ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 20:27, дипломная работа

Краткое описание

Тақырып өзектілігі: Жаңа дәуір табалдырығында тұрған адамзат баласы өзінің даму сатысында интеллектуалдық қабілетке барыша иек артуда. Интеллектуалдық ақыл ой дегенде, сөз талантты адамдар жайлы өрбиді. Мұндай дарын иелері қоғамның үлекен байлығы және алға жылжытар күші.
Сондықтан ғылымымыздың сан саласы дамып жаңа техналогиялардың жасалуы мен өндірістің өрге басуында қалыптан тыс, еркін ойлайтын талант иелеріне қоғамымыз мұқтаж болып отыр.
Қазіргі жедел қарқынмен дамып келе жатқан әлеуметтік экономикалық жағдайларда жетістіктерге жету үшін, соның ішінде кәсіби іс шараларда білімділік, шығармашылық қабілеттерді иемдену қажет. Осы міндеттерді шешу табыстылығы мектеп өмірі реформасының қарқыны мен бағытына байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3
1 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................................................................................................................7
1.1 Дарынды балалардың тұлғалық ерекшеліктерінің сипаты.................................7
1.2 Дарынды оқушыларды дамытудың ғылыми методологиялық негіздері .......25
2 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАУДЫ ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ...........................................................................36
2.1. Дарынды балалардың оқыту ерекшеліктерін анықтауды зерттеу процедурасы................................................................................................................36
2.2 Дарынды балалардың оқыту ерекшеліктерін анықтауды зерттеу нәтижесі..53
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................63
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................................................................66
ТІРКЕМЕ А ................................................................................................................70
ТІРКЕМЕ Ә ................................................................................................................72
ТІРКЕМЕ Б .................................................................................................................74
ТІРКЕМЕ В..................................................................................................................76

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ .doc

— 453.00 Кб (Скачать документ)

Данышпандылық феноменіндегі  басты болып жоғарғы тонус, шоғырлана  алушылық  қабілеті, өмір күшінің  қуаттылығы табылады.

Сондықтан да, данышпандылықтың генетикалық алғышарттарын іздеуде  жоғары өнімділікке әкелетін зат  алмасудың, сәйкес үйлесімділіктің  ерекшеліктері ашылады. 

Сонымен, қарастырылған  анықтамаларды қорытындылай келе, дарындылық дегеніміз – қабілеттердің жиынтығы, қызметтің бірнеше түрінен көрнекті нәтижеге жеткен, қоғамға пайдалы  ісімен көзге түскен адамның қасиеті.

 

1.2 Дарынды оқушыларды дамытудың ғылыми методологиялық негіздері

 

Динамикалық жылдам өзгеретін  әлемде қоғам мектепке әлеуметтік тапсырысты мәнді жиілікпен саналайды, мектеп білімінің міндеттері мен мақсаттарын  түбегейлі өзгертеді немесе түзетеді. Қазіргі басты мақсат белсенді, шығармашыл, адамзаттың  жаһандану мәселелерін саналы түсінетін және оларды шешуге  даяр  етіп дамытуға акцент жасайды.

Қазіргі кезде шаблонды емес жаңа ойлауға ие, қойылған міндеттердің жаңа шешімдерін іздей алушы, мәселелік жағдайлардан шыға білетін адамдар қажет. [30.38б.] Қазіргі кезде мектептерге әлеуметтік тапсырыс бұрынғы тәжірибедей жоғарыдан берілмейді, зерттеушілер мен практиканың құралдарын талдау перспективалары қоғам және мектептің әлеуметтік институт ретінде дамуы,  қалыптасқан әлеуметтік экономикалық жағдайлар, ғылыми білімнің негізгі бағыттарының дамуы, халықтың әртүрлі қабаттарының қажеттіліктеріне байланысты анықталады.

Білім беру жүйесіндегі приоритеттер қайта саналауды талап етеді.  Мұнда мемлекеттің саясатымен терең өзара байланыс көрінеді, бірақ әлемдік білім беру аймағындағы тенденцияларды басып жаншуға болмайды, өйткені Қазақстан Республикасы  білім беру кеңістігінде әлемдік  ықпалдастықта.

Психологиялық педагогикалық  әдебиеттерге жүргізілген талдау балалардың дарындылығын дамыту мәселесінің өзектілікке ие екенін көрсетті.

1975 жылы таланттар  және дарынды балалардың Бүкіләлемдік  кеңесі құрылды.

1988 жылы Еуропа Кеңесінде  үкіметтік емес кеңестік ұйым  статусына ие «Евроталант» ассоциациясы  құрылды. Ол 22 мемлекеттің зерттеушілерін, педагогтарын, кәсіпкерлерін және мемлекеттік қызметкерлерін біріктіріп, дарынды балалармен жұмыс принципі сәйкес заңдылық актылары және еуропа елдерінің білім беру тәжірибесінің негізі болуын қарастырады. [4.73б.]. Әлеуметтік тапсырысты шартты түрде қоғамдық, аймақтық, ұжымдық және индивидуалды деп бөлуге болады. [25.78б.].

Қазақстан үшін дарынды  балаларға қамқорлық – тек  қана психологиялық-педагогикалық  емес, сонымен бірге әлеуметтік мәселе. Олардың қабілеттерін дамыту еліміздің болашақ кадрлық базисін, интеллеуалдық және шығармашылық потенциалын қамтамасыз ету құралы ретінде қарастырылады.

«Білім туралы» Заңнын 3 бабында білім беру саласындағы  мемлекеттік саясаттың принципіне: «тұлғаның білімділігін және дарындылықты дамытуды стимулдау» жатқызылған. Бұл  – нағыз гуманизм принципі, әр тұлғаның  ерекшелігін, оның қайталанбастығын мойындауда көрінеді.

1989 жылы КСРО-да  «Дарынды  балалар» Мемлекеттік бағдарламасы  қабылданды. Одақтың  ыдырауына  байланысты бағдарламаны ары  қарай жүзеге асыруды Қазақстанда  білім беру Министрлігінің білім беру Комитетіндегі «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталық Президенттің «Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау» бұйрығына сәйкес үкіметтің 24.03.1998 жылғы қаулысына  байланысты өз басшылығына алды. [11.156б.].

«Дарын» Республикалық  ғылыми практикалық орталық дарынды  балалармен жұмыс жасайтын  білім  беру мекемелерінің  мәселенің теориялық  өңдеуін және іс-әрекетін бағыттап отырады.

Аймақтық деңгей дарынды  балалармен жұмыс жасауда факторлар  кешенін  есепке алады: аймақтың экономикалық мамандануы тұрғындардың ұлттық құрамы, гемографиялық процестер және тағы басқалар жиынтығы аймақтың білім беру жүйесінің құрылымдық ерекшеліктерін анықтайды.

Шығыс Қазақстан облысы балалардың дарындылығын дамыту жұмысына  зейінділікпен қарады.  Бұған жаңа типті оқу мекемелері, олардың іс-әрекетін ұйымдастырушылық әдістемелік қолдау, әртүрлі деңгейдегі пәндік олимпиадалар нәтижелері дәлел бола алады.

Ұжымдық және индивидуалды тапсырыстар әртүрлі әлеуметтік топтардың, ата-аналардың және оқушылардың өздерінің білім қажеттіліктеріне деген айырмашылықтарымен шартталады. Бүгінгі күнде бұл қажеттіліктердің  құрылымы кейбір пәндерді тереңдетіп оқытумен көрінетін лицейлер, гимназиялар, мектептер және сыныптарға деген сұраныстан байқалады.

Дарындылықты зерттеу  мәселесінде саяси атмосфераға, қоғамдық қажеттіліктерге, ғылымның даму деңгейіне байланысты бірнеше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:

1 кезең – ХХ-шы ғасырдың  басында Кеңес одағының педагогтары  және психологтарының зерттеулері бұл мәселені зерттеудің халықаралық ізденістер жүйесінің негізгі бөлігі болды.  Бұл кезеңде дарындылық түсінігі танымдық процестерді диагностикалау негізінде жүргізілді.

20-30 жылдары интеллекті  зерттеудің сандық әдістемелері  кең қолданыс тапты. 

2 кезең – адам дамуындағы  әлеуметтік факторларды жоюмен  байланысты. Балалардың дарындылығын  дамыту және диагностика аймағындағы  зерттеулер  жойыла бастады. Осы  кезеңде мәселені шешуде батыс  елдерінен  мәнді түрде артта  қалушылық байқалды. Ондаған жылдар  бойы балалардың индивидуалды ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндігі теріске шығарылды.

3 кезең – психологиялық-педагогикалық  зерттеулер шеңберінде индивиуалды  айырмашылқтар және адамның шығармашылық  қабілеттері зерттелді.

4 кезең – ХХ ғасырдың 80-ші жылдары әлемдік ғылыми кеңістікке зерттеу апаратының жалпылануына байланысты әр мемлекеттердің  ғылыми еңбектері қарастырылды. Осы кезеңнен бастап тұлғалық дарындылықты зерттеудегі  ықпалдық бағытқа талпыныс байқалды.

Қазіргі зерттеулерде негізгі  екі бағыт қарастырылады:

  • дарындылықты бір факторлы құбылыстан дарындылықтың құрылымын ашуға деген бұрылыс;
  • дарындылықтың интеллектуалды аймақпен шектелуінен басқа түрлерінің: шығармашылық, лидерлік, көркемдік, моторлық құндылықтарына өту.

Дарындылықты  нақты  анықтаудың шекарасы болмайды. Ғылыми ізденістердің және олардың практикалық жүзеге асуының құндылығы  дарындылықты анықтаудағы  көптеген бағыттардың  қалыптасуына, әртүрлі концептуалды моделдердің мақсатқа бағыттылық есебімен, қолданылумен айқындалады. [15, 195 б.].

Дарындылық тұлғаның  көп қырлы күрделі интегралды тұлғалық сипаты. Бұл қандайда бір қабілеттің жоғары деңгейде дамуы. Дарындылыққа Б.М. Теплов нақты анықтама бере алған. Оның пікірінше, қандайда бір іс-әрекетті орындаудағы үлкен немесе аздаған табыстылыққа қол жеткізу мүмкіндігі тәуелді болатын қабілеттердің өзіндік, сапалық бірігуі. [35, 22 б.].

Қазіргі шетелдік және кеңестік дарындылық коцепциялары ішінде  Америка  мамандарының дарынды балаларды  оқыту аймағындағы Дж. Рензулли дарындылықтың  үш сипаттамасын: интеллектауалды қабілеттер (орташа деңгейден жоғары), креативтілік және табандылықты (мотивация және еліктеу) көрсетеді.

Дж. Фриман, Д. Сиси және басқалар дарындылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ойлаған мақсаттарын  жүзеге асыру мүмкіндігін бөліп  көрсетеді. Бұл өте маңызды, өйткені педагогикалық жұмыста интеллектуалды қабілеттердің дамуының жылдамдатылуы баланың іс-әрекет субъектісі ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасайды.

Интеллектінің, креативтіліктің  жоғары деңгейінде өзіндік көрсету  тәсілдерін таба алмау қоршаған ортаны түсінбеушілікке, ішкі қақтығыстарға әкеледі. Әдебиеттерде  дарынды тұлғалардың ерекшеліктері қақтығыстық екені тегін айтылмаған.

А. И. Совенков дарындылық моделінің негізгі құрамдас бөлігіне психологиялық деңгейді көрсететін мотивация немесе бағыттылық, креативтілік, орташа деңгейден жоғары қабілеттілікті жатқызады [15.5-12б.].

Сонымен бірге дарындылық өзара байланысты үш құрылымнан тұратын  мотивациялық, когнитивті, проссесуалды, интегративті сипатқа ие. Біз дарындылықтың  жетекші белгілерін бөліп көрсеттік. Дарындылықтың мотивациялық аймағы төмендегілерді біріктіреді:

  • танымға деген айқын қызығушылық;
  • қуаныш пен қанағаттанушылық әкелетін табандылықпен, еңбексүйгіштікпен бірлесе жүрі ақыл-ой іс-әрекеті;
  • өзіндік білім беру шығармашылық зерттеу іс-әрекетіне талпыныс және қызығушылық;
  • оқу және оқудан тыс іс-әрекеттің әртүрлі формаларына қатысуға талпыныс;
  • дарындылықтың мазмұнына сәйкес іс-әрекет маңызды орын алатын құндылықтар жүйесін құруға деген талпыныс және қажеттілік;
  • өз іс-әрекетін өзіндік бағалауға, жетілуге, өзіндік жүзеге асуға, өзіндік жетілуге, бағалауға талпыныс және қабілеттілік;
  • еріктік қысымға, болжамдауға идеяларын орнықтыруға, зейнін шоғырландыруға даярлықтың жоғары деңгейі;

Когнитивті құрылымға  келесілер жатады:

  • Жоғары интеллектауалды потенциалдың болуы; анық көрінетін қабілеттер; шығармашылықтың болуы;
  • Дербестік, ойлау ұшқырлығы, мінез-құлық міндеттерін шеше алу қабілеті.
  • Жеке бастық жауапкершіліктің саналы түрде көрінуі, бақылаудың ішкі локусы, дамуға кедергі келтіретін күрделіліктерді меңгеру, болжамдай алу, жоғары жетістіктерге жету, жеке приоритеттердің кеңдігі, қызығушылықтар аймағын құрайтын іс-әрекетке деген тұлғалық қатынастың құштарлығы және оның әлуметтік мәнін саналы түсіну.
  • Жоғары әсерленгіштіктің, сезімталдықтың бағынбаушылықтың болуы;

Субъектінің процесуалды  құрылымы келесілермен сипатталады:

  • жалпы оқулық дағддылар және қабілеттердің, білімнің жоғары деңгейін көрсетеді;
  • танымдық қажеттілік саналы мақсатқа бағытталған сипатқа ие;
  • зерттелетін міндеттердің мәні және маңыздылық деңгейін бөліп көрсете алады;
  • майыспалы, жылдам, рефлексивті, шығармашылық ойлауға ие;
  • шығармашалық, зерттеушілік іс-әрекеттің тәсілдерін меңгере алған, ойлаудың, пікірдің  индивидуалды стилі қалыптасқан;
  • жоғары деңгейдегі жұмысқа қабілеттілікті, орындаушылықты, дербетікті көрсете алады, оған дарындылық мазмұнына сәйкес іс-әрекетте өзін жүзеге асыру және өзіндік актуализация тән болжамдай алады;
  • өз еңбегінің нәтижесін жоғары жетістіктерге жеткізеді көптеген идеялар өндіреді;
  • жоғары деңгейдегі белсенділік, аяқ асты пайда болған идеяларға (инсайт) қанағаттанушылық сезімі көрінеді: байқампаз, еркін, өзіне сенімді, өте жоғары ес қабілетіне, жоғары қуаттылыққа, рефлексияға ие.

Дарындылықтың барлық құрамдары  және белгілері өзара тығыз байланысты [15, 5-8 б.].

Аталып кеткендей, балалардың дарындылығын дамыту бойынша іс-әрекеттер  өзекті, қоғамдық танымал, перспективалы.

Сонымен бірге дарындылықты дамыту мәселесі күрделі болып табылады:

- біріншіден, ол пән аралық сипатқа ие;

- екіншіден, оны психологияда, әсіресе педагогикада зерттелуіне көп болған жоқ, сондықтан көптеген теориялық ұстанымдар ғылымда өз өзектілігін жойды;

- үшіншіден, маңызды өңдеулер логикалық тұрғыдан қолданбалы деңгейге дейін жеткізілмеген, яғни практиктер үшін тікелей басшылық құралы бола алмайды;

- төртіншіден, дарынды балаларды қолдаумен байланысты  мәселелерді шешуді оқу мекемелері ғылымдағы жетістіктер негізіне байланысты соңғы кезеңдерде бастады, сондықтан озат педагогикалық тәжірибе бұл аймақта шектеулі.  

Дарынды балаларды даярлауда индивидуалды ерекшеліктерді басшылыққа алып жұмыс жасау маңызды. Жекелеген пәндерді және олардың кешенді өткізілуінде индивидуалды бағдарламаларды таңдауды қолдану тиімді. Тіректік білімдердің өзектілік кезеңінде және оқушының субъективтік тәжірибесі индивидуализация құралдарын жүзеге асыру мүмкіндіктеріне ие.

Оқу ақпаратын қабылдау және саналаудың жағамды жағдайын ұйымдастыру  үшін оқушылардың индивидуалды ерекшеліктерін есепке ала отырып оқу техналогиясын  таңдау қажет.

Дарынды балаларға қолданылатын арнайы оқу бағдарламаларының негізгі принциптеріне зерттеушілер төмендегілерді жатқызады:

  • маңызды мәселелерді, идеяларды және тақырыптарды бөлшектеп, тереңдетіп зерттеу мазмұны білімнің ойлау құрылымы мен  ықпалдастығын қарастыруы керек;
  • бағдарлама үнемі өзгеріп отыратын білімге және жаңа ақпаратқа араласу мүмкіндігін беріп, білімді алуға деген талпынысты тудыра алуы қажет;
  • бағдарлама өнімді ойлаудың дамуын сонымен бірге алынған білімді практикада қолдана алуды қарастыруы тиіс;
  • бағдарлама балалардың бастамашылдығын қолдап, олардың оқуға деген  өзбеттіліктерін жоғрылатуы керек;

бағдарлама балалардың санасының және өзіндік санасының дамуына ықпал жасауы тиіс [11, 206 б.].

Е.Л. Яковлева  шығармашылық белсенділікті тұлғалық сапа ретінде  қарастырады. Шығармашылық субъект-субъектілік өзара әрекеттістік процесінде ашылады. Индивидуалдылық үнемі ерекше, сондықтан – жаңа.

Адам индивидуалдылығының  мәнділігі адамның объективті әлем процестері мен құбылыстарына деген  қатынасы болып табылады. Екіншіден, не нәрсеге болсын адамның субъективті қатынасы ең алдымен эмоционалды қатынасы болып табылады. Автор үшін бұл кординалды мәнге ие.  Соған байланысты ол К. Изардқа  сілтеме жасайды: «Адам мінез-құлқының фундаментальды принципі қабылдау, ойлау және әрекетті эмоция қуаттандырады және ұйымдастырады».

Информация о работе ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ