ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 20:27, дипломная работа

Краткое описание

Тақырып өзектілігі: Жаңа дәуір табалдырығында тұрған адамзат баласы өзінің даму сатысында интеллектуалдық қабілетке барыша иек артуда. Интеллектуалдық ақыл ой дегенде, сөз талантты адамдар жайлы өрбиді. Мұндай дарын иелері қоғамның үлекен байлығы және алға жылжытар күші.
Сондықтан ғылымымыздың сан саласы дамып жаңа техналогиялардың жасалуы мен өндірістің өрге басуында қалыптан тыс, еркін ойлайтын талант иелеріне қоғамымыз мұқтаж болып отыр.
Қазіргі жедел қарқынмен дамып келе жатқан әлеуметтік экономикалық жағдайларда жетістіктерге жету үшін, соның ішінде кәсіби іс шараларда білімділік, шығармашылық қабілеттерді иемдену қажет. Осы міндеттерді шешу табыстылығы мектеп өмірі реформасының қарқыны мен бағытына байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3
1 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................................................................................................................7
1.1 Дарынды балалардың тұлғалық ерекшеліктерінің сипаты.................................7
1.2 Дарынды оқушыларды дамытудың ғылыми методологиялық негіздері .......25
2 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАУДЫ ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ...........................................................................36
2.1. Дарынды балалардың оқыту ерекшеліктерін анықтауды зерттеу процедурасы................................................................................................................36
2.2 Дарынды балалардың оқыту ерекшеліктерін анықтауды зерттеу нәтижесі..53
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................63
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................................................................66
ТІРКЕМЕ А ................................................................................................................70
ТІРКЕМЕ Ә ................................................................................................................72
ТІРКЕМЕ Б .................................................................................................................74
ТІРКЕМЕ В..................................................................................................................76

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ .doc

— 453.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Тақырып өзектілігі: Жаңа дәуір табалдырығында  тұрған адамзат  баласы өзінің даму сатысында интеллектуалдық  қабілетке барыша иек артуда. Интеллектуалдық ақыл ой дегенде, сөз талантты адамдар жайлы өрбиді. Мұндай дарын иелері қоғамның үлекен байлығы және алға жылжытар күші.

Сондықтан ғылымымыздың сан саласы дамып жаңа техналогиялардың жасалуы мен өндірістің өрге басуында қалыптан тыс, еркін ойлайтын талант иелеріне қоғамымыз мұқтаж болып отыр.

Қазіргі жедел қарқынмен  дамып келе жатқан әлеуметтік экономикалық жағдайларда жетістіктерге жету үшін, соның ішінде кәсіби іс шараларда  білімділік, шығармашылық қабілеттерді иемдену қажет.  Осы міндеттерді шешу табыстылығы мектеп өмірі реформасының қарқыны мен бағытына байланысты.

Қоғамның әр  тарихи даму  кезеңінде қалыптасқан әлеуметтік жағдайлардан мүмкін болар қабілеттер өрістей түседі, не кедергілерден  сөніп кетеді, нақты іс жүзінде көрініп не пайдалану сәті болмай қалады.

Әрбір адамның іс - әрекетті орындау тәсілі сол адамның психикалық таным процестерінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге  әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты.

Қазіргі таңда дарындылық  өте өзекті мәселе болып табылады. Бұл ең алдымен қоғамның ерекше шығармашыл адамдарға деген сұранысының  өсуіне байланысты.

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» заңына мемелекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр.

Дарындылық әрбір адамның  ақыл – сана, оқу, шығармашылық, көркем өнер, адам аралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллект деңгейі анағұрлым жоғары.

Өз қызығулары бағытында  дарынды адамдар қайтпас қажырлық таныта алады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі – 2-3 жасар баланың бір  іспен үзбей шұғылдана алу  уақыты. Басқа қатарларымен салыстырғанда дарынды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бірнеше күндер бойы қайта оралып, көздегеніне жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды.

Дарындылықты былай  түсінуге болады:

1) іс-әрекет жетістігін  қамтамасыз ететін, қабілеттердің өзгеше сапалы үйлесімі;

2) адамның мүмкіндектірінің  кеңдігін шарттайтын жалпы қабілеттер;

3) ақыл-ой потенциалы  – логикалықты, жалпылау кеңдігін  анықтайтын интеллект; 

4) қандай да бір  іс-әрекетте бастапқы жоғары деңгейді  қамтамасыз ететін табиғи мәліметтер мен нышандар жиынтығы;

5) таланттылық.

Дарынды оқушы – бұл  қандайда бір іс-әрекет түрінде ерекше жетістіктерімен көзге түскен бала.  Дарындылықты зерттеу аймағындағы  көрнекті ғалым Н.С.Лейтес, бұл мәселеге әр түрлі көзқарастарды қарастыра отырып, келесідей түрлерге бөліп көрсетті:

  • «JQ» көрсеткіштері жоғары балалар;
  • Іс-әрекеттің қандай да бір түрінде жетістікке жеткен балалар;
  • Жоғары креативті балалар.

Балалар, ата-аналар, мұғалімдер алдында үнемі жаңа міндеттер  - жеке адамды дамытудың мүмкіншіліктерін ашу,  соның негізінде өзінің болашағын айқындау қойылады.  Бұл мәселе төңірегінде Н.С. Лейтес: «Қазіргі таңда бұл мәселе соншалықты өзекті, тіпті оны дәлелдеп жатудың қажеті жоқ», - деді.

 Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдермен ептілік, дағдыларды игеріп әрі жетілдіруге тікелей байланысты. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселелері жан-жақты зертелуде. Бірақ қабілеттерді зерттеуде, оның биологиялық негізі нышанның қабілетке айналау  механизмдері әлі күнге жауабын таппаған. Сонымен қатар дарындылықды балалардың тұлғалық ерекшеліктері мен  олармен жұмыс жасау жолдары  толық зерттелмеген мәселелердің бірі болып табылады.

Сондықтан, бітірушілік  жұмыс тақырыбы: «Дарынды балаларды  оқыту ерекшеліктерін анықтау» , - деп  алынды.

Зерттеу мақсаты:  Дарынды балаларды оқыту ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеудің объектісі: Дарынды балалар.

Зерттеу  пәні: Дарынды  балалардың тұлғалық ерекшеліктері.

Зерттеу  болжамы:  Мұғалімнің дарынды балалармен жұмыс  жасай алу ерекшелігі дарындылықтың  дамуына ықпал етеді.

Зерттеу міндеттері:

  1. Дарынды балаларды оқыту ерекшеліктеріның теориялық негіздерін анықтау;
  2. Дарынды балалардың тұлғалық ерекшеліктерінің сипаттама беру;
  3. Дарынды оқушыларды дамытудың ғылыми методологиялық негіздерін анықтау;
  4. Дарынды балаларды оқыту ерекшеліктерін эксперименталды зерттеу;
  5. Дарынды балалардың оқыту ерекшеліктерін  зерттеу процедурасын тағайындау;
  6. Дарынды балалардың оқыту ерекшеліктерін зерттеу нәтижесін шығарып, қорытынды жасау.

Зерттеу әдістері:

  1. Дарындылыққа байланысты әдебиеттерге теориялық талдау;
  2. Байқау әдістері;
  3. Психодиагностикалық әдістер:

- Г. Айзенгтің «Жалпы  қабілеттерді анықтау»  тесті;

- Л.К Көмекпаева.  мен   З.Б. Мадалиеваның ұсынған «Логикалық ойлау қабілетін анықтауға арналған» тесті

- Л.К. Көмекпеава мен  З.Б. Мадалиева ұсынған «Мұғалімнің дарынды балалармен жұмыс қабілетін анықтау» тесті.

  1. Математикалық әдістер:
  • орта тенденция табу;
  • пайыздық үлесті табу;
  • квадраттық ауытқуды табу;
  • Стьюденттің t критерийі.

Бітірушілік жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Дарынды балалардың  тұлғалық ерекшеліктерінің сипаты

Дарындылық  мәселесінің  тамыры өте тереңде жатыр.  Көне грек философтарының трактаттарында құнды ой-пікірлер аз айтылмаған:

Платон: «Талант пен  данышпандылық өнер мен білімге  байланысты емес, ол алла тағаланың  жіберуімен»  десе, Аристотель көркем шығармашылыққа назар аударған. Әйтсе  де олар тәрбие мен білімнің берерін текке шығармаған.

Қайта өрлеу дәуірінде  дарындылықтың табиғатына зер салғандардың бірі испан дәрігері – Хуан Уарте  болды.  Ол өз тәжірибелерін қорытындылай келе,  талант табиғаттан келеді, оның дамуы үшін тәрбие мен еңбектің қажеттілігін айта келе, бұлар үшін  кәсіби таңдап алуды, мемлекеттік жүйелер құруды айтқан. 

Жеке адамның қабілеті мен дарындылығы туралы мәселелер  көптеген Орта Азия мен Қазақстан  ғалымдары мен ағартушыларын  толғандырған. Олар: Әл Фараби, Бируни, Ибн Сина, Шоқан, Абай тағы басқалар.

Әл Фараби өзінің  «Бақытқа жету» трактатында этикалық мәселелер  жағынан адамның қабілетіне және оны оқытуда әртүрлі тәсілдер арқылы нәтижеге жетуіне көңіл аударған.

ХІХ ғасырда ғалымдардың  жіктелуіне байланысты: соның ішінде психология мен педагогикада адамның психикасы мен қабілеті туралы арнайы зерттеу жұмыстары шыға бастады. Солардың бірін ағылшын психологы Фрэнсис Гальтон тұжырымдап берді. Ол адамдардың даралық айырмашылықтарын оқып, зерттеген. Өзінің еңбегі «Таланттың тұқымқуалаушылығы: оның заңдылықтары мен шығу тегінде» қабілеттің шығу тегінің методологиялық базасын негіздеген [30.37б.]

Гальтонның соңынан  неміс педагог – психологы  Э. Мейман дарындылықты теориялық тұрғыдан зерттеп, дарындылықтың туа біткен аспектісін айқындап, табиғи және жинақталған жақтарын біріктеруге ұмтылыс жасайды. Сөйтіп, есте сақтау дарындылығын ажыратып алып, дарындылық – даралық ерекшеліктерін зерттейді және адамдағы дарындылықтың қаншалықты дәрежеде екенін қарастырған.

Э. Мейман әсіресе дарындылықтың педагогикалық аспектісін, тәрбие мен оқытудың дарындылықтың дамуына тигізетін әсерін зерттеген.

ХХ ғасырдың  І –  ші жартысында ерекше атауға тұрарлық неміс психологы В.Штерн алғашқылардың  бірі  болып  жеке тұлғаның тұтастық принципінен келе дарындылық пен қабілетті барлық психологиялық процесс пен даралық сапаларды өзара тығыз қарастырады.  

Қабілет – осы және басқа өндірістік іс-әрекетті табысты  орындау жағдайы болып табылатын  тұлғаның индивидуалды – психологиялық  ерекшелігі. Қабілетті анықтаудағы  ең басты үш кезең бар: біріншіден, қабілет адамды екіншісінен ажыратады, екіншіден, дефектіге қарағанда, олар жетістікті қамтамасыз етеді, үшіншіден, қабілет тек білім, дағды, шеберлікті меңгеруді жеңілдетеді [10. 89б.]

  Қабілетті индивидуалдылықтың бір деңгейінде орналастыруға болмайды; басқа сапалармен әсерлесе олар барлық деңгейлер арқылы дамиды.

Қабілеттердің бірнеше  концепциялары бар:

  1.Тұқымқуалаушылық теориясында қабілеттің дамуы мен көрінуі тұтастай және толығымен тұқымқуалаушылық факторларға тәуелді биологиялық детерминантталған құбылыс ретінде түсіндіріледі. Бұл ұстанымды белгілі адамның генеологиясы және энциклопедиялық сөздіктерге сүйене таланттың тұқымқуалаушылығын зерттеген Ф. Гальтон ұстанған.

  2. Жүре пайда болған қабілеттер теориясы ХУІІІ ғасырдағы Гельвецийдің тұжырымдауынша, тәрбие арқылы данышпандылықтың кез-келген деңгейін қалыптастыруға болады. Эшби бұл тұжырымды былай жеңілдетті, қабілет бұл тума бағдарламалар және жұмысқа деген қабілеттілік арқылы қалыптасады.

3. Негізінен кеңестік  психологияда дамыған қабілеттегі тума және жүре пайда болған диалектиканы   нақтылаған үшінші  концепция  болды. Анатомо – физиологиялық ерекшеліктер ғана тума бола алады, ал қабілеттің өзі – қалыптасу нәтижесі. Қабілеттер іс-әрекетте қалыптасатындықтан оның мазмұнына және балаға іс-әрекеттер мен жетістіктер этолонын беретін ересектермен қарым – қатынасқа тәуелді. Осыны негізге ала отырып П.Я. Гальперин қабілет интериоризация нәтижесі болып табылатындығын анықтаған.

Б.М. Теплов музыкалық  қабілеттілікті өте жоғары деңгейде тәрбиелеуге болады деген, бірақ, қабілеттілікті бүтіндей алғанда әлеуметтік, ал нышандар тұқымқуалаушылық арқылы ғана берілетіндіктен индивидтік сипаттамалар болады деген өз қарсыластарымен де келісті [18.143б.]

         Қабілеттілік – бұл динамикалық құбылыс, олардың қатынасы туралы қабілеттер көрініс бергенге дейін айтуға болмайды және оларды толығымен дамыды деп санауға болмайды. Олар тарихи және мәдени тәжірибе сұранысына жауап береді: баланың абсолютті естуі оған биіктік бойынша дыбыстарды тану тапсырмасы қойылғанға дейін білінбейді. Кәсіби іс-әрекеттердің жаңа түрлерінің көрінуі, қабілеттіліктің экономикалық, бағдарламалау және т.б сияқты жаңа түрлерін табады.

Қабілеттіліктің психофизиологиялық негізін ескере отырып, нышандар негізінен жүйке жүйесінің қасиеттеріне ие болады. А.Г. Ковалев және В.Н. Мясищев жүйке жүйесінің күші, салмақтылығы, қозғалымпаздығы коммуникативті және ерікті қасиеттерді демеп отырып, бұл қасиеттер қажет іс-әрекетті жақсартады. Ал әлсіз (сезімтал ) жүйке жүйесі өнермен айналысуға қолайлы болады. Нышандар қабілеттер мен темпераменттің арасындағы байланысты жүзеге асыра отырып, нақты бір іс-әрекет түріне және барлығына деген жоғары білімпаздыққа бейімділікте көрінеді.

Информация о работе ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ