тойымсыз танымдық қажеттілік,  саналы мақсатқа бағытталған зерттеушілік сипат, білімнің , іс-әрекеттің  әртүрлі  аймақтарына қызығушылық.

Жоғары танымдық қызуғышылық,  білімнің  белгілі аймақтарындағы танымға бейімділік.

Танымдық қызғушылықты стимулдайтын  факторлар болғанда ғана көрсетеді.

Жаңаны ашуға деген  мақсаттылық, білімнің белгілі аймағындағы  шығармашылық, зерттеушілік іс-әрекет.

Шығармашылық, зерттеушілік іс-әрекетке деген қабілеттілік көрсетеді.

Шығармашылық, зерттеушілік іс-әрекет эпизодтық сипатқа ие.

Айқын көрінетін қабілеттерге ие бола отырып өзіндік жетілуге қажеттілік, сайыстық, лидерлік, әртүрлі конкурс, олимпиада, сайыстарға қатысуғы талпыныс. Жүлделі орындарды алады.

Сайыстық, табысқа жетушілікке  бейімділігі айқын көрінеді. Арнайы қабілеттерді көрсетеді.

Сайыстыққа деген бейімділік стимулдау факторлары болғанда көрінеді.

Құндылықтар жүйесі қалыптасады.

Құндылықтар жүйесінде  доминантты фактор жеке тұлғалық болады.

Тұлғалық приоритеттер, құндылықтар жүйесі әлсіз қалыптасқан.

Өз ісін жоғары деңгейге дейін жеткізуге талпынады 

Өз ісін жоғары деңгейге дейін жеткізуге талпынады 

Жетістікке талпынады.

Жоғары интеллектуалды потенциал, білімнің жоғары деңгейі.

Жоғары интеллектуалды потенциал, жалпы оқу деңгейін меңгеру.

Жоғары интеллектуалды потенциал, жалпы оқу  шеберлік және дағды деңгейі әлсіз.


 

Дарындылықтан гөрі данышпандылық  шығармашылық процесстің потенциалды  және құрылымдық емес, ал өзекті және процессуалды сипаттамаларын көрсетеді [15.39б.].

Қабілеттер өз деңгейлері мен ауқымы жағынан ажыратылады. Нақты іс - әрекет аймағында өте  жоғары деңгейге көтерілген қабілет  – шеберлік деп аталады. Шеберлік, яғни бір іс - әрекет аймағында жоғары жетілгендік үлкен де қажырлы еңбек негізіндепайда болады. Шеберлік көбіне өндірістік қайта жасау қызметтерімен байланысты келеді.

Шеберлік деңгейі - өзгермелі, дамудағы құрылым.  Іс-әрекет барысында  адамның қабілеті түзілімі, тұлғалық мәні қалыптасып, бір деңгейден екіншісіне көтерілумен ұдайы еліктеуден бастап, кейін бірте-бірте тәжірибе жинақтаудан жасампаздық дәрежесіне көтеріледі.

Адам қабілетінің ерекше даралық сипатын көрсететін психологиялық  құбылыс – талант.

«Талант» сөзінің төркін мәні: ежелгі грек қауымында бай – манап өзі жоқта жұмыстан қашқақтамасын деп еріншек құлына беретін күміс ақша бірлігі – талант аталады екен, ақылдан жұта құл оны алудан, пайдалы айналымға жіберудің орнына, топыраққа көміп, жасыратын болған.

Осыдан халықта «таланты құм болды», «таланты көмілді» деген ұғымдар сақталып қалған. Қазіргі күнде талант арнайы қабілеттердің жоғары деңгейлі дамуын білдіреді.

Талант – көптеген қабілеттердің байланысы, біртұтастығы.

Қабілеттердің даму барысындағы  ең жоғары, шыңдалу деңгейі –  данышпандық деп аталады. 

«Данышпандылық» термині  адамның шығармашылыққа деген қабілетін  білдірумен қатар, қандай да бір аумақтағы  өнімді іс-әрекетке деген тума ыңғайлылықты айқындай отырып, оның іс-әрекет нәтижесіне және керемет нәтиженің жетістіктерін  бағалау.

Данышпан таланттан  гөрі дарындылықтың жоғары деңгейін ғана көтеріп қоймайды, ал сапалы жаңа туындыларды табумен байланысады. Данышпан мен таланттың шекарасын  мына формула айқын көрсетеді: «Данышпан  не істеу керек, соны істейді, ал талант – не істей алатынын істейді».

Бюффон бойынша, данышпандылық  ерекше шыдамдылықпен қортындыланады. Уордсворт данышпандылықты интеллектуалды әлемді қандай да бір жаңа элементпен байыту әрекеті ретінде анықтаған.  Гете, данышпанның қалыпты және аяқы ерекшелігі шындыққа деген махаббат және оған ұмтылу болып табылады деген.

Карлейл бойынша, данышпандылық  – бұл бәрінен бұрын қиындықты  жеңудегі ерекше қабілеттілік.

Рамон  және  Кахаль бойынша, бұл идеяның туындау  кезеңінде, көтерілген мәселеге қатысты  емес және трансқа дейін жететін консентрация қабілетінің барлығын елемеу қабілеті.

В.Освольд бойынша  – бұл ойлаудың өзбеттілігі, факторларды  бақылап, олардан дұрыс нәтижелерді  алу қабілеті. Люкка бойынша «егерде  өнімділікті объективті бағаласақ, онда данышпандылық жоғарғы өнімділікке сәйкес, ал данышпан – үзіліссіз өнімді, өйткені шығармашылық оның болмысы болып табылады».

Сондықтан да жоғарғы  шығармашылық қайырымды шешуші  рөлді нормадан жоғарғы дарындылық емес, жүзеге асуға деген жоғарғы  ұмтылыс, өз-өзін үздіксіз іздеуге апаратын өте күшті бағдар ойнайды.

Оксфордтық сөздіктердің анықтамасы бойынша, данышпан – бұл  керемет жоғарғы типті табиғи интеллектуалды күш, қиялды, оригиналды ойлауды ойлап табу мен жаңалық  ашуды талап ететін шығармашылыққа деген өзгеше қабілеттілік [19. 95б.].

Информация о работе ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ