ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 20:27, дипломная работа

Краткое описание

Тақырып өзектілігі: Жаңа дәуір табалдырығында тұрған адамзат баласы өзінің даму сатысында интеллектуалдық қабілетке барыша иек артуда. Интеллектуалдық ақыл ой дегенде, сөз талантты адамдар жайлы өрбиді. Мұндай дарын иелері қоғамның үлекен байлығы және алға жылжытар күші.
Сондықтан ғылымымыздың сан саласы дамып жаңа техналогиялардың жасалуы мен өндірістің өрге басуында қалыптан тыс, еркін ойлайтын талант иелеріне қоғамымыз мұқтаж болып отыр.
Қазіргі жедел қарқынмен дамып келе жатқан әлеуметтік экономикалық жағдайларда жетістіктерге жету үшін, соның ішінде кәсіби іс шараларда білімділік, шығармашылық қабілеттерді иемдену қажет. Осы міндеттерді шешу табыстылығы мектеп өмірі реформасының қарқыны мен бағытына байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3
1 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................................................................................................................7
1.1 Дарынды балалардың тұлғалық ерекшеліктерінің сипаты.................................7
1.2 Дарынды оқушыларды дамытудың ғылыми методологиялық негіздері .......25
2 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАУДЫ ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ...........................................................................36
2.1. Дарынды балалардың оқыту ерекшеліктерін анықтауды зерттеу процедурасы................................................................................................................36
2.2 Дарынды балалардың оқыту ерекшеліктерін анықтауды зерттеу нәтижесі..53
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................63
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................................................................66
ТІРКЕМЕ А ................................................................................................................70
ТІРКЕМЕ Ә ................................................................................................................72
ТІРКЕМЕ Б .................................................................................................................74
ТІРКЕМЕ В..................................................................................................................76

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ .doc

— 453.00 Кб (Скачать документ)

 Қабілеттерді бірнеше  сипаттамалар арқылы көрсетеді. Ол сапалық пен сандыққа ие болады. Сапалық бойынша жиі жалпы қабілеттер (білімдерді игерумен іс-әрекеттердің әртүрлі түрлерін жүзеге асыруда өнімділік пен оңайлықты қамтамасыз ететін, тұлғаның индивидуалды – ерікті қасиеттер жүйесі) және арнайы немесе жекеше  (қандай да бір арнайы іс-әрекет аумағында – музыкалық, сахналық, математикалық, жоғары нәтижелерге жетуге көмектесетін, тұлғаның қасиеттер жүйесі) болып бөлінеді. Жекеше қабілеттердің нышандарда ерекше қолайлы (оларды сензитивті деп атайды), соның барысында айқын көрінетін кезеңдер болады. Музыкалық, математикалық қабілеттер әдетте ерте, яғни 5 жасқа дейінгі кезеңде, баланың музыкалық есі мен естуі белсенді дамыған кезде көрінеді. Ал лингвистикалық және көркемдік қабілеттер – сәл кейінірек. Басында тек қана таланттардың нышандарының дамуына деген психиканың ерекше сезімталдық кезеңін сипаттай келе, соңында Н.С. Лейтеспен қолданылатын сензитивтік кезең түсінігі әртүрлі психикалық функциялардың (форманы, сөйлеудің дыбыстық жағын қабылдау) дамуының оптималды кезеңін сипаттап, даму психологияда толығымен қолданыла бастады [18.137 б.]

Сонымен қатар, қабілеттің көрінуінде деңгейлерге бөлінуі  мүмкін – репродуктивті (қайта жаңғыртушы, яғни адамдарға нені үйретті, соны көрсетеді) және продуктивті, шығармашылық, талант және данышпандылық, онда адам субъективті немесе объективті жаңалық тудырады.

         Қабілеттер құрылымында тірек  қасиеттерін бөледі, онсыз қабілеттердің  көрінулері мүмкін болмайды (мысалы, көркемдік іс-әрекеттер үшін көру  анализаторларының сезімталдығы, сенсомоторлы қасиеттер, бейнелі ес) және қабілеттердің дамуының жоғарғы шегін қалыптастыратын, алдыңғы қатарлы қасиеттер. Қабілеттер құрылымы туралы айтқанда, қабілеттер өздерін шыңдайтын, нышандар мен операцияларды бөледі.

Сөйтіп, қабілеттерде табиғи және әлеуметтік мінездің синтетикалық болмысы бар, орнын толтыру мүмкіндігі сияқты сапаны игеретін жүйелі, құрылымға ие болады. Қандай да бір жеке қабілеттердің әлсіздігі іс-әрекетті толығымен игеруді болдырады және, керісінше оқшауланған қабілеттердің бары бірегей сәттілікті болдырмайды. Жеке қабілеттер бір-бірімен өмір сүреді, өзара әсер етеді және дарындылықтың феноменінің пайда болуын әкеледі.  

Интеллектуалды қабілеттерді зерттеу.  Барлық қабілеттер түрлерінің арасынан интеллектуалдылықтарды неғұрлым зерттелген деп саналады. Бірақта, табиғат пен ойлау көрінуінің жалпы түсінігі болмағандықтан индивидуалды вариациялар тек қана лайықты психодиагностикалық құралы бар қасиеттерге қатысты, яғни практикалық психологияның даму логикасы (дифференциалды психологиядан диагностикаға дейін) бұзылады. Егерде интеллектіні индивидуалды ерекшеліктеріне назар аударып қарасақ, онда психологиялық модельдердің көбі өзіне өлшеу үшін лайықты құрал болса ғана бөлінетін өзгермеліліктерді қосады, сондықтан да мұндай теорияларды факторлық деп аталады.

Олардың біріншісі 1927 жылы екі факторды бөліп көрсеткен  Ч. Спирменнің көмегімен құрылды (тек  қана бұл теорияны В. Штерн, К. Бюлердің психикалық дамудың екі факторлы теориясымен шатастыруға болмайды). Спирмен әрбір интеллектуалды іс-әрекетте тек берілген іс-әрекетке тән жалпы фактор g (general) және көптеген спецификалық (specific) факторлар болады. Спецификалықтар жағдайды бейнелейді, сондықтан да оларды өлшеуі мүмкін емес (мысалы адам емтиханды сәтті тапсырды, өйткені, есік артында оны сүйікті қызы тосып тұрды, бірақ мұндай сәттілік оның өмірінде бір рет қана болады [9.38б.]

Сондықтан да оның интеллектуалды көрінулерін сипаттамайды.). Ал g факторы  жеке тесттер арасындағы жоғары корреляцияда көрінеді, адамның тұрақты мінездемелерін бейнелейді (яғни, оқушы математика және тарихтан үлгерімді болса, онда бұл жалпы интеллектінің факторларының әрекетімен байланысты).

Психодиагностика негізінен g факторы өлшеу мен мүшелеуге ұмтылады, сол үшін Дж. Равеннің прогрессивті матрицасы немесе Р.Кеттелдің интеллект тестісі секілді мәдени еркін тестілер құралады ( құрастырушылардың ойынша олар әртүрлі әлеуметтік деңгейдегі) және білімділік деңгейі әртүрлі адамдарға ұсынылады.

           Кейін көп факторлы теориялар  құрыла бастады. Мысалы, Дж. Келли өзінің «Перекрестки человеческого ума» (1928) атты кітабында Спирменнің нәтижелеріне сыни қарап, басты қасиеттер ретінде бастыларды емес кеңістіктік сәйкестіктермен, сандармен, сөздік материалмен, есеппен және ойлаудың жылдамдығы мен әрекет ететін бірнеше топтарды анықтады. 1938 жылы А.Л. Терстоун 12 факторларды бөліп көрсетті, оның арасында келесі сипаттар  жиі кездеседі:

V – вербалды түсіну (оқу, аналогиялар, құрылымы бұзылған  сөйлемдер);

W – сөйлеудің жүгірмелілігі  (анограммалар, ұйқастықтар, атаулар);

N – сан (арифметикалық  іс-әрекеттің жылдамдығы мен дәлдігі);

S – кеңістік (қозғалмайтын  факторлармен олардың сәйкестіктерін  қабылдау және «манипулятивті  визуалдылық», соның арқасында кеңістіктік  өзгерулер қабылданады; s фаторы  өзіне екі факторды қосуы мүмкін);

M – ассоциативті ес (механикалық есте сақтау; оны  есту және көру есіне бөлуге  болады);

I (R) – индукция немесе жалпы  пайымдау (ережелерді шығару қабілеті; құрамында индукция мен дедукция  болған)

Келли мен А.Л. Терстоунның еңбегі жарық көргеннен кейін  сыншылдар интеллектіні танып білуде, прагматикалық аспектілерге бұрылыс жасағанын атады; бүгін зерттеушілер бөлген нақты факторлар темперамент көрінулерімен де және іс-әрекеттің индивуалды стилінің ерекшеліктерімен де байланысын көруге болады [40. 69б.]

Осыдан сәл кейінірек  елуінші жылдары британ психологы  С. Барт интеллект құрылымын 5 деңгейді қосушы ретінде қарастыруды ұсынды. Төменгісі элементарлы моторлы  және сенсорлы процесстерді көрсетеді; екіншісі перцепциямен моторлы координацияны  қосады; үшіншісі дағдылардың өндіру процесстерімен бұл процесстің негізі еспен анықталады; төртіншісі өзіне логикалық жалпылауды қосады және бесінші деңгейі жалпы g интеллектісінің факторын құрайды. Мұндай қатынас интеллектіні иерархиялық жүйе аумағындағы келесі эмперикалық өндіріске негіз болды, солардың біреуі Ф.Бернан ұсынған модель көрсетеді. Бернон моделінің шыңын g факторы құрайды, төменірек екі басты топтың факторы орналасқан: вербалды-құрылымдық (v:ed) және практикалық – техникалық (k:em), оларды өз кезегінде оданда кіші топтық факторларға бөлуге болады – вербалды, сандық, кеңістіктік, механикалық-ақпараттық, мануалды. Ең төмен деңгейде спецификалық жағдайлы факторлар орналасады. Бұл модельдің мәні мынада, адам өзін интеллектуал ретінде іс-әрекеттің барлық түрлерінде көрсете алмайды, не вербалды жанамаланған, не «үйреншікті ойлау» аумағында, яғни өзінің мамандығы болуы керек және де осы аумақтр (практика және білімділік) мәдениетке қосқан үлесі бойынша толық сәйкестендірілген болып табылады. Шын мәнінде, әрбіреуіміз өзін пркатикалық вербалды емес аумақтағы дарынды адамдарды кездестірді ( мысалы, хирургтар, суретшілер) олар сөздік формада өздерінің шеберліктерінің құпиялығын көрсете алмады, бірақта олар осы білім аумағының оқытушылары мен методистерінен гөрі жақсы меңгерді.

Дж.Гилфорд өзінің моделін  мүлдемге басқа негізде қалады, ол өлшеулі ойлаудың операция (адам не істей алады), мазмұн (материал табиғатына, ақпарат беру формасына ) және нәтиже (соңғы ақпаратты өңдеу формасы) сияқты үш қасиетімен сәйкес келетін параллелепипед түрінде интеллектіні көрсетті  [1. 6б.]

Бес операция бөлінді (бағалау, жалғыз дұрыс шешім табудағы сияқты конвергенция, шешім спекторын табу сияқты дивергенция, ақпараттары және оны есте сақтауы  бар түсіну). Мазмұн формасының да бесеуі анықтлады (көру, есту, символикалық, сематикалық, мінез-құлықтық (практикалық коммуникация тапсырмаларында көрінетін)).

Нәтижелердің алты нұсқаулары бар (элементтер, класстар, қарым-қатынас, жүйелер, өзгертулер, мағыналар).

         Сондықтан, 5*5*6=150 – Гилфордтың моделінің өзара бағынбайтын 150 факторы бар. Мысалы, шынайы мінез-құлықты талдайтын адам белгілер жанрінде сурет салатынан «ақылдырақ» немесе «ақылсыздау» деп айтуға болмайды. Кішкене кубиктардың әрбіреуі адекватты диагностикалық құралдың туындауын қажет ететін интеллект факторы сияқты валидтіленген болуы керек. Бірақта қазіргі кезеңге дейін берілген теоретикалық факторлардың жүз бесі  ғана дәлелденді.

Интеллектілердің көптігі  теориясына тоқталайық. Факторлық теориялар  интеллект теорияларының көптілігінің бәрін қамтымайды. Соңғы кезде интеллектіні ақпараттық, құнсыз процесс ретінде қарастырудан шегінім байқалып отыр, онда күнделікті өмірдің қуаныштары үшін қолдануға және  «өмір даналығын» түсінуге жақындастыра түсетін сипаттамаларды айқындау (неміс психологы П.Бальтес бойынша) [1.3б.]

Бұл бағдарлықтың концепциясы  американ зерттеушісі Р.Стернбергпен құрастырылды. Интеллектінің бірінші  қалыптастырушысы болып, ақпартты өңдеу  ерекшеліктерімен байланысты өзіне  орындаушы компененттерді қосатын, перцептивті және мнестикалық процесстерге негізделген, компоненттері білімді игеруді, ал метакомпененттері ойлау мен мәселені шешу бағдарламасын қамтамасыз ететін құрылымдық интеллект.

Екінші қалыптастырушысы, эмпирикалық  интеллект жаңа жағдайды игерудің эффективтілігін қаматамасыз етеді және өзіне жаңа жағдайларды атқара алу қабілетімен кейбір процесстрді автоматизациялау қабілеті және үшінші қалыптастырушысы, жағдайлы интеллект, әлеуметтік жағдайдағы интеллектінің көрінуі үшін жауап береді және күнділікті тұрмыстық іс-әрекет көрінетін практикалық интеллектен және басқа адамдармен қарым-қатынаста бейнеленетін әлеуметтік интеллектіні өзіне қосады.

 Интеллект көпше  құбылыс ретінде Г.Айзенкпен де  түсінген, ол интеллектінің 3 түрін  бөліп, оларды келесі жүйелікте  бағындырды: биологиялық, психометриялық, әлеуметтік. Х.Гарнер интеллектінің 6 түрін көрсетті, дәстүрлі түрде бөлінген лингвистикалық, логико-математикалық және кеңістіктікке тағыда үш түрді қосты – музыкалық, кинестетикалық және тұлғалық [26. 258б.]

Ойлау табиғатына тағыда бір көзқарас Д. Хорнаның жұмыстарында көрініс тапты, ол интеллектінің үш түрін бөліп көрсетті [13.316б.].

Ағымды интеллект – адамдар  барлық жаңа нәрселерге осы қабілеттер арқылы үйренеді (яғни, ес, индукция, жаңа байланыстар мен қатынастарды қабылдау және тағы басқа). «Ағымды» метафорасы интеллект адамдардың өсу барысында интеллектуалды іс-әрекеттердің әртүрлі түрлеріне қосылатынын көрсетеді.

Жасөспірімдік кезең аяқталғанан  кейін, оның дамуы төмендейді. Ағымды интеллект жүйке жүйесінің  биологиялық мүмкіндіктерін бейнелейді – оның жұмысқа қабілеттілігі мен интегративтілігін.

Ағымдыдан гөрі кристаллданған интеллект  – бұл өзіне жалпылауларды  құрауды және мәселелерді анализдеуде, пікірлерді құрастыруды қосатын  интеллектінің кең аумағы.

Интелектінің бұл типі тәжірибе және біліммен дамиды. Ол мәлімділікке сүйеніп, адамның бүкіл өмір барысында алға басады.

Интеллектуалды қабілеттердің  құрылымдық моделі геронтапсихологияны  зерттеуші П.Бальтес құрған даналық  концепциясында көрініс береді [13.9б.].

Даналық – бұл өлшенген пікірлерді шығаруға және маңызды немесе айқын емес мәселелер бойынша  ақыл айтуға рұқсат ететін және өмірдің  практикалық жағына бағдарланған білімнің эксперттік жүйесі. Даналықтың 5 негізгі  қасиеті бар.

Біріншіден, ол маңызды  өмірлік мәселелерді шешумен байланысты.  Екіншіден, қолданылатын білімдер деңгейі өте жоғары.

Үшіншіден, бұл білімдер балансталған және ерекше жағдайларда  қолданылуға болады.

Төртіншіден, даналық  өзіне ақылдылық пен жақсы  қасиеттерді қосады, олар жеке адам үшін де, жалпы адамзат үшінде қолданылады.

Бесіншіден, даналық басқа  адамдардан оңай табылады.

Өкінішке орай, даналық  нормативті психологиялық білім  болып табылмайды, сондықтан да оған көбі жете алмайды.

Берілген бөлімде атап өтілген әдістер интелектуалды қабілеттердің индивидуалды құрылымдағы дүниетанымның жүзеге асуы әдісінің орнын қайтарады, яғни әдістер мен құндылықтарды өзара байланыстырып, интеллектіні тасушы ретінде адамның шынайы өмірінің контекстінде орнын табу.

Соңғы кезде когнетивті және тұлғалық қасиеттердің өзара әрекеттесуіне деген қызығушылықтың өскені сезіледі.

П.Бальтес бойынша  интелект формасы ретіндегі даналық  құрылымы.

ДАНАЛЫҚ

Өмірдің  практикалық  жағы жайлы фактуалы білімдер

Өмірдің практикалық  жағының процедуралы білімдері

Өмір құндылықтарының қатынасын есепке алатын құндылықтар

Өмірдің белгісіздігін  есепке алатын білімдер

Қоғамдық үзілістер  мен өмір контекстісін білу


 

Интеллект вариативтілігінің  бастаулары. Факторлар интеллектінің  белгілі сипаттамасына байланысты, олардың табиғаты туралы сұрақ кең түрде талқыланады – бұл мінез-құлық сипаттамаларының түзету көрінісі болғандықтан олар мәнді емес, суреттегіш келеді. Олар қалай пайда болады және тәжірибе нәтижесі немесе туа пайда болған қабілеттер ме?

Бұл сұраққа жауап  беру үшін приматтардағы нұсқамаларды қалыптастырудағы тәжірибеге сүйену керек: маймылдар үшбұрышпен шеңберді айырып үйренгеннен кейін, олар басқа формаларда да анағұрлым жылдам ажырата бастады. Сондықтан, факторлар – қорытынды тәжірибе нәтижесі, және индивидтің тәжірибесінің формасы, мінез-құлықтың көрінулері ажыратылатын болса, оларды интелектінің жаңа факторлары пайда болады деп қорытынды жасауға болады [16. 25б.].

Информация о работе ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ